Перейти на главную страницу
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
__________факультетінің
әдістемелік кеңесінің
отырысында «Бекітілді»
Төрайымы
________ Э.М. Магзумова
«__» _______ 200__ ж
Пән аты
050508 «Есеп және аудит» мамандығы үшін
Хаттама № __ “____”_______200__ж
Құжыра меңгерушісі (қолы) ________
Өскемен, 2007
курс |
семестр |
Дәріс |
Зертханалық жұмыс |
СОӨЖ |
СӨЖ |
барлығы |
Бақылау формасы |
1 |
1 |
10 |
20 |
|
|
30 |
емтихан |
Информатика сөзі информация (information) және автоматика (automatique) терминдерінің бірігуінен пайда болған француздың Informatique деген сөзінен шыққан және информацияны автоматты түрде өңдеу жөніндегі ғылым дегенді білдіреді.
Қазіргі замандағы информатика - өте көлемді эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым.
Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей анықтады:
Информатика ұғымы ақпаратты өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды-техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды.
Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық процестер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.
Жоғарыда берілген жалпы анықтамаларлдан оның адамзат әрекетінің барлық салаларында, өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең қолданылуын, яғни технологиялық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.
Кейбір Батыс Европа елдерінде және АҚШ-та бұл ғылымға басқа термин – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.
Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика.
Документалистика ХІХ ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты,оның негізгі пәні – құжаттар айналымының тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әр түрлі жүйелердегі автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым кибернетика дами бастады. Оның негізін американ ғалымы Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos – басқару өнерлігі сөзінен шыққан.
Адамдардың күнделікті өмірдегі іс әрекеті (оқуы, жұмыс істеуі, өзара байланысы т.с.сс) информация алмасуынсыз жүзеге асырылмайды. өмірдегі кез келген информация өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айналамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Информация – қоршаған орта туралы анықталмағандықты анықтайтын мәліметтер. Мәліметтер – объектілерді, құбылстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер.
Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Ақпарат ұғымын оның берілу үрдісін сызбалық сипаттаудан анықтайық. Яғни, ақпарат ұғымы таратқыш, қабылдағыш және байланыс арнасы арқылы берілетін хабар (сурет 2).
байланыс арнасы
Сурет 2 – Ақпарат берілуінің сызбалық сипаттамасы
Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.
Хабар – белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде – сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т.б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар – табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т.б.
Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпаратты анықтадық.
Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеу дегеніміз – функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.
Мысалы: функцияның анықталу облысы нүктелерімен тең ұзындықты кесінділерге бөлінеді, ал әрбір кесіндідегі функция мәні тұрақты және оның осы кесіндідегі орта мәніне тең деп алынады. «Баспалдақтарды» ордината өсіне проекцияланғаннан шыққан
мәндері үздіксіз функцияның дискретті түрін анықтайды. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндегі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.
Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:
Біздің әрқайсысымыз күнделікті өмірде информацияны жинауға, сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және пайдалануға қатысамыз.
Информацияны қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі ақпараттық үрдіс деп аталады.
Сонымен бізді қоршаған алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады.
Тактильді: жұмсақ, қатты, тегіс, тұтас.
Органалептикалық: духи иісі, гүлдердің иісі, кофе иісі, тәтті, қышқыл, дәмді, тұзды, ашты.
Визуальды – кітап оқу, теледидар көру, суреттер көру.
Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет
Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.
Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.
Ақпараттың өлшем бірліктері
Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.
Бұған қоса өте үлкен көлемді ақпаратты өлшеу үшін туынды өлшем бірліктер енгізілген: Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт.
1 байт= 8 бит
1 Кбайт = 1024 байт
1 Мбайт = 1024 Кбайт
1 Гбайт = 1024 Мбайт
1 Тбайт = 1 Гбайт
1 Пбайт = 1024 Тбайт
Есептер
Егер компьютерлік тексте 1 символ 1 байт информацияға тең болса, онда кітаптағы информация көлемі. 36000*1 байт=360000 байт. Басқа өлшем бірліктерге ауыстырсақ:
Кітаптағы информация көлемі 0,3 Мбайтқа тең.
Дискетаға 1,44 Мбайт информация сиятын болғандықтан, кітап 1 дискетаға сияды.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 8
Қосымша әдебиеттер: 12
Позициялық сан жүйесінде қолданылатын таңбалардың саны оның негізі деп аталады, оны q әрпімен белгілейік (мысалы ондық сан жүйесінде он таңба(цифр): 0,1,2,...,9). Санау жүйесінің таңбаларының жиынтығын оның алфавиті деп атайды.
Кесте 1 – Кейбір санау жүйелерінің алфавиті
Сан жүйесінің негізі |
Сан жүйесінің аты |
Сан жүйесінің алфавиті |
2 |
екілік |
0 , 1 |
3 |
үштік |
0 , 1 , 2 |
4 |
төрттік |
0 , 1 , 2 , 3 |
5 |
бестік |
0 , 1 , 2 , 3 , 4 |
6 |
алтылық |
0 , 1 , 2 , 3 , 4 , 5 |
7 |
жетілік |
0 , 1 , 2 , 3 , 4 , 5 , 6 |
8 |
сегіздік |
0 , 1 , 2 , 3 , 4 , 5 , 6 , 7 |
10 |
ондық |
0 , 1 , 2 , 3 , 4 , 5 , 6 , 7 , 8 , 9 |
16 |
он алтылық |
0 , 1 , 2 , 3 , 4 , 5 , 6 , 7 , 8 , 9 , A , B , C , D , E , F |
Жалпы түрде кез келген X санын q негізді позициялық жүйеде төмендегідей түрде беруге болады:
X(q) = xn-1qn-1 + xn-2qn-2 + … + x1q1 + x0q0 + x-1q-1 + … + x-mq-m = (1)
Мұнда X(q) - санның q негізді жүйедегі жазылуы;
q – санау жүйесінің негізі;
xi – q-ден кіші бүтін сандар;
n – санның бүтін бөлігіндегі позиция саны;
m – санның бөлшек бөлігіндегі позиция саны.
Мысалы,
4295,6731(10) = 4 103 + 2 102 + 9 101 + 5 100 + 6 10-1 + 7 10-2 +1 10-4
X(q) санының xi коэффициенттерінің тізбегі түріндегі жазылуы оның қысқаша жазылуы немесе коды деп аталады. Есептеу техникасында және автоматикалық құралдарда кеңінен қолданылатын санау жүйесі екілік сан жүйесі болып табылады. Бұл жүйеде тек қана екі таңба: 0 және 1 қолданылады. Кез келген X санын екілік жүйеде жалпы түрде төмендегідей түрде анықтайды:
X(2) = xn-12n-1 + xn-22n-2 + … + x121 + x020 + x-12-1 + … + x-m2-m, (2)
мұнда xi -лер не 0-ге, не 1-ге тең.
Мысалы
Мысалы, түрлендіруін орындау керек,
+ |
0 |
1 |
|
* |
0 |
1 |
0 |
0 |
1 |
|
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
10 |
|
1 |
0 |
1 |
ЭЕМ-да екілік сан жүйесімен қатар сегіздік және он алтылық сан жүйелері де жиі қолданылады, себебі екілік жүйедегі кодтар өте ұзын ыңғайсыз болуы мүмкін. Әсіресе машина тілінде программалау қажет жағдайында сегіздік немесе он алтылық жүйелерді қолданған ыңғайлы. Сонымен қатар бұл жүйелерден екілік жүйеге және кері көшу өте жеңіл, ал 8 және 16 сандары 2-нің дәрежелері болып табылады. Ондық жүйеден сегіздік немесе он алтылық жүйеге көшу екілік жүйеге көшу сияқты жүргізіледі.
110110012 = 11 011 0012 = 3318
11000110110012 = 1 1000 1101 10012 = 18D916
0,11000111012 = 0, 110 001 110 1002 = 0,61648
0,11000111012 = 0, 1100 0111 01002 = 0,С7416
Кері түрлендірулер, яғни сегіздік немесе он алтылық жүйелерден екілік жүйедегі санға көшу үшін санның әрбір цифрына сәйкес триада немесе тетрада жазылады. Бұл көшірулерде келесі сәйкестік кестесі қолданылады.
Ондық жүйе |
Екілік жүйе |
Сегіздік жүйе |
Он алтылық жүйе |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
10 |
2 |
2 |
3 |
11 |
3 |
3 |
4 |
100 |
4 |
4 |
5 |
101 |
5 |
5 |
6 |
110 |
6 |
6 |
7 |
111 |
7 |
7 |
8 |
1000 |
10 |
8 |
9 |
1001 |
11 |
9 |
10 |
1010 |
12 |
A |
11 |
1011 |
13 |
B |
12 |
1100 |
14 |
C |
13 |
1101 |
15 |
D |
14 |
1110 |
16 |
E |
15 |
1111 |
17 |
F |
Бір жүйеден екінші жүйеге көшудің тағы бір жолы – дәрежелерді азайту әдісі деп аталады. Ол үшін берілген саннан көшуіміз қажет жүйе негізінің ең үлкен мүмкін дәрежесін негізден кіші ең үлкен мүмкін коэффициентке көбейтіндісін алу қажет. Осы коэффициент жаңа жүйедегі санның цифры болып табылады. Бұл амалды қалдық нольге айналғанша қайталау керек. Мысалы, 11410x2 табу керек болсын. Екінші әдісті қолданамыз, яғни
114 - 1 26 = 50
50 - 1 25 = 18
18 - 1 24 = 2
2 - 0 23 = 2
2 - 0 22 = 2
2 - 1 21 = 0
онда 11410 = 11100102.
Сегіздік және он алтылық жүйелердегі сандармен арифметикалық операциялар ондық жүйедегі операцияларға ұқсас жүргізіледі, оны төмендегі кестелерден көруге болады:
Екілік кодтармен қатар ЭЕМ-де ондық сандарды енгізу-шығару үшін арнайы екілік – ондық жүйе қолданады. Екілік – ондық кодтауда әрбір ондық цифр екілік цифрлардың тетрадасымен ауыстырылады, ал әрбір тетрада ондық цифрлардың орналасу ретіне сәйкес тізбектеліп жазылады. Кері түрлендіруде екілік – ондық кодта үтірден оңға және солға қарай тетрадаларға бөлінеді, содан кейін оларға сәйкес ондық цифрлармен ауыстырылады. Яғни, екілік – ондық кодтауда санды жаңа жүйеге көшіру жүзеге асырылмайды, тек екілік – кодталған ондық санау жүйесін аламыз.
Мысалы, 15(10)=F(16)=17(8) =1111(2) =00010101(2-10)
Санау жүйесі |
Негізі |
Сандар |
Он алтылық |
16 |
… |
ондық |
|
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 |
… |
8 |
0,1,2,3,4,5,6,7 |
… |
2 |
… |
ә) 1114
б) 358
в) 1В16
ә) 1100 ? 10 ? 10 = 100;
б) 1100 ? 10 ? 10 = 110000;
в) 1100 ? 10 ? 10 = 1011;
г) 1100 ? 11 ? 100 = 0.3.
ә) 678 + 238
б) 11102 -10012
в) 11102 × 10012
г) 10102 : 102
ғ) 678 - 238
д) 678 × 238
е) 748 : 248
ж) AF16 + 9716
з) AF16 - 9716
и) AF16 × 9716
к) 5A16 : 1E16
ә) AF16;
б) 6778;
в) 1012.
ә) 568;
б) 9A16;
в) 1102.
б) 1258 + 111012 × A216 - 14178.
а) 5?55 +?327
?16?4 |
Электронды есептеуіш машиналар адамзат білімі мен мүмкіндіктерінің тарихында жаңа парақты ашып берді, ғалымдардың еңбегінің өнімділігін көтерді, мыңдаған есептеушілердің орнын басты, күрделі процестерді оқуға мүмкіндік туғызды. Қазіргі ЭЕМ тек қана есептей қоймай мәтіндерді редактілейді, өлеңдер және әуен жазады, шахмат және басқа ойындарды ойнайды, поездар мен самолеттерге билеттер сатады. Бүгінгі күні ЭЕМ қолданылмайтын халық шаруашылығының бір де бір саласы жоқ. Бірақ есептеуіш техникасы бұл деңгейді бірден игерген жоқ. Оның дамуында алғытарихын және ЭЕМ-нің төрт буындарын ерекшелеп көрсетеді.
Алғашқы тарихы өте ерте замандағы әр түрлі санаудан басталады. Ежелгі санау құралы болып адамға табиғаттан берілген өзінің қолы болып табылады. Саусақпен санаудан бестік (бір алақан) және ондық (екі алақан) санау жүйелері бастау алады.
Абак – өте ежелгі есептеуіш механикалық құрылғы, алғашқы кездерде ол саңылаулары бар саз пластинадан тұрды, саңылауларда сандарды бейнелейтін тастар орналастырылды. Абактың пайда болуын б.э.д. төртінші мыңжылдыққа жатқызады, оның шыққан жері деп Азияны есептейді. Ғасырдың ортасында Еуропада абак кестелерге ауысты, ал Ресейде XVI - XVII ғасырларда. Кейін келе есеп шоты пайда болды. Оның негізгі ерекшелігі – ондық санау принципі. XVII ғасырда алғашқы логарифмдік сызғыштар пайда болды.
Механикалық есептеуіш машиналар. Қоғамның дамуымен әр түрлі есепетеулерде сұраныстар пайда бола бастады. Ол механикалық есептеу құрылғыларының пайда болуының салдары болды. Әлемдегі ең алғашқы қосу амалын орындайтын автоматты құрылғы механикалық сағаттың негізінде пайда болды. 1623 жылы оны Тьюбинген (Германия) университетінің шығыс тілдері кафедрасының профессоры Вильгельм Шикард ойлап шығарды. Өнертапқыш машинаны «қосындылайтын сағат» деп атады. Құрылғының жұмыс үлгісі бүгінгі күндері сызбалар бойынша жаңартылып өзінің жұмыс қабілетін ақтады. 1642 жылы француз механигі Блез Паскаль әлемдегі бірінші механикалық калькулятор болып табылатын қосындылайтын құрылғыны құрастырды. Мұнда сағат механизмі есептеуіш болып ауысып және бағыттауыштың орнына сандар жазылған диск қозғалатын болды. Машина 6-8 разрядты сандарды қосып және азайтумен қатар нәтижелерді тіркеу тәсілін де ұсынды. Бірақ олар практикалық қолданыс тапқан жоқ: құрылғылар сенімсіз болды, арнайы мамандар ғана қолдана білді. Паскальдың қосындыланатын құрылғылардың мәні өте үлкен болды, олар қарапайым аспаптардан машиналарға ауысушы құрал болды.
Ресейде алғашқы қосындылайтын құрылғыны 1770 жылы сағат мастері және механигі Е. Якобсон құрастырды.
Есептеп қосындылайтын құрылғылардың дамуымен қатар арифмометрлер де құрастырыла бастады. 1373 жылы неміс математигі әрі философы Г.В.Лейбницпен (Готфрид Вильгельм Лейбниц) әлемдегі ең алғаш арифмометр құрастырылды, ол қосу және азайту амалдарын бірнеше рет қайталануы арқылы көбейту және бөлу амалдарын орындай алды. 1978 жылы Ресейде академик П.Л. Чебышевпен арифмометр құрастырылған болатын.
1812 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж (1792-1871) кез келген функцияны, соның ішнде тригонометриялық, есептейтін және кесте де құрастыра алатын аралық машинаны құрастыру жұмысымен шұғылдана бастаған еді. Өзінің алғашқы аралық машинасын Бэббидж 1822 жылы құрастырды және ол арқылы квадраттар кестесін, у=х2 +х+41 функциясының мәндер кестесін және басқа да кестелерді есептеді. Бэббидж алғаш рет есептеу процесін автоматтандырды – бүгінгі ЭЕМ-нің түпнұсқасын құрастырды. Оны Аналитикалық машинасында (1833ж) (өзінің көзі тірісінде соңына дейін аяқталмай, бүгінгі күні сызбалар арқылы көрсетілген) алғаш рет ақпаратты командалар мен мјліметтерге бөлу принципі іске асырылды. Ч.Бэббидждің шығармашылығын зерттеушілер аналитикалық машина жасауда атақты ақын лорд Байронның қызы графиня Огаста Ада Лайвлейстің (1815-1852), маңызды ролін көрсетеді. Есептеуіш операцияларды программалау үшін перфокарталарды қолдану идеясын да ұсынған сол еді (1843). Леди Ада Лавлейс әлемдегі ең алғаш бағдарламашы болып есептеледі. Бүгінде оның есімімен бағдарламалау тілдерінің бірі Ада деп аталады.
Алғашқы электрлік релені қолданатын есептеуіш машина 1888 жылы неміс тумасы Герман Холлеритпен құрастырылды және 1980 жылы тұрғындарды санақ жүргізу үшін қолданылды. Бұл жерде ақпарат тасуыш ретінде перфокарталар қолданылды. Олар өте сенімді болғаны соншалы бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз өмір сүрді.
Эльзас тумасы Париждің екі сақтандыру қоғамдарының негізін қалаушысы Карл Томас 1818 жылы есептеуіш машинасын ойластырды және оны арифмометр деп атады. Үш жылдан кейін Томастың шеберханасында 16 және одан да көп арифмометрлер дайындала бастады. Оның арифмометрлері жүз жылдар аралығында шығарылды және уақыт өте жаңартылып, атаулары да өзгертіліп, отырды.
Механикалық есептеуіш техникасында соңғы өнертабыстарының бірі Петербург тұрғыны Вильгодт Однермен жасалынды. 1980 жылы Однермен құрастырылған арифмометр оған ұқсас машиналардан еш өзгешеленбейді. Тіпті бірден Однер серіктестерімен келісіп арифмометрлердің санын жылына 500 данаға өсірді.
Электромеханикалық есептеуіш машиналар
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында конструкторлар есептеуіш құрылғыларында жаңа элемент – электрлік релені қолдану мүмкіндіктеріне назар аудара бастады. 1941 жылы неміс инженері Конрад Цузе осындай реледе жұмыс істейтін есептеуіш құрылғысын ойлап тапты.
1943 жылы американдық Говард Айкен Бэббидж жұмыстарының көмегімен ХХ ғасыр техникасының негізі – электромеханикалық реле арқылы IBM фирмасының бір кәсіпорнында әйгілі гарвардтық «Марк-1» (кейіннен«Марк-2») машинасын ойлап шығарды. Бірақ та Эйкен екі қателік жіберді: машиналардың екеуі де электрондық емес, электромеханикалық болуы мүмкін, екіншісі – Эйкен бағдарламалар қабылданғани мәліметтер сияқты компьютер жадында сақталуы керек деген тұжырымды ескерген жоқ.
Математикалық алғытарихы. Электрлік және электронды құрылғыларда конструкция элементтерінің тіркелу қалпы туралы емес, құрылғының жағдайын тіркеу туралы сөз болады. Ондай қалыпты және айрылатын жағдайлар барлығы екеу: қосылған-ажыратылған, ашылған-жабылған, зарядталған-зарядталмаған және т.б. Сондықтан механикалық калькуляторларда қолданылған дәстүрлі ондық санау жүйесі ЕТ құрылғыларына ыңғайсыз болды.
Кез келген сандарды (тек сандарды ғана емес) екілік сандармен бейнелеу мүмкіндігі алғаш рет 1966 жылы Г.В. Лейбницпен ұсынылды. Ол екілік жүйеге бірлктің және қарама қарсылықпен күресудің философиялық концепциясын зерттегеннен кейін екілік жүйеге келді. Лейбницке сол кездің өзінде есептеуіш құрылғыларда екілік жүйені қолдану мүмкіндігі ойы бұрыннан келген еді, бірақ та механикалық құрылғылар үшін оның қажеттілігі болған жоқ, сондықтан ол өз калькуляторында екілік жүйе принциптерін қолданбады.
Ойлау заңдылықтары зерттеулерімен айналысушы атақты ағылшын ғалымы Джордж Буль логикада математикалық жақын формальды белгілеулер мен ережелер жиынтығын қолданды. Соның салдарынан бұл жүйені логикалық алгебра немесе бульдік алгебра деп атайды. Жүйенің негізгі қызметі логикалық пікірлер мен логикалық пайымдаулардың құрылымын кодтау және математикалық формулаға жақын қарапайым өрнектерге түрлендіру. Формальды есептеу нәтижесінде екі шарттардың біреуі болып табылады: ақиқат, жалған. Джордж Бульдің жүйесінің барлығы ЭЕМ құруға себеп болған жоқ. Бірақ төрт негізгі амалдар қолданылды: ЖӘНЕ (қиылысу), НЕМЕСЕ (біріктіру), НЕ (қаратпа) және АЛЫНАТЫН НЕМЕСЕ (ИСКЛЮЧАЮЩЕЕ ИЛИ) – қазіргі компьютерлердің процессорларының барлық түрлерінің жұмысының негізінде жатыр.
Есептеуіш техникасы ХХ ғасырдың қырықыншы жылдарына дейін еш өзгеріссіз болды. Қырықыншы жылдарда есептеуіш техникасында түбегейлі өзгеріс болды. Есептеуіш машиналары пайда болды, онда доңғалақтар, валиктер, электромагниттік реле және т.сс., электрондық элементтер қолданылды.
ЭЕМ-ді құру жұмысы 1937 жылы АҚШ-та профессор Джон Атанасовпен басталған болатын. Бұл машина мамандандырылған және математикалық физиканың есептерін шешуге арналған еді. Дайындаулар барысында Атанасов алғашқы компьютерлерде кеңінен қолданылған алғашқы электрондық құрылғыларды құрастырды. Атанасов жобасы толығымен аяқталмады, дегенмен үш онжылдықтан кейін сот талқылауынан кейін профессорды ЭЕТ-ның негізін қалаушы деп таныды.
Ең алғашқы машина ЭНИАК деп аиалды, ол АҚШ-да 1945 жылдардың соңында дайындалды (1943 жылы Гарвард университетінде американдық ғалымдар Гавард Эйкен, Дж. Моучли және П.Эккерттің басшылығымен ЭЕМ құрастырылу жұмысы басталған еді. Машина артиллериялық басқару тапсырысы бойынша және баллистикалық кестелерді есептеу үшін құрастылырылып жасалған еді. 1945 жылы аяқталған машина ЭНИАК деген атауға ие болды). Оның өлшемі өте алып еді: 18 мың электрондық шамнан, 15 мың реледен тұрды, 150 кВт электроэнергия тұтынады – бұл кішігірім зауыт қуаты.
Программаны беру процесін ықшамдау үшін Моучли мен Эккерт өз жадында программаны сақтай алатын жаңа машинаны құрастыра бастады. 1945 жылы бұл жұмысқа атақты математик Джон фон Нейман (Венгриядан шыққан америандық) кірістірілді, ол бұл машина туралы баяндама жасады. Фон Нейман мен оның әріптестері Г.Голдстайн мен А.Беркстың есебінде компьютер құрылымына нақты талаптар тұжырымдалды. Олардың ең маңыздыларын ерекшелеп көрсетейік:
Сурет - Құрылғылар арасындағы байланыстар
Машина жұмысы қарапайым ұйымдастырылған еді: Орталық процессор кезекті бұйрықты орындау үшін алдыңғысын орындағаннан кейін ғана мүмкін болды. СЖҚ мәліметтер алмасу Орталық процессор жұмысы жылдамдығынан мың рет төмен болды. Жедел жад ферриттті жүрекшелер блоктарынан құралды. Бағдарламалар машина кодтары тілінде жазылды, бағдарламашы бағдарламаға алғашқы мәліметтерді және алынатын нәтижелерді, жад ұяшықтарын бөліп отырды.
Курстың пререквизиты: Информатика, математика, физика пәндері бойынша алынған білімдеріне негізделеді
01 10 2014
4 стр.
Вместе с учащимися разработайте информационный кейс (законопроект) по выбранной вами теме. Оформите этот кейс в таблице виде тезисов
04 09 2014
1 стр.
Опорный конспект урока Новейшей истории в 9 класса с использованием кейс-метода (кейс-study)
09 10 2014
1 стр.
Курстық бағдарламасын құрастырғандар: мамандықтың жұмыс бағдарламасы негізінде Кенжебекова А. И., физика кафедрасының аға оқытушысы
10 10 2014
1 стр.
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сыртқы және күндізгі бөлім студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
01 10 2014
1 стр.
Научная информатика, это …информатика, изучающая структуру и общие свойства научной информации, а так же закономерности всех процессов научной коммуникации
13 10 2014
11 стр.
Общий отдел. Информатика. Культурология 001. 8 07 Информатика: 7-9 кл.: базовый курс теория/ред. Н. В
08 10 2014
9 стр.
Общий отдел. Информатика 001. 8(021) Информатика [Текст]: базовый курс: учеб пособие
08 10 2014
5 стр.