Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, кұрылысына және атқаратын қызметіне негізделғен олардың түрлі классификациясы бар.



МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийдің күрылыс ерекшелігіне неғізделғен. Бүл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп кабатты деп бөледі. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпак, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады (суретте көрсетілген).



ОНТО ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийлер классификациясының бұл түрі, олардың белгілі бір ұрықтық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин ұсынған. Ол эпителийлердің төмеңдегі типтерін ажыраткан:

1.  Эктодермадан пайда болатын эпидермалык эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз куысының эпителийі, сілекей бездері);

2.        Энтодермадан   дамитын   энтородермалық   эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);

3.        Мезодермадан пайда болатын целонефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің эпителий мен мtзотелий);

4.        Нерв түтігінің бастамасьшан дамитын эпендимоглиялық эпителий (эпендима);

5.    Мезенхимадан   түзілетін   эндотелий.   Эпителийдің соңғы   екі   түрін   зерттеушілердің   көпшілігі   эпителийлер қатарына     жатқызбайды.     Жұлын     каналы     мен     ми қарыншаларының астары — эпендиманы — нерв ұлпасьша, ал қан тамырларының астары эндотелийді дәнекер үлпасына жаткызуды орьнды деп санайды.

 

ФУНКЦИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады.

1.        Жабушы тері эпителийі;

2.        Кілегей кабықшалардың эпителийі;

3.        Дененің екінші қуысын астарлап түратын серозалық қабықшаларының   эпителийі   (плевралық,   перикардиялық және құрсақ куыстарының);

4.        Ішкі органдардың паренхимасының эпителийі (альвеолалық,   бүйрек,   эпителийі,   гонодалар   мен   бездердің эпителийі т. б.).

ЦЕЛОМДЫҚ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардын беттерін астарлап түрады. Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап түратындыгына байланысты. Мезодерманың туындысы болғандыктан, мезотелий деп аталады.

Мезотелий — жалпақ клеткалардың жүқа қабаты. Клеткаларынын жиегі тегіс болмай, ирек-ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдік қатарына жатпайды. Біріншіден, олардын клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі. Бұл қасиет эпителийлерге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі оның клеткаларының көбеюінің нәтижесінде жүреді. Мезотелийдің басқа ұлпалардан пайда болмайтыны және оларға айналмайтыны бұның жоғары дәрежеде мамаддалғанын көрсетеді. Мезотелий клеткала-рының арасында десмосомалык контактілер болады. Мезо-телийдің ерекше қасиеттерінін бірі оның клеткаларының дене қуысына түлеп түсетіндігі. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий дене қуысы мен үлпалар арасында "сероза — ғематолимфалық тосқауыл" түзеуге қатысады. Ішкі мүшелер бірімен-бірі косылып, бітісіп-жабысып қалмауына және олардың орын ауыстырып козғалуына мезотелий қолайлы жағдай туғызады. Мезотелийдің    физиологиялық    регенерация    қабілеті    өте жоғары.

БІР ҚАБАТТЫ КУБ ПІШІНДІ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителийдіи бұл түрі организмде сирек кездеседі. Ол аналық жыныс безін қаптайды, бүйректін жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердін ұсак өзектерін (бауырдың, үйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады. Қалқанша безінде де байқалады. Бүйрек канал-шықтарының эпителийінің бос бетінде микробүрлер бола-ды. Клеткаларының үлкендігі бірдей, ядросы цитоплазмасының ортасьшда орналасады.



БІР ҚАБАТТЫ ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ЭПИТЕЛИЙ

Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бүнын негізгі функциясы — ылғал беттерді қорғау. Бүл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін атқармайды.

Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі үқсас. Кейбір бездердін өзектерівде кездеседі. Кепшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий өзгеріске үшырап, корғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады. Секреторлык және сіңіруші клеткалардан түратьш бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектін түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық клеткалардың қүрылысы бірдей емес, жалпы алганда оларды екі топқа бөлуге болады:

1.        Ішектің куысындағы қорытылған өнімдердің сіңуін қамтамасыз ететін клеткалар.

2.        Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық клеткалар.  Ішек эпителийінің  сіңіруші клеткаларын жарык  микроскоппен қараганда сызылған жүка қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны щеткалық көмкерме деп атаған. Электрондық микроскоп бүл қүрьшымның    плазмалемманын    өсінділерінен    түзілгенін анықтайды. Әрбір есіндінін көлденең өлшемі 0,1—0,2 мкм, ал үзыңдығы 1—3 мкм, Осы ультромикроскопиялык құрылымдар микробүрлер деп аталған. Микробүрлердің биіктігі мен бір клеткадағы саны айнымалы. Эмбриондық клеткаларда   олар   аз   болады.   Жіктелу   процесі   кезінде  микробүрлердің саны көбейеді. Олар ішек эпителийішн сініру

бетін 25—30 есе арттырады. Ішек кабырғасындағы ас қорытылуьшда жиналған түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың цитоплазмасына түседі.

Қоректі заттарды сіңіруге қатыса отырып, бүл эпителий ас корыту жолындағы бактериялардың дене ішіне өтуіне кедергі болады. Сонымен бірге осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен корғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты цилиндр тәрізді клеткаларшшң ара-сында клеткаларды механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып есептелетін көптеген бокал тәрізді клеткалар кездеседі.

Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі жұмысы клеткалардын тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамьшда көбею қабілетінен айырылмаган крип-таларда орналаскан, шала жіктелген клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп, түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінід барлық клеткалары 30—36 сағаттың ішінде жаңарады.



КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙ

Көп қабатты эпителий сіңіруді тиімді камтамасыз аткара алмайды. Сонымен бірге көп қабатты қүрылым секрет бөлу қызметіне нашар бейімделген. Сондықтан көп қабатты эпителийдің бетіне секрет оның астында орна-ласқан бездерден келеді де өзінің өзектері аркылы оның бетіне ашылады. Сонымен, көп қабатты эпителий негізінде корғаныш қызметін атқарады.

Көп кабатты эпителийдің мүйізденбейтін және мүйізделуші деп аталатын екі түрі бар.

КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕНБЕЙТІН ЭПИТЕЛИЙ

Бүл эпителий механикалық әсерге ерекше қатты үшы-райтын ылғал беттерге тән. Ылғалға кажет сүйык, эпите-лийдің астында орналасқан борпылдак дәнекер үлпасында болатьш бездерден келеді. Эпителийдін бүл түрі ауыз бен өнештің ішкі куысын, кынапты, көздің мүйіз қабығынын бегін, тік ішектің арщы бөлігін астарлайды. Эпителийдщ осы түрінде клеткалардың үш кабаты болады: базальдық кабат, көп бүрьппты немесе қанат тәрізді клеткалардың қабаты, жал-пақ клеткалардан түратын үстіңгі қабат (46-сурет).

Базальдық қабат негізгі мембрананың үстінде орналасқан митоз жолымен жедел көбейетін цилиндр тәрізді клеткалардан түрады. Базальдық қабаттың клеткалары базальды немесе негізгі мембранаға арнаулы қүрылымдармен бекіген. Клеткалардың ортаңғы қабаты немесе көп бүрышты клеткалар қабаты десмосомалармен жабдықталған жіңішке өсінділермен байланысқан көп бүрышты клетка-лардан түрады. Клеткалардың арасында эпителиалдык клеткалардын калың қабатьшың коректенуін камтамасыз ететін үлпалық сүйық ағатын клеткааралық кеңістіктер болады. Көп бүрышты клеткалар қабатының клеткалары Гольджи аппаратының көмегімен клеткааралық цемент деп аталатьш затты синтездейді. Көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителийдің үстіңгі қабаты жалпақ клеткалардан түзілген, солардың ең үстінгілері оқтын-оқтын түлеп түсіп отырады. Түлеп түскен клеткалардың орнын төменнен жаңа клеткалар басады.

КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕЛУШІ ЭПИТЕЛИЙ

Тері эпителиі өзінің қүрылысы жағынан алуан түрлі. Омыртқалыларда тері эпителиі көп қабатты, омыртқасыздарда бір қабатты болады.

Тері екі қабаттан түрады: терінің өзі немесе дерма деп аталатын дәнекер үлпалық бөлік пен эпидермис делінетін эпителиалдық қабаттан (47-сурет). Мүйізделген көп кабатты эпителий қүрылысы мен қасиетгері түрліше қабаттардан түрады. Осы атгарды үш зонаға біріктіруге болады. Ең те-ренгісі базальдық мембрананың үстінде жататын цилиндр тәрізді эпителиалдық клеткалардьщ бір катарынан түратын базальдық қабат. Бүл кабаттың клеткаларының базальдық бетінде базальдық мембранаға кіріп түратын саусақ тәрізді өсінділер болады. Осы өсінділер арқылы бүкіл эпителииалдық қабат базальдық мембранаға бекиді.

Базальдык кабаттың клеткаларының клеткааралық кеңістікке қараған бетінде көптеген микробүрлер болады. Базальдық мембрана аркылы дәнекер үлпасынан диффузиялық жолмен эпителийге келген қоректік затты бірінші болып осы қабаттың клеткалары қабылдайды. 

 


 
      



 


Көздің мүйіз қабығының мүйізденбейтін жалпақ эпителийі:

1—дәнекер ұлпа, 2 базальдық мембрана, 3—базальдық Кабаттың эпителиалдық клеткалары, 4— көп бұрышты клет-калар кабаты, 5— жалпақ клеткалардын беткі қабаты.

 

Базальдык қабаттың клеткалары жедел бөлінеді және жаңадан пайда болған клеткаларының негізгі массасы үстінде орналасқан қабатқа ауысады. Базальдық қабаттың үстінде көп бұрышты немесе қанат тәрізді клеткалардың 4—8 қабаттары орналасқан. Бұлардың жинағы көп бұрышты клеткалардың қабатын қүрайды. Бүл қабатты базальдық қабатпен қосып, өсуші қабат дейді. Өсуші зонаның клеткаларының қабаттары дәнді және жылтырақ клеткалардың зонасына ауысады. Терінін бетіне жакьш біршама қалыңдығы бар мүйізденіп өлген клеткалар зонасы жатады. Көбею қабілеті базальдық клеткаларда ғана сакталған. Эпителийдің тіршілігінде бүл клеткалардын маңызы үлкен. Бетіндегі кабаттардың үздіксіз түлеп түсетін клеткаларының орны осы клеткалар арқылы толады.



Дәнді зона жалпақ клеткалардың 3—4 қатарынан түрады, жылтырақ кабатты клеткалардың 2—4 қатарын құрайды. Дәнді клеткалардың цитоплазмасында кератоглиалинның ұсақ дәндері пайда болады. Жылтырақ қабатта кератоглиалинның дәндері қосылып, гомогендік массаны қүрайды. Мүйіз қабатта кератоглиалин кератинге айналады. Теріде кератин маңызды рөл атқарады. Денемізді кеуіп-қурап қалудан, механикалык зақымданудан және микробтардың енуінен қорғайды.

БЕЗДІК ЭПИТЕЛИЙ

Эпителий организм бездерінің негізгі массасьн құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі — организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет белу қызметін аткарады. Олардын көпшілігі — бездік эпителийдің туындысы. Бездердің көпшілігі қалыптасқан жеке органдар (мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без). Басқалары органдардың бөлігі болып саналады (мысалы, асқазанның бездері).

Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы белімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан түрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, калқанша және қалқаншаның қонсы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т. б. жатады. Осылардын бәрі организмнің эндокриндік жүйесін қүрайды. Экзокриндік бездер сырткы ортаға яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.

Экзокриндік бездер экзоэпителиалдық және эндоэпителиалдык болып ажырайды. Бездік клеткалардың тобы эпителийден астындағы ұлпаға етсе, ондай бездік экзоэпителиалдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және май бездері, бауыр т. б. Ал эпителиалдық бездер клеткалардың комплексі астарлаушы үлпаға өтпей, эпителиалдык клеткалардың кабатында қалса, ондай бездерді эндоэпителиалдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті шеміршегі эпителийінің сілекей клеткаларының тобы.

Экзокриндік экзоэпителиалдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиалдық бір клеткалық бездер омыртқасыздарда кең тараған:

 

 

Түрлі бездердің құрылысы:



А — жай түтікше без, Б — жай альвеолалык без, В — күрделі түтікше альвеолалық без, Г — эпителий.

турбелляриларда, немертинде, сақиналы құрттарда, моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпители алдық көп клеткалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды — сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі.

Экзокриндік экзоэпителиалдык көп клеткалы бездер өзегінің құрылысына карай жабайы және күрделі бездер болып бөлінеді. Жай және күрделі бездер түтік тәрізді, альвеолалық (көпіршік) және түтікше-альвеолалық болып бөлінуі мүмкін (48-сурет). Тармакталмаған бір ғана өзегі бар безді жабайы без дейді. Егер езектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер күрделі болады. Көптеген күрделі бездер өте үлкен келеді, оларды органдар деп атауға болады (бауыр мен үйқы безі). Экзокриндік эндоэ-пителиалдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін.

Секреттің химиялық қүрамы әр түрлі болады. Осыған байланысты экзокриндік бездерді белоктік, сілекей, аралас (белокты-сілекейлік) және май бездері деп бөледі. Бездік эпителийдің клеткалары базальдык мембрананың үстінде жатады.

Секреторлық эпителиалдық клеткалардың пішіні түрліше болады. Секрет бөлуші клеткалардың клеткааралық кеңістігі біршама үлкен. Секреторлық клеткалардың ядросы ірі, хроматині көп және ядрошығы да үлкен болып келеді. Секрет бөлуші клеткалардын бәрінде эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты жақсы жетілген және ми-тохондриялар көп болады, Бездік клеткалардың қүрылысы полярлі келеді.

 Секретті түзу тәсіліне қарай мерокриндік, апоршвдік және голокриндік бездер деп ажыратады.

Мерокриндік бездерде секрет клеткалардын ішінде түзіледі де мембранамен қоршалған көпіршік түрінде клетканың бос бетіне бөлінеді. Секрецияның бүл түрінде плаз-малық мембрананың түтастыгы сақталады, цитоплазманың көлемі кемімейді (бокал тәрізді бездер, асқазан бездерінің клеткалары, ұйқы безінің экзокршвдік бөлігі жатады).

Голокриндік бездерде секреция процесі кезінде клетка толықтай бүзылып, өліп, ішкі күрылымы секретке айнала-ды (терінің май бездері).

Апокриндік бездерде секрет түзілу кезінде цитоплазма-ның үстіңгі бөліктері бөлініп, секреттің қүрамына кіреді. Секрецияның бүл типі күстың жүмыртқа жолының эпителиалдық клеткаларына, сүтқоректілердің тер бездеріне және сүт бездеріне тән.

 

 



МЕЗЕНХИМА

Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзілетін жабайы дәнекер ұлпасы. Мезенхима негізінде мезодермадан бөлініп шығатын ұрыктық жапырақшалар мен біліктік мүшелердің аралығын толтыратын тармақтары бірі-бірімен ұштасып тор құрайтын жүлдыз пішінді клеткалардан тұрады (49-сурет). Мезодермадан пайда болатын мезенхиманы энтомезенхима деп атайды. Мезенхима қан клеткаларына, алғашқы қан тамырларына, дәнекер үлпасына, шеміршек, сүйек үлпаларына жіктеледі. Мезенхиманы түзуге эктодермадан пайда болатын ми қабығы дамитын үрықтық бастама — эктомезенхиманы немесе нейромезенхиманы қүраушы нерв жолағы да қатысады. Бірыңғай салалы бұлшық ет үлпасы да мезенхимадан пайда болады. Мезенхиманың клеткаларының ядросы ірі, пішіні сопакша келеді, цитоплазмасында эндоплазмалык тор жақсы жетілген және митохондриялар көп болады. Клеткаларының арасында белоктармен қосылған мукополисахаридтік клеткааралық зат орналасқан.



ҚАН

Қан — трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сүйық дәнекер үлпа. Ол пішіндік элементтер мен плазмадан түрады. Пішіндік элементтерге қызыл және ак клеткалар жатады. Плазмада қан пластинкалары (тромбоциттер) болады.

Қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритрос — қызыл), ақ клеткалары лейкоциттер (гректің лейкос — ақ) дейді. Қан пластинкалары (тромбоциттер) тұтас клеткалар емес, мембранамен қапталған цитоплазманың бөлігі. Бұлар сүйек майында өте ірі клеткалар — мегакариоциттердің ыдырауының нәтижесінде пайда болады. Қан пластинкаларында ядроның қүрылымды бөліктері болмайды. Осы белгісі жағынан сүтқоректілердің қаны құстардың қанынан ажырайды. Құстарда адамның қан пластинкаларының кызметін атқаратын тромбоциттер (грекше тромбос — ұю) деп аталатын ядролы кішкене клеткалар болады. Бірак қан пластинкалары тұтас клеткалар болмаса да тромбоциттер делінеді. Олардың 1 мм3 қандағы саны 250 000 — 350 000 деп бағаланады.

 

 


49-сурет. Тауық ұрығының мезенхимасы:

1— мезенхималык клеткалар, 2— қан тамыр-лары.


                      

50-сурет. Адам қаныньщ жағындысы:

I — эритоциттср, 2— нейтрофилдер, 3эози-нофнл, 4— базофил, 5— үлкен лимфоцит, 6— кіші лимфоцит, 7— орта лимфоцит, 8— ионо-цит, 9— қан пластинкалары.

Эритроциттер мен пластинкалар қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әр түрлі міндеттерін қанда емес, дәнекер үлпасьшда атқарады.

Эритроциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан. Бұлар қанның негізгі клеткалары. Лейкоциттерге қарағанда 500— 1000 есе көп. Ерлердің 1 мм3 қанында 5 миллионға жуық, әйелдерде 4—4,5 миллион эритоциттер болады. Адам организміндегі эритроциттердің саны орташа есеппен 25 триллион. Салмағы 500 кг. аттың эритроциттерінің жалпы саны 436,5 триллион, егер секундына бір эритроциттен есептесек, оның осышпама санын санап шығу үшін 14 мың жыл керек болған болар еді. Егер оларды бір қатарға орналастырса, жер шарын экваторынан 68 рет орап алатын тізбек пайда болған болар еді. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1 ммЗ қанындағы эритроциттердің саны 6—7 миллионға жетеді. Содан кейін азаяды, 10—11 жаска келгенде қалпына келеді. Ерлерде картайған кезде қайтадан көбейеді, онын се-бебі олардағы гемоглобгашің азаюының салдары.

Эритроцит қүрамының 66 проценті су, 33 проценті ге-моглобин белогі. Гемоглобин белоктік бөлік глобин мен пигмент гемнен түрады. Сонымен бірге эритроциттерде басқа белоктар, атап айтқанда, ферменттер және липидтер болады.   Эритроциттер  оттегін тасымалдауға   бейімделген



V ТАРАУ   ІШКІ ОРТАНЫҢ ҰЛПАЛАРЫ

Ішкі ортаның ұлпаларының бәрі онтогенезде мезенхимадан дамиды. Мезенхима негізінде мезодермадан пайда болады. Ұлпалардың бұл тобының эпителийден айырмасы қабат құрамайды және клеткалар мен аралық заттан тұрады. Клеткаларының кұрылысы гетераполярлы емес аполярлы. Ішкі орта ұлпаларының негізгі топтары дәнекер ұлпасының өзі, май ұлпасы, қан мен лимфа, шеміршек пен сүйек ұлпалары. Ішкі ортаның ұлпалары әр түрлі функция атқарады. Мысалы, қан мен лимфа және борпылдақ дәнекер ұлпасы, негізінде, бүкіл организм клеткаларының қоректенуін қамтамасыз етеді. Организмнің ішіне түскен инфекциямен немесе бөгде белоктармен күресуде де ерекше рөл атқарады.

Ішкі орта үлпаларының шеміршек, сүйек, сіңір, апоневроз, шандыр сияқты түрлері механикалық функцияны камтамасыз етеді. Эволюция процесінде ішкі орта ұлпалары эпителиймен бір мезгілде және өте ерте пайда болған. Сонымен, ішкі орта үлпалары жалпы алғанда мезенхимадан дамыған, клеткааралық затына бай организмнің ішінде орналасқан тіректік-трофикалык және қорғаныш функцияларын атқаратын ұлпалар болып сипатталады.

жоғары дәрежеде жіктелген клеткалар. Осы бағытта адаптациялану процесі кезінде олар сүтқоректілерде ядросынан айырылған. Төменгі сатыдағы омырткалылардың эритроциттері ядролы клеткалар, бірақ ересек кезінде бөліну қабілетінен айырылады. Эритроциттерде митохондриялар, рибосомалар, клетка ішіндегі мембраналар жүйесі болмайды. Бүл жағдайда олардың өмірі үзаққа созылуға тиісті емес, 100—120 күннен кейін өледі. Секунд сайын организмде эритроциттердің миллиондаған саны өледі, бірақ олардың саны қан жасалуы аркылы қалпына келеді.

Эритроциттер организмнің энергетикасында маңызды рөл атқарады. Лейкоциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан. Лейкоциттердін саны эритроциттерге қарағанда аз. БІр лейкоцитке 1000 эритроцит келеді. Ересек адамның 1 ммЗ қанында 6—8 мың лейкоциттер, жаңа туған нәрестеде екі есе көп болады. Лейкоциттердін саны бір тәуліктің өзінде де өзгеріп отырады. Мысалы, ас корыту кезінде көбейеді, міне, сондықтан қанның анализін аш карында алу керек.

Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бүлар ядролы клеткалар.

Өткен ғасырдың 80 жылдарьшда Эрлих лейкоциттерді екі топқа бөлген: гранулациттер немесе дәнді лейкоциттер және агранулациттер немесе дәнсіз лейкоциттер деп. Гранулоциттердін негізгі белгілері мыналар:

1) цитоплазмасында ерекше дәндер болады;

2) ядролары сегменттелген;

3) гранулоциттердін митоздық жолмен көбейетін қабілеті болмайды және бір түрі екінші түріне ауыспайды.

Агранулоциттердің белгілері қарама-қарсы:

1) оларда ерекше дәндер болмайды;

2) ядролары сегменттерге белінбеген;

      3) агранулоциттердің кейбіреулері бөлінеді және бір түрі екінші түріне айнала алады.

Лейкоциттердін тағы да бір эритроциттерден өзгешелігі өздеріне тиісті қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан тыс атқарады. Гранулоциттердің үш типі бар. Ерекше гранулалары қышқыл бояғыштармен боялатын клеткаларды ацидофилдік дәнді лейкоциттер дейді немесе әдетте, бояғыш ретінде эозин алынатын болғандықтан, зозинофилді дәнді лейкоциттер, я болмаса эозинофилдер деп атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді базофилдік дәнді лейкоциттер немесе базофилдер дейді. Гранулалары не ацидофилдікке, не базофилдікке жатпайтын лейкоциттерді нейтрофилді дәнді лей-коциттер   немесе   нейтрофилдер   дейді.   Нейтрофилдерді полиморфтар деп те атайды, полиморфты ядролы лейкоциттер деген терминнін қысқартылған аты.

Дәнсіз лейкоциттердің екі түрі бар: саны көп және үсақ түрін лимфоциттер, ірі түрін моноциттер дейді.

Лимфоциттер деп аталуы қанда ғана емес, лимфада үнемі кездесетініне байланысты.

Нейтрофилдер лейкоциттердің 50—70 процентін құрайды. 1 мм3 канда 3000-нан 6000-ға дейін нейтрофилдер болады. Адамнын бес литр қанында 15-тен 30 миллионға дейін нейтрофилдер болады. Бүл лейкоциттердін ішіндегі көбі. Нейтрофилдер миелоидтық ұлпада (сүйек майында) дамиды. Гранулоциттер қан ағысында 8—12 сағаттан ар-тык болмайды. Сонан кейін олар ұсак тамырлардан (венулалардан) шығып, дәнекер ұлпасына барады. Нейтрофилдің ядросы бөліктерге бөлінген. Пісіп жетілген клеткалардын ядросы 2—5 бөліктен түрады. Цитоплазмасында кептеген гранулалар болады. Әрбір клеткада 50-ден 200-ге дейін гранулалар болатыны анықталған. Нейтро-филдер лизосомаларға бай келеді. Нейтрофилдердің митохондрияларында тотықтырғыш ферменттердің активтігі жоғары. Нейтрофилдерде гидролиздеуші және тотыктырғыш ферменттердің көп болуы олардың маңызды қызметімен байланысты. Бұл клеткалардың фагоцитоздық активтігі күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады. И. И. Мечников оларды микрофагтар деп атаған. Нейтрофилдер жылжып қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, кабыну ошағына көп мөлшерде жиналады. Микроорганизмдерді кармап үстап, оларды гидролиз дейді, сонымен бірге клетканың өзі де ферменттердің әсерінен ыдырайды. Нейтрофилдер ыдыраған кезде микро-организмдердің  дамуын бөгейтін және клеткалардың көбеюіне дем беретін физиологиялық активті заттар бөлініп шығады.

Эозинофилдер лейкоциттердің 1-ден 4 процентіне дейінін күрайды. 1 мм3 қанда 120-дан 350-ге дейін эозино-филдер болады. Нейтрофилдерге қарағанда ірірек ядросы жіппен байланысқан екі бөліктен түрады. Эозинофилдерде Гольджи аппараты мен митохондриялардан баска органеллалар болмайды деуге болады. Өздерінін түзілетін орны сүйек майын қалдырып эозинофилдер бірнеше сағат қавда болады да содан кейін, нейтрофилдер сиякты, олар қан арнасынан шығып, үлпаларға кетеді, онда бірнеше күн бола-ды. Эозинофилдер, әдетте, ішектің, өкпенің, терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында және сыртқы жыныс мүшелерінің беткі дәнекер ұлпасында байқалады. Нейтрофилдерге қарағанда олар баяу қозғалады және фагоцитоздық активтігі де кем.    Базофилдер лейкоциттердің 0,5-тей процентін құрайды. Клетканың жартысын екі бөліктен тұратын ядро алып тұрады. Қанның ұю процестеріне қатысады және қанның пішіндік элементтерінің тамырға етуін қамтамасыз етеді. Қандағы гистаминның тең жартысына жуығы базофилдерде орналасқан және олардың фагоцитоздық қабілеті бар. Аллергиялық және қабыну реакцияларына қатысады деген деректер де кездеседі.

Лимфоциттердің екі типін ажыратады: кіші лимфоцит және орташа немесе үлкен лимфацит: 1 м3 қанда 1000— 4000 дейін лимфоциттер болады. Адам қанының лейкоцит-терінің   жалпы   санының   25—35   проценті   лимфоциттер. Жана туған нәрестелерде және сәбилерде лимфоциттердің саны 60 процентке жетеді, ал кәрі адамдарда 20 процентке дейін кемиді. Цитоплазмасы аз клеткалар кіші лимфоциттердің   цитоплазмасында   бос  орналасқан  рибосомалардан басқа органеллалар жоқтың қасы. Ортаншы лимфоциттің цитоплазмасында бос рибосомалардан басқа митохондрия-лардың жеткілікті саны және гранулалық эндоплазмалык тор болады.

 Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясы-нан түрады:

1) тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимо-циттер   деп   аталатын   тимуста   немесе   алкым   безінде орналасқан   лимфоциттер.    Тимустан    шыққаннан    кейін бүларды Т — лифмациттер деп атайды. Т — лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды,     кемкетікті     дамыған     клеткаларды     жойып жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқүлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу бағытын анықтайды;

2) В — лимфоциттер.   Лимфоциттердің   бүл   түрі   алғаш   рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба) деп аталатьш құстың лимфоидтың  мүшесінде   байқалатындықтан  аталған.   В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді бакте-риялық     және     қайталаушы     вирустық     инфекциядан қорғайды. Моноциттер лейкоциттердің 2-ден 8 процентке дейінгі саньш қүрайды.  1 мм3 қанда 200-ден 600-ге дейін болады. Лейкоциттердін ішіндегі ең ірісі. Цитоплазмасында жақсы жетілген Гольджи аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар,   гранулалық  эндоплазмалык   ретикулум және біренсаран митохондриялар болады.

Моноциттерге  амебаша  қозғалыс  пен фагоцитоз  тән. Моноциттер бактерияларды ғана емес, сонымен бірге клеткалардың қалдығын, антигендер мен бөгде белоктарды да фагоцитоздайды. И. И. Мечников бүларды макрофагтар деп атаған. Моноциттер трофикалық функция да атқарады. Дағдылы жағдайларда моноциттер қанда үш күндей бола-ды да, содан кейін оны тастап шығып кетеді.



<предыдущая страница | следующая страница>


Калиакперова н. З. Кабдрахманова а. К

Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі

805.43kb.

29 09 2014
4 стр.


Әлеуметтану негіздері

С. Аманжолов атындаѓы ШЌму барлыќ мамандыќтардыњ студенттеріне арналѓан єлеуметтану негіздері пєнініњ оќу-єдістемелік кешені / ќ±растырѓандар: Ќажым Ж.Ќ., Ќабдрахманова Фаийна Ќана

730.83kb.

14 12 2014
4 стр.


«Саясаттану негіздері»

С. Аманжолов атындаѓы ШЌму барлыќ мамандыќтардыњ студенттеріне арналѓан саясаттану негіздері пєнініњ оќу-єдістемелік кешені / ќ±растырѓандар: Маѓз±мов Марат Т‰сіпжан±лы, Ќабдрахман

689.62kb.

14 12 2014
5 стр.