Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


жоба

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алынуға жататын балаларды есепке алуды және олар туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру ережесі
1. Осы Ереже «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және отбасына тәрбиелеуге беру мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алынуға жататын балаларды (бұдан әрі – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) есепке алуды және олар туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды толық және жан-жақты есепке алу үшiн бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есепке алу жүргiзiледi.

3. Ата-аналардың қайтыс болуына, ата-аналық құқықтарының айрылуына, ата-аналық құқықтарының шектелуiне, әрекет етуге қабiлетсiз деп тануға, ата-аналардың сырқаттануына, ата-аналардың ұзақ мерзiмді болмауына, ата-аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге жағдайларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерге ие жеке және заңды тұлғалар балалардың іс жүзіндегі тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды олар туралы тез арада хабарлауға міндетті.

4. Медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары нәресте қалдырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мекеменің орналасқан жері бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органын бұл туралы хабардар етуге міндетті.

5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары бар білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының басшылары баланы отбасына тәрбиелеуге беру (қамқоршылық (қорғаншылық), патронат, бала асырап алу) мүмкіндігі туралы мәліметтерді алған күннен бастап 7 күндік мерзімде мекеменің орналасқан жері бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органын бұл туралы хабардар етуге міндетті. 6. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді алған күннен бастап 3 күндік мерзімде олардың өмір сүру жағдайларына зерттеу жүргізеді және ата-ана қамқорлығының болмау фактісін анықтап, отбасына немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға тәрбиелеуге беру туралы мәселе шешілгенге дейін оны уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді.

7. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алуды және оларды отбасына тәрбиелеуге беру (қамқоршылық (қорғаншылық), патронат, бала асырап алу) немесе барлық үлгідегі ұйымдарға (білім беру, емдеу және басқа да) орналастыру үшін қажетті құжаттарды дайындауды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүзеге асырады.

8. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу кезінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы бұл балаларды бастапқы есепке қояды және олар туралы мәліметтерді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу журналында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тіркейді.

9. Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бастапқы есепке қойылған күннен бастап бір ай өткен соң іс жүзіндегі орналасқан жері бойынша отбасына тәрбиелеуге орналастырылмаса, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы оларға сауалнамаларды осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес толтырады және 7 күндік мерзімде өңірлік есепке қою және баланы кейін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына тапсырады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның маманы қол қояды.

Сауалнамалардың көшiрмелерi және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын құжаттар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органsyда, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке істерінде сақталады.

10. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қоюды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүзеге асырады.

11. Ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айрылған балалар туралы мәліметтер ата-аналық құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңдық күшіне енген күннен бастап алты ай мерзім өткен соң өңірлік есепке қою үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына тапсырылады.

12. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу күні ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында белгiленген тәртіпте ресімделген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамасының тіркелген күні болып саналады.

13. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы:

1) мәліметтер түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізу арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қояды (осы Ережеге 3-қосымша);

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан отбасын іріктейді, азаматтарға балалармен іс жүзіндегі тұрғылықты жері бойынша танысу және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға одан әрі бару, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа, асырап алуға беру мәселесін шешу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тиісті органдарына жолдама береді.

14. Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өңірлік есепке қойылған күннен бастап екі ай ішінде отбасына тәрбиелеуге (қамқоршылық (қорғаншылық), патронат, бала асырап алу) орналастырылмаса, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы 7 күндік мерзімде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларын және құжаттарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетте орган) орталықтандырылған есепке қою үшін жолдайды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

15. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою күні жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамаларының уәкілетті органда оған қатысты құжаттарды қоса отырып тіркелуі болып саналады.

16. Уәкілетті орган жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке олар туралы тиісті мәліметтерді осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес электрондық базаға енгізу арқылы қояды.

17. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепке алынуын қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын міндетті талаптар:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерді жинау;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді тек қана жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүдделерi үшін пайдалану;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы;

4) ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшiрмеден және бұрмалаудан қорғау болып табылады.

18. Уәкілетті орган:

1) орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бала асырап алуға үміткерлерді іріктейді, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олардың тұрғылықты жері бойынша бару және бала асырап алу мәселесін шешу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жолдайды;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін оларды орталықтандырылған есепке қойған күннен бастап үш ай өткен соң шетелдік азаматтар қатарынан бала асырап алушыға үміткерлерді іріктейді және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген шетелдік агенттіктердің филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы қабылдаушы мемлекеттiң орталық органына бала асырап алу туралы мәселені одан әрі шешу жолдайды.

3) жазбаша сауал кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтердің орталықтандырылған есепте тұрғаны фактісі туралы ақпаратты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, сотқа, прокуратура немесе тергеу органдарына ұсынады.

19. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесі өзгерген (ата-аналардың ата-аналық құқықтарынан айрылуы, ата-аналардың хабарсыз кетті деп танылуы және т.б.), оларды жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бір ұйымнан басқасына ауыстырған, кәсіптік оқу орындарына білім алуға түскен кезде 7 күндік мерзімде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебіне тиісті өзгерістерді енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жолдайды.

20. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қойғаннан кейін уәкілетті органға:

1) үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың фотосуреттерін жылына бір рет, үш жастан он сегіз жасқа дейінгілердің үш жылда бір рет;

2) отбасына орналасқан, кәмелет жасқа толған немесе кәмелет жасқа толғанға дейін толық іс әрекетке қабілеттілікті алған, қайтыс болған кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жолдайды.

21. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есептерді жүргізуді жүзеге асыратын органдар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпараттың кездейсоқ өзгеруін, жойылуын немесе жоғалуын болдырмау үшін қорғауды қамтамасыз етеді.

22. Бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есептерге қою үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібінің және мерзімдерінің бұзылуына жол берілмейді.

____________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысына

1-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларды бастапқы есепке алу журналы




Есепке қойылған күні

Баланың Т.А.Ә.

Туылған күні

Оқу орны, егер мектепке дейінгі болса, балабақшаның № көрсетілсін

Есепке қойылған себебі

Мәліметтер кімнен түсті

Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә., олардың болмауын растайтын құжаттың себебі мен түрі, оның № және күні)

Баланың бұрын тұрған мекенжайы

Бала қайда орналастырылды

Баланы орналастыру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі (құжаттың № және күні, түрі)

Өңірлік есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні

Есептен шығарылған күні

Есептен шығару себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14










































Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысына

2-қосымша



СУРЕТІ

Баланың сауалнамасы

Сауалнама толтырылған күн_______________________________________________________


Бастапқы есепке қойылған күні және №

Баланың Т.А.Ә.__________________________________________________________________

Туу туралы куәлiк нөмiрi______ сериясы ________ Берiлген күнi ________________________

Туған күні ______________________________________________________________________

Ұлты ___________________________________________________________________________

Баланың әлеуметтік мәртебесі, асты сызылсын (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған)

Өңірлік есепке қойылған күні және № _______________________________________________

Әкімнің балалар мекемесіне орналастыру туралы шешімінің күні, № (әкімдіктің атауы көрсетілсін) _____________________________________________________________________

Баланы орналастырудың хронологиясы _____________________________________________

(қашан, қайдан келді (отбасы, перзентхана, аурухана)



Қай мектепте, сыныпта және қалай оқыды (үздік, жақсы, орта — асты сызылсын)

________________________________________________________________________________

Бос уақытта бала немен айналысқанды ұнатады (хоббиі, әуестенулері, қабілеттері, қоғамдық өзіндік қызметке, спорттық сайыстарға, үйірмелерге қатысуы) ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Бала денсаулығының жай-күйі (мекемеге түскен уақытысында, толық) ________________________________________________________________________________



Ата-аналар туралы мәліметтер:

анасы (Т.А.Ә., туылған күні) _______________________________________________________

Анасы туралы мәліметтер (жазылған, тұратын мекенжайы, кәсіп түрі, баласына бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, таңба жасалсын. Болмау себептері: қайтыс болуы, ата-аналық құқықтарының айрылуы, сотталуы және т.с.с.)

әкесі (Т.А.Ә., туылған күні) _______________________________________________________

Әкесі туралы мәліметтер (жазылған, тұратын мекенжайы, кәсіп түрі, баласына бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, таңба жасалсын. Болмау себептері: 4-Н, қайтыс болуы, ата-аналық құқықтарының айрылуы, сотталуы және т.с.с.)

________________________________________________________________________________

Баланың аға-інілері, апа-сіңлілері

________________________________________________________________________________

(туылған күні, тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, телефондары кодымен, үй, ұялы)

Баланың жақын туысқандары (аталары, әжелері, көкелері, тәтелері)

________________________________________________________________________________

(туылған күні, тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, телефондары кодымен, үй, ұялы)

Олар бала орналасқан мекеменің әкімшілігімен байланыс орната ма

Қосымша мәліметтер _____________________________________________________________



(Ақыл-ой және дене дамуына сипаттама

жас шамасы дамуы (жасына сәйкес келе ме)
Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге орналастыру бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат

____________________________________________________________________

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысына

3-қосымша



Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларды өңірлік есепке алу журналы




Есепке қойылған күні

Баланың Т.А.Ә.

Туылған күні

Оқу орны, егер мектепке дейінгі болса, балабақшаның № көрсетілсін

Есепке қойылған себебі

Мәліметтер кімнен түсті

Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә., олардың болмауын растайтын құжаттың себебі мен түрі, оның № және күні)

Баланың бұрын тұрған мекенжайы

Бала қайда орналастырылды

Баланы орналастыру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі (құжаттың № және күні, түрі)

Орталықтандырылған есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні

Есептен шығарылған күні

Есептен шығару себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14













































Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алынуға жататын балаларды есепке алуды және олар туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру ережесі

Енді және отбасына тәрбиелеуге беру мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алынуға жататын балаларды

134.05kb.

23 09 2014
1 стр.


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Лері (бұдан әрі – Критерийлер) білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі білім беруді басқару органдарын және жетім балалар мен ата-анасының қа

150.1kb.

15 09 2014
1 стр.


Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №15 облыстық көмекуші мектеп-итернат

26kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар

Жетімдер – ата-ананың қамқорлығынсыз қалға, немесе ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың балалар

117.92kb.

01 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен

81.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Салыстырма кесте

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша

96.52kb.

12 10 2014
1 стр.


«Патроннаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша аза

578.56kb.

16 12 2014
2 стр.


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармалары, қалалық және аудандық бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi

481.42kb.

25 12 2014
1 стр.