Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи маңызына арналған шығармашылық жазба жұмыстарының конкурсы туралы Ереже
«Жастар Продюсерлік Орталық» ҚБ «Астана қаласы ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи маңызына арналған шығармашылық жазба жұмыстарының қалалық конкурсын өткізеді.
Конкурс «ҚР Конституциясы күніне арналған шараларды өткізу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылуда.
Конкурсқа қатысу – тегін.
Жұмыстар мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.
1. Конкурстың мақсаты:
Конкурс өз құқықтары мен мемлекеттің кепілдері туралы білім деңгейін жоғарылату мәселелеріне Астана қаласы халқының көңіл бөлу, жас буынды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының болашағына жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
2. Конкурстың міндеттері:
- халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылатуды насихаттау;
- халықты мемлекеттің негізгі заңын үйренуге ынталандыру;
- дарынды авторларды анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету және БАҚ арқылы насихаттау.
3. Конкурстың шарттары
3.1. Конкурсқа қатысу.
Конкурсқа барлық қатысамын деушілер шақырылады, жасқа байланысты шектеулер жоқ. Бір автордан екіден артық жұмыс қабылданбайды.
Конкурс ұйымдастырушыларының конкурс тақырыбына сәйкеспейтін жұмыстарды қабылдамауға құқығы бар.
3.2. Қабылданатын шығармашылық жазба жұмыстарының түрлері:
- эссе;
-шығарма;
-зерттеу жұмысы;
-мақала және т.б.
3.3. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
- Microsoft Word 97-2003 форматындағы мәтін, 1,5 интервал, шрифттің көлемі -14, қызыл жол – 1,25, шеттері - үстінде және астында - 2 см, сол жағынан - 3 см, оң жағынан - 1,5;
- жұмыстың жалпы көлемі стандартты жасалынған А4 форматындағы 10 бетке дейін;
3.4. Конкурсқа қатысу реті
Конкурсқа қатысу үшін автор №1 қосымшаға сәйкес толтырылған сұраным бланкісін «Конкурс конституция» тақырыбында ұйымдастыру комитетінің
mpc_astana@mail.ru мекен-жайына электронды хатпен жіберілетін конкурстық жұмыспен бірге жолдау керек.
Жұмысты электронды поштамен жіберуге мүмкіндік болмаса, қатысу материалдарын ұйымдастыру комитеті орналасатын мына мекен-жайға әкелуге болады: Астана қаласы, Янушкевич көшесі,1. Анықтама үшін телефондар: 37 45 97, 8 701 555 21 98.
4. Конкурсты өткізу мерзімі
Конкурстық жұмыстардың сұранымдарын қабылдау – 2011 жылдың 20 маусымына дейін.
Әділқазы алқасының жұмысы – 2011 жылдың 21 маусым-25 маусым.
Жеңімпаздарды марапаттау 2011 жылдың 30 маусымына дейін өтеді.
5. Авторлық құқық
Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға рецензия жасалмайды және қайта қайтарылмайды.
Конкурс ұйымдастырушыларының ұйымдастыру комитеті мекен-жайына түскен барлық жұмыстарға автордың қосымша рұқсатынсыз шектелмеген уақыт пайдалануға құқығы бар. Конкурсқа жұмыстарды ұсыну конкурстың шарттарымен келісу болып табылады.
6. Конкурс қорытындыларын шығару
Конкурс жұмыстарын бағалау әділқазылар алқасы мүшелерінің бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 15 жасқа дейінгі конкурс қатысушыларының жұмыстары жеке қарастырылып бағаланады.
Әділқазылар алқасы жұмысының қорытындылары барлық конкурс қатысушыларына «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттері арқылы хабарланады, конкурс жеңімпаздары электронды пошта немесе байланыс телефондары арқылы хабардар болып марапаттауға шақырылады.
Конкурс жұмыстарын бағалау критерийлері:
- тақырыпты тереңірек ашу;
- тақырып әзірлеуде авторлық үлес: жаңа шешімдер табу, жеке зерттеулер, жеке ойлар мен қорытындылар;
- материалды жеткізудегі бірегейлік: мазмұндау формасы, стилі;
- халықты ү йретуге және ақпараттандырудағы жұмыстың құндылығы: оқуға қызығушылық, Конституцияның мәні мен рөлі туралы білімді тарату.
7. Жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады.
1 Қосымша .
Конкурсқа қатысу сұранымының үлгісі
-
Жұмыс атауы
-
Автордың аты-жөні және оқу орны мен жұмыс орны (оқу орны), жасы
-
Мекен-жайы
-
Байланыс телефоны, факс, электронды пошта
-
Қосымша (электронды түрде жұмыс файлдарымен бірге).