Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сыныбы: 11-сынып Пәні: Геометрия Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар

Мақсаты: Оқушыларды дұрыс көпжақтың түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын енгізу, Эйлер формуласын есеп шығаруда пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Байқағыштық, талдай білу, салыстыра білу және қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Соңғы нәтижеге жету жолында табандылық пен жігерлілік көрсете білуге, өзін - өзі бағалай білуге және жекелей жұмыс жасай білуге, оқушыларды жауапкершілікке, ұстамшылдыққа, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, эстетикалық тәрбие беру, салауатты өмірге, ұғымталдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, өз еңбегі мен өзге еңбегін қадірлей білуге, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім игерту.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа бет, интерактивті тақта, мұғалім сөзі, оқулық, тест, тірек-схемалар.

Cабақтың әдістері: 1) Есте сақтау (репродуктивтік); 2) сұрақ-жауап әдісі;

3) өз бетімен жұмыс жүргізу; 4) баяндау-көрнекілік; 5) проблемалық іздену

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. «Не білеміз» бөлімі

    1. Қайталау сұрақтары

  2. «Не үйренемін» бөлімі

3.1 Интерактивті тақтамен жаңа тақырып түсіндіру

4. «Не үйрендім» бөлімі

4.1. Бекіту.



5. Қорытындылау.

6. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.

А) оқушылардың өткен материалдарды игеруі

Ә) оқушылардың сабаққа дайындығы

Кіріспе бөлім.

Сабаққа назар аударту, жағдаят туғызу.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

А) Қызығушылығын ояту

Ә) Бүгінгі біздің сабағымызда барлықтарыңызға жақсы көңіл, жұмысқа жоғарғы жетістік тілеймін.

Бүгінгі сабақтың ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт»

Оқымай білім жұқпас,

Білімсізден өнер жұқпас

Ұқыпты ұтар, іздеген табар,

Оқыған – озар, еріншек – тозар.

Абай.


  1. Қайталау сұрақтары:

1. Көпжақ дегеніміз не?

Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені көпжақ деп атайды.

2. Көпжақтар неше түрге бөлінеді?

Екі түрге: дөңес және дөңес емес.

3. Дөңес көпжақ дегеніміз не?

Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай біржақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.

4. Көпжақтың түрлерін ата.

Призма, параллелепипед, пирамида.



  1. Егер дөңес көпжақтың жақтары қабырғаларының саны бірдей дұрыс көпжақтар болса және көпжақтың әрбір төбесінен шығатын қырлар саны бірдей болса, онда оны дұрыс көпжақ деп атайды

Дөңес көпжақтың бес түрі бар:

  1. Дұрыс тетраэдр;

  2. Куб (Гексаэдр);

  3. Октаэдр;

  4. Додекаэдр;

  5. Икосаэдр.









  1. Бекіту. Есеп.
    Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінде үш қыры тоғысқан. Егер оның қырларының саны 12-ге тең болса, онда төбелері мен жақтарының санын анықтаңдар.

Жауабы: Төбелер саны – 8, жақтар саны – 6 болатын көпжақ – куб.



  1. Бағалау, қорытындылау.

  2. Үйге тапсырма: § 5, № 6, 11. Дұрыс көпжақтардың макетін жасау

Сыныбы: 11-сынып Пәні: Геометрия Күні: Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар Мақсаты

Білімділік: Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын енгізу, Эйлер формуласын есеп шығаруда пайдалана білу дағдысын қалыптастыру

28.8kb.

15 10 2014
1 стр.


Пәні: Геометрия Сыныбы: 7 сынып Тақырыбы

Білімділік: Үшбұрыш туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдете түсу. Үшбұрыштын негізге сызықтарымен, түрлерімен таныстыру. Математикалық ойлау қабілетін арттыру

29.29kb.

14 10 2014
1 стр.


Сыныбы: 7 сынып Сабақтың тақырыбы:“Архимед күші. Мақсаты

Күштіөлшеуүшінаранайықұралдар–динамометрлер (грекше динамис-күшжәнеметро-өлшеймін) қолданылады

237.01kb.

17 12 2014
1 стр.


Пәні: Матемаика Сыныбы: 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» Мақсаты

Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және

65.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 18. 12. 2010 Пәні: қазақ тілі Сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасы. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем (қайталау)

43.63kb.

08 10 2014
1 стр.


Класы: 9 Пәні: Геометрия Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Кубтың көлемін, толық бетінің ауданын, қырын, қарама -қарсы жақтарының арақашықтығың, қырының ұзындығын, пирамиданың, тік призманың толық бетінің ауданын табуды и

120.41kb.

25 12 2014
1 стр.


Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой орта мектебі Физика пәні мұғалімі Бейсембаева Торғын Сағатқызы Тақырыбы: Озық ойлы оқушы Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Физика пәні бойынша оқушылардың білімдерін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

31.75kb.

25 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.