Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сәтбаев қаласы №27 орта мектебі

І санатты физика пәні мұғалімі

Омарова Анаркүл Бейсеновна

Сабақтың тақырыбы: «Электр өрісі» тақырыбын қайталау

Мақсаты:

Білімдік: «Электр өрісі» тарауы бойынша сынып оқушыларының оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру, қорытындылау және бекіту.

Дамытушылық: Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен іздене білуге дағдыландыру.



Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың әдістері: Зерттеу, әңгімелесу, жылдам ойлануға, келелі мәселелерді қоя білуге үйрету әдістері, деңгейлік тапсырмалар орындай білу.

Сабақтың көрнекілігі: «Электр өрісі» тақырыптарына керекті құралдар: компьютер, электроскоп, шыны, эбонит таяқшалары, тері, жібек маталар қиындысы, сұлтандар, штатив, плакаттар.



Сабақтың байланысы: физика, математика, тарих.

Сабақтың өту жоспары:

  1. кезең. Ұйымдастыру.

  2. кезең. Өткен тарауды қайталау.

  3. кезең. Білімдерін бекіту.

  4. кезең. Білімдерін бағалау.

  5. кезең. Үй тапсырмасын беру.

  6. кезең. Сабақты аяқтау. Қорытындылау.

Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту мақсатында жұмбақтар беріледі:

1.Жоғалмайды ешқашан

Түрлендірсең егерде

Басқа күйге ауысса

Жұмыс істейді әрқашан. (энергия)

2.Аса қажет өмірде халық үшін,

Пайдаланамын күн сайын жарық үшін. (электр шамы)

3.Хабар алған алыстан,

Екі өріс табысқан . (электромагниттік толқын)

І кезең. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сабақ барысында сынып оқушыларының 4 топқа бөлінетіндігін түсіндіру, сабақ мақсатына тоқтала отырып, сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ кезең. Өткен тарауды қайталау.

І топ: «Ойлы орталығы» - топ мүшелері бастапқы берілген сұрақтарды еске түсіре отырып жауаптарын дайындайды.

Сұрақтар төмендегідей:


  • Заряд дегеніміз не?

  • Электрленген дене дегенді қалай түсінесің?

  • Денелерді тек қана үйкеліс арқылы ғана электрлеуге болады ма?

  • Денелердің электрлену табиғаты дегенді қалай түсінесің?

  • Электр өрісі деген не?

  • Нүктелік заряд деген не?

  • Тұйықталған денелер жүйесі деген не?

  • Электр зарядының сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

.

  • Электрлік өзара әрекеттесу күшінің шамасы қалай анықталады?

  • Электр өрісінің қасиеттері.

  • Электр өрісінің күш сызықтары деген не?

Деңгейлік тапсырмалар (тақтамен жұмыс).

ТКШ- тапсырмасы: 3*10-6Кл заряд кернеулігі 5*103Н/Кл-ға тең өріс нүктесіне орналастырылған.Зарядқа әсер ететін күш қандай?

АКШ тапсырмасы: Өрістің қандай да бір нүктесінде 2нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді,өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар

ЖКШ тапсырмасы: Радиусы 1м шар бетіне 9 нКл заряд бірқалыпты түрде орналастырылған.Шар бетіндегі өріс кернеулігі:


  • А.8,1 Н/Кл С. 810 Н/Кл Е.0,81 Н/Кл

  • В.81Н/Кл Д.8100Н/Кл

Жауабы: В


2-топ: «Экспериментаторлар орталығы» - топ мүшелері физикалық құбылыстың негізіне алынып отырған жұмыстарды тәжірибе жүзінде көрсетеді.

  1. Эбонит таяқша мен тері бөлігі;

  2. Шыны таяқша мен жібек қиындысы;

  3. Электрленген эбонит таяқша мен электрленбеген эбонит таяқша;

Үрленген шар мен жібек мата;

  1. Фольгадан жасалған гильза мен эбонит таяқша;

  2. Электроскоп пен шыны таяқша;

  3. Екі шыны таяқша мен электроскоп.

  4. Екі электроскоп пен шыны таяқша және оқшауланған тұтқасы бар металл сым.

  5. Сұлтандармен тәжірибе.

3-топ: «Тарихшылар орталығы» - топ мүшелері «Электр» термині, Кулон заңы, Иоффе-Милликен тәжірибелері, Э. Резерфорд тәжірибесі, Максвелл мен Фарадей тәжірибесі туралы тарихи тұрғыдан түсіндіреді. (Шығармашылық тапсырмалар).

Сабақ барысында жұмыс жасаған топтар мен жекеленген мүшелерінің жауаптары мен өз ойларынды жинақтай отырып, тарау бойынша білімдерімізді қорытындылап бекітейік.

Бекітуді деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып жүзеге асырайық:

III кезең. Білімдерін бекіту.

Деңгейлік тапсырмалар:



ТКШ сұрақтары:

    1. Әр аттас зарядталған денелер бір-бірімен қалай әрекеттеседі?

    2. Атомның құрылысы қандай бөліктерден құралады?

    3. Электронның заряды қандай? Протон ше?

    4. Электронның маңайында электр өрісі болады ма?


АКШ сұрақтары:

1.Протон зарядынан атом ядросының заряды аз болуы мүмкін бе?

2.Электр өрісінің материяның бір түрі екендігін қалай дәлелдеуге болады?

3.Бензин таситын автоцистерналардың корпусына бірнеше буындары жерде сүйретіліп жүретін шомбал шынжырларды не үшін қыстырып бекітеді?

ЖКШ сұрақтары:


  1. Жібекті шыны таяқшаға үйкелегенде оң зарядқа ие болады. Осыдан кейін таяқшаның массасы өзгереді ме? Өзгерсе қалай өзгереді? Неге?

  2. Токтан туындаған отқа кәдімгі отты сөндіргіш немесе суды пайдаланбайды, міндетті түрде құрғақ құмды пайдалану керек. Не себепті?

  3. Желестіру дегенді қалай түсінесің? Не себепті жерді пайдаланады?

IV кезең. Білімдерін бағалау.

  1. Жетондар тарату арқылы (Сұрақ-жауап)




  1. Есептер шығару. Топ жетекшілері бағалайды.

  2. Шығармашылық жұмыс. Топ жетекшілері бағалайды

«Жүректен-жүрекке» жылы лебіз білдіру: оқушылар бір-біріне деген ыстық лебіздерін тілек айту арқылы білдіреді.


«Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!


«

V кезең. Үй тапсырмасын беру. «Электр өрісі» тарауы бойынша сөзжұмбақ, кроссворд құрастырып келу.

Сәтбаев қаласы №27 орта мектебі І санатты физика пәні мұғалімі

Білімдік: «Электр өрісі» тарауы бойынша сынып оқушыларының оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру, қорытындылау және бекіту

52.56kb.

18 12 2014
1 стр.


Инновациялық жоба: күн энергияcын пайдалану және оның болашағы

Шымкент қаласы Саттар Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебі физика пәні мұғалімі

141.4kb.

14 12 2014
1 стр.


Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой орта мектебі Физика пәні мұғалімі Бейсембаева Торғын Сағатқызы Тақырыбы: Озық ойлы оқушы Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Физика пәні бойынша оқушылардың білімдерін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

31.75kb.

25 12 2014
1 стр.


Шымкент қаласы, Саттар Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі А. С. Абдырасылова
102.33kb.

12 10 2014
1 стр.


Закон Тұрақбайқызы Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы

С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі Далмағанбетова Закон Тұрақбайқызы

29.25kb.

14 12 2014
1 стр.


6 орта мектебі (Баяндама) Биология пәні мұғалімі: Ж. Т. Қожанова Петропавл қаласы, 2011 жыл

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған

62.94kb.

12 10 2014
1 стр.


Үшбұрыштардың түрлері 7 сынып Б. Ж.Қалмекеева математика пәнінің мұғалімі (жоғары санатты) Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

«Үшбұрыштардың түрлері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің терең де,тиянақты

67.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Шымкент қаласы, №37 жалпы орта мектебі. География пәні мұғалімі Алтаева Жансая Сеиткасымовна. 7-сынып

Сабақтың мақсаты: Жер планетасы,материктер туралы сабақта алған білімін жинақтап,одан әрі таным деңгейін арттыру,әр материкті жете тануға қызығушылығын ояту

80.52kb.

25 12 2014
1 стр.