Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірістілігі алғаш құрылғаннан бастап 2004 жылғы 30 маусым аралығында 11,70%болды. Бұл – жылдық көрсеткіш пен 3,61% болды.
Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі 2001 жылғы 1 маусымнан бастап 2004 жылғы 30 маусым аралығында 7,94% болды, бұл – эталондық портфель кірістілігінен 1,94% жоғары.
Шынында да, 2004-2006 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің көлемі 7,5 есе артып, 603,2 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-нің 16 пайызын құрады. Банктердің жеке қаражаты мен жиынтық активтері бірнеше есе артты. Жеке капитал қазір 1 млрд. АҚШ доллаоын құраса, жиынтық активтер 7,3 млрд. Ақш долларынан асты немесе бұл көрсеткіштер сәйкесінше ЖІӨ-нің 4 пайызы және 30 пайызына тең. Бұл қазақстандық банк жүйесіндегі капитализациялау деңгейінің артқанын білдіреді. Бұл көрсеткіштер Ресей мен басқа ТМД елдеріндегіден әлдеқайда жоғары болып шықты да, халықаралық инститтутардың қазақстанға жоғары инвестициялық рейтинг беруіне мүмкіндік берді.
Әрине, көпшілік қауым нақты экономиканың, соның ішінде материалдық өндіріс саласының дамуына қажетті қаражат салуға немесе беруге Банк жүйесі белсенді және ауқымды түрде қатысады деп үміттенді. Шындығында солай болды. 1998-2002 жылдары нақты нақты экономикаға бөлінген несиелер көлемі 7,5 есе артып, ЖІӨ-нің 18 пайызын құрады. Бұл салада 2000-2001 жылдары күрт өзгерістер болып, нақты экономикаға несие беру көлемдері сәйкесінше 85,6 пайыз және 77,3 пайызға көтерілді. Мұнымен бір мезгілде 2001 жылы нақты экономикаға бөлінетін несиелердің құрылымында маңызды өзгеріс болды: бірінші рет орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 2001 жылы 20,8 пайыздың 49,2 пайызға қатынасымен және 57 пайыздың 43 пайызға қатынасымен қысқа мерзімді несиелердің үлесінен асып түсті. Бұл негізгі қаражатқа, экономикаға бөлінетін несиелерге салынатын иевестициялардың жандан түскен сипатын көрсетеді.
Алайда, несиелердің өсу шамасы мен қарқындары нақты экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр. Нақты, айтқанда, бөлінген осы несиелердің көлемі, әсіресе қазір ЖІӨ-нің 10,2 пайызын құрайтын орта және ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 3-4 есе артып, ЖІӨ-нің 50 пайызын құрауы керек.
Мақсатқа жеру механизмдерінің бірі – акционерлік қоғамдардың жарғылық қаражатының ең кіші мөлшерін айқын немесе қызметтің қаупі жоғары, ал ашық қор биржасында ұсақ акционерлердің қаражатын, яғни негізгі капиталды тарту тиімді болатын деңгейге дейін көтеру болатын еді. Өкінішке қарй, «Акционерлік қоғамдар туралы» жаң Заңда бұл мәселе парламент депутаттарының «көлеңкелі» түрде жұмыс істейтін формальды акционерлік қоғамдардың мүдделерін көздеуіне байланысты жартылай ғана шешіліп отыр. Мәселенің өзектілігі сол күйінде қалуда. Сөтсек те, акционерлік қоғамдар арасында жасалған сұраныстарға, оладың кейбірінің басшыларымен өткізілген сұхбаттарға қарағанда, олардың өздері де жарғылық қаражаттың ең кіші мөлшерін 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде құрауда ешқандай қиындық көрмейді. Әрине, бір жағынан сыбайластықты, салық төлеуден қашқақтауды, «лас» ақшаны «жууды», компания қызметінің айқын болмауын баса айтып, оларға таңба тақса, екінші жағынан қоғамымызға, әсіресе аймақтық және кәсіпорындық деңгңейлерде барынша сіңіп қалған осындай заңсыз құбылыстармен іс жүзінде күресуге бағыттыалған іс шаралардың алдын кес- кестейді.
Банк активтерінің жедел өсіп отыруына қарамай, капитализациялау деңгейі нақты экономиканы, соның ішінде материалдық өндіріс саласын тұтастай несиелеу үшін жеткіліксіз болып отыр. Қалыпты нарық экономикасы жағдайындағы жеке қаражаттың деңгейі ЖІӨ-нің 4 пайызы болмай, кемінде 15- 20пайызын құрауы керек, ал активтердің көлемі кемінде 100 пайыз ЖІӨ болуы керек.
Екінші деңгейлі қазақстандық банктердің капитализациялау деңгейінің төмен болу себептері тұрғындар мен кәсіпкерлердің банктерге сенімнің жоғары болмауына және банктердің шектеулі даму стратегиясына әкеп тіреледі,. Шынында да, қол жеткен жалпы жинақтаулардың көрсеткіші шамамен ЖІӨ-нің 25 пайызы, ЖІӨ-дегі банктік депозиттердің үлесі бар болғаны 16 пайызы құрады. Оның үстіне мерзімді салымдардың құрылымында бір жылға дейін салынған депозиттер басым болып отыр, олардың да мерзімнен бұрын алынып қояр қаупі жоғары, соның нәтижесінде банктердің ірі жеке қаражаты мен ұзақ мерзімді қаражаты болмай отыр. Депозиттер мен несиелер бойынша банктік пайыздық мөлшерлемелер клиенттердің банк жүйесіне жасалатын салымдарының артуын көздемейді. Мерзімді салымдар бойынша банктің сыйақысы заңды тұлғалар үшін 5 пайыз, яғни әлі де жағымсыз, ал жеке тұлғалар үшін шамамен 11 пайыз, несие бойынша сыйақылар-заңды тұлғалар үшін 14-17 пайыз және жеке тұлғалар үшін 21-26 пайыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, айырмасы көп.
Бірақ, мәселе тек осыған ғана тіреліп тұрған жоқ. Ең бастысы- өңдеу кәсіпорындары саласындағы табыс нормасы 4-6 пайыздан да төмен болған кезде, несиелер үшін төленетін сыйақының мөлшерлемесі заңды тұлғалар үшін 16-18 пайыз, ал жеке тұлғалар үшін 25 пайыз болды. Төрт жыл ішінде ақшаға деген ұсыныс 5 есе артты, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі үнемі төмендеп, бүгін 7,5 пайызды құрап отыр,ал, инфляция 6-8 пайыз төңірегінде болып отыр. Бұған қарағанда шағын және орта бизнестегі несиелік тәуекел деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін деген қауіп барын білуге болады.
Несиелер үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуын тек бір ғана жайтпен-ақша несие нарығындағы бәсекенің төмен деңгейде болу арқылы түсіндіруге болады. Қазіргі осы уақытта нарықта 35 банк қызмет көрсетсе де, олардың көпшілігі әлсіз және бұл нарықта маңызды орын алмайды. Осы орайда банктерге ескерткім келетіні-несиелер үшін сыйақы мөлшерлері жоғары болатын уақытта шағын және орта бизнестегі тәуекел деңгейі де жоғары болып қала бермек.
Сөйтіп, тәуекелшіліктітек шағын және орта бизнес кәсіпорындары ғана емес, кәсіпорындар үшін банктер де туғызады. Жүйенің негізін құрайтын 4-5 банкті есептемегенде, банк жүиесіндегі менеджмент өзінің жоғары деңгейімен ерекшелене қоймайды. Сондықтан, шағын және орта бизнес өкілдеріне де банктерге үндеу жариялауға болатын еді. Бірақ, жалпы алғанда, бір жақтан банктер, екінші жақтан шағын және орта бизнес бір-біріне лайықты стратегиялық әріптестер болуы керек.
Сондықтан, банктер бизнесмендерге кәсіпкерлік деңгейін көтеруге, оларға әр алуан сапалы қызмет көрсетулерді ұсынуға, несие беру мен оларға қызмет көрсетуге, Қарыздарды басқаруға, бизнес-жоспар жасауға байланысты жүйені жеңілдетуге көмектесіп, әр алуан сала бойынша әдістемелік қамсыздандыруды өздеріне алуы керек.
Өкінішке қарай, бұл адамдар ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық даму жолдарын жасауға, Қазақстанның экономикалық моделін қалыптастыруға қатыспайды. Әзірге біздің жаңа мүмкіндіктеріміз осы мәселені шешу үшін тіпті де қолданылмайды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк- мемелекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер» делінген.
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100 пайызы республика үкіметінің қатысуымен құрылған банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық мемелекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ; «бағалы қағаздар Орталық депозитарийі» ЖАҚ; « кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры » ЖАҚ; «Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры» Қоғамдық қор; «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ЖАҚ; «Ақмола қоры» ЖАҚ; «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі» ААҚ; « шағын несие» Қоғамдық қор: және т.б.
Халықаралық валюта қоры (ХБҚ) 1997 жылы Stan-by (1994-1995) несиесі бойынша негізгі қарызды жабу басталды (74,25 млн АҚШ доллары). Негізгі қарызды жабу тоқсан сайын 1,5 млрд АҚШ доллары төлеу арқылы жүзеге асырылады.
1996 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қоры несиелік бағдарламасы бойынша (Extended Fund Facility-EFF) келісімге қол қойылды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға арналған барлық мақсатты жоспарларын іске асырды./10/
Халықаралық реконструкциялық және дамыту банкі, қаржы секторын дамыту үшін 1995 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 37,6 млн. АҚШ долларын несиеге берді. Бұл Халықаралық реконструкциялық даму банкісінен Қазақстан Республикасының LN №3867 KZ келісіміне сәйкес берілген болатын (31 шілде, 1995 ж).
Займ 4 компоненттен : -коммерциялық банктерді дамыту – 12 млн. АҚШ доллары
-жергілікті банктік бақылау институттарын ұйымдастыру – 1 млн. АҚШ доллары -ұзақ мерзімді төлем жүйесі – 23,8 млн. АҚШ доллары
-жобаларды жүзеге асыру үшін көмек - 0,8 млн. АҚШ доллары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі аталған мәселелердің толық орындалуына жауап береді.
Сыйақы ставкасын Халықаралық реконструкциялық дамыту банкі жылына екі рет белгілейді. Сыйақы жылына екі рет төленеді. 12 қаңтар және 12 шілдеде, 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрады, ал 15.07.97.-1.01.98. уақыт аралығында ставка 6,54 %-ға төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25 % болды. Пайдаланылмаған қаражат бөлігі жылына 2 рет төленеді: 12 қаңтар және 12 шілде.
Займ 17 жылға беріледі және алғашқы бес жылда қарыздың негізгі бөлігін төлеу басталмайды. Қарызды төлеу 2001 жылдың 12 қаңтарында басталды және 2012 жылдың 12 шілдесінде аяқталады. Жыл сайынғы қарыз бөлігі – 1,6 млн. АҚШ долларын құрады.
1996 жылдың мамыр айының аяғына қарай Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі «техникалық көмек жобасы» бойынша Қазастан Республикасы Ұлттық банкіне 10,85 млн. АҚШ доллары несиеге берді.
Займ келесі компоненттерден тұрады:
-коммерциялық банктердің диагностикасы – 2,6 млн АҚШ доллары
-жергілікті банктерді бақылау институттарын құру- 1 млн АҚШ доллары
-төлем жүйесі- 0,95 млн АҚШ доллары
-банктік заңнамалы реформациялау – 0,5 млн АҚШ доллары
-компьютерлер мен құралдар сатып алу- 5,8 млн АҚШ доллары
Қазақстан Ұллтық банкі аталған кұралдарды пайдаланушы және оның толық орындалуына жауап береді. (ҚР-ның Қаржы министрлігінің алдында).
Бұл несие бойынша сыйақы жылына екі рет төленеді: 12 наурыз және 12 қыркүйек. 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрайды, ал 15.07.97. және 1.01.98. уақыт аралығында бұл көрсеткіш 6,54 %-ға дейін төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25%-ды құрады. 1999 жылдың он екінші наурызында басталған қарыз төлеу 2010 жылдың 12 қыркүйегінде аяқталады.
LN №4051 KZ займның шарттарына сәйкес 1996 жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі «Қаржы секторыны құрылымының» қаржылық агенті болып табылады.
1997 жылдың 3-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы 90 млн. АҚШ долларына тең екінші транш алды.
1997 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Ұлттық банкі Москвада болған ІV отырысында ескертулер мен ұсыныстар дайындалды. Бұл жерде Кедендік Одаққа мүше елдерлдің екі жақты келісімдері қарастырлды. Қазастан Ұлттық банкі мұндай келісімді осы одаққа мүше елдердің барлығымен дерлік жасады.
Мемлекетаралық экономикалық комитет. Қазақстан Ұлттық банкі ТМД мемлекеттерінің басшыларының кезекті отырысына мемлекетаралық экономикалық комитеті ұсынған документтеріне өзіндік жеке ұсыныстарын жасады. Ол 1997 жылдың 4 наурызында болды.
Мемлекетаралық Валюта комитеті 1997 жылы 25 наурызда Мәскеу қаласында Мемлекетаралық Валюта комитетінің эксперттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД мемлекеттерінің валюта саясаты талқыланды.
Мемлекетарлық Банк 1997 жылдың 28 наурызында Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Мемлекетаралық Банк кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Онда Мемлекетаралық Банктердің қызметтері туралы баяндалды.
1996 жылдың 16-17 шілдесінде Ресей Орталық Банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында несие ұйымдарына бақылау жасауға байланысты келісімге қол қойылды. Мұнда екі банк қаржылық ақпарат пен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жұмыс жасайды.
1997 жылдың қазан айында Украинаның Ұлттық банкімен Қазақстан Ұлттық банкі арасында банкаралық есепті ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Халықаралық реконструкциялық даму банкінің жылдық отырысының делегациясының құрамына енді(Гонконг, 20-25 қыркүйек) және Орталық банк өкілдерінің кездесуіне қатысты (6-7 қыркүйек, 1997 ж., Стамбул). Стамбулдағы кездесуде қатысушылар іскерлік тәжірибелермен алмасты. Мұнда банк жүйесін дамыту, ақша-несие саясаты мен банктік бақылауды ұйымдастыруға және қаржы секторын либерализациялауға байланысты ақпараттармен алмасты.
Мемлекеттік қаржылық жүйесінің институтционалды құрылымы келесі қаржылық институттармен көрсетілген:екінші деңгейлі банктер, банктік операциялардың жеке түрлерімен айналысатын мекемелер, сақтандыру мекемелері, зейнетақы жинақтаушы қорлар, зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі компаниялар,мамандандырылған қаржылық институттар және т.б.
ҚР Ұлттық банкі ұлттық қаржы жүйесінің құрылған сәтінен бастап банк жүйесін бақылай бастады, кейіннен оған ҚР Қаржы министрлігінің – сақтандыру нарығын бақылау жөніндегі, ҚР Ұлттық банк бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның – бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі және ҚР еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – жинақтаушы зейнетақы қорлар қызметін реттеу жөніндегі қызметттері мен билігі жүктелді.
Кейіннен, 2004 ж.қаңтарда өзіндік реттеу органын мемлекет Президентіне есеп беретін ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін құру туралы шешім қабылданды.
ҚР Ұлттық Банкке орталық банктің классикалық қызметтері бекітілді:мемлекеттің қаржы-несиелік саясатын құру мен жүргізу,валюталық реттеу мен валюталық бақылауды іске асыру, төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қаржылық жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Банктің негізгі мақсаты өзгерді, қаржы-несиелік саясат ҚР-да бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді бағдарлайтын болды. Сондықтан 2004 ж.Банк бағдарды тек инфляция бойынша ғана бекітетін болды.
Жалпы Банк қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыра отырып, заңнамалы бекітілген құралдар мен операцияларды пайдаланып, жыл сайын берілетін көрсеткіштерде инфляцины ұстап қалу жөнінде барлық қажетті шараларды жүргізеді.
Валюталық реттеу мен валюталық бақылпу саласнда Банк резиденттермен валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты қызметтерді орындауға талаптарды бекітеді,сонымен қатар валюталық операциялардың резиденттері мен резидент еместерімен жүзеге асыру ретін анықтайды.
Банк қаржы жүйесінің техникалық инфрақұрыдымы болып тадбылатын төлемдік жүйелердің үздіксіз және нәтижелі қызметін қамтамасыз етеді.
Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету аясында Банк қаржылық жүйені жетілдіруге бағытталған әртүрлі бағдарламалық құжаттардың тәжірбиелік іске асырылуы жөнінде жұмыстар атқаруда.Атап айтқанда, қазіргі кезде Банк қаржы секторын әрі қарай дамытуға және оны халықаралық стандарттарға сай келуіне бағытталған ҚР-ң 2007-2011 жж.-ға қаржылық секторды дамыту Концепциясын жүзеге асыруға қатысуда. Концепцияда қаржы секторын дамытудың алдағы мерзімдегі негізгі артықшылықтары мен бағыттары анықталған. Қаржы секторын дамытудың келесі негізі нәтижелері алынды.
Қаржы-несиелік саясаттың құралдарын жетілдіру және оны Еуропалық Одақ мемлекеттерінің стандарттарына жақындату мақсатында Банк қайта қаржыландырудың ресми ставкаларын тоқсан сайын қарау мен бекіту тәжірбиесін енгізді.
Минималды резервті талаптар есебінің әдістемелері жетілдірілді.Минималды резервті талартарды қатайту жөніндегі шаралар банктердің қаржылық тұрақтылығына және мемлекеттің ішкі нарықтық қарыздық нарығының дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.
Валюталық реттеу бөлімінде 2007ж. 1 қаңтарынан бастап валюталық тәртіптің толық либерализациясы жүргізілді, барлық валюталық операцияларды лицензиялау алып тасталды, тек регистрациялау тәртіптері мен валюталық операциялар бойынша ескертулер ғана қарастырылады.
Сонымен қатар, банктік жеке қызметтермен айналысатын банктерден, мекемелерден және шағын несиелік мекемелерден тұратын үш деңгейлік несиелеу жүйесі құрылды.Олардың қызметін регламенттейтін тиісті заңнамалық актілер қабылданды.
Несиелік қызмет нарығының анағұрлым айқындығы мен беріктігінің, несие алуда ақпарат жинаумен байланысты несиелік мекемелердің қарыз алушлар шығыстарын азайтудың мәселелері республикада алғашқы несиелік бюроның құрылуымен шешілді.
Салымшылар ықыласын қорғау деңгейін арттыру екінші деңгейін арттыру екінші деңгейдегі банктердің депозиттерді кепілдеу жүйесінің нәтижелі қызмет етуі арқасында мүмкін болатын болды.Кепілдік есесін қайтарудың минималды мөлшері көбейді.
Қазақстан тұрғындары үшін зейнетақылық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, салымшылар мен алушылар құқықтарын қорғауға, зейнетақылық активтерді инвестициялау үшін қаржылық құралдар спектрін арттыруға бағытталған 2005-2007жж. Зейнетақы жинақтаушы жүйесін дамыту Бағдарламасы орындалды.
Ағымдағы жылы әлемдік қаржылық нарықтағы АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы дағдарыс нәтижесінде туындаған тұрақсыздық қаржы секторына әсер етті. Атап айтқанда, капитал ликвидтілігінің халықаралық нарықтарда қысқаруы банктердің өзінің сыртқы міндеттерін қайта қаржыландыру үшін мүмкіндіктерінің қысқаруына және сәйкесінше қысқа мерзімді ликвидтілік мәселелерінің туындауын алып келді
Осындай жағдайда Ұлттық Банк банктерді қысқа мерзімді ликвидтілікпен қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды жүргізді.Аталған операциялар көлемі 3 125 млрд теңгені қамтыды. Осы операциялардың қысқа мерзімділігін ескере отырып,олардың үлкен бөлігі жабылды.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк минималды резервті талаптар бойынша талаптарды жұмсартты. Тамыз айында минималды резервті талаптар механизмі қайта қаралды. Өзгерістер резервтік міндеттер базасын қысқартуға және резервті активтер құрылымын кеңкйтуге бағытталды.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қалма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эммисиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдердің Орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.
Ұлттық банк-бұл эммисиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай-ақ ақша - несие және валюта саясатын анықтайды.
Ұлттық банк-оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және президентіне есеп береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта-теңгенің ішкі-және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикамда қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қалдағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.
Эмиссия-мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіден банктерден қарыз алуан ынталдандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді.
Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасының өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.
Айналыстағы ақша массасының реттеудің біршама ыңғайлы әдісі-ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша эмиссиясының тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады яғни, қағаздар сатып алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «банктердің банкі» қызметін атқарады, яғни комерциялық банктер резервін сақтайды, оларға қарыздар береді қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез-келген операциялар-валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »// оқу құралы, Алматы, «Эканомика» 2000 жыл
2. С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілиас «Банк ісі»// оқу құралы, Алматы «Эканомика»2004 жыл
3. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер»// оқу құралы Алматы «Эканомика»2001
4. «Ұлттық банкінің 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының көрсеткіштерінің болжамы» // Егемен Қақақстан, 25 сәуір, 2004 жыл
5. Әбдіәзиз алдаберген «Мақсат – инфляциялық үдерісті тежеу» // Егемен Қазақстан, 14 мамыр 2006 жыл
6 №017 Баспасөз реализі «Инфляция» // Банки Каахстана, №8, 2004 жыл
7. Асқар Елемесов «Ұлттық қардыңерекшелігі және оның жұмыс істеу перспективалары» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз 2003 жыл
8. «Ұлттық қорды өнімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері» // Егемен Қазақстан, 14 маусым, 2003 жыл
9. С.Кемелбеков «Қор активтерінің құрылымы» // «Қаржы және қаражат»№6 2004 жыл
10. Қ. Жарылқасынов «ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты туралы» // «Қаржы және қаражат»№7, 1999 жыл
Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
25 12 2014
3 стр.
Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бi
25 12 2014
2 стр.
Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды және жеке тұлғалармен кассалық
23 09 2014
1 стр.
ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі туралы
25 12 2014
1 стр.
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қа
25 12 2014
1 стр.
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негіз
25 12 2014
1 стр.
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
25 12 2014
1 стр.
Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын арттырады және қаржы нарығы қатысушылары ү
06 10 2014
1 стр.