ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Сізді 2013 жылы 25 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы «Қазіргі тіл білімінің басымдықтары және түркі әлемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмыстарының негізгі бағыттары:
Тіл біліміндегі жаңа бағыттар: мәдениаралық қатысым, тілді зерттеудің когнитивтік, этнолингвистикалық және лингвостилистикалық парадигмалары;
-
Қазіргі қазақ тіліндегі коммуникативті және функциональды бағыттар;
-
Қазақ тілінің тарихы және түркітанудың өзекті мәселелері;
-
Қазақ әдеби тілінің нормасы мен тілдің әлеуметтік мәселелері: мемлекеттік тіл, терминология, БАҚ тілі;
-
ЖООда тілдік пәндерді оқытудың инновациялық бағыттары мен ғылыми дәстүрлер.
Конференция жұмысы қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі
Тіркеу 2013 жылдың 25 сәуір күні сағ. 9.00-де жүргізіледі. Басталуы сағ. 10.00-де.
Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады. Конференцияға қатысу үшін автор өзі туралы қысқаша мәлімет, мақала, ұйымдастыру жарнасын (4000 теңге көлемінде) жіберуі тиіс. Мақала 2013 жылдың 5 сәуіріне дейін қабылданады. Көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Файлдық форматы – RTF. Қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, 14 кегль, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:
Мақаланың аты ортасында болуы керек (кіші әріппен, жартылай жуан шрифтпен, кегль 14), төменірек ортасында автордың аты-жөні (кіші әріппен, жартылай жуан шрифт, кегль 12; оның астында жақшада – жұмыс орныңыз, қала, мемлекет (кіші әріппен, кегль 12), оның астында– e-mail ( курсивпен, кегль 12); .Маңызды сөздер (ключевые слова) –5 тен көп емес болу керек; Жолдары: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ жолы – 30 мм, оң жақ жолы – 15мм; Жоларалығы 1,0 интервалмен; Мақала соңында орыс тіліндегі қысқа түйін (қазақ мәтіндері бойынша) немесе қазақ тіліндегі қысқа түйін (орыс тілінде жазылған мәтіндер бойынша) беріледі. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде жақшаға алынып беріледі. Мысалы, [1:45]. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мақала мәтіннің соңында сілтеме түрінде, пайдаланылу ретіне сәйкес жасалады. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер мынадай үлгіде беріледі:
-
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі,1998. 302б.
-
Касенова Ш. Қазақ мәдениетіндегі концептілік өрістер ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы –2008. - №22. – 4 6 б.
Ұйымдастыру комитеті жарық көретін материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді. Конференцияға қатысты қаражатты қатысушы өзі төлейді.
Мақалалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы кафедрасы (315 бөлме).
Электронды нұсқаларды e-mail: Kazfіlol@maіl.ru жолдауға болады. Жауапты хатшысы: Өтепова Жанар. Тел: 377-33-39 (13-27). Мақала бағасы 4000 тг. Конференция бағдарламасы мен жарияланған мақалалар жинағы конференция өтетін күні беріледі.
Конференция қатысушының мәліметі
Аты-жөні (толығымен
|
|
Жұмыс орны
|
|
Қызметі
|
|
Ғылыми атағы, дәрежесі
|
|
Секция
|
|
Мақаланың тақырыбы
|
|
Мекен-жайы (мемлекет, қала)
|
|
Оқу орны, кафедрасы
|
|
e-mail
|
|
Телефон
|
|
Қонақ үй ( керек, жоқ)
|
|