| -
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың құрылымы:
І. Құрылымы – кешенді
ІІ. Типі: зерттеу , практикалық сабақ
ІІІ. Әдісі – проблемалық, модульді, ішінара зерттеу әдісі;
Не арқылы бағаланады: (сұрақ-жауап), есептер шығару арқылы оқушылар критерийалды бағалау жүйесі арқылы бағаланады.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар,
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру ( 1 мин)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Презентация
Мұғалім оқушыларға өздері танысқан органикалық заттардың кластарының аттарын және оларға жататын заттардың атын атап шығуды ұсынады. Құрамы екі ғана элементтен тұратын сутек пен оттек тұратын органикалық заттардың кластарын атап шығады. Одан соң мұғалім бірінші зерттеу жұмысын жүргізілетінін атап өтеді, ол заттың сандық құрамын анықтайтынын атап өтеді. Ол үшін бірінші слайдта берілген есепті шығару керек екенін атап өтеді. (слайд №1).
Екі оқушы тақтада белгісіз заттың формуласын анықтап, есептеп табады.
Сабақтың келесі этапында мұғалім осы белгісіз органикалық заттың сапалық құрамын анықтаймыз. Есепті шығарған кезде табылған заттың формуласын жазып көруді оқушылардан сұрайды. Құрамында оттек болмайтын, бірақ азот болатын белгісіз органикалық заттың формуласын анықтайды. Екінші слайд бойынша формула қалай жазылатынын түсіндіріп құрылысын жазуды ұсынады. -NH2, аминтобы. топ болатын заттың формуласын жазады.
Шешімі: бірінші зерттеу қорытындысы бойынша зерттеліп отырған заттың құрамында көмірсутек радикалымен бірге, аминтобы болады.
Мұғалім бұл заттардың формуласын гомологтық қатарын жазып шығуды ұсынып, үшінші слайд бойынша формулаларын талдап, түсіндіріп шығады. (слайд №3).
Оқушылар аминдер дегеніміз не деген сұраққа өздері анықтамасын дәптерлеріне жазып алады. Аминдер дегеніміз құрамындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан аммиактың туындысы. Төртінші слайд бойынша аминдердің жіктелуін түсіндіріп өтеді. (моно, ди, триаминдер болатынын айтып өтеді.) (слайд №4).
«Аминдер құрылысы» кестесі бойынша бесінші слайд бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік аминдерді атап көрсетеді. слайд (№5)
Оқушылар шар стерженьді модель арқылы олардың молекуласын құрастырып шығады. Өздері аттарын атап шығады.
Әрбір заттың өзіне тән қасиеті болады, ал енді аминдердің физикалық қасиеттерімен танысып көрейік, балық шіріген кезде, аминдер пайда болады, сондық балық тұздығының ішінен аминдерді анықтап көрейік. Эксперименттік тәжірибе жасап көрейік. Иісіне байланысты аминдер аммиактың қасиетіне ұқсайды. 1849 г. Ш. Вюрц аммиактан аминдердің айырмашылығын анықтады. слайд (№6)
Аминдердің қасиеттеріне келмес бұрын слайд (№7) бойынша аммиактың қасиетін қайталап шығамыз. Донорлы - акцепторлы байланысты түсіндіріп өтеді.
Аммиактың тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын «Отсыз түтін» тәжірибесін көрсетеміз. Азот атомында жұптаспаған электрон жұбы болады. Аминдердің кеңістіктегі құрылысында азот атомында жұптаспаған электрон жұбы болады. Бұл оның қасиетін көрсетеді. Бұл балық тұздығының құрамын зерттейміз. Оқушылар лабораториялық тәжірибелер тәжірибелер жасайды, балық тұздығын қайнатып, аузына индикатор қағазын апарады. Қағаз көк түске боялады. Бұл балық тұздығының құрамында аммиак бар екенін білдіреді. Оқушылар метиламмоний ионының түзілу реакциясының теңдеуін жазады. Гидроксид -ион түзіледі. (слайд №8).
Қорытынды: Аминдердің төменгі өкілдері сумен әрекеттесіп аммиак тәрізді қасиет көрсетеді. Балық тұздығымен де отсыз түтін түзіледі. Аммоний хлориді түзіледі. Оқушылар өздері реакция теңдеуін жазады. Аммиак негіздік қасиет көрсетеді. (слайд №8). Фениламин мен метиламиннің қасиеттерін салыстырады. Өздері қорытынды шығарады. Амин тобының көмірсутек радикалына әсер ететінін реакция жүзінде дәлелдеп шығады. (слайд № 9),. Фениламин молекуласында ароматты топтың атомға әсерін көрсетеді.
Қорытынды: протолиттік теорияға байланысты өздеріне протон қосып алып, негіздік қасиет көрсетеді, ал қышқылдық қасиет көрсетіп протонды беріп жібереді. Қорытынды аммиак және аминдер негіздік қасиет көрсетеді. Аминдердің негіздік қасиеті аммиакқа қарағанда күшті болады. Сонымен (слайд №10) арқылы мұғалім сабаққа қорытынды шығарады. Органикалық және бейорганикалық заттардың қасиеттерін салыстырамыз. Сабақты бекіту: (слайд №11) арқылы сабақты қорытындылаймыз.
Жаңа сабақты бекіту:
Тапсырма ағылшын тілінде беріледі.
1.The percentage by mass of the elements in a compound is
C 72%, H 12%, O 16%.
What is the mole ratio of C : H in the empirical formula of this compound?
A. 1 : 1
B. 1 : 2
C. 1 : 6
D. 6 : 1
2. How many hydrogen atoms are contained in one mole of ethanol, C2 H5 OH?
A. 5
B. 6
C. 1.01023
D. 3.61024
3. Which is a correct definition of the term empirical formula?
A. formula showing the numbers of atoms present in a compound
B. formula showing the numbers of elements present in a compound
C. formula showing the actual numbers of atoms of each element in a compound
D. formula showing the simplest ratio of numbers of atoms of each element in a compound
4. Methane, CH4, burns in oxygen gas to form carbon dioxide and water. How many moles of carbon dioxide will be formed from 8.0 g of methane?
A. 0.25
B. 0.50
C. 1.0
D. 2.0
5. Consider the following reaction. N2 (g) + 3H2 (g) = 2NH3 (g)
If the reaction is made to go to completion, what volume of ammonia (in dm3) can be prepared from 25 dm3 of nitrogen and 60 dm3 of hydrogen? All volumes are measured at the same temperature and pressure.
A. 40
B. 50
C. 85
D. 120
Бағалау
Бағалау С критерийі
|
Балл
|
«Амин құрамында көмірсутек радикалдарымен бірге функционалдық топ - амин тобы болады» деген гипотезаны дұрыс анықтап, тұжырымдай аламын. Лабораториялық зерттеу жұмысының мақсатын құрып, жұмыстың жүргізілу ретін жоспарлай аламын.
|
1
|
«Амин құрамында көмірсутек радикалдарымен бірге функционалдық топ - амин тобы болады» деген гипотезаны дұрыс анықтап, тұжырымдай аламын. Лабораториялық зерттеу жұмысының мақсатын құрып, жұмыстың жүргізілу ретін жоспарлай аламын. Зерттеу әдісін анықтай аламын. (реактивтермен жұмыс)
|
2
|
«Амин құрамында көмірсутек радикалдарымен бірге функционалдық топ - амин тобы болады» деген гипотезаны дұрыс анықтап, тұжырымдай аламын. Лабораториялық зерттеу жұмысының мақсатын құрып, жұмыстың жүргізілу ретін жоспарлай аламын. Зерттеу әдісін анықтай аламын. (реактивтермен жұмыс), өз іс – әрекеттімді өзім жоспарлай аламын.
|
3
|
«Амин құрамында көмірсутек радикалдарымен бірге функционалдық топ - амин тобы болады» деген гипотезаны дұрыс анықтап, тұжырымдай аламын. Лабораториялық зерттеу жұмысының мақсатын құрып, жұмыстың жүргізілу ретін жоспарлай аламын. Зерттеу әдісін анықтай аламын. (реактивтермен жұмыс), өз іс – әрекеттімді өзім жоспарлап, қорытынды жасай аламын.
|
4
|
«Амин құрамында көмірсутек радикалдарымен бірге функционалдық топ - амин тобы болады» деген гипотезаны дұрыс анықтап, тұжырымдай аламын. Лабораториялық зерттеу жұмысының мақсатын құрып, жұмыстың жүргізілу ретін жоспарлай аламын. Зерттеу әдісін анықтай аламын. (реактивтермен жұмыс), өз іс – әрекеттімді өзім жоспарлап, қорытынды жасай аламын. Қарапайым құралдарды техника қауіпсіздігінің ережесін сақтай отырып (пробирка, химиялық стакан, шыны таяқша, спиртшам, штатив т.б.) қолдана аламын. Бақылау арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткіздім.
|
5
|
«Амин құрамында көмірсутек радикалдарымен бірге функционалдық топ - амин тобы болады» деген гипотезаны дұрыс анықтап, тұжырымдай аламын. Лабораториялық зерттеу жұмысының мақсатын құрып, жұмыстың жүргізілу ретін жоспарлай аламын. Зерттеу әдісін анықтай аламын. (реактивтермен жұмыс), өз іс – әрекеттімді өзім жоспарлап, қорытынды жасай аламын. Қарапайым құралдарды техника қауіпсіздігінің ережесін сақтай отырып (пробирка, химиялық стакан, шыны таяқша, спиртшам, штатив т.б.) қолдана аламын. Бақылау арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана отырып, ұсынылған тапсырмадағы химиялық заттарды мұғалімнің көмегінсіз өз бетімше зерттеп, тәжірибе жүргізу арқылы алынған нәтижелер бойынша есептеу жүргізіп, жүйелеп, логикалық реттілікпен қорытынды шығара аламын.
|
6
|
Үйге тапсырма беру: § 4-3 № 6, 9 есеп
|
|
|