Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Курчатов қаласы әкімі А.Н. Генрихтың 2011 жылғы тамыз айында өткен педагогикалық конференциядағы баяндамасы

Құрметті білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысушылар!
Міне, жазғы демалыс та аяқталып, жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды.

Сіздердің біраз демалып, өткен жылғы өз жұмыстарыңызды сараптап, жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізге қуанып, жеңілістеріңіз бен сәтсіздіктеріңізден қорытынды шығару үшін уақыттарыңыз болды.

Бүгін біз пікір алмасу және болашаққа жоспар құру үшін ұстаздардың бас кеңесіне жиналдық.

Білім қызметкерлерінің өткен екі кеңесінде біз қаламыздағы білім сапасын жақсарту жолдарын талдадық. Бұл мәселені шешудегі біздің табандылығымыз, мектеп түлектері мен ұстаздардың қажырлы еңбектері ақталды. ҰБТ тапсырған 44 оқушы тапсырмаларды орындай алды және нәтижесінде қаланың үш мектептері бойынша орташа ұпай 91,05 % құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,5 % жоғары (2010 жылы – 73,6 %).

№ 3 орта мектептің оқушысы Үркімбай Балғын «Алтын белгі» белгісін иеленді.

Аралық мемлекеттік бақылау кезінде 4 және 9 сынып оқушылары да жақсы көрсеткіштер көрсетті.

Басталған істерді жалғастырып, одан әрі жақсарту қажет.

Бірақ бүгін басқа да маңызды балалармен жұмыс бағыты бойынша пікір алмасқым келіп отыр. Бұл тәрбие жұмысы.

Оқушылардың рухани-имандылық тұлғасын қалыптастыру, оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау - жаңа оқу жылындағы білім мекемелерінің тәрбие саласындағы басты міндеті болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім туралы» Жолдауында, Қазақстан Республикасының білім мекемелеріндегі жиынтық тәрбиелеу бағдарламасында тұжырымдалған.

Ғылыми негізде тәрбиеге жаңаша тұжырымдамалық көзқарас қалыптастыру туралы мәселе туындайды, мәдени дүниетанымы дамыған шығармашылық типте ойлайтын, әлеуметтік-экономикалық, ізгі-иманды қоғамды қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруға көмектесетін, Қазақстан Республикасы халықтары арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтай алатын тұлғаны қалыптастыру осы мәселенің стратегиялық бағдары болуы қажет. Мектептердегі тәрбие жұмысы білім мекемелерінің қоғамдық мәртебесін көтеруге, кеңестік дәстүр және жаңа тәжірибе негізінде тәрбиенің мазмұны мен құрылымын жаңартуға, оқу және тәрбие үрдісінің, қоғамдық және отбасылық тәрбиенің біріктірілуін және жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталу қажет.

Сіздер өз жұмыстарыңызда әлеуметтік-белсенді, рухани білімді және денсаулығы мықты тұлғаны өзгеруші қоғам өмірінің жағдайларында дамытуға бағытталған тәрбиені ұйымдастырудың негізгі принциптерін қолдануларыңыз қажет.

Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру жүйесіне принципиалды жаңа көзқарастың шарасыздығы қарастырылуда. Мектептен тыс қосымша білім ұйымдары тұлғалық дамуға, өзіндік кәсіби бағдарын анықтау, шығармашылық еңбек, олардың қабілеттерін жүзеге асыру, қоғамдағы өмірге бейімдеу, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру үшін барлық жағдайларды жасайды.

Сондықтан да бүгінгі кеңестің тақырыбы: «Отбасы, мектеп, қоғам – болашақ үшін әрекет».

Енді осы үш аспектке жеке-жеке тоқталып өтейік.



Бірінші. Отбасымен әрекет.

Баланың тәрбиесі неден басталады? Оның отбасының тәрбиелеуінен.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына отбасы әдеуір тәрбиелік ықпал етеді. Отбасы – адам өміріндегі алғашқы қоғамдық баспалдақ. Ол кішкентайынан баланың санасын, жігерін, сезімін бағыттайды. Ата-аналарының басшылығымен балалар өздерінің алғашқы өмірлік тәжірибелерін, қоғамдағы өмір дағдылары мен шеберліктерін иеленеді. Отбасы баланың тұлғасын толығымен қалыптастырады, ал екінші топтар (мектеп, өндіріс, мемлекет) белгілі бір аспектілерде отбасы арқылы ықпал етеді. Сондықтан да өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар мен ата-аналар қызметін түзету керек. Отбасы мен мектеп бала тұлғасының қалыптасуы кезеңінде маңызды әлеуметті институттар болады. Олар біріңғай деңгейде баланың дамуына әсер ете алады, сондықтан да бұл үрдіс біріккен, мақсатты болып, жақсы нәтижелер беруі өте маңызды.

Отбасы мен мектептің біріккен жұмысы болмаса, өзіндік позициясы бар, басымдылықтарды таңдай алатын, өз істерінің маңызын анықтайтын, өмірде өзіндік мағынасын табатын, шешім қабылдайтын, өзіне жауапкершілікті алатын, өзін сезініп, нәтижесінде өз ісін табатын тұлға тәрбиелеу мүмкін емес.

Мектеп істері мен жұмыстарына ата-аналарды қандай жолдармен қатыстыру керек? Мектеп пен отбасы әрекетінің келісімділігіне қалай қол жеткізу керек? Балаларды тәрбиелеуде отбасына қалай көмектесу керек?
Осы жұмыс болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен басталады. Бастауыш сынып ұстаздары психологтармен бірге баланың мектепке дайындық дәрежесіне психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізіп, әрі қарай кеңестер беру және баланың мектептің 1 сатысында білім алуына бейімделуіне қажетті көмекті көрсетеді. Бастауыш мектептің мұғалімдері оқушылардың отбасын зерттейді және ата-аналарға олардың педагогикалық мәдениетін көтеру үшін өздерінің кәсіби білімдерін береді. Негізгі мектеп мұғалімдері бұл жұмысты жалғастырады.
Отбасымен жұмыс істеу барысында келесі маңызды саты, жеке формалар, олар үлкен нәтижелер береді. Отбасыларға барып, ата-аналармен әңгіме жүргізе отырып, оқытушылар отбасы дәстүрлері туралы танып біледі, отбасының қай мүшесі көбірек ықпал ететінін анықтайды, отбасы мен мектептің ынтымақтасу жолын іздейді.
Отбасы тәрбиесінің тереңдігінде басты рөлді ата-аналардың педагогикалық жалпы оқу орны алады. Мектеп кітапханасы мен әдіскерлер бөлмесінде жүйелі басылымдардың материалдары мен көптеген кітаптар бар, оларды сынып жетекшілері ата-аналар жиналысына дайындалу барысында қолданады. Педагогикалық дәрістер көптеген көкейкесті тақырыптарды қарастырады және ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуде көптеген сұрақтарына жауап алуға көмегін тигізеді.
Иә! Біздің ата-аналарда мәселелер мен сұрақтар көп және сіздердің міндеттеріңіз оларға кәсіби білімдеріңізбен көмек көрсету. Егер сіздер, ата-аналармен, балалармен бірлесе жұмыс істей алмасаңыздар баланың тұлға ретінде қалыптастыру үрдісін қалай құрастыруға болады.
Көптеген отбасылар заманауи тәрбиелеу мәселесінде қиындықтармен кездесетінін біз сіздермен білеміз. Көптеген отбасылардың мәдени дәрежесі айтарлықтай жақсы емес. Балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алып, ал тәрбиелеу мәселесін педагогтарға жүктейтін ата-аналар да бар.
Осыдан мектеп міндеті ауысып, қиындайды. Аталған мәселеге отбасын тарта отырып, уақытылы шешу үшін сіздерің барлық мүмкіндіктеріңіз бар.

Болашақ өмірге бойжеткендерді дайындау үшін әке ақылын, ана мен әжесінің тәжірибесін қолдана отырып белсенді дамыту қажет.


Жұмыс істеп тұрған «Берег» демалыс базасында жаңа оқу жылынан бастап «Демалыс күн маршруты» атты акция басталады, бұл акция аясында сыныптастар мен олардың өз ата-аналары арасында бос уақытын көңілді және белсенді өткізу үшін, әр сынып күзде және қыста қарағай алқабына бірнеше сағатқа бара алады.

2011 жылдың қарашасында оқушыларды тасымалдау үшін автобус сатып алынатын болады. Ол экскурсиялар, түрлі жарыстар мен концерттерге жол жүруді ұйымдастыру үшін қолданылатын болады.

Міндетті түрде балаларды үлкенді құрметеуге, отбасы әдет-ғұрыптарын, оның тарихын сыйлауға үйрету қажет.
Үрдістің екінші құрамы – мектеп.

Аталған үрдістегі өзімнің рөлімді мемлекет қойған мақсаттарға жетудегі білім ұйымдарының жұмысын үйлестіруде және мектеп, сондай-ақ мектептен тыс білім мекемелерінің материалды-техникалық мәселелерін шешуде көремін.

Қазіргі уақытта қалада үш жалпы білім беретін мектеп, балабақша, музыка мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, екі аулалық клуб жұмыс істеп тұр.

Жыл сайын біз білімнің дамуы үшін қалалық бюджеттің 32 %-ден 36 % -ын бөлеміз.


Бірақ тәжірибе барысында ай сайын шешімін табу үшін қала әкімінің көмегін қажет ететін мәселермен қақтығысамыз.

Менің ойымша, бұл әкімшілік тарапынан алдағы жұмысты жоспарлай алмау.

Сол себепті сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді: әрбір білім беру мекемесінде тек қана ремонт, оқу кабинеттері, оқулықтармен қамтамасыз ету жағдайларын қамтитын мәселерден басқа, ғимарат, сыныптардың эстетикалық жағына да мән беретін нақты құрылған даму бағдарламасының болуы қажет. Бұл да тәрбие жұмыстарының бір бағыты болып табылмай ма?

Мұғалімдер күнделікті жұмысқа бара жатып немесе қайтып келе жатса да мектеп ғимаратындағы жазуларға, сынған ағаш немесе дуалға мән бермейді де. Ал, бұл – тәрбие емес пе?

Туған мектебіне дұрыс қарау, оны аялау, міне, осы тұрғыдан концепцияны жүзеге асыру үшін оқушылар мен ата-аналарды белсенді түрде тарта аласыздар. Өзін ойлап тапқан нәрсені өмірде қолданып, оны ары қарай сақтағын келеді. №1 орта мектеп шеберханасындағыдай үйірме ашуға болады.

Мектеп аумағын бірнеше алаңдарға бөліп, балалар мен ата-аналарға өзіндік компазиция жасап, шығармашылық бастамаларын көрсетулерін ұсыныңыз. Үш мектеп аумағы да кең. Бірақ оның көрінісі еш өзгерген емес.

Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына өзгертулер енгізу қажет.
Тәрбие процесінің үшіншісі – қоғаммен өзара әрекет.

Мектептің материалдық және тәрбие мәселелерін шешу үшін мықты бастықтың болуы шарт. Бұл – қоғамды жастар тәрбиесіне тартудың басты негізі. Әлеуметтік серіктестік туралы меморандум дайындап, потенциалды бастықтармен кездесудің қызықты сценариін жасап, олардың өз мектептеріне деген қызығушылығы мен назарын оятуға болады, одан соң қорытынды ретінде – ұзақ мерзімді серіктестік туралы меморандум қорытындысына келу қажет.

Қыркүйек айында барлық білім беру мекемелері ашық есік күнін өткізеді. Өз мүмкіншіліктерінді белсенді түрде настхаттау қажет.
Маңызды тапсырма – балаларымыздың бос уақытын ұйымдастыру, мектептен тыс тәрбие.

Осы бағытта біз балаларымыздың барлық қызықты және пайдалы бастамаларына қолдау көрсетуге тырысамыз.

Бұған «Скала» және «Горизонт» клубтары, музыка мектебі үлгі бола алады. Олардың қаладағы беделі мен танымалдығы еңбекақы үшін емес, осындағы балалар үшін жұмыс жасайтын адамдармен тығыз байланысты.

Жыл сайын қала бюджеті есебінен олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және жөңдеу жұмыстары үшін қаражат бөлінеді.

Қазіргі уақытта «Тәуеліздіктің жиырма жылдығына 20 жарқын іс»акциясы шеңберінде бектілген әлеуметтік меморандумға сәйкес Радиациялық қауіпсіздік және экология Институты радиосүйгіш үйірмесін жабдықтауға (1 млн.300 мың.теңге), авиамодельдік үйірме ашуға көмек көрсетуге даяр.

Атомдық энергия Институты, геофизикалық зеррттеу Институты және «Байкал» кәсіпорыны мектептердегі техникалық мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, сапарлар мен әлеуметтік-маңызды іс-шараларға демеулік етеді.

Хоккейді дамытқылары келетін курчатовтық команда пайда болды, біз №3 орта мектеп арқылы киім нысандарын алуға,хоккей алаңын жөңдеуге, жарыстарға қатысу сапарларына көмек көрсете бастадық. Мектеп әкімшілігіне балаларды жаттықтыратын маманды қаржыландырып, үйірме ашу туралы мәселені қарастыру тапсырылды.

Мотоцикл мен квдрацикл тебе алатын техникалық клуб ашу ойлары қарастырылуда.

Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК қолдауымен балармен жұмыс барысында экологиялық бағытты белсенді дамытуға болады. Бірақ берілген тақырып бойынша баяндамамен шектелмей, жұмысты қызықты және белсенді түрде жүргізу керек.

Осы жылы Достық Үйі ашылды. Осы кәсіпорында халықаралық достық клубын ашып, материалдық қорды пайдалана отырып басқа аймақ балаларымен серіктестік ұйымдастыруға болады.

Әр мектеп өз газеттерін шығарады. «Курчатов» видеостудиясында жастар студиясын ашатын мезгіл жетті. Және біз, бұл бастаманы қолдауға дайынбыз.

Қаламызда қоғамдық ұйымдар–Ардагерлер Кеңесі және «Надежда» қоғамдық балалар қоры белсенді жұмыс атқарады.

Курчатовта көңіл бөліп, қамқорлықты қажет ететін жалғыз қарт адамдар, мүгедектер аз емес. Міне, Ардагерлер Кеңесі мен тимурлық қозғалыстың бірлескен жұмыстарының негізі осында.

«Надежда» қоры бірнеше жылдар бойы ерекше қамқорлықты қажет ететін және мүмкіншіліктері шектеулі балалрға белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді. Мектептерге осы үрдіске белсендірек араласып, балаларды осындай жұмыстарға тартулары қажет.

Жаз кезінде ұйымдастырылған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясы шеңберіндегі қаланы абаттандыру жұмыстары жастардың жұмысқа дайын екендігін көрсетті. Бірақ ұйымдастырушы, жарқын іске еліктіретін басшы керек екені анықталды.

Қалалық белсенділер мен топ жарғандар мектебін ашу қажет. Кез келген атау қоюға болады, бірақ мақсаты бір – белсенді қала жастарын тәрбиелеу.


«Скала» клубының Өскемен қаласына барып облыстық патриоттық клуб жұмыстарымен танысып қайтуы қажет, осы бағытта даму жоспарын құрып, бюджеттік коммиссияға ұсыныстар енгізу керек.

Біз «Бала – тәрбие субъектісі» деген ресми сипаты бар дәлелдеусіз қабылданған пікрден алшақтап, баланың жеке тұлғасын дамытатын, өмірде кездесетін қиындықтарға, оқу үрдісіндегі қиындықтарға төтеп бере алатын, яғни, өмірден өзіндік орнын таба алатындай, индивид ретінде қалыптасуға жағдай жасайтын «САМО» әдістемелік үрдісіне көшуіміз қажет. Міне, осы «само»– демократиялық тәрбиенің негізі. Басты құндылығы – бала тұлғасы.

Бала ойнайды, араласады, бір нарселерді білуге тырысады, конкурстарға қатысады, фильм көреді, бірақ бұлардың оның жеке тұлғасының дамуына қандай әсері барынан бейхабар. Бірақ өзі әрекет жасайды, өзі дамиды! Баланың басынан өтіп жатқан жетістіктер мен қиындықтар өзін-өзі танудың жеке-дара көрінісі болып табылады. Егер ол қиындықтарды жеңе білсе, бұл – жақсы. Керісінше жағдайда балаға көмек керек. Яғни, педагогикалық қолдау көрсету қажет. Ал бұл көмектің қандай болатыны мұғалімге байланысты. Қорыта айтқанда, ұстаз тәрбиесі білім берудің сапасын анықтайды.



Бір сөзбен айтқанда,құрметті ұстаздар және ата-аналар, бала тәрбиесінде ең біріншіден, сіздердің ынталарыңыздың болуы қажет.
Бала тәрбиесі – ата-ана, ұстаз, қоғам қауымдастығының ортақ тапсырмасы. Біздің балаларымыз өзіндік азаматтық орны бар тәрбиелі, оқыған болуы үшін –біз бірлесе отырып, алға қойған мақсатымызға жете аламыз.
Сіздерді, тағы да жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілеймін.

Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!

Курчатов қаласы әкімі А. Н. Генрихтың 2011 жылғы тамыз айында өткен педагогикалық конференциядағы баяндамасы
96.19kb.

02 10 2014
1 стр.


Курчатов қаласының әкімі А. Н. Генрихтың 2010 жылғы халық алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасы
136.06kb.

02 10 2014
1 стр.


Бородулиха ауданының әкімі Г. И. Акуловтың халық алдындағы есептік баяндамасы

Бородулиха ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер

196.25kb.

09 09 2014
1 стр.


Курчатов Қаласының 2013-2015 Жылдарға Арналған Дамуының Кешенді Жоспары мазмұн курчатов қаласы дамуының кешенді жоспарының ТӨЛҚҰжаты

ТҰРАҚты жұмыс істеп тұРҒан кәсіпорындардың Өндірістік сайымдылығына байланысты курчатов қаласын оңтайландыру

423.38kb.

25 12 2014
4 стр.


2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар «Зайсан қала әкімі аппараты»

«Зайсан қала әкімі аппараты» мм-сі 2010 жылдың 9 айында белгіленген жоспарларға сәйкес біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда

13.48kb.

12 09 2014
1 стр.


Имидждік материалдарды шығару қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №31 хаттама Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі»

Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 2011 жылғы 4 тамыз

44.67kb.

04 09 2014
1 стр.


6. Талдамалық жазба. 1-бағыт: Экономика 1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу

Статистикалық мәліметтерге қарағанда 2012 жылғы желтоқсан айында тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағларының индексі 2011 жылдың желтоқсанына қарағанды қаласы бойынша 106% құрады, б

509.16kb.

14 12 2014
3 стр.


Оқу жылы дәстүрлі білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы, химия, биология және валеология пән мұғалімдерінің секция отырыстары тамыз айында өткізілді

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттін жұмыс жоспарына сәйкес химия, биология және валеология пәндері мен қатар оқушылардың ғылыи-зерттеу жұмыстары жоспарланды

115.64kb.

25 12 2014
1 стр.