Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Күні 15.02.2012

Сыныбы 9 В

Өтілетін орны 43 кабинет

Өтілетін уақыты 11.25

Пәні қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі Демеуова М.

Тақырыбы Жамбылдың сатирасы

Мақсаты : білімділік - қазақ әдебиетінің бәйтерегі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып ақынның сатиралық өлеңдеріне талдау жасау;

дамытушылық - ақын жырларын талдау арқылы оқушылардың сөйлеу,ойлау қабілетін дамыту;

тәрбиелік - оқушыларды поэзияны сүюге, адамгершілікке,ұлттық салт-санаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ.

Әдісі : репродуктивті, ішінара іздендіру.

Пәнаралық байланыс: тарих, география,өмірмен байланыс.

Көрнекілігі,техникалық жабдығы : интерактивті тақта,Ж.Жабаев Шығармалар жинағы,кестелер.

Пайдаланылған әдебиеттер: Ж.Жабаев Шығармалар жинағы, Қазақ әдебиетінің тарихы.С.Мақпыров «Қазақ әдебиеті».Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетінің әдістемесі», З. Қабдолов Таңдамалы шығармалар І том.

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі



ІІ Үй тапсырмасын сұрау :

1.А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасының мазмұны

2. Поэмадан үзінді жатқа айту.

3.Ескендір туралы қосымша деректер(ішінара іздендіру тапсырмасы)

4.Ұлылар үндестігі. Жамбылдың «Жалғызбын деп жүрмесін» өлеңі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

1.Жыр алыбы – Жамбыл.

2 Жамбылдың сатиралық өлеңдері

3 «Шағым» өлеңі

4 «Кәдірбайдың төбеті» өлеңі және жазылу тарихы туралы

5 «Өстепкеде», т.б сатиралық өлеңдеріне шолу



ІҮ. Жаңа материалды бекіту:

1.Кітаппен жұмыс «Кәдірбайдың төбеті» өлеңіне сюжеттік талдау.

2. Абайдың сатирасы мен Жамбыл сатирасы арасындағы тақырыптық байланыс

3.Ой толғау «Күлкі – қазақ халқы ұғымындағы ең үлкен жаза»



Ү. Жаңа сабақты қорытындылау «Жамбыл» сөзжұмбақ шешу

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. Жамбылдың сатиралық өлеңдері . «Кәдірбайдың төбеті» өлеңінің сатиралық сипаты



ҮІІ Бағалау
Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

1.А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасының мазмұнын баяндату.

2. Поэмадан үзіндіні жатқа сұрау.

3. Ескендір туралы қосымша деректер ( оқушылардың ізденісі)

4. Ұлылар үндестігі. Жамбыл Жабаевтың Абайға арнаған «Жалғызбын деп жүрмесін» өлеңін келтіру арқылы, ХІХ ғасырдағы ұлы ақындар – Абай мен Жамбылдың шығармашылығындағы тұтастықты әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

«Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса – өлең емес. Нәрсіз сөз – зілсіз оқ есепті » - деген Жамбыл Жабаевтың сөзін эпиграф ете отырып, жаңа сабақты бастаймын.

Қазақ әдебиетінің бәйтерегі , жыр дүлдүлі, кезінде «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыршы Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпанның боранында қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Хан мен Жамбыл тауының етегінде Жапа мен Ұлдан ананың отбасында дүниеге келген. Жамбыл тауының етегінде көшіп-қонып жүргенде туды деп атын Жамбыл қойған. Жамбыл бала кезінен-ақ өлең-жырға құмар болады. Молданың оқытқан оқуына көңілі толмай, молда оқуын сынайды. Қолына домбыра алып, ақындық жолға түсуді армандайды. Ел ішінде ақын бала атанған Жамбылдың өлеңдерін Жетісудың атақты айтыскер ақыны Сүйінбай естіп , бала Жамбылға батасын береді. Халықтың сөзін сөйлеп, халықтың мұңын жоқтауға кеңес береді. Жамбыл өмірінің соңына дейін ұстаз сөзіне адал болып, «Менің пірім – Сүйінбай» деп ұстазына сыйынып өтеді.Жамбыл атағы жер жарған ақын атанып, Жетісу өңіріне, көршілес қырғыз еліне танылады.Құлмамбетпен, Досмағамбетпен айтысып , оларды жеңеді.Азулы ақын бай мен молда, болыс пен старшиндардың елге қиянатын, парақорлығын әшкерелейді. Жамбыл туындыларының ерекше түрі – оның сатиралық өлеңдері. Жалпы сатира дегеніміз – өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілдіреді. Күні өткеннің, тозып біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам бойынан жиіркеніш шақырады. Қулық пен сұмдықты, екі жүзділік пен мансапқорлықты, ұятсыздықты – әйтеуір өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырасыз күреске үндейді. Сатира – халықтың рухани күші мен қуатының кепілі. Сондықтан ежелгі грек сатириктері Эзоп, Аристофан, Лукиан, рим сатириктері Ювинал, Гораций, орыс сатириктері Крылов пен Грибоедов, Гоголь мен Салтыков-Щедрин, Чеховтардан біріне-бірі жалғасқан тамаша дәстүр бар. Орыстың атақты сыншылы Белинский «Дүниеде күлкіден қатерлі ешнәрсе жоқ: күлкі – жексұрын жетесіздікті жерлеу», - деп бекер айтпаған.

Жамбылдың да сатиралық өлеңдері адам мінез-құлқындағы, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді мінеген ащы сын, өткір мысқылға толы. Ақынның бізге жеткен алғашқы өлеңінен ( «Шағым») бастап өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ, ажуаларына дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес. Бала Жамбыл арамза молданың балаларды шыбықпен сабағанын, сабаққа келген баланың дорбасынан жем дәметкенін, қараңғылығын сынап, әкесіне өлеңмен шағым айтады да , домбырасын қолға алып басына бостандық сұрайды. Ақын назарына іліккен ұнамсыздықтар күлкілі өлеңге айналмай қалмаған. Ол асын дұрыс бермеген сараң келінге де , салақ әйелге де әзілмен зіл тастаған.

Жамбылдың сатирашы ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқты өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.(экраннан Жамбылдың сатиралық өлеңдері слайды көрсетіледі).

«Кәдірбайдың төбеті» - сюжетке құрылған , композициялық құрылымы бар өлең.(өлең мазмұнына тоқталу)

1913 жылы Верный (Алматы) қаласында Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуына байланысты көрме ұйымдастырылып, оған Жетісу өлкесінен 30 ақын шақырылады.Орыс төрелері мен қазақ байлары патша мен оның әкімдерін мадақтап өлең шығарыңдар деп тапсырма береді.Ақындық өнерді қорлаған патша жендеттерінің бұл қылығына Жамбыл бастаған бір топ ақындар қарсылық білдіреді. Сол жерде Жамбыл мен Шарғын деген соқыр ақын соққыға жығылады. Сонда ел еркесі ақындарын сабатып қойып, ұлықтан қорқып, ұйлығып тұрған қазақ байларының дәрменсіздігін, жалтақтығын беттеріне басып, Жамбыл «Өстепкеде» (выставка - көрме) деген айыптау өлеңін қалың жұрттың көзінше айтады. Міне , нағыз азамат ақын деп, батылдық пен батырлық деп осыны айтса керек. Бұл деңгейге Жамбыл өзінің сатирасы арқылы көтерілді.

«Есенәлі мешкейге» өлеңінің тууына мынадай оқиға себеп болған. Бірде Есенәлі деген байдың үйіне Жамбыл қонаққа барады. Сонда Жамбылдың кедейлігін кекеткен болып : «Жамбылдың жүрегіне май батады дейсің бе?» - дейді Есенәлі мешкей табақтағы білектей қазыны өзіне қарай жылжытып. Сараңдықпен аты шыққан Есенәлінің өз дастарқанының берекесін өзі алғанына ыза болған Жамбыл оны мысқылдап өлең шығарады:

Жаралғалы жегенің қазы, жамбас,

Қарның ашты дегенге адам нанбас.

ЕТ пен майды ішіңе нығап тығып,

Адамшылыққа инедей орын қалмас.

Сондай-ақ «Әділдік керек халыққа» өлеңінде байлардың әділетсіздігін, екі жүзділігін, халыққа жасаған қиянатын айтуды ақындық парыз санайды.



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Кітаппен жұмыс. Хрестоматиядан «Кәдірбайдың төбеті» өлеңін оқып, сюжеттік талдау жасау.

А) Жолда

Ә) Жолыққан жігіттің хабары.

Б) Кәдірбайдың қайғысы.

В) Жыршыларда дамыл жоқ.

Г) Сөз кезегі – Жамбылда.

Ғ) Жамбылдың өткір үкімі.

2. Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Абай: Жамбыл:

Бай-болыстарды сынады. Бай-болыстарды сынады

Әділетсіздікті сынады. Әділетсіздікті сынады.

Адам бойындағы жаман Адам бойындағы жаман

әдеттерді сынға алды. әдеттерді сынға алды.
Абай мен Жамбыл сатирасының ортақ түйіні ретінде Абайдың мына өлеңін келтіремін:

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе жайы сол,

Жек көрсеңдер, өзің біл!
«Ызалы сайқымазаққа, әжуаға, мысқыл-қалжыңға Жамбыл тапқырлығы елден ерек» - деген М. Әуезов сөзімен, Жамбылдың сатирасын түйіндеп, шығармашылық жұмысқа бағыттаймын.


  1. Ой толғау «Күлкі – қазақ халқы ұғымындағы ең үлкен жаза»

(Досқа – күлкі, дұшпанға таба етпе. Ел-жұртқа күлкі болды, т.б.)

Ү. Сабақты қорытындылау

1.«Жамбыл» сөзжұмбағын шешу.

2. Қазіргі қазақ сатирасы туралы бірер сөз.Сатира сардары Асқар Тоқмағанбетов шығармашылығы.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

1.Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.



2. Жамбылдың сатиралық өлеңдері. «Кәдірбайдың төбеті» өлеңінің сатиралық сипаты.

ҮІІ. Бағалау.

Күні 15. 02. 2012 Сыныбы 9 в өтілетін орны

Мақсаты : білімділік қазақ әдебиетінің бәйтерегі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып ақынның сатиралық өлеңдеріне талдау жасау

63.66kb.

17 12 2014
1 стр.


Күні 12. 03. 2011ж Уақыты 3 сабақ Өтілетін орны 310 кабинет Пәні география Сыныбы 11

Көрнекі-құрал жабдықтары: Дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, компьютер, медиапроектор, слайд

105.82kb.

16 12 2014
1 стр.


Күні: 16. 02. 2012жыл. Класс: 2Г Өтілетін орны
41.01kb.

16 12 2014
1 стр.


Өтілетін орыны, сыныбы, уақыты: Спорт зал. 6 «г»сыныбы, 2 кезек, сағат 15: 15 Сабақтың тақырыбы

Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Бұрылу элементерін орындау

73.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: Тоқсан: І мұғалім
44.68kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 29. 01. 11ж Сыныбы: 9 «А» Тақырыбы

Ата – ананың бақыты неде? Баласы ата – анасын қалай бақытты етпек? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

64.69kb.

25 12 2014
1 стр.


Сыныбы: 11-сынып Пәні: Геометрия Күні: Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар Мақсаты

Білімділік: Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын енгізу, Эйлер формуласын есеп шығаруда пайдалана білу дағдысын қалыптастыру

28.8kb.

15 10 2014
1 стр.


Күндердің ең абзалы жұма күні. Бұл күні Адам атамыз жаратылған. Және осы күні жаннатқа кіргізілген. Әрі осы күні одан шығарылған. Қиямет те осы жұма күні болады

Аллаһ оның сауабын арттырып, күніларын кешіреді. Бұл күнде бір сәт бар. Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса, Аллаһ оған сұрағанын береді

101.91kb.

25 12 2014
1 стр.