Перейти на главную страницу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«Құю жұмыстары, Дәнекерлеу жұмыстары, Қазандық,
суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары,
Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар» тараулары
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 2-шығарылымы, «Құю жұмыстары, Дәнекерлеу жұмыстары, Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары, Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу, Слесарлық және слесарлық–құрастыру жұмыстары» бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө бұйрығымен бекітілген.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
КІРІСПЕ
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы басылымы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашасында № 266-ө бұйрығымен бекітілген, бұған дейін қолданылған БТБА, 2-шығарылым негізінде әзірленді.
Оны әзірлеу қажеттігі өндірістегі технологияның өзгеруіне, өндірістік қызметте ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына және осының негізінде жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және кәсіптік дайындығына, өнім сапасына, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты туындады.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.
«Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші Оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.
«Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.
«Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті автоклавтарға қызмет көрсету. Металл құю үшін қалыптарды автоклавқа салу. Қысылған ауа қысымын қосу және оның ағыны жылдамдығын реттеу. Автоклавта құйманы ұстау уақытын бақылау. Құйылған қалыптарды автоклавтан түсіру және көтеріп тасымалдау құралдарының көмегімен қағымдау алаңына тасымалдау. Автоклавтарды тазалау.
Білуге тиіс: автоклавтардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; құрылысы және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша көрсеткіштерін есептеу тәсілдері; қысылған ауа қысымын реттеу ережесі; автоклавта құйманы ұстау уақытының ұзақтығы; қалыптарды ілмектеу, көтеру және орнынан қозғалту тәсілдері.
§ 2. ШОЙЫН ПЕШШІ
2-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шойын пештердің жұмыс қағидаты және балқыту барысын реттеу тәсілдері; шойын пеште балқытуға арналған шойынның сорттары және олардың қасиеттері; шикіқұрам материалдарының, флюстер мен шлактардың номенклатурасы, олардың негізгі қасиеттері және шойын сапасына тигізетін әсері; сұйық шойынның температурасын айқындау тәсілдері; шойынды балқыту және шығару температурасы; жанар-жағар май мен отқа берік материалдарға қойылатын талаптар; құю шөміштерінің құрылысы.
3-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шойын пештердің құрылысы; шойын пештерді толтыру тәртібі; шикіқұрам мен жанар-жағар майға қойылатын техникалық шарттар; жанар-жағар май және металл қабаттардың көлемі; оттегінің балқыту барысына тигізетін әсері; оттегінің жіберуді іске қосу ережесі; орындалатын жұмыс ауқымында балқыту кезінде болатын физикалық және химиялық процестердің негіздері; сұйық металдың дайын екенін айқындау тәсілдері; шойынды түрлендіру және қоспалау тәсілдері, шойын пештердің түбін толтыру ережесі; орындалатын жұмыс шегінде металл технологиясының негіздері; шойын пештердің шойынды балқыту кезінде анықталған ақаулықтардың себептері және оларды жою әдістері.
4-разряд
Білуге тиіс: шикіқұрам материалдарының мақсаты; балқытылатын шойынның қасиеттері; отын және металл қабаттардың мөлшері немесе салмағы; әртүрлі қоспалардың шойынның сапасын тигізетін әсері; басқа химиялық құрамды балқытуға көшкен кезде шойынды шығару уақытын анықтау тәсілі; шойынды балқыту және құю температурасы; металды балқыту кезінде оттегіні қолдану тәсілі; шойын пештерді жөндеуге керекті отқа берік материалдар және оларға қойылатын талаптар.
5-разряд
Білуге тиіс: қолданылатын түрлендіргіштер және шойынды түрлендіру және қоспалау тәсілдері; балқытылатын шойынның қасиеттері мен маркалары; шойын пештерде оттегі үрлегішін пайдаланудың әртүрлі тәсілдері; отынның химиялық құрамының балқытуды жүргізу тәсілдеріне және алынатын шойынның сапасына тигізетін әсері.
6-разряд
Білуге тиіс: үздіксіз балқыту процесі кезінде балқытуды жүргізу тәсілдері; балқытылатын шойынның физикалық және химиялық қасиеттері; әртүрлі маркалы шойындардың типтері және олардың химиялық құрамы.
2-разряд
Білуге тиіс: бір типті қағымдау механизмдерінің құрылысы; құйғыштар мен шығарғыштарды құймаларды бүлдіріп алмай бөлу тәсілдері; құймаларды салқындату ережесі; өзектердің, қаңқалар мен тоңазытқыштардың қалыпта орналасу орны; құймалар мен қорамжәшіктерді жинақтау және салу ережесі; қолданылатын құралдар; лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін құймаларды қағымдау тәсілдері мен ережесі; құймалардың қалыптарда суу режимі, көтергіш көлік құралдарының құрылысы; құймаларды ілмектеу тәсілдері, көтеру және орнын ауыстыру тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
Құймаларды қағымдау:
1. Поршеньді және рет-тығын сақиналардың барабандары.
2. Ішпектер мен мойынтіректердің қақпақтары.
3. Газ плиталарға арналған ішпектер.
4. Тығындар.
5. Ұсақ бөлшектер.
6. Дөңгелектер, шкивтер.
7. Тежегіш кебістердің қалыптары.
8. Үлкен фрезер станоктардың консольдері.
9. Ауа үрлегіштердің, редукторлардың, су сорғылардың, май сүзгілердің корпустары.
10. Рамааралық бекіткіштер.
11. Рессор кронштейндері.
12. Кеме зәкірлерінің табаны.
13. Станоктардың патрондары.
14. Жалғасу басқышы.
15. Плиталар.
16. Тіс тегістегіш станоктардың сырғыма тиектері.
17. Компрессорлардың поршеньдері.
18. Қазандық секциялары.
19. Тік және көлденең фрезерлеу станоктарының тұғырлары.
20. Токарлық-бұранда кескіш станоктардың тұғырлары.
21. Ортасының биіктігі 200 мм жоғары токарьлық-бұранда кескіш станоктардың алжапқыштары.
22. Фланецтер.
23. Фитингілер.
24. Желдеткіштердің шкивтері.
25. Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтірек қалқандар.
§ 8. ҚҰЙМАЛАРДЫ ҚАҒЫМДАУШЫ
3-разряд
Білуге тиіс: әртүрлі типті қағымдау механизмдерінің құрылысы; қағымдау алдында құймаларды қалыптау ұстау ұзақтығы; қаққыланатын құймалар температурасының олардың сапасына тигізетін әсері; шойыннан, болаттан және жоғары қоспаланған құймалардан жасалған құймалардың механикалық қасиеттері; қағымдалатын құймалардың номенклатурасы.
Жұмыс үлгілері
Құймаларды қағымдау:
1. Металл кескіш станоктардың алдыңғы және артқы тұғырлары.
2. Вагондардың шүберін арқалықтары.
3. Тежегіш барабандар.
4. Білікті гидропульттерге арналған бөшкелер.
5. Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары.
6. Құйма арбалардың жақтаулары.
7. Локомотивтер мен вагондардың букстері.
8. Көп сатылы күрделі біліктер.
9. Конвертерлердің мойындары.
10. Автотіркемелі құрылыс бөлшектері.
11. Ауыл шаруашылық машиналарының корпустық бөлшектері.
12. Металл қалыптар, түптер, болатты құюға арналған қосылма жалғамалар мен орталықтағыштар.
13. Редукторлардың, артқы мосттар мен тіркемелердің картерлері.
14. Қож таситын шөміштер.
15. Домна пештеріне арналған конустар мен ыдыстар.
16. Турбиналардың корпустары.
17. Бу қыздырғыш қораптар.
18. Опыру және құю машиналарының мульділері.
19. Дизельдердің негізгі рамалары.
20. Рольгангалардың рамалары.
21. Вагон арбалардың рамалары.
22. Айқастырмалардың өзектері.
23. Іштен тегістеу станоктарының, ірі көлденең фрезерлеу станоктарының және илемдеу станоктарының тұғырлары.
24. Тіс тегістегіш станоктардың тұғыры.
25. Компрессорлардың тұғырлары мен картерлері.
26. Тік және көлденең фрезерлеу станоктарының тұғырлары.
27. Дөңгелектердің күпшектері.
28. Агломерация фабрикасының қоректендіргіш табақтары.
29. Компрессорлардың цилиндрлері.
30. Диаметрі 400 мм астам мойынтіректердің қалқандары.
§ 9. ГИДРОҚҰМ БҮРКУШІ
2-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құм гидравликалық құрылғылар мен қолданылатын көтеріп-тасымалдау құралдарының жұмыс қағидаты; тазалау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері; тазалағыш материалды салу ережесі; құймаларға, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектеріне тазалаудан кейін қойылатын техникалық талаптар; тазалау үшін қажетті су қысымының көлемі; құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін салу тәсілдері.
3-разряд
Білуге тиіс: гидромониторлар мен әртүрлі жүйелі құмгидромониторлардың құрылысы және баптау ережесі; көшпелі гидроқұм бүріккіш аппараттардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; тазаланатын беттің сипатына байланысты тазалағыш материалдар түйіршіктерінің мөлшері.
2-разряд
Білуге тиіс: гидрокамералардың жұмыс қағидаты; ағын қысымын айқындау ережесі; сопло құрылғылары мен тегеурін шлангілерінің құрылысы; құймалар мен өзектердің қабырғалары мен ішінен ескі қоспаны алып тастау әдіс-тәсілдері.
3-разряд
Білуге тиіс: қысымы жоғары гидрокамералар мен сорғылардың құрылысы; орындалатын жұмыс көлеміндегі гидромеханика негіздері; әртүрлі құймаларды гидротазалауға қойылатын техникалық шарттар.
4-разряд
Білуге тиіс: электр гидроқұрылғының, іске қосқыш және реттегіш құрылғылардың кинематикалық және электр схемалары; бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының құрылысы; импульсті тоқ генераторына түсетін жүктеменің шегі; электр жабдықтары жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.
2-разряд
Білуге тиіс: шойын пештер мен балқыту пештерінің жұмыс қағидаты; пештер мен балқыту пештерін толтыру режимі; шикіқұрамдық, толтырушы, тұндырушы және тотықтандырушы материалды; шикіқұрам материалдарының шекті көлемі мен салмағы; пештерге шикіқұрам материалдарын үю тәсілдері; шойын пештегі бос қабаттың көлемі; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.
§ 15. ШИКІҚҰРАМДЫ ШОЙЫН ПЕШТЕР МЕН ПЕШТЕРГЕ ҮЮШІ
3-разряд
Білуге тиіс: әртүрлі типті шойын пештері мен балқыту пештерінің, қызмет көрсетілетін үю машиналарының және оны басқару аспаптарының құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; барлық шикіқұрамдық және толтырушы материалдардың атауы және оларды сыртқы түрі бойынша ажырату; шикіқұрам материалдарын толтыру кезегі; жүктерді кранмен тасымалдау ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері; үю машиналарының механизмдерін майлау кезеңділігі.
4-разряд
Білуге тиіс: үю машиналарының құрылысы және кинематикалық схемасы, олардағы аспаптардың орналасуы, жұмыс қағидаты; артылған мульділердің шекті көлемі; балқытылатын металдың тиісті маркасына арналған шикіқұрамның құрамы; шикіқұрамның жекелеген элементтерінің металл мен құйманың қасиеттеріне тигізетін әсері.
2-разряд
Білуге тиіс: шойынның құйылу және механикалық қасиеттері; шайырдың түрлері мен қасиеттері; сұйық металл мен балқытуға арналған шайырдың температурасы; пісірілетін жерге қойылатын талаптар; құймаларды сұйық шойынмен балқыту және пісірудің негізгі тәсілдері; қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері; құймаларды ілмектеу, көтеру және орнын қауыстыру тәсілдері; құйғыштар мен құйғыш науалардың құрылысы.
3-разряд
Білуге тиіс: құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері; шойынның құйылу және механикалық қасиеттері; шайырдың қасиеттері; қыздыру және балқыту кезінде құймаларда пайда болатын ішкі кернеу, оны жою шаралары; құйманың қыздыруға болмайтын жерлерін оқшаулау тәсілдері; пісірілген күрделі құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру әдістері мен режимі.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
14 12 2014
25 стр.
Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу
16 12 2014
108 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме жөндеу» бөлімінен тұрады
17 12 2014
18 стр.
«Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу, Слесарлық және слесарлық–құрастыру жұмыстары»
16 12 2014
26 стр.
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бтба) 66-шығарылым, «Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау» бөлімі
16 12 2014
17 стр.
Аталған тарауға жұмыстың немесе өндірістің қызметіне ұқсас жұмысшы мамандықтары енгізілген
25 12 2014
1 стр.
Бтба 47 шығарылым, «Парашют өндірісі» бөлімі, бұрын қолданыста болған, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы №130-ө бұйры
18 12 2014
1 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (50-шығарылым) «Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу» бөлімінен тұрады
07 10 2014
1 стр.