Шымкент қаласы, №37 жалпы орта мектебі. География пәні мұғалімі Алтаева Жансая Сеиткасымовна. 7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Жер – Ана бізде қонақта».
Сабақтың мақсаты:Жер планетасы,материктер туралы сабақта алған білімін жинақтап,одан әрі таным деңгейін арттыру,әр материкті жете тануға қызығушылығын ояту.
Сабақтың міндеті:1)білімділігі:Отанымыздың орналасқан құрлығын білу.
2)дамытушылығы:Оқушы ой-өрісін дамыту.
3)тәрбиелілігі:Табиғатты аялап,сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ашық сабақ (сыныптан тыс)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,әр материктің өсімдіктер және жануарлар дүниесі салынған плакаттар,карталар,саяхатшылар суреттері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 2-3мин.
Жүргізуші-1:Саламатсыздар ма?Ұстаздар мен оқушылар!Сіздер бүгін «Жер – Ана бізде қонақта» атты ашық сабағымызға хош келіпсіздер!
Мын сан халқы ізіне ерген,
Келешекке берік сенген,
Қасиетті туған өлкем,
Кереметсің қандай көркем!
О,Жер-Ана қадіріңе жетейін,
Көрерменді сырға қанық етейін.
Жер-Ананы шақырып ап ортаға,
Сіздерге толық таныстырып өтейін – деп ортаға Жер-Ананы шақырайық.
Жүргізуші-2: О,Жер-Ана бізге жылдам келіңіз
Сізге әр кез дайын біздің төріміз.(Жер-Ана келеді)
Міне,Жер-Анамыз да көрінді
Саламатсыз ба Жер-Ана!
Жер-Ана: Амансың ба?қарағым!Амансыздар ма оқушылар!Құрметті ұстаздар!Мені бәрін де география пәнінен жақсы танисыңдар деп ойлаймын. Солай ма?Рахмет.Дей тұрғанмен де,сіздерге қонаққа келген соң,өзім жайлы айта кетейін:
Күн жүйесін 3-ші боп мекендедім,
Көлемім кең,үлкен жүк көтергенім.
Ізімнен ерген менің 6 ұлым бар,
Емессіңдер сендер де бөтендерім.
Және бар менің 240 немерем,
Немерелерім шетінен білгір,көреген.
Жан жағымдағы Плутон,Шолпан,Марстар,
Дейді маған «бақыттысың не деген!».
Өйткені менің басымдау еді пәрменім
Артықтығым 6 бала көргенім.
Солардан өрген өздерің аман тұрғанда
Әрқашан да тіршілігім бар менің!
Жүргізуші-1:
Қасиетті Жер-Ана жақұтпысыз?!
Біз барда шыныменен бақыттысыз.
Сіз аман кезде,біз бармыз дей аламыз,
Өйткені сіздей анадан жаралғанбыз.
Жүргізуші-2: Қымбатты Жер-Ана,жаңа бір сөзіңізде 6 балам бар деп едіңіз,неге ертіп келмедіңіз?
Сіз рұқсат етсеңіз,соларды ортаға шақырсақ деп тұрмыз.
Жер-Ана:Шақырыңыздар,айналайындар!Мен қарсы емеспін.
Жүргізуші-1: Ендеше,алдымен анамыздың үлкен баласы «Евразияны» шақырамыз.(Ортаға Евразия келеді)
Жүргізуші-2: Аманбысыз,Евразия бабамыз,
Біздер сіздің бір балаңыз боламыз.
Өзіңіздің 4-ші балаңыз –
Қазақстан – біздің туған анамыз.
Ұлы баба бізге рахым етсеңіз,
Өзіңіз жайлы аздап айтып кетсеңіз.
Евразия: Орасан зор материкпін,
Төрт мұхит,төрт қабырғам.
Алуан түрлі тірлігімен
Көп халық менен табылған.
Исландия – аралым бар,
Фенноскандия – орманым
Балқан таумен таралынған
Гималай,Альпі қорғаным.
Арабия – үлкен түбек,
Месопотамия – жазық
Орта Азия шөлді өлкені
Жылқы,түйе жүрер жайлап.
Тынық мұхит жағасында
Вулканым бар отты алып.
Ұлы Қытай жазығында
Ырзығын терген көп халық.
Архипелаг Малайзия
Тұрады 5 мың аралдан.
Күріш пенен шәй бұта
Бұл жерге тән таралған.
Жүргізуші-1: Шыныменен зор екенсіз,
Мақтануға тұратын.
Бірде көл,бірде шөл екенсіз,
Таулардан шеп құратын.
Жүргізуші-2:Сізге көп рахмет,Евразия!Біздерді көп сырға бөледіңіз.Енді осындай алып ұлы бар Жер-Анамызға арнап ән жолдаймыз.(ән орындалады)
Көп-көп рахмет!Келесі кезекте Африканы шақырайық.
Африка: Мен Африка!Қос мұхит арасында
Европадан 3 есе үлкен құрлықпын.
Түп атым «Евразия» тайпасында,
Белімді экватор кескен құрлықпын.
Маймыл,піл,жираф,зебра мекен еткен,
Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.
Жүргізуші -1: Бәрекелді қысқа да,нұсқа айттыңыз,
Сонда-дағы сездік біраз жайтты біз.
Жүргізуші-2: Сізге көп рахмет.Келесі кезекте Жер-Анамыздың 3-ші баласы Солтүстік Американы шақырамыз.
Солтүстік Америка: Өзім жайлы мен де айтып берейін,
Құнды-құнды мәліметтер терейін.
Ағаларым өздерің айтып мақтанды,
Байлығымды мен де мақтап көрейін.
Қалың тонды қойбұқам бар,
Қылқанды шырша орманым бар.
Бұлғын,құндыз,ондатра –
Ең бағалы аңдарым бар.
Ниагара алып құламадан
Энергия аламын.
Үлкен Антиль,Кіші Антиль
Багамдай бар аралым.
Гольфстрим ұлы ағысым,
Кордильер таулы тізбегім.
Иеллоустон – ұлттық паркке
Барудың жолын іздегін.
Гейзер суы көкке өрлеген,
Секвоялы жасыл орман.
Міне,осы барым менің,
Маған мәңгі мақтан болған.
Жүргізуші-1: Қараңыздаршы,бұл жерлерде де біраз қызықтар бар екен.Енді Оңтүстік Американы шақырамыз.(Ортаға Оңтүстік Америка келеді)
Жүргізуші-2: Амансыз ба,Оңтүстік Америка,біздерге хош келіпсіз!Өзіңіз жайлы айтып беріңізші.
Оңтүстік Америка: Шығысым менің кең жазық,
Анд тауы батыс жағында.
Амазонка ең сұлу өзен,
Биік таудан ағылған.
Өсімдігі – мимоза,
Кебрачо,кактустар.
Пума,ягуар жыртқыштар.
Жиырмадан астам елім бар,
Титикака көлім бар.
Жүргізуші-1: Көп рахмет.Сіз де мығым екенсіз,
Талай адам қызыққандай мекенсіз.
Жүргізуші-2: Келесі кезекте Антарктиданы ортаға шақырамық.(Антарктида келеді)
Хош келдіңіз,мұзды мекен,
Дейді көп жұрт сізді бекем.
Шыныменен сізді ойласам,
Менің өзім дір-дір етем.
Антарктида: Шыныменен мінезім сәл қаттылау,
Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау.
Мысалы менде ғалымдардың ғылыми
Станциялары жұмыс жасайды бақылау.
Жануарларым тюлень,теңіз мысығы,
Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығың.
Жүргізуші-1: Көп рахмет.Келесі кезекте Жер-Анамыздың ең кенже баласы – «Австралияны» шақырамыз.(Ортаға Австралия келеді)
Хош келдіңіз,кенжесі ананың,
Сіз жайында білгіміз келіп барады.
Біздің кеште қонақ болып қайтыңыз,
Бірақ сіз де өзіңіз жайлы айтыңыз.
Австралия: Айтар болсам өзімді,
Тыңдаңыздар сөзімді.
Ағалардан шалғайдамын,
Құрғақшылық бар аймағым.
Қос мұхитпен қоршаулымын,
Қалталы келеді жануарым.
Әлем бойынша қой өсіріп,
Ең бірінші орын аламын!
Жүргізуші-2: Сізге де шексіз біздің алғысымыз.Әдайым алға бассын жақсы ісіңіз – деп Жер-Анамыздың 6-шы баласының құрметіне арнап ән жолдаймыз.(Ән айтылады)
Жүргізуші-1: Қасиетті Жер-Ана!Сіздің 240 немереңіздің ішінен 9-шы немереңіз біздің анамыз – «Қазақстанды» шақырғымыз келіп отыр.
Қазақстан – туған өлкем бағыстан,
Бақытымды іздемеймін алыстан,
Бүгін бізге қонақ болып кетіңіз,
Балалардың әнін тыңдап жарысқан.
Сіз біз өшін ең киелі мекенсіз,
Бізбен бірге мәңгі жасап өтерсіз.
Қасиетті Жер секілді ананың
9-шы немересі екенсіз.
Отан-Ана ортамызға келіңіз
Өзіңіз жайлы бізге айтып беріңіз –
деп ортаға Отан-Ана Қазақстанды шақырамыз.(«Менің Қазақстаным» әнінің орындалуында ортаға Қазақстан келеді)
Қазақстан: Белестерден белестерге ұласқан,
Орман,шөлім,өзен-көлім қыр асқан.
Тау мен тасын жауып құмның етегін,
Баурайында сылдыр қаққан бұлақтар.
Менің жерім дәнге,малға,кенге бай,
Менің елім жаны жайсаң,көңілі жай!
Жүргізуші-2: Табиғатты қойған сынап кенелте,
Қазақстан – байтақ өлке,кең өлке.
Қазақстан – ғажапстан бұл күнде,
Ағыл-тегіл ақтарылған кең өлке.
Отан-Ана қадіріңе жетемін
Сенен басқа Отанды мен не етемін!
Сен мұңайсаң,мен де бірге мұңаям,
Сен қуаңсаң,мәнгі күліп өтемін,
«Туған өлкем – қандай көркем» - еді деп,
Табынамыз саған,Атамекенім!
Жүргізуші-1: Өзіңізге арналған әнді қабыл алыңыз! (Ән айтылады)
Жүргізуші-2: Осымен «Жер-Ана бізде қонақта» атты театрландырылған кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!!
Сабақты қорытындылау: Көрермендер пікірін тыңдау.