-
жылғы 1 тоқсанға шағын және орта бизнестің дамуы
Қаланың ірі өндірістерімен қатар шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру шағын бизнесті дамытудың оң беталысына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
2013 жылдың 1 сәуір ахуалы бойынша Саран қаласының аумағында шағын және орта кәсіпкерліктің 1412 субъектісі тіркелді, яғни 2012 жылдың сәйкес көрсеткішінен 3,7% көп, соның ішінде:
заңды тұлға – 303 (2012 жылға қарағанда 106,3% );
жеке тұлға – 1109 (2012 жылға қарағанда 103,1%);
жалпы санынан 1337 немесе 94,7% жұмыс істейді.
Шағын және орта бизнес қаланың аумағында дамыған экономиканың барлығы дерлік саласын қамтиды: өнеркәсіп, көлік, сауда, қызмет көрсету саласы. Көбісі сауда саласында жұмыс істейді –58,6 %, одан кейін көлік салысында – 10,1%, өнеркәсіп өндірісінде – 9,6%, құрылыста – 5,2%, ауыл шаруашылық, ресторан бизнесі және қызметтің өзге түрлерінде –16,5%.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары саны 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты және 1247 бірлікті құрады.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін жандандыру, жаңа өндірістерді іске қосу 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар санының 2,6 % өсуіне себепші болды, жұмыспен қамтылғандар саны 7346 адам.
Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен шығарылған өнім (жұмыстар, қызметтер) көлемі есептік кезең ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен шығарылатын өнім көлемінің 108,3% нақты көлем индексінде 1616,1 млн. теңге сомасын құрады.
Сыртқы инвесторларды іздеуге көмек көрсету үшін есептік кезең ішінде кәсіпорындардың халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы ұйымдастырылды.
Қаланың кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жандандырылды.
Ағымдағы жылы облыстың Үйлестiру Кеңесiнде бірінші бағыты бойынша жобаларды жүзеге асыруға өтініш мақұлданды: «ККК Бетон» ЖШС іріпанельді үй құрылысы элементтерімен темірбетон бұйымдарын шығару бойынша зауыт құрылысы және Мусагулова ЖК кулинарлық – кондитерлік кіші-цехты ұйымдастыру бойынша
Саран қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағындағы автомобиль жолдарын қайта жөндеу бойынша жобаны жүзеге асыруға өндірістік инфрақұрылым дамуы бойынша өтініш мақұлданды. Жобаның бастамашылары: «ККК Бетон» ЖШС, «Спецсталь» ЖШС, «Геополимер» ЖШС.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың барлық уақытында 3910,1 млн. теңге - инвестицияның жалпы құнымен Саран қаласы бойынша 12 жоба мақұлданды.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында мемлкеттік қолдауды алу үшін жобаларды іріктеу бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жүргізіледі.
2013 жылға кәсіпкерлікті қолдау үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлінді:
шектеулерсiз саласыз несие бойынша субсидиялауға пайыздық мөлшерлемесі - 55 млн. теңге;
өндірістік
Шағын және орта бизнестің қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың тиімді объектілерін дамыту бойынша жұмыс жалғастырылуда.
Қалада қалалық Кәсіпкерлер қауымдастығы жұмыс істейді. Кәсіпкерліктің әрі-қарай даму болашағын анықтау үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қалалық комиссия отырысы тоқсан сайын өткізілді. Мемлекеттік органдардың заң жобалы жұмысына кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің қызметі ұйымдастырылды.
2012 жылдың қараша айында «Даму» қорымен бірлесе отырып қалада Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, онда бизнесмендерге «бір терезе» режимінде қызметтер кешені көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президентімен анықталған шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып жеңілдік кредитке қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін 2012 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктердің және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды филиалы өкілдерінің қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай-кредиттік қолдау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен 4 кездесу ұйымдастырылды.
«Саран газеті» қалалық газетінде және бөлім сайтында қала кәсіпкерлері үшін хабарландырулар, нормативтік-құқықтық актілер, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттарына, қала кәсіпорындарының жетістіктеріне қатысты ақпарат тұрақты түрде жарияланады.