Күні: 18.12.2010
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасы. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем (қайталау).
Сабақтың мақсаты:
-
Қазақ отбасы өмірінен жалпы түсінік беру; Себеп-салдар құрмалас сөйлемді қайталау; жаңа сөздермен танысып, грамматикалық тапсырмалар орындау;
-
Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
-
Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, үлкенді сыйлап, кішіге ілтипат көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ, ой толғау, қорытындылау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
оқушылармен амандасу
-
Гимн орындау
-
кезекшімен сұхбат
-
Үй тапсырмасын сұрау
56 бет, 2 – тапсырма. Отбасы мүшелерін жатқа сұрау;
Жазбаша оқушылар сөздерді анықтамасын табады:
Ата - қыздың немесе әпке қарындастың баласы
Әже - балалардың анасының төркіні
Әке- шеше - немеренің баласы
Бала - әкенің әкесі
Ұл - әкенің шешесі
Қыз - дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыптылар
Немере - басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана
Шөбере - ата-анадан туған ұрпақ
Нағашы - шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы
Жиен - ұлдың баласы
-
Білімді жан-жақты тексеру:
1) Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2) Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3)Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
5) Қазақ тілін зерттеген ғалымдарды атаңдар.
6) Ежелгі қалаларды атаңдар.
7) Қара шаңырақ дегеніміз не?
-
Жаңа сабақ: Қазақ отбасы
(оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру) Жаңа сабақты сөзжұмбақты шешу арқылы табу.
1. Ежелгі қаланы ата.
2. Әкенің әкесі кім?
3. Немеренің баласы кім?
4. Қазақ хандығындағы ең жоғарғы билеуші кім?
5. Шыңғысханнан тараған ер адамдарды кім дейміз?
6. 9-10 ғ. Түркістан қаласы қалай аталды?
Сөздік жұмысы:
Тірек -опора
Ақылдасу - советоваться
Үйлену - жениться
Енші - доля, наследство
Тұрмысқа шыққан - вышедшая замуж
Жасау - приданое
орны да үлкен - имеет большое значение
-
алдымен мұғалім өзі оқиды;
-
барлық балалар топпен оқиды;
-
топ - топқа бөлініп оқиды;
-
дәптерлеріне жазады.
Оқулықпен жұмыс:
56 бет, 1 – тапсырма. Мәтінмен жұмыс
-
мәтінді оқу;
-
Мәтінді аудару;
-
Құрамындағы жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жасау.
2 - тапсырма. Мына сұрақтар бойынша қасында отырған оқушыға жауап беріңдер.
1. Сенің сіңілің (қарындасың) бар ма?
2. Ағларың, інілерің бар ма? Олардың жастары нешеде?
3. Олардың жолдастары бар ма?
4. Олар бос уақытында немен айналысады?
3 - тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.
Тату-тәтті тұру, айрандай ұйыған, құрметтеу, бір-біріне сену, көмектесу (ас әзірлеуге, ыдыс жууға, үй жинауға, кір жууға, бала бағуға), сүю, жақсы көру.
«5 жол өлең» стратегиясы
-
Отбасы
-
-
-
-
ТЕСТ
1. Себеп-салдар құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап.
А) бірақ, алайда В) да, же С) себебі, өйткені D) не, немесе Е) бірде, біресе
2. Қара шаңырақта отбасының иесі кім?
А) үлкен бала В) үлкен қыз С) ортаншы ұл D) кенже ұл Е) кенже қыз
3. Әке - отбасының ... . Сөйлемді аяқта.
А) бақыты В) байлығы С) көмекшісі D) берекесі Е) тірегі
4. Тұрмысқа шыққан қызға не беріледі?
А) дәм В) киім С) жасау D) тағам Е) сарқыт
5. Немеренің баласы кім?
А) ағаның баласы В) қыздың баласы С) жиен D) шөбере Е) ұлдың баласы
6. Баланың анасының төркіні кім?
А) нағашы В) жиен С) немере D) ұл Е) әке-шеше
Жауаптары
-
Д
-
С
-
Е
-
С
-
Д
-
А
Үйге тапсырма:
- 59 – бет, 5 – тапсырма
- жаңа сөздер Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!