Касенова.Г.Е.
Көпбейінді №3 мектеп гимназиясы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА «СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ» ЖОБАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
Қазақ әдебиеті сабағында оқушы бойында құзыреттіліктерді қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдана отырып өз мақсатыма жете білдім.
XXI ғасырдың жан-жақты зерделі,дарынды,талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру,таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Сонымен қатар бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет:табысты және әрекетке дайын,өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті,отбасындағы,қоғамдағы,еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы құзыреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек,кейбір сөздерде құзыреттілікке белгілі бір зат,құбылыс жөнінде пайымдауға,салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттіліті тәсілдерді меңгеруі,білім беру мазмұнынын жетілдіру қажет екендігін ескере отырып,қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелегіне қарай қолдана білу-оқытудың мақсатына жетудің бірден –бір жолы,баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын,оған қабілетін артыратын жағдай туғызу.Оның бастысы- оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру,өз бетінше білім алу,әрекет ету.Мақсатқа жетуоқушының өзі арқылы іске асады.Мұғалім -ұйымдастырушы,бағыт беруші.Американ ғалымдары Джинни Стилл,Куртис Мередит,Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор.Бұл жоба кез келген ұстазға сапалы білім беруге мүмкіндік береді.Менің мақсатым қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолданудың тиімді жолдарын анықтау.Ең бастысы,қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолдануда әдіс-тәсілдерін таңдап алдым.Қазақ әдебиеті сабағында қолдану әдіс-тәсілдері:»Болжау» , «Венн диаграммасы», «Топтастыру» , «Аялдамамен оқу», «Жигсо», «Академиялық даудамай», «Инсерт кестесі», «ББҮ», «Аквариум», «Эссе», «Ойтолғау».
Осы тәсілдерді қолданып сабағымды жүргізе бастадым.Әрине,маған бүкіл жобаны қолнану жеңілге тиген жоқ.Басты кезде уақытымның жетпей қалуы мені көп қобалжытты. Бұған себеп:оқушының баяу қозғалуы;ойын еркін жеткізе алмауы өз ойын қағазға тез,жүйелі түсіре алмауы.
Уақыт өте келе,оқушылардан бір өзгеріс байқадым.Ол-оқушылардың бір-бірінен қысылмай ойын еркін жеткізуі.Ең бастысы,біреудің пікірі құнды екенін түсіне бастауы мені таңқалдырды.Бұған басты себеп-СТО жобасы.
Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме», «Талқылауды мұхият тыңда» т.б қағидалар тақтада,қабырғада ілулі тұрды.Бұл қағидалардың үлесі көп болды.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан,әсіресе, «Ой қозғау», «Болжау», «Венн диаграмасы», «Топтастыру» әдістері болады.Осы әдістер арқылы оқушылардың өз ойларын топта,ұжымда талдай бастады.
Мысалы,С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеті»өлеңін болжай отырып,аялдамамен оқыды.
1топ- «Біздің ойымызша С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық сипаттап берді».
2 топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет»деген сөздің мағынасын ашып,жақсы адамға тән қасиетті бөлек саралап берді»,-деп ойлаймыз.
Тағы басқа топтарда сол сияқты өз ойларын өзінше ортаға салып жатты.Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы екен?»деген сұрақ туындап,өлеңге деген қызығушылығы артты.Өлеңді жасаған болжауларымен салыстыра отырып,аялдамамен оқыды.Бұл тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды. Ой толғауда «Венн диаграммасын»қолдануды тиімді көрдім.
Жақсы адамның қасиеттері
|
Ұқсастығы
|
Жаман адамның қасиеттері
|
Жақсы адам:сөзіне сақ,
елдің ағасындай,
сөзінің пайдасы бар,жұғымды,
жүзі жылы,
сөзімайда,
елге жыл құсындай
көрінеді.Жақсы адам алысты жақын етеді.
|
Екеуіде
Адамның
Басына
Тән
қасиеттер
|
Жаман адам:
Көкрегі көр,
Көзі соқыр,
Өтірікші,өсегі көп
Сүйкімі жоқ адам
Балтаның ұңғысындай
Кеудесі үлкен,
Сөзі кесек.
|
Бұл диаграмманың тиімділігі оқушы адам бойындағы қасиеттерді айыра біледі,саралай біледі.Сабақ барысында және соңында «Бүгінгі сабақтың тақырыбы сендерді қызықтырды ма?», «Достарыңның пікірін қалай бағалайсың?» т.б сұрақтар беріп отырдым.Сәтті шыққан сабақтардан кейін мақсатыма жеткен жетпегенімді зерттеп,анализ жасап отырдым.Сол анализ арқылы жалпы сыныптың ынтасын жоғалтып алмауға тырыстым.Әр сабақта өтілетін стратегияларды түрлендіріп отыруды жөн көрдім.
Әрбір стратегияны қолданудың өзінің тиімділігі бар.Оқулықта әр ақын,
жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беріліп тұрады.Жалпы ақын-жазушының өмірінетүсініктемеберуүшін2-3 минутуақытберіледі.Мен бұл кезде «Ассоциация» стратегиясын қолдандым.Мысалы:А.Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін өткен кезде оқушыға «Абай кім?» деген сұраққа ассоциация жасаттым.Әр бала өзінше өз бетімен жазды,топта,ұжымда талқылады.Сабақ соңында үй тапсырмасына қосымша ретінде осы ассоциацияны толықтыруға бердім.Бұл мен үшін тиімді болды,уақытты үнемдедім,бірінің білмегенін бірі айтты.
Осы ассоцияны толықтыру үшін оқушы кітапханаға барып,келесі сабақта толықтырып әкеледі,яғни ізденімпаздығы артты.
Ой толғау, эссе стратегиясын көбіне сабақты қортындылау кезінде немесе үй тапсырмасы ретінде қолданған тиімді.Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышын» атты өлеңін өткен кезде ,үй тапсырмасына «Менің борышым» аттыойтолғауберілді.Мысал ретінде 2 оқушының эссесін ұсынам:
-
Әр адам елім,жерім деп өсуі тиіс.Оны қорғау,қастерлеу,дамыту-әр адамның парызы.Сол үшін сабағымды жақсы оқу керек.Өйткені ел болашағы-біздерміз!
-
Менің бірінші борышым- ата-анамның ақ сүтін ақтау. Ертең ер жетіп,азамат болғанда,осы жағдайға жеткізген ата-анамның алдында қарызымды өтеу.Дәл қазіргі борышым-сабағыма уақытында барып ,жақсы оқу.
Осы эсселер арқылы ең бірінші баланың ойы дамиды.Бала өз ойын қағаз бетіне еркін түсіреді.Жалпы өлең мазмұнын түсінгенін байқаймыз.
СТО жобасының әдіс-тәсілдерін әдебиет сабағында қолдану арқылы байқағаным:қандай шығарма болса да,бұрынғыдай еріксіз емес,өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқиды.Өткен сабақпен жеңіл,әрі толық байланыс болады.Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екендігін сезіне бастады.Оқытудың бұл түрінде оқушы рөлі ерекше.Себебі,оқушылардың жеткен нәтижесі.Оқушы ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренеді.
Мұғалімнің ғана емес,бір-бірінің пікірлерін таңдап,бағалауға дағдыланады.Еркін сөйлеулері байқалады.Орташа оқитын оқушыларда ортаға тартылып,өз қырларын таныта бастады.Жазу сабақтарына көзқарастары өзгерген.
Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблема шешу құзыреттілігі,ақпараттық құзыреттілігі және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді қолдануына ерекше мән бердім. Проблема шешу құзыреттілігін қалыптастыру барысында:торлы талқылау,Венн диаграмасы,дәлелді эссе.
Ақпараттық құзыреттіліктерді дамытуда:Инсерт кестесі,үш қадамды сұхбат,алма-кезек сұрақ қою,ББҮ кестесі,жолаушының қойын дәптері,ғылыми баяндама жасау,ассоциация,кластр,қос жазба күнделік.
Коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыруда: ЖИГСО, аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, дөңгелек стол, болжау,оқырман жауабы,жазба конференция,бірлесе жазған әңгіме,сауалнама т.б стратегияларды қолданудың тиімділігі анықталды. Оқушы құзыреттілігін дамытуда СТО технологиясының тиімді екенін түсіндім. Бұл жоба қоғам талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыруда үлесі өте зор.
Болашақта әлі талай жетістіктерге, нәтижеге қол жеткіссем деген үміттемін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.С.Мирсейтова,А.Иргебаев «Профессиональное развития:из опыта учителей»//Алматы:2004г.
2.С.Мирсейтова, «Философия и методы RWCTв действий».//Алматы2004г.
3. «Дауыс және көрініс»№3, 2004
4. «Дауыс және көрініс»№5, 2009
5.Профессиональное развитие из опыта учителей,//Алматы,2005ж.