Перейти на главную страницу
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 343-ө бұйрығына
қосымша
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті – біліктілік анықтамалығы (БТБА) 47 шығарылым, «Парашют өндірісі» бөлімі, бұрын қолданыста болған, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітілген 47-шығарылым негізінде әзірленген.
Ол өндіріс технологиясының өзгеруі, өндіріс қызметінде ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуы, жұмысшылардың біліктілік, жалпы білім және арнайы даярлық деңгейіне қойылатын талаптардың, өнімнің сапасының, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестікке қабілетінің жоғарылауы, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруі себепті әзірленді.
Жұмыс разрядтары олардың күрделілігі бойынша, еңбек жағдайларын есепке алмай белгіленген (еңбектің күрделілік деңгейіне және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылауына әсер ететін экстремалдық жағдайлардан басқа).
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік анықтамасының екі бөлімі болады.
«Жұмыс сипаты» бөлімінде жұмысшы орындай білетін жұмыстары жазылады.
«Білуге тиic» бөлімінде жұмысшыға арнайы білімге, сондай-ақ жұмысшы қолданатын ережелерге, нұсқаулықтарға және басқа да басшылыққа алатын материалдарға, әдістер мен құралдарға қатысты біліміне қойылатын негізгі талаптар болады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшы кәсібінің осы разрядына арналған үлгідегі жұмыстарының тізбесі көрсетіледі. Бұл тізбеде жұмысшы орындай алатын барлық жұмыс түрлері көрсетілмейді. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіподақ органының немесе қызметкерлердің басқа да өкілетті органының пікірін есепке ала отырып, жұмысшылар кәсіптерінің тиісті разрядтарының тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы олар орындайтын жұмыстың күрделілігіне сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей және бекіте алады.
Жұмысшы «Жұмыс сипаты» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа ауысымды қабылдап алу және тапсыру, жұмыс орнын, ыңғайланған құрал-саймандарды, құралдарды жинау, сондай-ақ оларды тиісті тәртіппен ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жұмыстарын орындауы керек.
«Білуге тиic» бөліміндегі теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін; жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; жарамсыздық түрлерін және оның алдын алу және жоюды; өндірістік дабылды білуі керек.
Жоғары білікті жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа білікті төмен жұмысшының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындауды, сондай-ақ осы кәсіптің төмен білікті жұмысшыларына басшылық жасауды білуі керек. Осыған байланысты тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген разряды төмен кәсіптер жоғары разрядттардың сипаттамасында көрсетілмейді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегізінші разрядтың тарифтік кестесіне қолданылатындай әзірленген.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
«Парашют өндірісі» бөлімі
§ 1. ПАРАШЮТ-ДЕСАНТ ТЕХНИКАСЫНЫҢ СЫНАУШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы стендтерде парашют-десант техникасы бұйымдарының беріктігін 30 т.с. дейін күш түсіріп сынау. Парашют-десант техникасы бұйымдарына механикалық, динамикалық, статикалық сынақтар, сондай-ақ ашық су қоймаларында сынақтар жүргізуге қатысу. Сынақтар өткізетін стендтердің, қондырғылардың және бейімделген құралдардың әзірлігін тексеру, ақауларын, ойылған, жарылған, сызылған жерлерін анықтау мақсатында парашют-десант техникасы бұйымдарын температуралық сынақтарға әзірлеу, бензинмен жуу, ауа үрлеу, сырттай қарап тексеру. Лебедкаларды, тальдарды қолданып массасы 5 тоннаға дейін парашют-десант техникасының сынау стендтерін, жеке түйіндерін және бұйымдарын көлденең және тіке жылжыту, үйлестіру, арбаға, платформаға бекіту және орнату жөніндегі жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: парашют-десант техникасы бұйымдарына сынақ жүргізу әдістемесін, сыналатын бұйымдардың тағайындалуын; парашют-десант техникасына сынақ жүргізу кезінде ыңғайланған құралдарды, приборларды қолдану ережелерін; слесарлық-монтаждау және өлшеу құралдарын пайдалану ережелерін; парашют-десант техникасын жылжыту ережелерін білуі керек.
2. Автоматты ағыту бекіткіштері, байлау түйіндері – беріктігін сынау.
3. Парашют звенолары – статика режимінде 30 т.с. күш түсіріп беріктігін сынау.
4. Аумағы 20 кв. метрге дейін парашют күмбездері – қатты қоршауға қаптау әдісімен беріктігін сынау.
5. Массасы 5 тоннаға дейін парашют-десант техникасының пішіндері – сынау жүргізу.
6. Орамаға (камералар, контейнерлер) жинап салынған парашюттер– статика режимінде керіп сынау.
2. Парашют-десант техникасының массасы 5 тонна амортизация жүйесі бар бұйымдары – шойын тоқпақпен сынау.
3. Аумағы 20-дан 100 кв. метрге дейін парашют күмбездері – беріктігін және жел ағынында жұмыс істеуін сынау.
4. Массасы 5-тен 10 тоннаға дейін парашют-десант техникасының пішіндері – сынау жүргізу.
1. Парашют-десант техникасы бұйымдарының бекіткіштері – орнату, регламентті жұмыстар жүргізу.
2. Парашют-десант техникасының массасы 5-тен 10 тоннаға дейін, амортизация жүйесі бар бұйымдары – шойын тоқпақпен сынау.
3. Парашют-десант техникасының массасы 5-тен 10 тоннаға дейін бұйымдары – жинау, орнату, ұшу аппараттарына орнату, стендтер, платформалар.
4. Аумағы 100-ден 300 кв. метрге дейін парашют күмбездері – беріктігін және жел ағынында жұмыс істеуін сынау.
§ 4. ПАРАШЮТ-ДЕСАНТ ТЕХНИКАСЫНЫҢ СЫНАУШЫСЫ
6- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Парашют-десант техникасы бұйымдарының беріктігін массасы 10 тоннадан асатын бұйымдарын шойын тоқпақпен сынау. Парашют-десант техникасының бұйымдарын ракета тректерінде әр түрлі жылдамдықпен сынақтан өткізілетін бұйымның параметрлерін өлшеп сынау. Сынақ жасайтын жабдықтардың агрегаттарын жеткізу және реттеу, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, тапсырылған сызба, техникалық шарттар және сынау бағдаламасы бойынша бақылау-өлшеу приборларымен жасақтау. Сынақтан өткізілетін бұйымдардың және қолданылатын жабдықтардың ақауларын анықтау және жою. Массасы 50 тоннадан асатын парашют-десант техникасының сынау стендтерін, жеке түйіндерін және бұйымдарын көлденең және тіке жылжыту, үйлестіру, арбаға, платформаға бекіту және орнату жөніндегі жұмыстарды орындау. Жылжытатын және орнатылатын бұйымдардың және конструкциялардың массасын және салмақ ортасын анықтау.
Білуге тиіс: парашют-десант техникасының сынақтан өткізілетін бұйымдарының құрылысын және іс-қимыл принципін; сынақ жүргізуге арналған стендтерді және бақылау-өлшеу аппаратураларын күйге келтіру және реттеу ережелерін; парашют-десант техникасының бұйымдарын кешенді сынақтан өткізу тәртібін және әдістемесін; сынақтан өткізілетін бұйымдардың және қолданылатын жабдықтардың ақауларын анықтау және жою әдістерін; сынақтан өткізілетін бұйымның параметрлерінің рұқсат етілген бірліктерін және оларды өлшеу әдістерін; сынақтан өткізілетін бұйымдарға және қолданылатын жабдықтарға регламенттік жұмыс жүргізу тәртібін; жүргізілетін сынақ көлемінде механиканы, баллистиканы, электротехниканы, пневматиканы, гидравликаны, автоматиканы; сертификатталған бұйымдарға қойылатын талаптарды білуі керек.
Орта кәсіби білім қажет.
Жұмыс үлгілері
1. Сынақтар жүргізуге арналған қондырғылардың және ыңғайланған құралдардың , стендтердің гидравликалық цилиндерлері – жөндеу, жеткізу, қысыммен гидравликалық сынақтан өткізу.
2. Парашют-десант техникасының бұйымдары – аэродинамикалық түтікшелерде сынау.
3. Массасы 30 тонна, амортизация жүйесі бар парашют-десант техникасының бұйымдары – шойын тоқпақпен, адамдармен, қатты жел ағынын елестетіп сынау.
4. Аумағы 300 кв. метр парашют күмбездері –жел ағынында сынау.
5. Аумағы 1000 кв. метр парашют күмбездері – динамикалық режимде керіп, беріктігін сынау.
1. Парашют-десант техникасының бұйымдары, тәжірибелік үлгілері – аэродинамикалық түтікшелерде сынау режимдерін жүргізіп толық препарация жасау.
2. Аумағы 1000 кв. метрден асатын парашют күмбездері, тәжірибелік үлгілері – динамикалық режимде керіп, беріктігін сынау.
3. Эксперименттік үлгілерді сынауға арналған стендтер – жаңа техниканы меңгеру кезінде ыңғайланған құралдарды және бақылау-өлшеу аппаратураларын жинау, орнату, жеткіжу.
3. Коуштарды созбай орау – көлемін, дұрыстығын және орау сапасын бақылау.
4. Жорық және орнықты полотнолар – бақылау, сұрыпталуын тексеру және ақауларын анықтау.
5. Таспа – ашқаннан кейінгі көлемін бақылау, ұштарын орау сапасын бақылау.
6. Коуштардың, қосу буындарының, жастықтарының қаптары – дайындау көлемін және сапасын бақылау.
7. Жұмсақ қаптарға, сумкаларға, рюкзактарға арналған баулар – көлемін және ұштарын балауыздау сапасын бақылау.
1.Парашютті қосу буындары – жинау кезіндегі жүктеме режимін бақылау.
2. Керілетін және жүк тасымалдау парашюттерінің қарапайым формалы күмбездері – сызбалары бойынша дайындалуын бақылау.
3. Парашюттің арқан жіптеріне және ранецтерге арналған материалдар – жарамдылығын зертханалық талдаулар мәліметтері бойынша анықтау.
4. Жұмсақ қаптар, ранецтер, рюкзактар – сызбалары бойынша дайындалуын бақылау.
5. Парашюттің арқан жіптері – топтамасының толық екенін және дұзақтарының болмауын бақылау.
6. Парашют қаптары – габариттік көлемін, тігісінің дұрыстығын және тоқу көлемін бақылау.
§ 8. МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ
4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайындап, жинаудан кейін парашюттың әр түрлі бөліктері, түйіндері мен бауларының сызбалары мен техникалық жағдайларын қадағалау. Құтқарушы, десантты, тежегіш парашюттар жасау үшін мата, лента, бау және басқа материалдарды бағалау, қолдану және ақауларын табу. Паспорттар, ақпартізімдерді рәсімдеу, маталарды қосып тігу, қисық жерлерін кесіп алып тастау. Сызбалар мен инструкциялар бойынша қалып,бүктемелерін тексеру. Адамдар мен техниканы бірге кешенді түрде десанттауға, космостық аппараттарды түсіруге арналған парашюттар жасауға арналған материалдардың белгіленген, пішілген тұстарын бақылау.
Білуге тиіс: мата, бау, таспа және басқа материалдарды, сонымен қатар, парашюттардың түйіндері мен бауларын қолдануға техникалық шарттарын, олардың не үшін арналатынын; жинау, пішу, дайындаудың технологиялық үрдісін; бақылаудағы материалдардың атауы мен түрлерін; металл бөліктер жабындыларының түрлерін, оларды қолдану мен бақылау әдістерін; қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралының құрылымын; жинау сызбаларын оқу ережелерін; бақылаудағы материалдардың физикалық қасиеттерін; бұйымдарды сертификаттау және материалтануға кіріспенің негіздерін.
Жұмыс үлгілері:
1. Жүк және тежегіш парашюттарының камералары – соталардың өлшемдері, жүгендерін монтаждауды бақылау.
2. Таспалық тежегіш парашюттардың күмбездері – экваториалды таспалардың қосылуын, үдету баулары бар бір немесе екі рет бүктелген таспаларды тігілуін бақылау.
3. Құтқаруға арналған және десанттық парашют күмбездері – бақылау, контроль, қолдану, ақауларын табу.
4. Металл қысқыштары бар сынабекітпенің шырмаулары – шырмауларды бақылау, құлыптар мен қысқыштарды монтаждау.
5. Созылатын парашюттар – күмбездер, арқандар, серіппелерді монтаждауды бақылау.
6. Жұмыр десанттық парашюттар – ішкі бауларды, серіппелер биіктігін, тоқыма бау тігілуінің сапасын бақылау.
7. Саңылаулы тежегіш парашюттар – күмбездер, арқандар, қалталар жапсырмаларын монтаждауды бақылау.
8. Парашюттық асатын сөмкелер – үлкен өлшемдерді, пластиналар, конустар, турникеттер қадалықтары кнопкаларының орналасу сапасы мен дұрыстығын бақылауға алу.
9. Таспалық парашют арқандары – таспаларды орналастыру кезектігі мен айналдыруды бақылау.
1. Құтқаруға арналған, десанттық парашюттар – арқандар, күмбез, аспа жүйесін монтаждауды, жасақтауды бақылау.
2. Спорттық парашюттар – басқару арқандарын монтаждауды бақылау.
3. Аспа жүйелері – парашюттық құлыптарға түсірілетін жүктеме мен оларды дұрыс жинауды бақылау.
4. Жүк парашюттық жүйелері – монтаждау, орналастыру, жинақылықты бақылау.
5. Тежегіш парашюттық жүйелер – жинақылықты бақылау.
1. Космостық аппараттарды түсіретін парашюттық жүйелер – контейнерлерге бұйымдарды дұрыс орналастыру және металл контейнерлердің герметивтілігін бақылау.
2. Апат жағдайындағы экипажды құтқару жүйелері – жасалу, сынау, орналастыруды бақылау.
§ 11. МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ
7- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Экипажсыз космостық аппараттар түсіруге және адамдар мен техниканы бірге десанттау кешенін жүзеге асыруға арналған өте күрделі парашюттық жүйелерді тапсырыс берушіге беру және бақылау. Сынақ полигондары, базалары, стендтарда парашют техникасының тәжірибелі бұйымдарды сынауды(механикалық, электрлік, динамикалық, статикалық, ресурсты, климаттық, кешенді т.б.) жүзеге асыруға қатысу және жоғары деңгейде аэродинамикалық сапалық монтажды, жоспарлы бұйымдарды беру және бақылау. Парашюттық жүйелерді сынақ өткізгеннен соң қарап шығу, қарау актыларын рәсімдеу және қосалқы құжаттарды құрастыру. Белгілі бір келісім-шарттар бойынша негізделген парашют техникасын жасап шығару жұмыстарын бақылау. Құрастырушы құжатнамасын қайта жасау және жаңа бұйымдарды сынау бағдарламаларына қатысу. Тапсырыс берушінің шағымдарын талқылауға қатысу.
Білуге тиіс: бақылаудағы парашют жүйелерінің жұмыс істеу принциптері мен шарттары, құрылымы, міндетін, оларды жасап шығаруға арналған техникалық жағдайларды; парашют-десантты техникасының бақылаудағы бұйымдардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, олардың жеке түйіндерінің жұмысын, оларды жөндеу, қарау, тексеру әдістемесін; парашют жүйелерін сынаққа алғандағы анықталған негізгі ақаулар; парашют жүйелерін жинау және қолдану ережелерін.
Орта кәсіби білім қажет.
§ 12. БӨЛШЕКТЕРДІ ӨРУШІ
1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғырғы деңгейдегі бөлшектерді өрушінің бақылауында парашюттық техниканың қарапайым бөліктерін әр түрлі материалдармен өру, шырмау. Бөлімдерді өруге қатысты дайындық және қосалқы жұмыстарды атқару.
Білуге тиіс: қарапайым бөліктерді өрудің технологиясын; қолданылатын материалдар түрлерін; қарапайым өлшеуіш құралды қолданудың ережелерін.
Жұмыс үлгісі
1. Арқан – шырмалған жерлерін изоляциялық таспамен өру.
2. Баулар – байлау жерлерін изоляциялық таспамен өру.
§ 13. БӨЛШЕКТЕРДІ ӨРУ
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сызба бойынша рұқсат етілген шектермен, өлшемдерге, техникалық шарттарға сәйкес қарапайым бөліктерді әр түрлі материалдармен орау, өру. Бөліктерді орауда ақауларды түзей.
Білуге тиіс: қолданылып жатқан материалдарға техникалық жағдайларды; рұқсатнамалар жайлы мәліметтер;орындалып жатқан жұмыстарға талаптар; бөліктерді ораудың ақауларының болу себебін және оларды жөндеудің тәсілдерін.
Жұмыс үлгісі
1. Баудан сынабеітпе – изляционды таспамен орау.
2. Жұмсақ қаптар –резеңке амортизаторларды орау.
§ 14. БӨЛШЕКТЕРДІ ӨРУШІ
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық жағдайларға сәйкес парашют техникасының бөліктерін және түйіндерін орта деңгейде өру. Бөліктерді өруге арналған механикалық үстелді, өру құралын дайындау. Жұмыс үрдісі кезінде өру механизмін реттеу.
Білуге тиіс: парашют техникасының орта деңгейдегі бөлшектерін өру техникалық жағдайларын; сызбаларды оқу ережелерін; рұқсатнама жүйесін; бөлшектерді өруде ақаулардың алдын алудың тәсілдерін; механикалық үстелдегі жұмыс істеу ережелері мен оны құру; қолданылып жатқан материалдардың механикалық қасиеттері.
Жұмыс үлгісі
1. Батуттардың амортизаторлары – өру.
2. Созылмалы және реттеуші парашюттардың сынабекітпесі – созбай өру.
3. Алынатын резеңке соталар – жасап шығару.
1. Қосатын және өткізуші бөліктер – монтажсыз өргенде.
2. Жүк парашюттарының камерасы – парашюттың арқандарын ілмектерімен.
3. Жүк парашюттарының сынабекітпесі – металл құлыптармен қатар өру.
1. Жүк және тежеуіш парашюттың жалғайтын бөліктері – антенна, тығырық, қаппен монтаж, созып және өріп. 2. Коуши вращающихся парашютов – оплетка.
3. Жүк және тежеуіш парашюттары шідерлері – жүктеме астында механикалық үстелде монтаж және өру.
§ 17. БҰЙЫМДАРДЫ ЖИНАУШЫ
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым парашют түйіндері мен бөлшектерін жинау, монтаждау және белгілеу. Парашют техникасын жинау және құрғанда, қарапайым бөлшектер мен түйіндер жасаған кездегі дайындық жұмыстарын жасау. Универсалды тігу машиналарда кішкене қарапайым бөлшектер мен түйіндер жасау. Тігістердің сапасын, бұйымдардың, бөлшектер жіптерінің түстерінің сәйкестігі. Бұйымдардың салмағы мен өлшемдерін ескере отырып қарапайым парашют амортизаторларын қолмен толтырушы материалдарымен толтыру.
Білуге тиіс: Парашют техникасы қарапайым жасау және жинау технологиясын; жиналып жатқан бөлшектер мен түйіндердің атауларын; қолданылып жатқан материалдардың негізгі физико-механикалық қасиеттерін; қарапайым бөлшектерді белгілеу тәсілдерін; қарапайым бақылау-өлшеуіш құралын қолдану ережелерін; қарапайым парашют ароматизаторларын толтыруға техникалық шарттарын, толтыратын материал түрлерін; тігін машиналарда жұмыс істеу ережелерін.
2. Қатты доньялар – түйінге кіргізу.
3. Құлыптар карабиндары, айылбастары, тік айылбастары – қайыспен жинау.
4. Тік тігілген қалталар – бүгу және тігу.
5. Арқанды сақиналар – жинау.
6. Серіппе механизмдері – бұйымға тағу.
7. Конустық және сөмкелік серіппелер – бұйымға тағу.
8. Жүктің ілмектері, түйіндері – тігіп шығу.
9. Қапсырмалар – жинау, монтаж.
10. Скрепкалар, күшейткіштер – қолмен орналастыру.
11. Арқан, қосатын бөліктердің қаптары – қайрау.
12. Резеңке баулар – сот таратушысы таспасымен монтаж.
1. Созылыңқы парашюттардың күмбездер – тарам тігістерге арқан қою.
2. Әр түрлі күмбездер – төменгі жиек таспаларын белгілеу, полюсты саңылаулар мен төменгі жиектерін тігіп шығу.
3. Реттегіш және тежегіш парашюттар күмбездері – сынабекітпемен арқанды монтаждау.
4. Жұмсақ қаптар –амортизаторларды толтыру.
5. Парашюттардың асылатын сөмкелер – қаттылық шегін орналастыру, құралдардың пластиналарын монтаждау, жинау.
6. Аваиялық қордың асылатын сөмкелері – жинау, желімдеу.
7. Жүктің қайыстар, жинақ, байламдары, ілгіштері – толық жасап шығару.
8. Аспалы жүйелер – баулар көмегімен асылатын сөмкелерді монтаждау.
9. Күмбездер қаптары – күшейткішті тігу, алжапқып саңылауларын реттеу.
10. Дюриттік шлангтар – арқан мен шідерлермен.
§ 19. БҰЙЫМДАРДЫ ЖИНАУШЫ
4 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін реттеу, монтаждау, жинау; жалғайиын бөліктерді сәйкестендіріп тігу. Стаикалық жүктемежде парашюттарды монтаждау. Дәрежесі жоғарырақ бұйымдарды жинаушының қадағалауымен күрделі парашют техникасын жинау, монтаждау, сынауға қатысу. Әр түрлі типтегі тігін машиналарында парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін жасау. Жасау кезінде және сынақтан соң табылған парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерінің ақауларын жою, түзету, жөндеу.
Білуге тиіс: парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін жасау, жинау және монтаждау техникалық шарттары мен технологиясын, олардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымын; парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін белгілеу; жиналушы бұйымдардың қолдану шарттарын; тігін машиналарының құрылымы жіне жұмыс істеу принциптерін; сызба оқу ережелерін; қолданылып жатқан материалдардың физико-механикалық қасиеттерін; өткізу шегі және тігу жүйелерін; жинақталушы бұйымдарды сертификациялау негіздерін.
2. Жүк және тежегіш парашюттар камералары – соталармен жинау және монтаж жасау.
3. Күмбездер – шеңбер тірек таспаларын, күшейткіш және сақиналы таспаларын, төменгі жиекті, арқанды монтаждан кейін тігіп шығу.
4. Жүк парашюттары күмбездер –белбеу мен секторларды жинау.
5. Тежегіш парашюттардың күмбезі – ауа өткізбеу үшін саңылаулар белгілеу және қию
6. Парашют күмбездері – арқандармен, асатын сөмкелермен, аспалы жүйелермен монтаж жасау.
7. Асатын сөмкелер – құралдар қалталарын дайындау, тігу, аралық түптегі саңылауларды реттеу.
§ 20. БҰЙЫМДАРДЫ ЖИНАУШЫ
5- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі парашют жүйелерін жинау және монтаж жасау; техникалық шарттарға сәйкес парашюттарды динамикалық жүктемемен қалыпқа келтіру және монтаж жасап, оларды белгіленген ретте тапсыру; парашюттық жүйелер мен парашюттарды жинау және монтаждау кезінде анықталған ақауларды жою. Тігін машиналарымен парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін жасау. Парашют жүйелерін жердегі сынақтарына қатысу.
Білуге тиіс: күрделі парашют жүйелері мен парашюттарды жасау, жинау және монтаж жасау технологиясы мен техникалық шарттарын, олардың құрылысын, жұмыс істеу принциптері мен қолдану ерекшеліктерін; динамикалық жүктемелер қоюдың тәсілдерін; күрделі парашют жүйелерін жинау кезінде қолданылатын құралдардың құрылымдық ерекшеліктерін; жиналушы жүйелерді реттеу әдістемесін; материалтануға кіріспе; бұйымдарды сертификациялау негіздері.
2. Жүктік парашюттық жүйелер – басты бауды жинау, аспалы жүйеелерді, қосатын бөліктерді, арқан, күмбездерді монтаждау.
3. Көп күмбезді парашютты жүйелер – динамикалық жүктемемен жинау, монтаждау, қалыпқа келтіру.
4. Шлангтар – аспалы жүйеге монтаж жасау.
2. Парашют жүйелерінің камерасы – соңғы тігістерін қосу.
Р/с№ |
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы |
Разряд тар диапазоны |
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар |
Разрядтар диапазоны |
БТБАшығарылым №
|
Бөлімнің қысқартылған атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Парашют-десант техникасының сынаушысы |
3-7 |
Парашют-десант техникасының сынаушысы |
3-7 |
47 |
Парашютті |
2. |
Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы |
2-7 |
Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы |
2-7 |
47 |
-"- |
3. |
Бөлшектерді өруші |
1-5 |
Бөлшектерді өруші |
1-5 |
47 |
-"- |
4. |
Бұйымдарды жинаушы |
2-7 |
Бұйымдарды жинаушы |
2-7 |
47 |
-"- |
5. |
Бұйымдарды салушы -монтажшы |
2-7 |
Бұйымдарды салушы -монтажшы |
2-7 |
47 |
-"- |
№№ пп |
Мамандықтар атаулары |
Дәреже диапазондары |
Беті |
1. |
Парашют-десант техникасының сынаушысы |
3-7 |
4 |
2. |
Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы |
2-7 |
7 |
3. | Бөлшектерді өруші |
1-5 |
11 |
4. |
Бұйымдарды жинаушы |
2-7 |
13 |
5. |
Бұйымдарды салушы-монтажшы |
2-7 |
17 |
Кіріспе |
4 |
«Парашют өндірісі» бөлімі |
|
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі Жұмысшылар кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
|
7 20
|
Бтба 47 шығарылым, «Парашют өндірісі» бөлімі, бұрын қолданыста болған, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы №130-ө бұйры
18 12 2014
1 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
14 12 2014
25 стр.
Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы (бтба), 27-ші шығарылым, «Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім» бөлімі
16 12 2014
12 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме жөндеу» бөлімінен тұрады
17 12 2014
18 стр.
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бтба) 66-шығарылым, «Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау» бөлімі
16 12 2014
17 стр.
Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу
16 12 2014
108 стр.
«Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу, Слесарлық және слесарлық–құрастыру жұмыстары»
16 12 2014
26 стр.
Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (21 шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Радиоаппаратура және сымды байланыс аппаратурасының өндірісі» бөлімінен тұрады
11 10 2014
4 стр.