Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


7.12.2011 518/75-IV
Астана қаласының 2012-2014 жылдарға

арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 254 206 142 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 80 077 995 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 249 297 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 8 160 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 165 718 850 мың теңге;

2) шығындар – 215 885 854 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – (-331 968) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 545 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 876 968 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 36 693 556 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 36 693 556 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 958 700 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –

(- 1 958 700) мың теңге;

7) қарыздар түсімі – 5 841 300 мың теңге;

8) жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы қарызын өтеу - (- 7 800 000) мың теңге.

2. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығы назарға алынсын:

бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды алуға арналған салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша салық тәртібі тұрақтылығының кепілдіктерін сақтайтын роялти;

бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша – бұған дейін Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылған жарналар бойынша берешек, сондай-ақ, бұған дейін Жол қорына түскен автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымы;

Сонымен қатар, қызметін салық тәртібі тұрақтылығының кепілдігін қарастыратын жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда аталған аударымдарды немесе «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын аударым сомасына әлеуметтік салықты азайтады;

«Өндірушілер көтерме түрде іске асыратын меншікті өндірілген бензин (авиациялықтан басқа)» коды бойынша - бұған дейін Жол қорына түскен бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

«Өндірушілер көтерме түрде іске асыратын меншікті өндірілген дизельді отын» коды бойынша – бұған дейін Жол қорына түскен дизельді отын алымы бойынша берешек.

3. 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құрылған теріс сальдо жұмыс берушілердің қызметкерге уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша төлеген жәрдемақыларының, бала туғанда, жерлеуге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін соманың аталған қорға аударылған аударымның есептелген сомасынан артуы нәтижесінде ай сайын жалақы қорынан 4 пайыз мөлшерінде әлеуметтік салық төлемақысы есебінен есептелінеді.

4. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтарынан:


  1. жалақының ең төмен мөлшері – 17 439 теңге;

  2. мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем мөлшері – 8 720 теңге;

  3. зейнетақының ең төмен мөлшері – 17 491 теңге;

  4. жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 618 теңге;

  5. базалық әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу үшін күнкөріс минимумының шамасы – 17 439 теңге;

6) 2012 жылдың 1 қаңтарынан әскери қызметкерлерге (шұғыл қызметтің әскери қызметшілерінен басқа) және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында бекітілгенін есепке алу қажет.

5. Астана қаласының 2012 жылға арналған бюджетіне республикалық бюджеттен 18 309 850 мың теңге сомасында бюджеттік субвенциялар қарастырылды.

6. Астана қаласының жергілікті атқарушы органының 2012 жылға арналған резерві 1 367 111 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

7. 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлумен Астана қаласының 2012 жылға арналған бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

8. 5-қосымшаға сәйкес Астана қаласының 2012 жылға арналған бюджетін атқару процесінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

9. 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының «Алматы» ауданының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

10. 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының «Есіл» ауданының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

11. 12, 13, 14-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.



12. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.

Астана қаласы

мәслихаты сессиясының төрағасы А. Ким

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы Ж. Нұркенов

КЕЛІСІЛДІ

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» (ЭжБЖБ) ММ

бастығы Ж. Нұрпейісов



Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»

Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

44.27kb.

09 10 2014
1 стр.


Кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2076 тіркелген шешіміне сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты шешті

50.28kb.

12 09 2014
1 стр.


Зырян ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қантардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағы, 310,311-бабтарына с

39.85kb.

15 10 2014
1 стр.


Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

«Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» және 1998 жылы 24 наурыздағы «Нормативтік құ

284.63kb.

25 12 2014
1 стр.


Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1 тармақтың 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының

158.16kb.

08 10 2014
1 стр.


1568 от 11. 12. 2012г. Зырян ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 қарашадағы №3866 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»

94.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламентін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»

Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңыны

396.09kb.

15 10 2014
2 стр.


Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үк

387.22kb.

25 12 2014
2 стр.