Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Лев Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайымның "Қазақстан" телеарнасындағы "Еңселі Елорда" бағдарламасында журналист Жанар Еділбекпен сұхбаты:

10.11.2010 жыл.
Бүгінгі айдарымыздың қонағы он жеті мың университеттің ішінде жуырда өткен халықаралық рейтингтің сарабы бойынша 500 университеттің қатарына енген - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым мырза.

Жуырда Мәскеуде өткен ТМД елдері ғылыми-шығармашылық зиялыларының бесінші форумы барысында Бақытжан Жарылқасынұлы мен Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий ғылымдар академиясы халықаралық қауымдастығының медалімен марапатталды. Аталған жоғары награда ғылым саласына қосқан үлесі үшін табысталып отыр.

- Сіз басшылық етіп отырған оқу ордасы талабы күшті, сұранысы мықты заманауи үрдіске қалай төтеп беруде?

- Еуразия ұлттық университетіне және басқа жоғары оқу орындарына да үлкен талап қойылып отыр. Біз осы талапқа сай болмасақ, жалпы Қазақстанның болашағы күмәнді болады. Бұл тек қана мен келіп басталған жұмыс емес. Менің алдымда да осы университетті басқарған ел азаматтары болды. Сәрсенғали Әбдіманапов пен Мырзатай Жолдасбеков сынды басшылардың университет үшін жасаған еңбегі зор. Сол жасалған фундаменттің арқасында қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті білім саласындағы танымал ірі оқу орнына айналды деп айтуға болады.



-Қазақстанға келген шетел қонақтарының бірден Еуразия ұлттық университетіне келетіні белгілі. Оның құпия-сыры бар шығар?

- Қазір Қазақстан әр сала бойынша дамып келе жатыр. Сол себепті шетел қонақтары келіп, жаңа Астанамызды көреді. Оған да аң-таң болады. Біздегі экономика саласында болып жатқан, жетіп жатқан үлкен жетістіктерімізге риза болады. Елбасымыздың саясатын өздері көздерімен көреді. Бұл енді қазіргі Қазақстанның жағдайы. Ал енді болашақ Қазақстанның қандай болатынын, алдағы 5-10 жылда біздің еліміз қай бағыт бойынша дамитынына ешкім жауап бере алмайды. Жастармен пікірлесіп, соларға қарап, сол кезде ғана осы сұраққа жауап бере алады. Көңілдерінен шықса, жастарды көрсе, білімдеріне, сауаттылығына, парасаттылығына риза болса, онда олар осы сұраққа оң жауап береді.



- Сіз бір басылымға берген сұхбатыңызда ақылы бөлімге студенттер қабылдауды Заңмен реттеу керек дегенсіз. Осыны ашып айтып берсеңіз.

- Не себепті біз заңмен реттеу керекпіз? Қазіргі таңда, соңғы он жылда, әсіресе, ақылы білімдегі студенттердің саны өте көп болды. Бірақ санынан басқа сапасы да керек. Сапасын белгілейтін бір индикатор - ұлттық бірыңғай тестілеу. Тестілеуден өтпесе, бала мемлекеттік грант ала алмайды. Ал енді бізде мемлекеттік грант ала алмаса, олар бәрі жаппай ақылы бөлімге барғысы келеді. Бірақ мемлекет үшін, болашақ үшін біз осы ақылы бөлімге шектеу қоюымыз керек. Мемлекеттік грантты көп алатын университет, демек ол қоғамдық сұранысқа жоғары деп саналады. Мемлекеттік грант алған университеттерге сол гранттың санынан 50 пайызға дейін ақылы бөлімге қабылдай аласыздар деген шектеу болатын болса, барлық жоғары оқу орындары жаппай білімді балаларды өзіне тартуға тырысады.

- Еуразия ұлттық университеті – әлемдік деңгейде өзін мойындатқан жоғары оқу орындарының бірі. Бұл жетістіктерді немен байланыстырасыз?

- Жеткен жетістіктер, бірінішіден, ол тек қана университетіміздің жетістігі емес, мемлекетіміздің жетістігі. Қазақстанды әлем танымаса, Елбасымызды білмесе, біздің университетті де ешкім білмейтін еді. Сол себептен бұл біздің университетіміздің әлемдік рейтингке кіргені - біздің мемлекетіміздің, Қазақстанның рейтингкке кіргені деп санауға болады. Бұл рейтингтік агенттік бүкіл әлемдегі ірі кәсіпорындарға ақпарат жібереді. «Мынадай университет қазіргі таңда халықаралық стандартқа сай. Сіздерге осы университеттің студенттерін жұмысқа алуға болады, Сіздерге осындай ұсыныс береміз» деп өздерінің ақпараттарын жібереді.



-Бүгінгі күні жастар арасында жатақхана мәселесі күрмеуі шешілмеген күрделі мәселердің санатында. Сіз басқарып отырған жоғары оқу орнында бұл мәселеден шығу жолы қарастырылған ба?

-Желтоқсанға таман жаңа жатақханаға студенттерді орналастырамыз. Бізге, әрине, бұл жеткілікті емес. Меніңше, жалпы осы жатақхана туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданып, студенттерге жағдай жасау керек. Себебі бізге келетін, университетте оқитын студенттің 95 пайызы бүкіл Қазақстаннан жиналған.



-Сіз басқарып отырған ЖОО-да жаңа технологияларға басымдықтар берілгені байқалып отыр. Оның себебі де бар шығар?

-Сіз байқасаңыз, біздің университеттің сайты 5 тілде шығады. Ағылшын, қытай, түрік, орыс және мемлекеттік тіл - қазақ тілінде. 5 тілде шығатын сайт Орта Азия университеттерінде жоқ. Біз осы сайт арқылы жастарды тартамыз. Олар тіл үйренеді. Екіншіден, қазіргі таңда ғылыми ақпараттың 80 пайызы тек интернет арқылы таралады. Ал бес жылдан кейін бұл көрсеткіш 95 пайызға дейін көтерілейін деп тұр. Сол себептен біз қазір халықаралық кітапханаға жазылып, біздің студенттер 104 бағдарлама бойынша әлемде қай жерде қандай кітап бар, қандай журнал бар, соны интернет арқылы ала алады. Сондықтан мүмкіншілік біздің студенттерге барынша жасалған.



- Сіздіңше, болашақта қандай мамандыққа сұраныс артады. Өзіңіз ата-ана ретінде қандай кеңес берер едіңіз?

- Болашақта қандай мамандыққа сұраныс көп болатынына қазіргі таңда Қазақстан қай бағыт бойынша дамып жатқанын, неге көбірек көңіл бөліп отырғанына назар аудару керек. Әрине, бұл еліміздің индустриялдық-инновациялық бағдарламасы бойынша дамып жатқанын айтуға болады. Зауыттар, үлкен фабрикалар іске қосылады. Мұның бәрін кім жүргізеді? Мұның бәрін жүргізетін - адам. Яғни, маман. Сол себепті осы салаларды дамыту үшін инженерлік бағыт бойынша, іргелі ғылым бойынша осы салаларға көбірек көңіл бөлу керек. Мысалы, әлемдегі ең мықты, яғни жетістігі мол бизнесмендер, банкирлер экономика факультетін емес, математика факультетін бітірді. Себебі математиканы бітірген балардың ойлау алгоритмі бөлек болады. Мен өзімнің кіші ұлымның математик болғанын қалар едім.

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайымның "Қазақстан" телеарнасындағы "Еңселі Елорда" бағдарламасында журналист Жанар Еділбекпен сұхбаты
39.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау ережесі «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы»

«Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы» ғылыми журналындағы мақалалар гуманитарлық және техникалық бағыттағы ғылыми зерттеулердегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді қамтиды

25.53kb.

13 10 2014
1 стр.


ЖОҒары оқу орындарын ақпараттандыру – заман талабы түменбаев Қ. К

Андасова Баққайша Заманбековна, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, п.ғ. к., «Теориялық информатика» кафедрасының доценті

69.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №1 (61)

Критерии и показатели результативности использования методики формирования понятий механики (на примере понятия "сила") в условиях кредитной системе обучения

4521.79kb.

25 12 2014
37 стр.


Лев Николаевич Гумилев Хунну в Китае Лев Гумилев

Сама природа разделила Восточную Азию на две части: теплую, влажную и изобильную, с многочисленным оседлым населением – Китай, и холодную, сухую, пустынную, с редким кочевым населе

3206.8kb.

09 09 2014
19 стр.


Лев Николаевич Гумилев Древние тюрки Лев Гумилев

Эта книга была начата 5 декабря 1935 г. С тех пор она неоднократно переделывалась и пополнялась. Однако, она не исчерпала всего обилия материала и не осветила всех проблем, связанн

8020.3kb.

09 09 2014
40 стр.


Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011

«коммуникация»сөзі көп мәнді болғандықтан, «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін және қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы

130.83kb.

25 12 2014
1 стр.


Н. У. Шаяхметов – т.ғ. д., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті

Бөкейханов қоғам қайраткері, саясаткер, Алаш қозғалысының жетекшісі ғана емес, ол сондай-ақ талантты зерттеуші-ғалым екені баршамызға аян. Сол себепті Ә. Бөкейхановтың ғылыми мұрас

94.29kb.

25 12 2014
1 стр.