Аяқ іздерінің жолын және жеке іздерді қарау және бекіту. Көлемді болып түскен аяқтың ізінің қалыпын гипстің көмегімен жасау.
2- сабақ. Көлік құралдарының және бұзу құралдарының іздері.
-
Көлік құралдарының іздерін қарау. Көлік құралдарына топтық тиістілігін сипаттайтын және оның қозғалыс бағытын куәландыратын белгілерді анықтау.
-
Көлік құралының ізін ерекшеліктеріне қарай отырып, ол қай маркалы екендігін, моделін анықтау. Бұл із бойынша схемалық суретін салып, ерекшеліктерін көрсету.
-
Бұзу іздерін қарау және бекіту. Бұзу құралдарын қарау және сипаттау.
СӨЖ тапсырмалары:
Альбомға дактопленкаға түсірілген қол саусағының ізін жапсырманың ішіне салып оқиға болған жердің хаттамасының үзіндісі ретінде оның жалпы және жеке белгілерінің сипаттамасын, табу, алу және бекіту әдістерін көрсету.
Аяқ ізінің гипс көшірмесінің хаттама үзіндісі ретінде сипаттап көрсету. Аяқ іздерінің жолын схема түрінде альбомға сызып белгілерін айқындау. Өлшемдерін енгізу.
Көлік және бұзу құралдарының фотосуреттерін, олардың ереже бойынша сипаттамасын жасау.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Басалаев А. Н. Следы ног и транспорта. Лен. ,1971.
-
Грановский Г. Л. Основы трасологии. М,1974.
-
Грановский Г. Л. Методы обнаружения и фиксации следов рук человека., М,1973.
-
Грановский Г. Л. Криминалистическое исследование следов ног. М,1970.
-
Грановский Г. Л. Локализация отобразившегося в следе участка папиллярного узора и оценка идентификационной значимости его признаков. Киев. ,1967.
-
Грановский Г. Л. Статистические методы определения следообразующего участка папиллярного узора руки”. М,1974.
Литвиненко Л. И. Понятие и классификация следов в трасологии. Киев,1958.
-
Крылов И. Ф. Следы на месте преступления. Лен. ,1961
-
Справочник “Выявление отпечатков пальцев с помощью вакуумного напыления” М. ,1976.
-
Сорокин В. С. Обнаружение и фиксация следов. М. ,1994 г. .
-
Цимакуридзе Г. Л. Основные вопросы дактилоскопии. Тбилиси, 1957.
-
Жәкішев Е.Г., Исаев А.А., Тапалова Р.Б., Найманова Г.Х., Темірболат Н.С. Криминалистика, КазНУ, 2005
Тест сұрақтары:
Трасология
Трасологияның ғылыми негіздері
-
материалдық объектінің жекелеген тұрақтылығы
-
жекелеген және тұрақтылық объектінің материалдық әлем құрылысының көрінісі
-
жекелеген объектілердің биологиялық қасиеттері
-
вариациялық объектілердің қасиеттері
-
физикалық және химиялық қасиеттердің тұрақтылығы
Трасологияның ғылыми негіздері
-
материалдық объектілердің жекелігі
-
салыстырмалы - материалдық объектілердің тұрақтылығы
-
объектілердің сыртқы құрлысының жекелігі мен салыстырмалы тұрақтылығы
-
материалдық объектілердің жекелігі мен салыстырмалы тұрақтылығы
-
материалдық объектілердің өзгерушілігі
Трасологиялық объектіге жатады
-
адамның иісі
-
аяқ киімнің ізі
-
есірткі
-
топырақтың бөлшектері
-
қолтаңба
Трасологиялық объектіге жатады
-
клише
-
адамның сыртқы келбеті
-
мәтін
-
қол іздері
-
жарылыс құрылғылар
Трасологиялық объектіге жатады:
-
протекторлардың іздері
-
негізгі және қосымша іздер
-
қанжар
-
көлік бояуларының бөлшектері
-
құжат бланкілері
Трасологиялық объектіге жатады:
-
талшықтар
-
ағаш қоспасының бөлшектері
-
тығын
-
аяқ іздері
-
аяқ киімнің табанындағы топырақ пен өсімдіктердің бөлшектері
Трасологиялық объектіге жатпайды:
-
қол іздері
-
бұзу құралдарының іздері
-
көлік дөңгелегінің іздері
-
аяқ іздері
-
аяқ киімнің табанындағы топырақ пен өсімдіктердің бөлшектері
Төмендегілердің қайсысы трасологиялық объектіге жатады:
-
қан тамшысы
-
талшықтар
-
бытыра
-
мөр таңбасы
-
бұзу құралдарының іздері
Трасологиялық іздердің жүйесіне жатпайды:
-
перифериялық із
-
із - штанцмарка
-
локалды із
-
көлемді із
-
беткі қабатты із
Трасологиялық іздердің жүйесіне жатпайды
-
динамикалық із
-
статикалық із
-
көрінетін із
-
көрінбейтін із
-
негізгі, қосымша іздер
Іздерді қалдыру механизмі бойынша классификациялау түрін атаңыз
-
локальді
-
статикалық
-
беткі қабатты
-
перифериялық
-
абсорбациялық
Із қалдырушы объектінің анықтамасын беріңіз
-
сыртқы бейнені қабылдайтын объект
-
із қабылдайтын объект
-
өз бейнесін қалдыратын объект
-
басқа объектімен қатынасқа түсетін объект
-
іздің пайда болуына себепші болатын объект
Із қабылдаушы объектінің деформацияға ұшырауы салдарынан пайда болған із
-
беткі қабатты
-
көлемді
-
жазық
-
динамикалық
-
перифериялық
Із қабылдаушы объектінің үстінің өзгеруі нәтижесінде пайда болған із
1. қатпарлану
2. қыртыстану
3. перифериялық
4 әлсіз көрінетін
5. көрінбейтін
Гипспен қандай іздер алынады:
-
ленолиум үстіндегі іздер
-
кілем үстіндегі іздер
-
жәбірленушінің киіміндегі іздер
-
тротуардағы іздер
-
жердегі іздер
Нингидрин химикатымен алынатын іздер:
-
тіс іздері
-
аяқ киім іздері
-
саусақ іздері
-
жануарлардың іздері
-
протектор іздері
Дактилоскопиялық ұнтақтар арқылы табылуы мүмкін іздер:
-
тіс іздері
-
сілекей іздері
-
май дақтары
-
саусақ іздері
-
қан дақтары
Доға тәріздес өрнекте қанша дельта бар
-
бір
-
екі
-
біреу де жоқ
-
үш
5. үшеуден көп
Ілмек тәріздес өрнекте қанша дельта бар
-
екі
-
бір
-
біреуі де жоқ
-
үш
5. үшеуден көп
Папиллярлы өрнектегі ілмектің бас жағы кішкентай саусаққа қарай қараған жағдайда қалай аталады:
-
радиалды
-
ульнарлы
-
үлкен ( большевым)
-
ракетка -ілмек
-
спираль-улитка
Папиллярлы өрнек қай уақытта қалыптасады:
-
бір айлық мерзім ішінде
-
бір жасқа толғанда
-
адамның құрсақта жату кезінде
-
балалық шағында
-
ғұмыр бойы
Папиллярлы өрнектер екі және одан да көп дельталар болған жағдайда қалай аталады:
-
доға тәріздес
-
шеңбер тәріздес
-
ілмек тәріздес
-
ульнарлы - ілмек тәріздес
-
радиалды - ілмек тәріздес
Ілмектің басы үлкен саусаққа қараған папиллярлы өрнек қалай аталады:
-
радиалды
-
ульнарлы
-
атипті ( атипичный)
-
домалақ - ілмек ( петлей - клубком)
-
қарапайым ілмек
Дара дөңгелекті автокөліктен қалған жол іздерінің ені өлшенеді:
-
іздердің сыртқы шеттерінің ара қашықтығымен
-
іздердің орталық ара қашықтығымен
-
іздердің тысқы шеттерінің ара қашықтығымен
-
іздердің тысқы және ішкі шеттерінің ара қашықтығымен
-
іздердің ішкі шеттері мен орталықтарының ара қашықтығымен
Автомобиль базасы – бұл:
-
артқы оң және сол дөңгелек іздерінің ортаңғы сызықтарының ара-қашықтығы
-
алдыңғы және артқы дөңгелек осьтерінің ара-қашықтығы
-
артқы қосарланған дөңгелек саңылауларының ара-қашықтығы
-
артқы дөңгелектің сыртқы іздерінің шеткі жақтарының аралығы
-
автокөлік шанағының (кузов) алдыңғы және артқы қалқасының (свес) аралығы
Автокөлікті идентификациялауға болатын іздерді көрсетіңіз:
-
автокөлікке тиелген сусымалы (бидай, арпа және т.б.) жүк
-
асфальтқа төгілген май
-
топырақ жолдағы тежеу
-
батпаққа түскен протектордың ізі
-
жолдың беткі қабатындағы сұйықтың ізі
Қара түсті үстел үстіндегі қол іздерін табуға болады:
-
гипспен
-
АL ұнтақтарымен
-
Ғе ұнтақтарымен
-
Н2О химикатымен
-
пластилинмен
Ақ түсті үстел үстіндегі қол іздерін табуға болады:
-
люминалмен
-
гипспен
-
АL ұнтақтарымен
-
Ғе ұнтақтарымен
-
Н2О химикатымен
Қол іздерін бекітудің дұрыс кезектілігін көрсетіңіз:
-
хаттамаға бекіту, пленкаға көшіру
-
фотоға түсіру, хаттамаға бекіту, пленкаға көшіру
-
фотоға түсіру, пленкаға көшіру
-
пленкаға көшіру, хаттамаға бекіту
-
хаттамаға бекіту, фотоға түсіру
Сезіктіні идентификациялау үшін алынатын қолдың жарамды іздері:
-
көлемді
-
көрінетін
-
беткі қабатты
-
динамикалық
-
беткі қабатты, көрінбейтін
Сезіктінің аяқ киімін идентификациялау үшін алынатын жарамды іздер:
-
көлемді
-
беткі қабатты
-
динамикалық
-
көлемді статикалық
-
беткі қабатты динамикалық
Есіктегі бұзу іздері алынады:
-
дактилоұнтақтармен
-
дактилопленкамен
-
гипспен
-
пластилинмен
-
нингидринмен
Көлік іздерін бекітудің дұрыс кезектілігін көрсетіңіз:
-
гипстен көшірме жасау
-
хаттамаға бекіту, фотоға түсіру
-
фотоға түсіру, хаттамаға бейнелеу, гипстен көшірме жасау
-
фотоға түсіру, гипстен көшірме жасау, хаттамаға бекіту
-
хаттамаға бейнелеу, гипстен көшірме жасау
Көлікті протектор арқылы идентификациялау үшін алынатын жарамды іздер:
-
динамикалық
-
перифериялық
-
көлемді статикалық
-
беткі қабатты
-
көлемді динамикалық
Қардың үстіндегі протектордың ізін алуға болады:
-
дактилокартамен
-
гипспен
-
пластилинмен
-
фотоқағазбен
-
перхлорвимил пленкамен
Бұзу құралдарын олардың есікте, терезе жақтауларында қалдырған іздеріне байланысты идентификациялау кезінде кешенді сараптаманың объектісі болып табылмайтын заттар:
-
лак бояуымен боялған беткі қабаттың бөлшектері
-
ағаш қоспасының бөлшектері
-
бұзу құралдары
-
қылмыскердің иісі
-
іздер
4. Тақырып. Криминалистік баллистика
Сот баллистикасының түсінігі және оның зерттейтін негізгі объектілері. Ату құралы – сот баллистикасының зерттеу объектісі. Патронның құрама бөлігі. Қауыз, капсюль, порох, тығын, оқ, бытыра және картечьтің сипаттамасы. Ату іздерінің сипаттамасы.
Сот-баллистикасы арқылы шешілетін идентификациялық және идентификациялық емес мәселелер. Оқ пен қауыз бойынша ату құралының түрін, жүйесін анықтау. Атылған оқ және қауыз бойынша ату құралын идентификациялау.
Тегіс оқпанды қарудан атылған бытыраны, картечьті, оқ-дәріні және патронның тығынын зерттеу.
Оқтың атылу жағдайларын анықтау. Жақыннан атудың белгілері. Оқтың атылу бағытын, қашықтығын, атқан адамның тұрған орнын анықтау.
Ату құралын, оқты, қауызды, бытыраны, картечьті, тығынды және атудың ізін табу, бекіту, қарау және алу.
4 - тақырып. Сот баллистикасы.
1 - сабақ. Сот баллистикасының түсінігі, объектілері
-
Ату құралдарын жіктеу. Ату құралдарының бөлшектері мен механизмдерінің өзара әрекеті.
-
Оқтың түрлері және оның құрылысы.
-
Атудың негізгі және қосымша іздері.
2 – сабақ. Сот баллистикасының объектілерін табу, бекіту, алу
-
Атыс қаруын, оқтарды, ату іздерін қарау және оларды сипаттау.
СӨЖ тапсырмалары:
Альбомға оқ пен қауызды оқиға болған жерде табылған объектілер ретінде схема түрінде бейнелеу немесе фотосуреттерін бекіту. Хаттаманың үзіндісі ретінде жалпы және жеке белгілерін көрсетіп табу, алу және бекіту әдістерін көрсету.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Закон РК О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия. 20. 01 1997
-
Комаринец Б.М. Криминалистическое отождествление огнестрельного оружия по стреляным гильзам. М. 1955
-
Кубицкий Ю. М. Судебная баллистика М. 1956
-
Кустанович С. Д. Судебная баллистика М. 1956
-
Самсонов Г. А. Судебная баллистика М. 1975
-
Черваков В. Д. Судебная баллистика М. ,1977.
-
Жәкішев Е. Г. , Исаев А. А. ,Тапалова Р. Б. , Найманова Г. Х. , Темірболат Н. С. Криминалистика. КазНУ 2005
Сот - баллистикасымен шешілмейді:
-
қарудың жарамдылығы
-
қарудың оқталғандығы, оқталмағандығы
-
зат атыс қаруына жататындығы, жатпайтындығы
-
заттың суық қаруға жататындығы, жатпайтындығы
-
қарудың қолдан жасалғандығы, жасалмағандығы
Сот - баллистикасымен шешілмейді
-
қауыздың, оқтың болуы мүмкін жерлер
-
қылмыскер неше рет атқан
-
тығын сезіктіден алынған қағаздан жасалған ба
-
қағаздың сорты, маркасы қандай
-
атқанды кім естуі мүмкін
Сот - баллистикасымен шешілмейді
-
қай жақтан атқан
-
ату қашықтығы қандай
-
жәбірленушіге неше рет атқан
-
сезіктінің қолында қосымша іздер бар ма
-
жәбірленушінің денесінде қандай өліктік құбылыстар бар
Сот - баллистикасы негізінде шешілуге жатпайды
-
оқ – дәрі қарудың қай түріне және үлгісіне арналған
-
қолдан жасалған картечь осы қорғасын бөлігінен жасалған ба
-
аңшы мылтығын бұл оқтармен кім оқтаған
-
аңшы мылтығындағы патрондар осы құрылғымен оқталған ба
-
ату қашықтығы қандай
Сот баллистикалық объектіге жатпайды
-
атыс қаруы
-
оқ дәрі
-
қауыз
-
ату іздері
-
суық қару
Сот баллистикалық объектіге жатпайды
-
патрон
-
тығын
-
кастет
-
қосымша іздер
-
ойық іздері
Сот баллистикалық объектіге жатпайды
-
бытыра, картечъ
-
оқ
-
күйе қалдықтары
-
жарықтанғыш іздері
-
тапанша
Сот баллистикалық объектіге жатпайды
-
атиптік емес атыс қаруы
-
шегеден жасалған бытыра
-
негізгі іздер (рикошет, тесіктер)
-
жанармай материалдары
-
қауыз
Сот баллистикалық объектіге жатпайды
-
қосымша (майлау) іздері
-
капсюль
-
талшықтар
-
мылтық
-
бытыра бөлшектері
Оқиға болған жерде атылған оқтар мен гильзаларды зерттеу арқылы анықтауға болады
-
қарудың нақты данасын
-
қарудың түрі мен жүйесін
-
атқан адамды идентификациялауды
-
адамның атқан сәттегі қалпын
-
ату бағытын
Оқ тиген бөгеттегі оқтың негізгі іздерін көрсетіңіз
-
атылған оқ арқылы пайда болған тесік, ойық
-
күйе қалдықтары, шөгінділері
-
оқтың екпіні арқылы қалған шаппа іздері
-
күйік іздері
-
майлау іздері
Иір оқпанды қарудың калибрі арқылы анықталатын ара қашықтық – бұл
-
қарама - қарсы кесудің ортасы
-
көршілес кесудегі аралық
-
қарама - қарсы жазықтықты кесудегі аралық
-
көршілес жазықтықты кесудегі аралық
-
оқпанның сыртқы диаметрі
Қарудың қай бөлшегінің ізі атылған кезде оқта қалады
-
ырғытқыш ілгегінің ізі
-
затвордың алдыңғы қиылған жерінің ізі
-
ойық шетінің ізі (полей нарезов)
-
шағылдырғыш ізі (отражатель)
-
патронник тіреуішінің ізі
Картечъ деп аталады
-
диаметрі 7 мм. ден кем бытыра
-
диаметрі 3 мм. ден артық бытыра
-
диаметрі 5 мм.ден артық бытыра
-
кез-келген диаметрлі қолдан жасалған бытыра
-
диаметрі 10 мм. ден артық бытыра
Тығын төмендегі қай оқтардың міндетті элементі болып табылады
-
барлық оқтардың
-
тапаншаға арналған
-
аңшы мылтығына арналған патрондарда
-
ескірген жүйедегі револьверлерге арналған
-
иір оқпанды қаруға арналған
Әскери патронның құрамында бар
-
қауыз, бытыра, оқ, капсюль
-
капсюль, қауыз, оқ - дәрі, тығын
-
қауыз, капсюль, оқ - дәрі
-
капсюль, оқ - дәрі, бытыра, тығын
-
бытыра, картечь
Аңшы патронының құрамында бар
-
қауыз, капсюль, оқ, тығын
-
капсюль, қауыз, оқ -дәрі, бытыра, тығын
-
қауыз, оқ - дәрі, тығын, бытыра,
-
капсюль, қауыз,
-
капсюль, қауыз, бытыра, тығын, картечь
Әскери патрондардың снаряды – ол
-
бытыра
-
қолдан жасалған бытыралар
-
картечьтер
-
Бреннеке, Яканың оқтары
-
оқ
Аңшы патронына жатпайды
-
қауыз
-
бытыра
-
бытыра немесе картечь
-
жартылай қабықты оқтар
-
тығын
Аңшы мылтығындағы оқпанның іші болады
-
бір ойықты
-
екі ойықты
-
үш ойықты
-
төрт ойықты
-
ойықсыз тегіс
Аңшы мылтығы оқпанының үлкен диаметрі қандай калибрге жатады
-
20
-
16
-
12
-
32
-
28
Қандай сот - баллистикалық объектілер - (оболоченный) қабықты, жартылай қабықты және қабықсыз болып бөлінеді
-
қауыз
-
оқ
-
бытыра
-
картечъ
-
тығын
Аңшы мылтығының калибрі 12, 16, 20 және басқа немен белгіленеді
-
оқпан каналының ішкі диаметрі миллиметрімен
-
қорғасынның бір фунтынан дайындауға болатын шар тәрізді оқтардың санымен
-
анықталған салмақтағы шар тәріздес оқтардың диаметрімен
-
шар тәрізді оқтардың анықталған диаметріндегі салмақпен
-
оқпанның сыртқы диаметрімен
Алыстан атқанда кедергіде қандай із болмайды
-
оқтың тесіп кірген іздері
-
штанцмарка
-
кедергінің сынықтары
-
рикошет
-
оқтың тесіп шыққан іздері
Тақап атқанда қандай із қалады
-
оқтың тесіп кірген іздері
-
штанцмарка
-
кедергінің сынықтары
-
рикошет
-
оқтың тесіп шыққан іздері
Жақын қашықтықтан ату іздеріне жатпайды
-
штанцмарка
-
күйе іздері
-
жанбай қалған бытыра бөлшектері
-
майлау іздері
-
ойық іздері
Атудың қосымша іздеріне жатпайды
-
штанцмарка
-
күйік іздері
-
күйе қалдықтары
-
жанбаған бытыра бөлшектері
-
бытыра, картечъ, оқ
Штанцмарка – бұл
-
заводтан шыққан қарудың белгісі
-
оқтың тесіп өткен жерін сүйкеп өту іздері
-
кесілген мылтық оқпанынан қалған бөгеттегі із
-
заводтан шыққан гильзаның түбіндегі белгісі
-
жақыннан ату іздері
5. Тақырып. Құжаттарды криминалистік зерттеу
Құжаттарды криминалистік зерттеудің түсінігі, оның бөлімдері: қолжазба тану, автортану, құжаттарды техникалық зерттеу.
Қолжазудың қалыптасуы және оның идентификацияға негіз болатын қасиеттері. Қолжазудың қалыптасуының және өзгеруінің заңдылығы. Динамикалық стереотип. Қолжазудың жалпы және жеке белгілері. Жазуды ұқсатып (имитация жасап) жазу. Қолжазуды криминалистік сараптамаға жіберуге материалдар дайындау. Еркін, экспериментальды, шартты-еркін жазудың үлгілері. үлгілерге қойылатын талаптар.
Құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеудің түсінігі, объектілері. Реквизиттер: мәтін, мөртаңба, құжаттың бланкісі, қолтаңба. Құжат материалдары: қағаз, сия, паста, тушь, графит, типографиялық бояу, желім, ледерин және т.б. Техникалық құралдар: қалам, мөр, штамп, клише, ксерокс, компьютер, принтер, баспаханалық станок, кескіш, кассалық аппарат және т.б. Құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеудің шешетін идентификациялық және идентификациялық емес мәселелері.
Жалған құжаттарды жасау әдістері .Жартылай және толық әдістер. Жалғандық тәсіл белгілері.
Өшірілген, оқуға жарамсыз жағдайға келтірілген және отқа жанған құжат мәтіндерін зерттеу.
5 - тақырып. Қолжазуды криминалистік әдістермен зерттеу
1,2-сабақ. Қолжазбаны зерттеу.
-
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
-
Қолжазуды зерттеудің ғылыми негізділігі.
-
Криминалистік қолжазбатанудың объектілері, мәселелері.
-
Қолжазудың жалпы және жеке белгілері.
-
Қолжазу үлгілерінің түрлері.
3,4-сабақ. Құжатты технико-криминалистикалық зерттеу.
-
Құжаттың айғақ зат ретінде тергеудегі маңызы. Құжаттарды қолдан жасаудың түрлері мен әдістері және олардың белгілері.
-
Құжаттарды қарау. Қолдан жасау белгілерін лупаның, бинокульярлық микроскоптың көмегімен анықтау. Машинкамен жазылған мәтіннің адымын анықтау. Белгілі бір тәсілді пайдаланып жалған қойылған қолдың көшірмесін жасап, оның өзіндік белгілерін көрсету. Зерттеу нәтижелерін хаттамаға түсіру.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Аксенова Л. М. Технико-криминалистическое исследование документов, подвергшихся естественному изменению. М, 1985.
-
Карнович З. М. О практике технической экспертизы документов. М, 1980.
-
Эйсман А. В, Николайчук В. А Физические методы выявления невидимых текстов. 1985.
-
Снетков В. А. Актуальные вопросы судебно-технической экспертизы документов. М,1985.
-
Ляпичев В. Е. Современные методы установления внесенных в текст дописок. М,1989.
-
Комаринец Б. М. Исследование документов. М,1953.
-
Архипов Г. Ф. , Шапиро И. И. Исследование письменного навыка по денситограмме почерковых объектов. Вопросы судебной экспертизы и криминологии. - Вильнюс, 1982, Вып. 6.
-
Атаходжаев С. А. , Дутова Н. В. , Орлова В. Ф. , Смирнов А. В. Установление подлинности кратких и простых подписей, выполненных в обычных условиях, и неподлинности подписей, выполненных с подражанием после предварительной тренировки. -М,1984.
-
Комплексная методика установления подлинности (или неподлинности) кратких и простых подписей. - М,1988.
-
Культелеева Т. Т. Криминалистическое исследование рукописей, выполненных маловыработанным почерком. Алма-Ата, 1975 г.
-
Пинхасов Б. И. Криминалистическая экспертиза почерка. Ташкент, 1964.
-
Судебно-почерковедческая экспертиза. - М, 1971.
-
Теоретические проблемы оценки экспертом признаков почерка. Киев, 1975 .
-
Жәкішев Е. Г. , Исаев А. А. ,Тапалова Р. Б. , Найманова Г. Х. , Темирболат Н. С. Криминалистика КазНУ 2005
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
1.Қолжазбатану объектісіне жатпайды
-
қабырғада қарындашпен орындалған мәтін
-
сандық белгілері бар қолжазба мәтіні қағаз бетінде орындалған
-
құжаттағы қойылған қол шынайы қойылған қолға ұқсастырылып жалған орындалған
-
құжаттағы қойылған қол көшірме қағазын қолдану арқылы көшіріліп, жалған түрде орындалған
-
қысқаша қолжазба
2.Қолжазба сарапшысының құзыретіне қандай сұрақтарды шешу жатады
-
шығын ордеріндегі "алдым" графасындағы қойылған қол Ивановтың қолын жалған қою арқылы орындалған жоқ па
-
компьютермен басылған баяндау хат мәтіннің авторы Иванов болып табылмай ма
-
баяндау хатында интеллектуалдық жалғандық жоқ па
-
қолжазба мәтіні Ивановпен немесе басқа адаммен орындалған ба
-
қай тіл автор үшін екінші тіл болып табылады
3.Қолжазба сарапшысы анықтайды
-
құжаттардың реквизиттерінің болуын және сәйкестігін
-
екі құжаттағы мәтін бір принтермен орындалды ма
-
қол қою, қолтаңба жазуларының бір адаммен орындалуын
-
арнайы химиялық қосындылармен өңделгендігін немесе өңделмегендігін
-
қолжазба мәтінінің авторын
4.Адамның қолжазбаға дағдыланып, қалыптасуына әсер ететін субъективті сипаттағы факторлар
-
қолжазбаға үйрету әдістемесі
-
қолжазбаны үйренудегі зейінділігі
-
үйрену кезіндегі жағдайлар
-
жазу құралының ерекшелігі
-
мәтінді жазуда қолжазудың ерекшелігі
5.Қолжазбаның жеке дағдысының қалыптасуына әсер ететін объективті сипаттағы жағдай
-
көру ерекшеліктері
-
қолжазба белгісін қабылдау
-
қолжазуды үйрету әдістемесі
-
сананың бақылау қызметі
-
қолжазба белгілері
6.Жазатын адамның әдеттегі қолжазба екпінін сақтай отырып, жазу құралын қағаз бетінен үзбестен әріптің белгілі мөлшерін жазу мүмкіндігін сипаттайды
-
қолжазудың екпіні
-
қолжазудың мөлшері
-
қолжазудың байланыстылығы
-
қолжазудың күрделілігі
-
қолжазудың қарапайымдылығы
7.Кеңістікке бейімделу бағыт қозғалысын сипаттайтын қолжазба белгілерін атаңыз
-
қозғалыстың үйлесімділігі және қарқыны
-
қолжазбаның қисаюы
-
қолжазбаның бастырылып жазылуы
-
қағаз бетінің көлемі және пішіні
-
қолжазбаның көлемі
8.Жазудағы үйреншікті жылдамдық пен қозғалыс координациясы сипаттайды
-
қолжазбаның қисайып жазылуын
-
қолжазбаның байланыстылығын
-
қолжазбаның күрделілігін
-
қолжазбаның қалыптасқандығын
-
қолжазбаның оңайлатылынуын
9.Әріптің ені мен арақашықтығының биіктігіне қатынасы немен анықталады
-
қолжазудың байланыстылығымен
-
қолжазудың мөлшерімен
-
қолжазудың екпінділігімен
-
қолжазудың күрделілігімен
-
қолжазудың оңайлатылынуымен
10.Қолжазба тілінің белгілері ненің ерекшеліктерін көрсетпейді:
-
сауаттылықтың
-
лексиканың
-
қозғалу дағдылығының
-
баяндау стилінің (сөз саптауының)
-
кәсіпкерлік дағдысының
11.Қолжазбаның қалыптасу дәрежесін және сипатын көрсететін қолжазу белгілерін атаңыз
-
қолжазудың қалыптасқандығы
-
қолжазудың екпінділігі
-
қолжазу көлемі
-
жол сызығының бағыты
-
қолжазудың қисаюы
12.Қолжазбаның жеке белгілерін атаңыз
-
жол үсті элементтерін орындау кезіндегі қозғалыс нысандары
-
қолжазу жолы интервалының арақашықтығы
-
жол сызығының бағыты
-
қолжазбаны орындау кезіндегі қозғалыс үйлесімділігі
-
қолжазбаның байланыстылығы
13.Жеке қолжазбаны орындау кезіндегі қозғалыстың бағыты, күрделілігі, нысаны қандай белгілерге жатады
-
жазба тілдік белгілеріне
-
қозғалыстың кеңістік бағдарын сипаттайтын қолжазудың жалпы белгілеріне
-
қозғалыстың құрылысы, олардың траекториясы бойынша сипаттайтын қолжазудың жалпы белгілеріне
-
қолжазудың жеке белгілеріне
-
баспа белгілеріне
14.Салыстырмалы зерттеу үшін тергеу және сот органдарының тапсырмасы бойынша орындалған қолжазбалар қалай аталады
-
шартты - еркін үлгі
-
эксперименталды үлгі
-
шартты үлгі
-
еркін үлгі
-
эксперименталды - еркін үлгі
15.Қылмыстық іс қозғауға дейін орындалған қолжазба мәтіндерінің үлгілері қалай аталады
-
эксперименталды
-
шартты
-
еркін
-
шартты еркін
-
эксперименталды еркін
Құжаттарды техника – криминалистикалық зерттеу
Құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеу объектісіне жатпайды
-
баспаханалық әдіспен орындалған құжаттар
-
компьютерде басылған құжаттар
-
көлік іздері
-
жанған құжаттар
-
көбейту техникасы арқылы орындалынған құжаттар
Құжаттарды техника – криминалистикалық зерттеу объектісіне жатпайды
-
қол іздері
-
мөр таңбасы
-
сия
-
қағаз
-
кассалық аппарат
Құжаттардың реквизиттеріне жатпайды
-
мәтін
-
мөр таңбасы
-
құжаттың бланкасы
-
қолдар (қолтаңба)
-
құжаттың қағазы
Құжаттардың материалдарына жатпайды
-
сия, паста,
-
бояу
-
тушъ
-
қағаз
-
клише
Құжаттардың техникалық құралдарына жатпайды
-
мөр
-
мөр таңбасы
-
принтер
-
компьютер
-
барлығы да жатады
Құжаттардың техникалық құралдарына жатпайды
-
клише
-
матрица
-
мөртаңба
-
қағаз кесетін машина
-
мәтін
Құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеуге жатпайды
-
құжат немесе оның жекелеген реквизиттерін жасау әдісі
-
құжаттың реквизиттерінің өзгертілуі
-
құжаттың алғашқы мазмұны
-
құжаттағы қолтаңбаның нақты тұлғамен орындалғандығы
-
ақша жасау әдісі
Қандай мәселе құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеуге жатпайды
-
құжаттың бланкасы көшірме арқылы жасалуы
-
құжат бланкасында қол іздерінің болуы
-
құжаттың реквизиттерінің бір мезгілде жасалынуы
-
құжаттағы қолтаңба сезіктіден алған қаламмен орындалуы
-
мөрдің жасалу әдісі
Қандай мәселе құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеуге жатпайды
-
құжаттағы өшірілген мәтінінің мазмұны
-
құжаттағы мөр таңбаны қою әдісі
-
мөр таңбаның мазмұны
-
құжаттағы мөртаңбалардың бір мөрмен қойылуы
-
құжаттағы жазулардың бір адаммен орындалғандығы
Қандай мәселе құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеуге жатпайды
-
жалған ақша қағазының қандай мақсаттарда қолданылуы
-
құжаттағы мәтіннің принтермен шығарылуы
-
құжат мәтініндегі автордың білім деңгейі
-
құжаттың бланкасын толтыру құралы
-
құжаттағы фотосуреттің ауыстырылуы
Құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеу кезінде қолданатын химиялық әдістер
-
диффузиялық - көшірме әдісі
-
атомды - эмиссионды спектрлік талдау
-
өткінші жарықта суретке түсіру
-
электронды микроскопия әдісі
-
хромотография
Құжаттарды техника - криминалистикалық зерттеу кезіндегі физикалық әдістер
-
жұқа қабатты хромотография
-
жарықтық микроскопия
-
химиялық талдау
-
диффузиялық көшіру әдісі
-
гидролизді талдау
Дипломның фамилия орналасқан жерінде күңгірт түсті аумақ және әлсіз қорғаныш торы байқалды, әріптердің, штрих бояуларының басқа мәтіннен айырмашылықтары анықталды. Жалғандық қандай тәсілмен жасалған
-
қырып тазалау
-
құжат беттерін ауыстыру
-
химиялық әдіспен өңдеу
-
түзету
-
қосып жазу
Компьютермен басылған мәтіндердің жеке белгілері
-
шрифт маркасы
-
басты механизмінің қадамы
-
белгілердің тік сызық бойынша қозғалуы
-
ара қашықтық көлемі
-
жазу көлемі
Құжаттардың жазуын техникалық әдіспен қырып тазалағанда қалатын белгілер:
-
бояғыш заттардың жайылып кетуі
-
сары дақтардың пайда болуы
-
қағаздың жұқаруы
-
қорғаныш торы түсінің өзгеруі
-
қағаздың кейбір жерінің жылтырауы
Сарапшы қол қоюдың алдын - ала қарындашпен дайындап көшіру арқылы орындалғандығы туралы қорытынды берді. Қандай зерттеу жүргізіледі
-
идентификациялық
-
қай топқа жататындығын анықтау бойынша
-
диагностикалық
-
классификациялық
-
ситуациялық
Сарапшы анықтамадағы мөр таңбасын Исаковтан алынған мөрмен қойылғандығын анықтады, қандай зерттеу жүргізіледі
-
диагностикалық
-
қай топқа жататындығын анықтау бойынша
-
идентификациялық
-
классификациялық
-
ситуациялық
Жалған құжаттарды жасау кезіндегі шынайы мөр таңбасын көшіруге тән емес белгілер
-
таңба штрихтары бояуының түссіздігі
-
таңба штрихтары бояуларының жайылуы
-
өтпелі қалыптың микро бөліктерінің болуы
-
таңбада бедерліктің болмауы
-
таңбада бедерліктің болуы
Сарапшы құжат мәтіні әртүрлі екі жазу машинкамен орындалғаны туралы қорытынды берді. Бұл зерттеу
-
қай топқа жататындығын анықтау арқылы
-
ұқсастықты анықтау
-
классификациялық
-
диагностикалық
-
ситуациялық
Сарапшы зерттелінетін екі құжаттың бір жазу машинкасымен орындалғаны туралы қорытынды берді. Бұл зерттеу
-
диагностикалық
-
қай топқа жататындығын анықтау арқылы
-
идентификациялық
-
классификациялық
-
ситуациялық(жағдай)
Арнайы химикатпен өңдеуге тән емес белгілер:
-
қағаздың люминесценция түсінің әртүрлілігі
-
белгілі аумақтағы қағаз қалындығының жұқаруы
-
жазу белгілері элементтерінің бояғыш түсінің өзгеруі
-
сары және сарғыш дақтар
-
сәуле жиектерінің болуы (ореол)
6.Тақырып. Криминалистік габитология және криминалистік есепке алу
<предыдущая страница | следующая страница>