




















































Үшбұрыштардың түрлері
7 сынып
Б.Ж.Қалмекеева математика пәнінің мұғалімі (жоғары санатты)
Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы
№19 орта мектебі
Сабақтың мақсаты:
-
«Үшбұрыштардың түрлері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің терең де,тиянақты
болуын арттыру.Өтілген сабақты оқушы санасына бекіту.
-
Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, өз ойын айта білуге, ұжым намысын қорғай білуге үйрету.
3. Іскерліктерің, жеке білік дағдыларын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: пікір- сайыс.
Көрнекілігі: Сызбалар, карточкалар,тест, суреттер, нақыл сөздер,интерактивті тақта.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Сыныпта 3топқа бөлу- «Жалын», «Суңкар», «Тұлпар»
Әр топтың 3спикері болады және өз жанкүйерлері бар.
2. Сабақ 4бөлімнен тұрады.
* Теориялық бөлім
* Практикалық бөлім 1). Есептер шығару ; 2). Тест жұмысы
* Шығармашылық бөлім
* Қорытынды
ІІ. Теориялық бөлім
«Сөздің асыл болуы-адамға ұнауымен. Сөз күштілігімен ,көркемділігімен ұнайды»
А.Байтурсынов
1.Мұнда әр топтың І-ші спикерлері
І топ. «Тең қабырғалы үшбұрыш»,
ІІ топ .«тең бүйірлі үшбұрыш»,
ІІІ топ.«Әр түрлі қабырғалы үшбұрыш» тақырыптары бойынша өз ойларын ортға салады.(интерактивті тақтада салынған сызба бойынша сөйлейді.
2. Қарсы топтың ІІ спикерлер сұрақтар қояды. Сұрақтарға тек «ия», «жоқ» деп жауап береді. Әрі қарай ІІІ спикерлер өз тобына және қарсылас топтарына сараптама жасап өтеді. Мұнда терең ойлы,мағыналы сөздермен жасалуы тиіс.
ІІІ. Практикалық бөлім
1.Есептер шығару
Мұнда әр топтың жанкүйерлеріне өз тақырыптарына байланысты есептер беріледі
Ітоп «Жалын»
Үшбұрыштың периметрі 87см, бір қабырғасы 8 см, қалған қабырғаларының бірі екіншісінен 3см қысқа. Үшбұрыштың белгісіз екі қабырғасын табыңдар. Жауабы: 38см,41см
ІІ топ «Сұңқар»
Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 192 мм.Үшбұрыштың қабырғасының ұзындығын табыңдар.
Жауабы:64мм
ІІІ топ «Тұлпар»
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Оның бүйір қабырғасы табанынан екі есе үлкен. Осы үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар .Жауабы:4см,8см
Бұл есептер спикерлердің айтып өткен анықтамалары пайдаланылып шығарылады.
2.Тест жұмысы (интерактивті тақтада көрсетілген тест жұмысы орындалады)
Ітоп «Жалын»
1. Үшбұрыштың периметрін табындар:
АВ=3см, ВС=4,5см, АС=7см.
А. 15см. В.14см. С. 14,5см.
2. Үшбұрыш қабарғаларын кіші әріптермен белгілендер.
А А
в а с В С В С
А. В. С.
3. Доғал бұрышты үшбұрышта неше сүйір бұрыш бар?
А. 3 В. 2. С. 1.
4. Тік бұрышты үшбұрыш тең бүйірлі болуы мүмкін бе?
А. Мүмкін
В. Мүмкін емес.
5. Үшбұрыштың неше медианасы болады?
А. 1. В. 3. С. 2.
6. Үшбұрыштың қабырғаларын атандар.
В
М О
А. МК; КО; МО. В. М; О; К;
С. МВ;ВО;МО
7. Қай үшбұрышта биіктік дұрыс салынған?
В
F
А С
M K
А. B. C.
8. Сүйір бұрыштың шамасы неше градус болады?
А.
-тан үлкен.
В.
.
С.
- тан кіші.
9. Бір қабырғасы 12см болатын тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі неге тең?
А. 24см.
В. 36см.
С. 12см.
10. Мына сурретте доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш нешеу?
В
А Д Е С
А. 1; 2
; В. 2; 3; . С. 3; 1;
ІІ топ «Сұңқар»
1. Тік бұрышты үшбұрыш доғал бұрышты болуы мүмкін бе?
А. Мүмкін.
В. Мүмкін емес.
2. Үшбұрыштың неше биссектрисасы болады?
А. 1. В. 2. С. 3.
3. Қай үшбұрышқа медиана дұрыс салынған?
В
F
А С
M K
А. B. C.
4. Сүйір бұрыштың шамасы неше градус болады?
А.
-тан үлкен.
В.
.
С.
- тан кіші.
5. Үшбұрыштың периметрін табындар:
АВ=8см. ВС=7,5см АС =4,8.
А. 20см. В. 20,3см. С. 20,2см.
6. Доғал бұрышты үшбұрыш тең бүйрлі болуы мүмкін бе ?
А. Мүмкін. В. Мүмкін емес.
7. Үшбұрыштың а қабырғасына іргелес бұрыштарды атаңдар:
С
а b
B A
c
А. В мен С В. В мен А С А мен С
8. Мына суретте тік бұрышты үшбұрыш нешеу?
В
А Д Е С
А. 2; В. 1
; С. 3;
9. Бүйір қабырғасы 9см, табаны 4см болатын тең бүйрлі үшбұрыштың периметрі неге тең?
А. 22см. В. 13см. С. 17см.
10. Үшбұрыштың неше биіктігі болады?
А. 1. В. 3. С. 2.
ІІІ топ «Тұлпар»
1. Үшбұрыштың неше биссектрисасы болады?
А. 2. В. 1. С. 3.
2. Тік бұрышты үшбұрышта неше сүйр бұрыш болады?
А. 3 В. 2. С. 1.
3. Қай үшбұрышқа биіктік дұрыс салынған?
В
F
А С
M K
А. B. C.
4. Үшбұрыштың периметрін табындар?
МК=9,7см, КF=8см, MF=5см
А. 21,6см В. 22,7см С. 22см
5. Тең қабырғалы үшбұрыштың бір бұрышы неше градус болады?
А.
В.
С.
6. Тең қабырғалы үшбұрыш доғал бұрышты болуы мүмкін бе?
А. Мүмкін
В. Мүмкін емес.
7. Мына суретте доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш нешеу?
А
Е
К
В
С
А. 2; 4; В. 2; 1; С. 2; 3;
8. Үшбұрыштың b қабырғасына іргелес бұрыштарды атандар:
С
с а
B A
b
А. В мен С В. А мен С С. А мен В
9. Үшбұрыштын неше биссектрисасы бар?
А. 3. В. 4. С. 2.
10. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары қандай болады?
А. Тік. В. Тең. С. Доғал.
ІV.Шығармашылық бөлім
Әр топтың спикерлері теңдеулерді шешу арқылы алгебралық тәсілмен координаталық жазықтықта тең бүйірлі, тең қабырғалы, әр түрлі қабырғалы үшбұрыштар құрастырып, салып көрсетеді, оны қалай орындағанын оқушылар алдында қорғайды.
Ітоп «Жалын»
Теңдеулерді,оның шешімдері координаталары болатын күктелерді тізбектей қосқаннан шығатын фигураны координаталық жазықтықта салып көрсетіңдер,қандай үшбұрыш шықты:
у=0,25х+3 (-4;у) y
у= -2х-5 (-1;у)
у=3х+18 (-7;у)
-7 -6 -5 -4 -3 -2 -1 1 2 x
Жауабы: (- 4; 2) ; (- 1;- 3); (- 7;- 3) y
3
ІІтоп «Суңқар»
5(х+3,2) =7х+6 (х;0) -4 5 x
6-у=3(3у-8) (-4;у) -3
18+у=3(у+8) (-4;у)
Жауабы: ( 5; 0) ; (- 4;3); (- 4;- 3) y
ІІІтоп «Тұлпар»
11-5у=12-6у (-4;у) 1
х-17=8х+18 (х;-3) -5 -4 3 x
8у+10=7у+10 (3;у)
Жауабы: ( - 4; 1) ; (- 5;-3); ( 3;0)
V.Қорытынды Әр топтың спикерлері басқа топ туралы өз ойларын қорытындылайды.
VІ. Үйге тапсырма: қосымша жаттығулар 63-82, үшбұрыштың элементтерін пайдалана отырып ойдан сызба құрастырып,сол бойынша ойын айту.
VІ І. Бағалау.Әр топтың спикерлері, есеп шығарған, жауап берген оқушылар бағаланады. «Өте жақсы» ойын айта білген оқушыларға «Үздік спикер» атағы беріледі.