Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Алматы энергетика және байланыс университеті

«Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасы


5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

мамандығы үшін

«Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері» пәнінің



Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы (S Y L L A B U S)

Бакалавриат

Курс 1

Семестр 1



Барлығы 2 несие

Сағаттардың жалпы саны – 90

Дәрістер – 8 контакты сағат

Зерханалық сабақтар – 15 контакты сағат

Практикалық сабақтар – 15 контакты сағат

СОӨЖ – 15 сағат

СӨЖ – 37 сағат

2 ЕГЖ – 1 семестр

Емтихан 1 семестр

Алматы, 2012 ж.

Оқу бағдарламасы ИГжҚМ кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді, 27.06.12 ж. №12 хаттама.

Кафедра меңгерушісі К.С.Иванов



1. Оқытушылар жөнінде мәлімет

Аты–жөні

Қызметі, ғылым дәрежесі, ғылым атағы

Өткізу уақыты мен орны

Тел.

Аудиторлық сабақтар

СОӨЖ

Мажиев Ержан Мырзахметұлы

аға оқытушы

кесте бойынша

ИГжҚМ каф. және деканатта ілінген қосымша кестесі бойынша

292-10-29 (жұм.)

Мауталинова Бақыткуль Нұрмұхамбетқызы

ассистент

-“-

-“-

-“-


2. Пән жөнінде мәлімет

Несиелер саны: 2

Оқу мерзімі: 1-ші курс, 1-ші семестр

Дәрістер – 8 сағат, практикалық сабақтар – 15 сағат, зертханалық сабақтар – 15 сағат.


3. Пререквизиттер: «Сызу», «Геометрия» (орта мектеп бағдарламасы бойынша), «Информатика».

Постреквизиттер: жалпы техникалық және мамандырылған пәндер.
4. Пәннің сипаттамасы

«Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері» курсы 5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығында оқитын студенттері үшін студенттердің таңдауы бойынша оқитын және базалық пән болып келеді.


5. Пәннің мақсаттары

Пәннің мақсаты – студенттердің жалпы техникалық пен мамандырылған пәндерді оқып білуге, сонымен қатар келешектегі кәсіптік және басқару жұмысында керек болатын білімдер, икемдер мен дағдаларды алуы.

Пәнді оқып білу нәтижесінде студент келесілерге міндетті:


  1. Нүктелердің, түзулердің, жазықтықтардың және кейбір сызықтар мен беттердің түрлерінің кескіндерін тұрғызу теориялық негіздерімен танысу;

  2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы мен өзара қиылысуына арналған типтік есептерінің шығару жолдарымен танысу;

  3. Компьютерлік графика негіздерімен танысу.

  4. Заттардың кескіндерін тұрғызу тәсілдерін оқып білу, соның ішінде компьютерлік графика көмегімен де.

  5. Сызбаларды оқуды үйрену, яғни, кескіндеріне қарап, қарапайым бөлшектердің геометриялық формасын анықтауды және дененің өзіне немесе құрастыру сызбаға қарап, дененің кескіндерін орындауды білу.

  6. Өз мамандығында кеңінен тараған бөлшектер қосылыстарының кескіндерімен танысу.

  7. КҚБЖ стандарттарының сызбаларға және схемаларға қоятын негізгі талаптарымен танысу;

  8. Әр түрлі заттардың түрлеріне жасалған конструкторлық құжаттардың құрамымен танысу.


6. Пәннің қысқаша мазмұны

Пән курсы келесі бөлімдерден тұрады:

1. Сызбаларды тұрғызу теориясы (сызба геометрия),

2. Сызбаларды тұрғызу практикасы (техникалық сызу)

3. Компьютерлік графика негіздері (AutoCAD).

7. Сабақ тақырыбы мен ұзақтығы

Апта

Дәрістер

Практикалық және зертханалық сабақтар

СӨЖ

Тақырыбы

Сағ.

Тақырыбы

Сағ.

1

1-дәріс. Пәннің мазмұны, құрылымы және мақсаттары. Қабылданған белгіленулер мен символдар. Проекциялау тәсілдері: орталық, параллель және ортогональ проекциялау. Проекциялаудың негізгі қасиеттері. Монж эпюрі. Нүктенің координаттары. Нүкте мен түзудің комплексті сызбасы. Жалпы және дербес жағдайдағы түзулер. Түзулердің кеңістікте өзара орналасуы.

2

1-практ. Сызбаларды орындау жалпы ережелері. КҚБЖ (ЕСКД) стандарттары. Форматтар, масштабтар, сызықтардың түрлері, шрифтілер. Сызбаларда өлшемдерді қою. Өлшем-дер мен формалардың шекті аутқулары, беттердің кедір-бұдырлығы туралы түсі-ніктемелер.

2





2

2-дәріс. Жазықтықтың комплексті сызбасы. Жалпы және дербес жағдайдағы жазық-тықтар. Жазықтықтағы нүкте. Жазықтық пен түзудің өзара орналасуы. Жазықтықтардың өзара орналасуы.




1-зертх. AutoCAD жүй-есінде сызбаларды тұрғы-зудың негіздері. Графикалық қарапай-ымдар. Объектілік байланыстыру. Сызық-тардың түрлері. Сызба-ның қабаттары.

2




3

3-дәріс. Ортогональ проекция-лардың түрлендіру әдістері: проекция жазықтықтарын алмас-тыру және проекциялаушы түзулер арқылы айналдыру тәсілдері. Метрлік және позициялық есептерді шығару.

2

2-практ. Кескіндер: түзулер, тіліктер, қималар. Негізгі, қосымша және жергі-лікті түрлер. Бөлшектің берілген екі түрі бойын-ша үшінші түрін тұрғызу. Қарапайым, күрделі және жергілікті тіліктер, қималар. Бөл-шектердің тіліктері мен қималарын орындау. Штрихтау. Материал-дардың белгіленулері.

2


1.1 тапсырмасын орындау

(№1 ЕГЖ)


4

4-дәріс. Үшөлшемдік объек-тілерді AutoCAD жүйесінде қалыптастыру. Беттер және оларды тұрғызу: қаңқа модельдері, кеңістік жақтар, үшөлшемдік торлар. Қарапайым үшөлшемдік денелерді тұрғызу. Қатты денелерді созып шығару және айналдыру арқылу жасау. Құрама денелерді біріктіру, алып тастау және киылыстыру арқылы жасау.




2-зертх. AutoCAD жүйе-сінде графикалық қара-пайымдарды өзгерту (редакциялау).

2

1.1 тапсыру

(№1 ЕГЖ)



5




2

3-практ. Аксономет-риялық проекциялар туралы түсініктемелер. Ортоногаль проекциясына қарап, бөлшектің аксонометриялық проекциясын эскиздеп орындау.

2


1.2 орындау

(№1 ЕГЖ)



6







3-зертх. Жазық бөлшектің сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау.

2




7




2

4-практ. Бөлшектердің ажырайтын және ажырамайтын қосылыс-тары. Сызбаларда ажырамайтын (пісірілген, дәнекерленген, желім-делген) қосылыстарды көрсету және белгілеу


2

1.2 тапсыру және 1.3 орындау

(№1 ЕГЖ)


1 аралық бақылау





8







4-зертх. Типтік бөлшектің екіөлшемдік сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау.

2



9







5-практ. Ажырайтын қосылыстар. Бұрандалар және олардың түрлері. Бекітетін бөлшектер. Бұрандалардың және бұрандалы қосылыстардың сызбада шартты көрсетуі және белгіленуі.

2

1.3 тапсыру.

2.1 орындау (№2 ЕГЖ)




10







5-зертх. AutoCAD жүйесінде үшөлшемді модельді жасау және соның негізінде екіөлшемдік сызбаларды орындау.

2




11







6-практ. Техникалық құрылғылардың сұлбаларын орындау ережелері. Электр принциптық сұлбаларды орындау.

2

2.1 тапсыру және 2.2 орындау

(№2 ЕГЖ)


12







6-зертх. Бұрандалы қосылыстың шартты кескінін орындау.

2




13







7-практ. Сызбаларды тұрғызу теориясы бойынша метрлік және позициялық есептерді шығару.

2

2.2 тапсыру және 2.3 орындау


14







7-зертх. Техникалық құрылғының принциптық сұлбаларын AutoCAD жүйесінде орындау.

2




15







8-практ. Сызбаларды тұрғызу теориясы бойынша комплексті есептерді шығару (пирамида).

Немесе

8-зертх. AutoCAD жүйесіндегі Visual LISP орасында программалауды қолданып сызбаны орындау.

2

2.3 тапсыру.

2 аралық бақылау



(аттестация)




Барлығы

8




30







Емтихан














8. Семестрлік тапсырмалар

Студенттер семестр ішінде 2 есептеу-графикалық жұмыс орындап қорғау керек.




№ ЕГЖ

Тап-сырма №

Аты

Формат

Мерзімі-апталап

Ескерту

беру

қабылдау

1

1.1.

AutoCAD жүйесінде геометриялық тұрғызуларды орындау

А4

2

4

Тапсырманы оқытушы береді, орындау мысалы /15/-де және т.б. бар

1.2.

Бөлшектің аксонометриялық сызбасы (эскиз)

А4

5

7


Тапсырманы оқытушы карточкамен береді, орындау мысалы /5/-де бар

1.3.

Ажырамайтын қосылыстары бар құрастыру бірлігінің құрастыру сызбасын орындау

А4

7

9


Тапсырма /6/-дан алынады (немесе оқытушы карточкамен береді), орындау мысалы /6/-да және т.б. бар

2

2.1.

Типтік бөлшектің сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау

А4

9

11


Тапсырма мен орындау мысалы /11/-де бар

2.2.

AutoCAD жүйесінде үшөлшемді модельді жасау және соның негізінде екіөлшемдік сызбаларды орындау

А4

11

13


Тапсырманы оқытушы береді, орындау мысалы /14/-де бар

2.3.

Қолмен эскиз ретінде және AutoCAD жүйесінде техникалық құрылғының принциптық сұлбасын орындау

А4+А3

13

15


Тапсырма /9/-дан алынады, қолымен орындауға әдістемелік нұсқау /8/-де бар, AutoCAD жүйесінде – /13/-де бар.

9. Студенттердің өз бетінше жұмысы

9.1 Дәріс материалын оқып игеру.

9.2 Практикалық және зертханалық жұмыстарға дайындалу.

9.3 Өзбетінше оқып игеруге арналған тақырыптар



  1. Қарапайым геометриялық тұрғызулар (түйіндесулер, жанамалар).

  2. Жазықтықтың іздері.

  3. Жазықтық пен түзудің өзара қиылысуы.

  4. Екі жазықтықтың өзара қиылысуы.

  5. Көпжақтардың жазықтықпен және түзумен қиылысуы.

  6. Аналу беттерінің жазықтықпен және түзумен қиылысуы.

  7. Екіөлшемді пішіндерден үшөлшемді денелерді тұрғызу командалары.


10. Кеңес беру уақыты

Кеңес беру ИГжҚМ кафедрасында және деканатта ілінген қосымша кесте бойынша өткізіледі. Қажет жағдайда қосымша күндерде кеңес беріледі.


11. Оқытушының талаптары

Пәнді оқу кезінде студенттерге келесі талаптар қойылады:

- сабақтарға кешікпей келу және белсенді қатысу;

- сабақтарға қалам, қарандаш пен сызу құралдарын, дәрістер конспектілерін, жұмыс дәптерін және қажетті форматты беттер әкелу;

- дәрістерге, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындалу кезінде теориялық материалды қайталау, бақылау сұрақтарға жауап беру, үй тапсырмаларын орындау;

- сабақтарда тәртіпті сақтау, жұмыс істеп отыру, басқа студенттердің жұмысына кедергі жасамау;

- ЕГЖ мезгілінде тапсыру, кеш тапсырылған жұмыстарға бағасы (пайызы) төмендетіледі;

- жіберіп қойған дәрістерді, практикалық және зертханалық сабақтарды бір аптадан кешікпей жою (жіберілген тақырып бойынша дәрістің конспектін жасау, есептерді шешу, зертханалық жұмыстарды орындау).

Сабақтар кезінде тәртіпті бұзған, себепсіз сабақтарға қатыспаған, сабаққа сызу құралдары мен дәптерсіз келген студенттерге деканаттан сөгіс салынуы мүмкін.

12. Бағалау жүйесі

Пән бойынша қорытынды баға Ц (% пен) емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы ЦРД және емтихан бағасы ЦЭ ескеруімен келесі формула бойынша есептеледі: Ц = 0,6ЦРД+0,4ЦЭ. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы студент емтиханның алдындағы тестілеуден өткен жағдайда есептеледі (яғни дұрыс жауаптардың пайызы 50 тең немесе одан артық болғанда). Ол ағымды бақылау бағасы мен аралық бақылаулардың бағасы ескеруімен, яғни дәріс, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысу, ЕГЖ орындау және қорғау бағалары ескерілуімен келесі формула арқылы есептеледі: ЦРД = 0,1*Цдәр + 0,1*Цпрак + 0,2*Цзерт + 0,1*ЦАБ1+ 0,1*ЦАБ2 + 0,2*ЦЕГЖ1 + 0,2*ЦЕГЖ2 .

Бұнда бағалар 0-ден 100 пайызға дейін, орындалған ЕГЖ-қа 50-ден 100 пайызға дейін қойылады, осы бағалар әр сабаққа және әр жұмысқа оқытушы қойған пайыздардың орташасы болып есептеледі.



Дәріске қатысу бағасы Цдәр көрсетілген конспектісінің толық және сапалы болуына байланысты, практикалық сабақтарға қатысу бағасы Цпрак - сабақта шешілген есептердің толық және сапалы болуына байланысты қойылады. Зертханалық сабақтарға қатысу бағасы Цзерт зертханалық жұмыстарды орындауға және оны қорғауға байланысты қойылады. Аралық бақылау бағалары ЦАБ1 және ЦАБ2 теориялық сұраққа жауап беру және есепті шешу нәтижелері бойынша қойылады. ЕГЖ бағалары ЦЕГЖ1 және ЦЕГЖ2 олардың мерзіміде тапсырылуына, сапасына және қорғалуына байланысты қойылады.

Студент қорытынды аралық бақылауға (компьютерлік тестілеуге), ол барлық ЕГЖ орындап тапсырған жағдайда жіберіледі, компьютерлік тестілеуге пайыздар қойылмайды. Студент емтиханға оның емтиханға жіберу рейтингісі 50-ге тең немесе одан артық болғанда жіберіледі, яғни ЦРД ≥ 50 болғанда.



Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Емтихан бағасы ЦЭ билеттегі сызудан тапсырманы орындау және теориялық сұрақтарға жауап беру нәтижелері бойынша қойылады. Пән бойынша қорытынды баға емтихан бағасы 50-ге тең немесе одан артық болғанда, яғни ЦЭ ≥ 50 болғанда есептеледі.

13. Сабақ кестесі

Семестрдің 1-ші кварталында (8 апта) дәріс, практикалық және зерханалық сабақтар екі аптада 1 рет (2 сағаттан) өткізіледі; кесте ауыстырғаннан кейін 2-ші кварталда (8 апта) дәрістер өткізілмейді, басқа сабақтар 1-ші кварталдағыдай өткізіледі.


14. Бақылау сұрақтары

  1. Центрлік проекциялау. Центрлік проекциялаудың қасиеттері. Нүктенің, түзу кесіндісінің және үшбұрыштың центрлік проекциялауының мысалдары.

  2. Параллель проекциялау. Параллель проекциялаудың қасиеттері. Нүктенің, түзу кесіндісінің және үшбұрыштың параллель проекциялауының мысалдары.

  3. Ортогоналды проекциялау. Ортогоналды проекциялаудың қасиеттері. Монж эпюрі. Екі проекциялар жазықтықтар жүесіндегі нүкте. Нүкте координаталары.

  4. Жалпы жағдайдағы түзу кесіндісінің ортогоналды проекциялары. Деңгейлік түзулер және олардың проекциялары. Проекциялаушы түзулер және олардың проекциялары. Горизонтальды, фронтальды тұрғызуға мысалдар.

  5. Түзудің іздері. Жалпы жағдайдағы түзудің, деңгейлік түзулердің іздерін тұрғызуға мысалдар.

  6. Нүкте мен түзудің өзара орналасуы. Нүкте мен жазықтықтың өзара орналасуы. Берілген үшбұрыштың жазықтығында жатқан нүктенің жетіспейтін проекциясын тұрғызуға мысал.

  7. Екі түзудің өзара орналасуы. Проекциялар жазықтығын алмастыру әдісімен параллель түзулердің арақашықтығын, айқас түзулердің арақашықтығын анықтауға мысалдар.

  8. Тік бұрыштың ортогоналды проекциясы туралы теорема. Түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың өзара перпендикуляр болуы. Горизонталь, фронталь түзулерге перпендикуляр тұрғызу. Берілген нүктеден жазықтыққа перпендикуляр тұрғызуға мысал.

  9. Сызбада жазықтықтың берілу тәсілдері. Жазықтықтардың өзара орналасуы. Екі жазықтықтың өзара параллель болуының шарты. Берілген нүкте арқылы берілген жазықтыққа параллель жазықтықты тұрғызуға мысал.

  10. Дербес жағдайдағы (деңгейлік, проекциялаушы) жазықтықтардың проекциялары. Жазықтықтардың өзара орналасуы. Екі жазықтықтың өзара перпендикуляр болуының шарты. Берілген нүкте арқылы берілген жазықтыққа перпендикуляр жазықтықты тұрғызуға мысал.

  11. Нүкте мен түзудің өзара орналасуы. Берілген жазықтықта жатқан нүктенің жетіспейтін проекциясын тұрғызуға мысал. Берілген нүктеден жалпы жағдайдағы жазықтыққа дейін қашықтықты анықтауға мысал.

  12. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың өзара параллель және перпендикуляр болуының шарттары. Жалпы жағдайдағы түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін анықтауға мысал.

  13. Проекциялар жазықтықтарын алмастыру әдісі. Жалпы жағдайдағы түзу кесіндісінің, үшбұрыштың, жазық бұрыштың нақты шамаларын анықтауға мысалдар.

  14. Проекциялар жазықтығына перпендикуляр өсіне қатысты айналдыру әдісі. Жалпы жағдайдағы түзудің нақты шамасын анықтауға мысал.

  15. Беттер және олардың жасалуы. Сызықтық және сызықтық емес беттер. Цилиндрлік, конустық беттер. Дөңгелек цилиндр, дөңгелек конус. Дөңгелек цилиндрдің (дөңгелек конустың) бетіндегі нүктенің жетіспейтін проекциясын анықтауға мысал.

  16. Жақты беттер. Пирамидалық және призмалық беттер. Көпжақтар. Призма. Пирамида. Призманың (пирамиданың) бір жағында жатқан нүктенің жетіспейтін проекциясын тұрғызуға мысал.

  17. Айналу беттері. Тор, сфера, айналу эллипсоиды. Цилиндр, конус. Цилиндрдің (конустың, сфераның) бетінде жатқан нүктенің жетіспейтін проекциясын тұрғызуға мысал.

  18. Аксонометриялық проекциялар. Өстер бойынша бұрама коэффициенттері. Изометрия, диметрия, триметрия. Тік бұрышты изометрия. Тік бұрышты изометрияны тұрғызуға мысал.

  19. Тік бұрышты диметрия. Тік бұрышты диметрияны тұрғызуға мысал.

  20. ГОСТ 2.301-68. Пішіндер. Негізгі және қосымша пішіндер.

  21. ГОСТ 2.302–68. Масштабтар. Сызбада масштабты көрсету.

  22. ГОСТ 2.303–68. Сызықтардың түрлері, олардың кескінделуі және пайдалануы.

  23. ГОСТ 2.304–84. Сызба қаріптері. Қаріптер түрлері мен өлшемдері.

  24. ГОСТ 2.307–68. Өлшемдерді түсіру ережелері.

  25. Түйіндесулер. Шеңберге жанама тұрғызуға, екі түзудің радиусы берілген доғамен түйіндесуін тұрғызуға, екі шеңбердің радиусы берілген доғамен түйіндесуін тұрғызуға мысалдар.

  26. Кескіндер: көріністер, тіліктер, қималар. Кескіндерді орындаудағы шарттылықтар мен ықшамдықтар.

  27. Көріністер. Негізгі, қосымша және жергілікті көріністер.

  28. Тіліктер. Қарапайым тіліктер. Қарапайым тіліктердің түрлері.

  29. Тіліктер. Күрделі және жергілікті тіліктер.

  30. Қималар. Шығарылған және беттестірілген қималар.

  31. Тіліктер мен қималардағы сызықтау. Матуриалдардың белгіленуі.

  32. Ажырамайтын біріктірулер. Пісірмелі біріктірулердің түрлері. Пісірмелі біріктірулерді кескіндеу және белгілеу ережелері.

  33. Ажырамайтын біріктірулер. Ажырамайтын біріктірулердің түрлері. Дәңекерлік, желімдік және тойтармалы біріктірулерді кескіндеу және белгілеу ережелері.

  34. Ажырайтын біріктірулер. Ажырайтын біріктірулердің түрлері. Бұранда. Бұрандалардың профиль түріне, кіріс санына, бағытына, пайдалану қажеттілігіне байланысты бөлінуі.

  35. Бұранда. Бұранданың негізгі параметрлері: профилі, сыртқы және ішкі диаметрі, қадамы, жүрісі. Бұранда параметрлерін оның шартты әріптік-цифрлік белгілеуінде көрсету.

  36. Стандарттық метрикалық бұранда, оның профилі және шартты белгіленуі.

  37. Құбырлық цилиндрлік бұранда, оның профилі және шартты белгіленуі.

  38. Трапеция тәріздес бұрандалар, олардың профильдері және шартты белгіленуі.

  39. Сырық үстіндегі бұранданың шартты кескінделуі және белгіленуі.

  40. Тесіктегі бұранданың шартты кескінделуі және белгіленуі.

  41. Бұрандамалы біріктіру құрамына кіретін тетікбөлшектер. Бұрандамалар, сомындар, тығырықтар және олардың стандарттық шартты белгіленуі.

  42. Бұрандамалы біріктіру. Бұрандамалы біріктірудің ықшамдап кескіндеу ережелері.

  43. Бұрамалы біріктіру. Бұрама, оның түрлері. Бұраманың стандарттық шарттты белгіленуі.

  44. Сұлба, сұлба элементі, байланыс сызығы. Сұлбалардың түрлері мен типтері. Сұлба коды.

  45. Сұлбалар орындаудың жалпы ережелері. Сұлба элементтерінің шартты графикалық белгілеулері. Сұлба элементтерінің әріптік-сандық белгілеулері. Элементтер тізімі.

  46. AutoCAD жүйесіндегі графикалық примитивтер.

  47. AutoCAD жүйесіндегі объектілік байланыстар.

  48. AutoCAD жүйесіндегі редакциялау командалары.

  49. AutoCAD жүйесінде өлшемдерді түсіру. Өлшемдік стильді орнату.

  50. AutoCAD жүйесінде қабаттарды және сызықтар түрлерін орнату.

  51. AutoCAD жүйесіндегі үшөлшемді графикалық примитивтер. Үшөлшемді модельдерді редакциялау командалары.

  52. AutoCAD жүйесіндегі үшөлшемді модельдеу. Каркастық, беттік және қатты денелік модельдеу.

  53. AutoCAD жүйесіндегі үшөлшемді модельдеу. Екіөлшемді пішіндерден үшөлшемді денелерді тұрғызу командалары.


15. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Нәби Ы.А. Сызба геометрия және инженерлік графика. - Алматы: Мектеп, 2005.

  2. Нәби Ы.А., Есмұхан Ж.М., Дүйсенов С.А. Машина жасау сызуы: Техникалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: РОНД, 2004. – 200 б.

  3. Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. - Алматы: Мектеп, 2005.

  4. Мұқашев М.Ш., Дүйсенов С.А., Қалиев Б.З. Инженерлік графика.1-бөлім. Сызба геометрия. Оқу құралы - Алматы: АЭжБИ, 2003. – 81 б.

  5. Мұқашев М.Ш., Дүйсенов С.А., Қалиев Б.З. Инженерлік графика. 2-бөлім. Техникалық сызу. Оқу құралы. - Алматы: АЭжБИ, 2004. – 86 б.

  6. Динасылов А.Д., Тойбаев С.Н. Инженерлік және компьютерлік графика. AutoCAD компьютерлік жүйесіне кіріспе. Оқу құралы. - Алматы: АЭжБИ, 2007. – 90 б.

  7. Мұқашев М.Ш. Инженерлік және компьютерлік графика. Сызбаларды тұрғызу теориясы. Дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБИ, 2007. – 37 б.

  8. Дуйсенов С.А., Мұқашев М.Ш. Инженерлік графика. Схемаларды графикалық безендіру. 2-бөлім. – Алматы: АЭИ, 1995.

  9. Дуйсенов С.А., Мұқашев М.Ш., Яхъяев Э.А. Инженерлік графика. Схемаларды графикалық безендіру. 3-бөлім. – Алматы: АЭИ, 1995.

  10. Дінасылов А.Д. Инженерлік және компьютерлік графика. Жазық бөлшектің сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау. Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБИ, 2003.

  11. Дінасылов А.Д., Дүйсенов С.А. Инженерлік және компьютерлік графика. Типтік бөлшектің сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау. Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар және семестрлік тапсырмалар. - Алматы: АЭжБИ, 2004.

  12. Динасылов А.Д., Койлыбаева Р.К., Яхъяев Э.А. Основы компьютерного черчения и 3D-моделирования. Выполнение чертежа болтового соединения. – Алматы: АИЭС, 2010.

  13. Динасылов А.Д. Инженерная и машинная графика. Выполнение принципиальных схем технических устройств в системе AutoCAD. Методические указания к лабораторной работе и семестровым заданиям (для студентов всех специальностей). - Алматы: АИЭС, 2001.

  14. Дінасылов А.Д., Балбаев Ғ.Қ. Инженерлік және компьютерлік графика. AutoCAD жүйесінде үшөлшемді модельдеу. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысқа әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБИ, 2005.

  15. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. - М.: ДМК Пресс, 2001.

16. Дегтярев В.М.,Затыльникова В.П. Инженерная и компьютерная гра­фика. -

М.: Академия, 2010. – 240 с.

17. Нәби Ы.А. Сызба геометрия және инженерлік графика. - Алматы. : Бастау,

2010. - 280 б.



Қосымша

18.Есмұханов Ж.М. Сызба геометрия. - Алматы: Мектеп, 1997.

19.Нәби Ы.А. Компьютерлік графика негіздері. - Алматы: Бастау, 2009.

20.Дүйсенов С.А., Мұқашев М.Ш., Төлбаев Ә.Ә. Инженерлік және компьютерлік графика.

Геометриялық тұрғызулар. - Алматы: АЭжБИ, 2003.

21.Дінасылов А.Д., Төлбаев Ә.Ә., Яхъяев Э.А. Инженерлік және компьютерлік графика.

Айналу беттердің өзара қиылысуы. - Алматы: АЭжБИ, 2004.

22.Дінасылов А.Д., Төлбаев Ә.Ә., Яхъяев Э.А. Инженерлік және компьютерлік графика.

Айналу беттердің қиылысуы. - Алматы: АЭжБИ, 2004.

23.Дүйсенов С.А., Мұқашев М.Ш., Қалиев Б.З. Инженерлік және компьютерлік графика.

Сызбаларды тұрғызу теориясы бойынша есептерді шығару. - Алматы: АЭжБИ, 2003.

24.Мұқашев М.Ш., Досаева А.Б. Инженерлік және компьютерлік графика.

Аксонометриялық проекциялар. - Алматы: АЭжБИ, 2007.

25.Мұқашев М.Ш. Инженерлік және компьютерлік графика. Кескіндер – түрлер, тіліктер,

қималар. 1-бөлім- Алматы: АЭжБИ, 2008.

26.Мұқашев М.Ш. Инженерлік және компьютерлік графика. Кескіндер – түрлер, тіліктер,

қималар. 2-бөлім- Алматы: АЭжБИ, 2008.

27.Динасылов А.Д., Досаева А.Б., Яхъяев Э.А. Инженерная и компьютерная графика.

Общие правила выполнения электрических схем. Методические указания к выполнению

семестровых работ. - Алматы: АЭжБИ, 2006.




Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері пәнінің б а ғ дарламасы

Оқу бағдарламасы игжҚМ кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді, 27. 06. 12 ж. №12 хаттама

206.76kb.

16 12 2014
1 стр.


Инженерлік графика пәнінің б а ғ дарламасы

Оқу бағдарламасы игжҚМ кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді, 27. 06. 12ж. №12 хаттама

204.59kb.

16 12 2014
1 стр.


Краткое содержание проекта Ұсынылып отырған жоба «Компьютерлік желілер»

«Компьютерлік желілер» пәні бойынша бірінші курс студенттеріне жүргізіледі. «Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер» бөлімі. Студенттің өздігінен ізденуінің нәтижесінде, ізде

81.75kb.

25 12 2014
1 стр.


Жоғары оқу орындарының оқытушыларына тағылымдама тақырыптары

Жоғары оқу орындарында компьютерлік жүйені оқытудың теориялық әдістемесі және зерттеу негіздері

36.76kb.

14 10 2014
1 стр.


«Изобразительное искусство и черчение» «Бей нелеу өнері және сызу»
30.01kb.

04 09 2014
1 стр.


Компьютерлік және көшіргі көбейткіш техникаға техникалық қызме көрсету және жөндеу бойынша қызметтер

Мм павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, Компьютерлік және көшіргі көбейткіш техникаға техникалық қызме көрсету және жөндеу бойынша қызметтер бойынша бағалық ұсыныстарын сұрау тәсі

122.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Бизнес және қҰҚЫҚ факультеті

В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалавриат түлектері «Құқық және экономика негіздері бакалавры» академиялық деңгейіне ие болады

23.15kb.

09 10 2014
1 стр.


СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды құрады 050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, «Мемлекет және бизнес» пәнінің типтік бағдарламасы және ҚҚэу-ми-85-04. 01

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, «Мемлекет және бизнес» пәнінің типтік бағдарламасы және ҚҚэу-ми-85-04. 01. 2005 пәндердің оқу-әді

231.04kb.

25 12 2014
1 стр.