Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Сәтбаев қаласы №1 мектеп-гимназиясы»КММ

Жоғарғы санатты биология пән мұғалімі

Елеусизова Кульзия

Сабақтың тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Құрттардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар екендігі, олардың жалпақ, жұмыр, буылтық болып бөлінетіндігін, құрттардың паразиттік түрлерін жұқтырып алмау үшін адамның жеке басының гигиенасын сақтау.

а) білімділігі: есте сақтау қабілетін дамыту

ә) дамытушылығы: сабаққа белсенлігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелігі: гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Көрнекіліктер: Microsoft Power Point бағдарламасы

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту (2 минут)

Жұмбақтарды шешу

1.Жас баланың тік ішегі мекені

Көпке мәлім дара жыныс екені,

Жұмыртқасы дамиды оның далада

Жұқпайды ол таза жүрген балаға. (Үшкірқұрт)

2.Бұл жұмырқұрт ащы ішекте болады,

Өз қорегін жұтқыншақтан сорады.

Үш ернімен көмкерілген аузы бар,

Бұл жұмбақтың шешуін сен тауып ал. (Ішексорғы)

3.Топырақтың арасында тұрағы

Топыраққа құнар беріп тұрады.

Жаңбырдан соң жер бетіне шығады.

Ойланған жан оның мәнін ұғады. (шұбалшаң)

Балалар осы жұмбақ арқылы тақырыптарды шығару



Ой шақыру

  • Сіздер құрттар туралы не білесіздер? Табиғатқа шыққанда құртты көргендерің бар ма? Ой шақырып көрейікші.

Топтастыру

Құрттар

  • Жалпақ

  • Жұмыр

  • Қарақұрт

  • Паразиттік

  • Қылқұрттар

  • Буылтық

  • Сорғыш

  • таспа

Мағынаны тану

Кіріспе сөз

Мәтінмен танысу (8 минут)

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

«Алғырлар»

«Тапқырлар»

« Ізденушілер»


Сұрақтар қою

1-топ. 1.Жұмыр құрттарға сипаттама бер.

Жауабы: Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан оларды алғашқы қуыстылар типі деп атайды.

2.Жұмыр құрттардың денесі неше қабаттан тұрады?

Жауабы: Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық. Екінші ортаңғы қабат – гиподерма (тері астындағы қабат)

3.Жұмыр құрттар не себепті денесін қысқарта соза алмайды?

Жауабы: Көлденең жолақты бұлшық еттері болмағандықтан.

2-топ. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы неде?

Жауабы: Жалпақ құрттар суда, ас қорыту мүшелерінде тіршілік етеді. Денесі созылыңқы, көбінесе пішіні жалпақ, арқасынан бауыр жағына қарай жабысқан. Жұмыр құрттар топырақта, ас қорыту мүшелерде тіршілік етеді. Денесі созылыңқы, ұршық тәрізді, көлденең кесіндісі дөңгелек. Жұмыр құрттарда тыныс алу және қан тарату жүйесі болмайды.

3-топ. Ішек сорғы құрттарға сипаттама бер.

Жауабы: Ішек сорғы – паразит жәндік. Ішек сорғының аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Оның қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Дене жасушалары қоректі сіңіріп, қорытылмай қалған қорек қалдығы соңғы бөлігі арқылы сыртқа шығарылады.

Қарама-қарсы элменттер стратегиясы (топтарға ортақ сұрақтар)

Пайдалы құрттар

Шұбалшаң топырақты қопсытып, өсімдіктің тамырына қажет ауа мен ылғалды енгізеді. Топырақты өзінің ішегі арқылы өткізеді. Жердің терең қабатынан біртіндеп үстіне шығарады. Бір жыл ішінде 1кв/м жер ауданынан құрттар құрғақ салмағы 4 кг топырақты жер бетіне шығарады. Балықтар мен құстардың қорегі.

Зиянды құрттар

1.Қант қызылшасының жіпше құрты шаруашылыққа орасан зиян келтіреді. Бидай дәнінде тіршілік ететін кішкентай құрттар бар (2-2,5мм) Тұқым сепкенде личинкалар топраққа түседі, өсіп келе жатқан жас бидай өсімдіктерінің сабағына өрмелеп шығады. Одан масақтағы гүлге өтеді. Сол жерде көбейеді. Личинкалары дәннің ішінде қалады да, егіс түсімін кемітеді.

Негізгі гигиеналық ережелерді қалай орындап отыруымыз қажет

1.Тазалық сақтау, тамақтану алдында қолды сабындап жуу

2.Тырнақты кемірмеу

3.Жуылмаған көкөністерді жемеу

4.Қайнамаған суды ішпеу



«Пирамида» ойыны

  1. Ішексорғылардың ортаға түскен жұмыртқалар саны 200.000

  2. Дүние жүзіндегі жұмыр құрттар 20 мың

  3. Суыртқының ұзындығы 150 см

  4. Аскариданың ұзындығы 15-40 см

  5. Китішексорғысы 8 м

  6. Ішек сорғының ұзындығы 18 см

  7. Жыланқұрты ұзындығы 3-12 мм

  8. Суыртқының жуандығы 0,2 мм

  9. Үшкірқұрттың аналығының тұрқы 1 м

  10. Жұмырқұртқылқұрт тұрқы 1м

Эссе жазу «Егер сіз паразитолог дәрігер болсаңыз не істер едіңіз?»

«Сәтбаев қаласы №1 мектеп-гимназиясы»кмм жоғарғы санатты биология пән мұғалімі Елеусизова Кульзия Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

36.34kb.

15 10 2014
1 стр.


Үшбұрыштардың түрлері 7 сынып Б. Ж.Қалмекеева математика пәнінің мұғалімі (жоғары санатты) Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

«Үшбұрыштардың түрлері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің терең де,тиянақты

67.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Сыныбы: 7 сынып Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Ерпаизова Куланда Еділқызы Физика-информатика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: “Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.”

Күшті өлшеу үшін аранайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис-күш және метро-өлшеймін) қолданылады

311.46kb.

04 09 2014
1 стр.


Закон Тұрақбайқызы Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы

С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі Далмағанбетова Закон Тұрақбайқызы

29.25kb.

14 12 2014
1 стр.


3-сынып Сабақтың тақырыбы

Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Атабекова Алима

25.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Сәтбаев қаласы №27 орта мектебі І санатты физика пәні мұғалімі

Білімдік: «Электр өрісі» тарауы бойынша сынып оқушыларының оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру, қорытындылау және бекіту

52.56kb.

18 12 2014
1 стр.


Пән мұғалімі: Едилова Ләззат Сабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: 6 санының пайда болуы, құрамы, 6 цифрымен таныстыру. 6 санын жаза білуге үйрету

14.78kb.

25 12 2014
1 стр.


Пән мұғалімі: Біләлова Фариза Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік Сабақтың мақсаты

Білімділігі: Оқушылардың зат есім ұғымын толық түсіне отырып, алған білімдерін толықтыру және мағынасын ашу

34.31kb.

16 12 2014
1 стр.