Перейти на главную страницу
Күймей ме біреу үшін біреу босқа.
л м ы й а м н я ш а і л к ү т т р н а с ы а ш қ о ш а ы қ м с ы а с м а |
«Аққу, Шортан һәм Шаян»
«Қарға мен түлкі»
«Қартайған арыстан»
«Еменнің түбіндегі шошқа»
«Қасқыр мен мысық»
«Қаптесер мен көртышқан»
Жүргізуші: Келесі ойын «Лото» деп аталады.
Тақтада екі ойын алаңы бар.
1 ойын алаңына: мысалдардан үзінділер жазылған қағаздар ілінеді.
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Бөрі жоқ десең- шығар бөрік астынан…
Тіс түсіп, тырнақ мұқап, әл кеткен соң…
Тауықтан біразырақ ән үйренсең…
«Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты.
Залалдан басқа нәрсе істедің бе?
Таспенен пәрменінше қойып қалды.
«Қураса, қурайды деп қиналман көп…»
«Қарға мен түлкі»
«Қасқыр мен қозы»
«Қартайған арыстан»
«Бұлбұл мен есек»
«Сары шымшық»
«Қасқыр мен мысық»
«Кісі мен аю»
«Емен мен шошқа»
Жүргізуші: Мына үзінділер қай шығармалардан алынған?
1 ойын алаңындағы үзінділерді 2 ойын алаңындағы суреттермен жабу керек. Егер оларды дұрыс орналастырсаң, А. Байтұрсынов мысалдарындағы кейіпкерлердің суреті шығады.
Ағартушылық жолында Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақты болысында, Қарқаралы уезімен Қостанай қалаларында, ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде қызмет етеді.
Оқ тиіп он үшімде ой түсірген,
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегеніме бәрі харам,-
десе де, талаптанып, еңбек жолын жалғастырады. Халық мұңын мұңдаған бір топ күрескерлер шоғырын топтастыра отырып:
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім «Сен де қатарыңнан қалыспа»- дейді.
Баяндамашы /1/:
Ахмет Байтұрсынұлының ел ішіндегі өмірінің айтулы бір кезеңі 1896 жылы Омбыға барып, Ақмола, Семейдегі қазақ-орыс мектептерінің үстінен қарайтын А. Алекторовпен жақсы танысып білісуі болды. Өз басы қиыншылықтың сан түрін өткерген Ахмет Алекторов, Ильминский секілді миссионерлермен жақындаса түседі. Жақындасқан сайын өзінің азаматтық күрескерлік бет-бейнесі айқындала түседі. Осы жол оны саясатпен айналысуға, ғылым жолына түсуге, жиған - терген, білгенін халқына қайтару жолына алып келеді.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны,-
деп күйінеді. Ахаңды газет оқушылары қаражат жинап, ұйымдасып абақтыдан босатып алып, газетті жаптырмай аса ізгі іс жасайды. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы таза саяси үн, заман тынысы халық мұңын ғана айтып қоймай, өз өмірбаянына қатысты деректер, дүниеге көзқарас, арман мақсаты да айқын көрінеді.
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа не алар өлім менен
Өлген күні апарып тығары көр,
Мен жоқ болсам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын
Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін,-
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш «Әліппесін», «Тіл құралын», «Әдебиет танытқышын» сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы, ғылыми, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың»(1913-1918) тұрақты редакторы, Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, аудармашы, публицист журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы ұстаз. КазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы...
Ол ең алдымен қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар А. Байтұрсынов - өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тіккен.
Баяндамашы /3/:
А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы- оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. А.Байтұрсынов айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды. Өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді.
- Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас ,біреу салар.
Теп- тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейін жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
Баяндамашы /2/:
А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты еңбегі бүгінгі түркі тұқымдас халықтардың сөйлеу, жазу, тіл ұстарту білімінің бастау бұлағы саналады. Осы заманда қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, шылау, үстеу, ілік, жатыс, бастауыш, баяндауыш, септеу, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген атауларды ойлап тауып, ғылыми бір ізге салған Байтұрсынов болды.
Сырт сыны да көреген көсемдікпен көп сыр аңғартқандай, жүзінен сұлу сыпайылық пен игі адамгершілік иман нұры шалқыған осы бір инабатты кісінің “тәртіпті мектептен алған білімі” (Әуезов) алты- ақ жыл оқумен аяқталған Ахаңның,- өркениетті ғылымият игіліктерін өз бетінше түгел игерген түпсіз ғұламалығына ғана емес, ұл өспірім шағында ұстанған Адамдық диқаншысы болу мақсатына жету жолындағы айнымас табандылығы мен соншама қайсарлығына таңдай қағасың! “батырлардың басы қайда қалмаған, ал ерлігі тбемізден тұр қарап”,- деп ақын Дүйсенбек Қанатбаев айтқандай, ел намысы ерді қай қиынға салмаған! Ахаң бастаған алаш зиялыларының қазақ төңкерісінен кейінгі сонау бір қауырт кезеңде мамандық- кәсіптеріне маңайлай бермейтін ғылым салаларынан отыра қалып оқулықтар жазу мүддесі “асып- тасқандық амалынан” емес, “Халқыма керекті қалай табамғ қайдан табам деп қам жеп жүру” (Елбасы) талабынан шықпай ма?! Бауыр жұрты үшін “жоқ іздеген қуғыншы” болып жүріп, басқа өңірлердегі бар білімнің басын қосқан Байтұрсынұлы осыдан кейін қалайша “күлден кебін жамылып” (Мағжан) , қайта тірілген қазақ рухының фениксі санамасқа! Көп уақыт бұрын халық қамын жеп айтқан көсем сөздерінде тек көкейтесті қоғамдық пікір ме екен
Баяндамашы /3/:
А. Байтұрсынов - қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В. Затаевичтің айтуынша ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. «Қазақ халқының жүз әні» атты еңбегінде А.В.Затаевич былай деп жазды: «А.Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол - жақсы домбырашы»-деген.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919) А. Байтұрсынов өзі айтқандай, адасады, қателікке ұрынады, санын соғады, түңіледі, сары уайымға салынады. Жаңа жол іздейді.1919 жылы наурызда бұрынғы ұлт интеллигенциясының көптеген өкілдерін өзімен бірге алып, совет өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери- революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкіл Одақ Орталық Ағарту Комитетінің мүшесі,Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болады.
Советтердің Бүкілодақтық 7 және 8 съезіне дейінгі аралықта ВЦИК- тің мүшесі және Советтердің Бүкілқазақстандық 1 және 2 съезіне дейінгі аралықта Кирвоенкомның мүшесі болып және Қазақ АССР- ның Оқу- ағарту наркомы және ҚазММК- тің мүшесі, сонымен қатар Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы болды.
Халқының азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі жөнінде жан аямаған күрескер Ахмет - өз арманы жолында арыстанның аузына, зымыстанның түбіне бара жүріп, халқына қалтқысыз еңбек сіңіре білді. Ол қазақты бай, кедей деп алалап бөлмей, бәрінің мүддесін бірдей қорғады, қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуын көздеді.
«…Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз. Өзіміздің елімізді сақтап қалу үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек»,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Алайда, оның осы ізгі істерін астарлап, терең ұққысы келмегендер оған ұлтшыл деп жала жапты. Қазақ интеллигенциясының бір өкілі - Ахмет Байтұрсынұлына шүйлігіп голощекиндер 1929 жылдың 2 маусымында ұстап, Архангельск облысына, жұбайы мен қызы Томск қаласына жер аударады. Халықаралық Қызыл Крест арқылы М. Горькийдің әйелі Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей 1934 жылы босанып, әуелі Батыс Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады. Бірақ бостандықтағы уақыты да көпке ұзамай НКВД органдары оны 1937 ж. қазанда қайта ұстап, көзін жояды. Елу жылдан соң ғана әділдікпен 1988 ж. 4 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы Соты жазықсыз айыпталған Ахмет Байтұрсынұлын ақтады.
Ардақты азамат, халқымыздың саяси әрі рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың елі үшін еткен еңбегі, саяси - әлеуметтік ой- арманы бүгінгі Егеменді Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр.
Осыдан 80 жыл бұрын Мұхтар, Сәкен, Міржақып тәрізді тау тұлғалы замандастары, ізбасарлары елуге толған Ахмет Бйтұрсынұлының көзі тірісінде- ақ лайықты баға беріп кеткен екен. Одан бергі жылдар ішінде Ахаң қиянат құрбаны болып, артында қалған баға жетпес мұрасы аяусыз тұншықтырылса да, оны жою ағысы қатты тау бұлағын бөгеумен тең еді. Осыдан он бес жылдай бұрын Ахмет есімі қазаққа қайтып оралғанда ғұлама ғалымның зор еңбегі бөгетті бұзған дариядай екпінмен келіп, ұлттық білім мен мәдениетімізді, саяси өмірімізді ғажап байлыққа кенелтті. Ол айтқан ақыл- кеңес, қозғаған мәселелер, жазып кеткен сан алуан салиқалы туындылары бүгінгі күн талабымен оп- оңай үндесіп, бір арнаға тоғыса қалды.
Ендеше, ел боламыз десек А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
Бүгінгі ойын Ахмет Байтұрсыновтың артында қалған мол мұрасына зор құрметпен қарап, бағалай білген әдебиет білгірлеріне рухани азық, көңілдеріне қуаныш сыйлайды деп сенеміз.
(Топ мүшелері өздерін және өз топтарын таныстырады).
Бірінші тур
ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ
Бұл турда екі топ кезекпен төрт сұраққа жауап беруі керек. Белгілі бір сұрақты таңдау үшін оларға түрлі- түсті текше (кубик) беріледі. Топ жетекшілері текшені белгілі бір қашықтыққа лақтырады. Текшенің қай түсі жоғары қараса, ойыншылар сол түстегі сұрақтарға жауап береді. Әр бөлімде барлығы сегіз сұрақ болады.
қызыл түс- Ахметтің ақындығы
көк түс- Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
жасыл түс- Аудармалары
ақ түс- Асыл мұралары
қара түс- Түрлі тақырыптар
Текшенің әр түсіне сәйкес гүл дайындау керек. Әр бөлімдегі сұрақтардың нөмірі сол гүлдің жапырақшаларында жазылады.
Топ жетекшісі төрт жапырақшаны бірінен соң бірін жұлып алады да, сұрақтардың нөмірін айтады. Ойынды жүргізуші сұрақты оқиды.
Топ мүшелерінің дайындалуына 1-2 минут уақыт беріледі. Егер олар дұрыс жауап бере алмаса, сұрақ жанкүйерлерге қойылады. Сөйтіп, олар да ойынға қатыса алады.
Дұрыс жауапқа әділқазылар алқасы 1 ұпай береді.
Егер жұлдызшасы бар жапырақша кез болса (жұлдызды сәт), онда дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Тақырыптық бөлімдерге арналған сұрақтар
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап!
Бұл шумақтар қай өлеңнен алынған?
(“Тілек- батам”)
4. Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат”
өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға?
1. А. Байтұрсыновтың аудармалар жинағы қалай аталады?
“Мен қате еткем екен ғой, аһ!”- деді …
Ағаштың басындағы құзғын көріп:
“Тамырын қазып, аршып тастаған соң,
Қалмай ма … қурап, кеуіп, семіп?”
Сөз тыңдап онан әрі тұра алмапты.
“Есекке сынатпасын құдайым”,- деп,
Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
«Бері қара, бұл кім өзі мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін…»
8.«Аққу , Шортан һәм Шаян» мысалында А. Байтұрсынов оқырмандарына қандай ғибрат айтады?
Асыл мұралары
2. Тіл білімі саласындағы еңбектері?
Түрлі тақырыптар
А. Байтұрсыновтың осы даналық қағидасының жалғасын тап.
“Ахаңның асыл әндері- ай”
Ахмет Байтұрсыновтың халқына қандай қызмет еткенін бүгінгі ұрпаққа түсіндіру - тірілер парызы. Осы игі ниетпен біз ескі материалдар негізінде А. Байтұрсыновтың бейнесінен белгі бере, оның ел арасында, республика алдында, Одақ көлемінде қаншалықты беделді болғанын, нендей еңбегімен зор құрметке бөленгенін аңғаратын кейбір елес, мағлұматтарды «тірілтуді» жөн көрдік.
2- жүргізуші: 1922 жыл. Ташкент қаласы. Сондағы қазақ- қырғыз институтының айналасы халыққа лық толы. Аулаға кірер жолдың екі жағына қаз- қатар тізіліп оқушы балалар тұр. Бүгін мұнда «қазақ халқының қаламға жүйрік, алты алашқа аты жайылған атақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлы келмекші... Келген жұмысы- Түркістандағы екі губерния қазақты Қазақстанға қосып, қазақ елін біріктіру. Әрқашан халқының қамын жеп жүрген қамқорын, қажымайтын қаһарманын бұрын сыртынан ғана атына қанық Түркістан жұрты зор қошаметпен қарсы алмақ.
Міне, көптен күтіп тұрған құрметті қонағы да көрінді. Қасында 4-5 жолдасы бар, еңсесі биік, келбеті түзу, көзілдірікті бір адам аяғын ақырын басып келе жатыр…
Адамдық диқаншысы- қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Көк есек қозғала ма түрткенде айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
1- жүргізуші: Мұнан кейін неге оқу- ағарту ісіне бой ұрғанын, халқының болашағы үшін неге бас тіккенін былай әңгімеледі: «Мені тудырған заман- патша заманының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы. Соның бәрін көріп тұрып, мен қарап қала алмадым. Біздің халық- еш нәрсесі жоқ, мәдениетке кедей халық… Біздің қазақ сияқты өгейлік көрген халыққа ағартудан басқа жол қалмады... Жөні дұрыс жастар біздің артымыздан ерді. Олар басқа жол таба алмады”.
2- жүргізуші: Көпшілік бұқараны оятудың барлық амал- тәсілін қолданып байқаған Ахаңдар қалың қазақ арасында ең өтімді үгіт құралы- өлең сөз екенін аңдады. Сол бір жылдарда ел ішінде айтылар ойдың түпқазығы “Оян, қазақ!” деген бір-ақ сөзге тірелген ұран өлеңдер көп тарап еді. Солардың алғашқы қарлығашы- Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері, оның “Қырық мысал” кітабы болатын.
“Қырық мысалды” оқи отырып, таныс сюжеттерге ұшырасқанда, олардың И. А. Крыловтан аударылды дегеніне қол қойсаң да, таза қазақы түсінік, ұлттық ұғыммен түйінделген ғибрат бөліміне келгенде ойналып-ақ қаласың.
А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады,- деген замандасы Міржақып Дулатұлының бағасы бүгінде де құндылығын жоймаған.
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қоңсынып, қоңырайма, құрбыларым,-
Сап-сары аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі өзгерілмес
Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
Ес біліп анық.
Ер жеткелі жиырма жыл.
Баяғы қалпы
Баяғы салты
Бұ неткен жұрт ұйқышыл.
Болсын кедей, болсын бай
Жатыр бейқам, жым- жырт жай.
Емшегін еміп,
Анаға сеніп
Бала ұйықтайды жастықпен.
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас.
Мына жұрттың бәрі оңбас!
Қазағым, елім!
Қайқайып белің!
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың?
Ұйықтайтын бар не сиқың! -
деп тіл қатады.
2-жүргізуші: Ахмет өлеңдерінің күрескер геройы бойына төзімділік, қайсарлық, қиындыққа шыдамдылық сияқты қасиеттер тән.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!-
Ойлайтындар мен емес- бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын.
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін
Өзіңе аян- мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап!-
Зығырданды қайнатып.
Масайрасын, мәз болып,
Қуанғанды өзің тап!-
«Ақиқатын айтсақ, Байтұрсынов өз отандастарының арасында білімі жағынан жоғары бағаланатын жақсы домбырашы және тамаша орындаушы ғана емес, өз ұлтының ән- күйлерінің тарихын жақсы білетін, түсінетін терең ойлы азамат. Мен Ахмет Байтұрсыновпен бірге болған кездерімде, оның музыка саласындағы білімін осылай бағаламасқа шарам қалмады. Ол менің жарияланып отырған осы еңбегіме өлшеусіз үлес қосып, зор көңіл бөлді. Ол үнемі маған Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей, Қарқаралы және Қарақалпақ аймақтарындағы кең танымал халық әндері мен күйлерін қойын кітапшасына жазып алып, маған үнемі хабарлап отырады. Сондай- ақ, ол- домбыраға арналған екі күйдің авторы болумен қатар өз халқының этнографиясын, тұрмыс- салтын жете игерген әрі жан- жақты білім алған үлкен парасат иесі. Мен нені жинап, неге назар аударуым керек екендігіне де ол үнемі нұсқау беріп әрі қолдау көрсетіп отырды. Сондықтан да, мен оған өмір бойы қарыздармын»,- деп жазғаны белгілі.
Осы аталған аймақтардан Ахаң 60- қа жуық халық әндері мен күйлерін жаздырды.
Көркемсөз оқушы: …Көп отырып шаршаған кезде Ахаң домбырасын қолға алып, ән айтқанды жақсы көретін. Күйлерді де көп тартатын. Ұлттық музыканы ғана емес, операны да жақсы көретін. Ахаң мені Падрес апаммен бірге бірнеше рет операға да апарды. Ол кезде опера театры 8 наурыз көшесінде болатын. Ахаңның арқасында сол бала кезімде: «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» сияқты операларды көріп, тыңдадым. Киноға Ахаңмен бару да қызық еді… ,- дейді Ахаңның қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында.
1- жүргізуші: Тумысынан ауыз әдебиеті, халық әндері мен күйлерін еміп өскен Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушылығымен қатар, өзі де жанынан ән шығарған айтулы композитор болған.
«Қарғаш» әні орындалады
Қарғаш
Ақ дидарың көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.
Сен есіме түскенде, беу, қарағым,
Кемесіндей дарияның бұлаңдаймын.
Кімдер сері болмайды бойдағында.
Қыз кеткен соң ауылыңнан қызық кетер,
Келіп- кетіп жүрсейші ойнағыңа.
«...Әкем күй сандықпен де, домбырамен де, скрипкамен де көп әндерді айтып берді. Сондағы айтқан әндерінің біразы есімде қалды: «Аққұм», «Екі- ау жирен», «Қарғаш», «Ләйлім», «Қаракөз», «Кәмшат бөрік» және Жаяу Мұсаның әндері. Сонан кейін жастар алтыбақан тепкенде айтатын «Жар- жар», сондай- ақ Жыршы ананың жырлары:
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.
Сен есіме түскенде, беу, қарағым,
Кемесіндей дарияның бұраңдаймын,-
Кімдер сері болмайды бойдағында.
Қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер,
Келіп- кетіп жүргейсің ойнағыңа…
Қай қонақ келсе де Ахаңның күй сандығын, қызыл қоңырлау скрипкасы мен домбырасын қызықтаудан жалықпайтын. Мұндай музыка аспаптары ол кезде тек қана Ахаң сияқты еуропаша тәлім- тәрбие көріп, білім алған заңғар жандардың ғана үйлерінен табылатын.
Әлкең де, Сәкен де, Мұхаң да бастары қосыла қалғанда, Ахаңа ән салдырып, күй тарттырмай қоймайтын- ды.
“Аққұм” әні орындалады
Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен,
Айтайын өлең қылып перизатты.
Көңілімнің қуанышты дәурені едің…
Ойымнан жатсам, тұрсам еш кетпейсің,
Басымды не сиқырмен әуреледің?!
- Әкемнің айтқан әндерін есіктің сыртында тұрып тыңдап, жаттап алып, айтып жүретінбіз. Әкем өзі шығарған әннің алдымен бір шумағын күй сандықта ойнап болғаннан кейін оны дереу нотаға түсіретін. Сонан соң барып бірнеше рет қайталап домбырамен айтатын. Ал енді қонақтар келгенде жаңа әнін талқыға салатын. Әндердің көбісін әкем Қызылордада тұрғанда шығарған. Онда мен ересекпін, бәрі де есімде.
Әкем: -Жаңа ән қалай, сіздерге ұнай ма?- деп, әуелі өзі ойнап көрсететін-ді. Сонан соң барып оны Әліби Жанкелдин тез жаттап алып, әлгі жерде қосылып шырқайтын. Сонда бір- біріне мәз болып, әкемді қолпаштап, «Аққұм», «Екі- ау жирен», «Қаракөзайым» әндерін қонақтар бірге шырқайтын. Өздеріңіз, білесіздер, әкем атылғаннан кейін бұл әндердің бәрі халық әні болып кетті. Әкем «Екі- ау жиренді»:
...Ой, екі- ау жирен,
Жалын түйген.
Жалғанда жан жарымсың- ау,
Жаным сүйген,-
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу, қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
Қайырмасы:
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Ей, құрбым, сөз сөйлейін көрген жайдан,
Айтпаймын күдер үз деп ақ сұңқардан.
Көңілімде еш дауалық болмаған соң,
Бойымда толып жатыр ары, арман.
Халықтың жан дүниесінің мөп- мөлдір бұлағындай болған өнеріне шөлі қанғанша мол сусындаған, оған өзі де бір тамшы болса да үлес қосқан Ахаң нақақтан атылды. Бірақ, Ахаңның өмірі де, Ахаңның ілімі де өшкен жоқ, өшпейді де. Оның жүрек үні туған жердің самалынан естіліп, ән болып айтылып, күй болып күмбірлей бермек.
Елінің әулиедей ақсақалы.
Қараңғы адамдардың зердесіне,
Тараған таң нұрындай ақ шапағы
Сөзінің ойы терең, оты күшті,
Уақытты озған орап оқымысты.
Ел оқып оның жазған ғибратын,
Жетілді сарайына тоқып ішкі
Ол салған жолға түсіп талаптанып,
Өмірлік сұрағына жауап тауып
Басына жастап жатып әліппесін,
Сан ұрпақ көзін ашты сауаттанып.
… Ажалға оны елі қия алмады,
Жүр деді Колымада қияндағы
Шығарған оның мұңлы әні айтылып,
Шертілді көңілдегі күй- арманы.
Теңізбен, жермен, шөппен байланысып,
Халқының тірлігіне айналысып,
Рухы Ахметтің ел үстінде,
Жүр деді арманындай айнала ұшып.
Осындай ол жайында аңыздар көп,
Ол айтты деген жыр мен уағыздар көп.
Қарыздар болмай кетті ол халқына,
Ал халқы қалды оған қарыздар боп.
Сахаралық сәби сезім қазақтың
Сені тәңірі мойымастай
Батпанына халқым деген қасиетті азаптың
Мешеу елді құз құлаудан-
Тарихи өрге ауырсынбай көтерер,
Қабырғасы қайыспайтын,-
Қайсар төзім қара нар ғып жаратты!
Халқымыздың өнегелі ардағы
Келешекті кеңнен болжар,
Көрегенді кемел ойдың саңлағы.
Ұлтты апаттан алып шығар арманның
Абзал жолды келді дұрыс таңдағың!..
Білем, білем, келер ұрпақ алады аршып ізіңді.
Қапелімде тамағыма өксік келіп тіреліп,
Сағыныштың ыстық жасы жанарымнан үзілді.
Сөзің балдай, өзің таудай жан екенсің, ағажан!
Қасіреттен түсті басым тауқыметті тағдырың,
Қасиетті өз орныңды алдың бүгін арадан…
Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан.
“Алашым, ұйқыңды аш” деп ұран салды
Бір арыс ел бағы үшін жаратылған.
Алаштың оқытсам деп жас баласын
Қайрат қып қаруымен, қаламымен
Қайыспай соқты тауға, тасқа басын.
Ахаң боп түн түнегін жара көктеп,
Сөйледі “Қазақ”, “Алқап”, “Жаңа мектеп”:
“Ей, болашақ, қалдырма өз көшіңнен,
Менің момын халқымды ала кет” деп.
Күнді аңсап қазақ есін жыя алатын
Кетті әке ақ патшаның тепкісінде,
Бұл көрді қызыл қоғам қиянатын.
Мұқалмас өр рухы бірге ілесіп
Қалды алыс қайран Аққұм, ару Ақкөл,
Мұз- қарын Ақ Теңіздің жүрді кешіп.
Күн жетті көкжиектен таң көрінген.
Оқ тескен от жүректің бір ғұмыры
Оралды ортамызға мәңгі өмірмен.
Бұл күнмен әні астасып, жыры ұштасып,
Алаштың Ахметі- ғұламасы
Барады ғасырлармен иықтасып.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
…Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: Қазақ тілі мен оқу- ағартуға қатысты еңбектері.- Алматы: Ана тілі, 1992.- 448 б.
Байтұрсынұлы Ахмет. “Жан сөзімді кім түсінер?” - Алматы: А .Байтұрсынұлы атындағы қор, 1994. – 112 б.
Байтұрсынов А. “Шығармалар”: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
Бес арыс. Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар.- Құраст. Д. Әшімханов.- Алматы: Жалын, 1992.- 544 б.
Досжанов Д. Абақты:- Алматы: Қазақстан, 1992.- 288 б.
Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат.- Алматы: Қазақстан: Шапағат, 1992.- 112 б.
Қазақ әндері. 3 томдық.- Алматы: Жазушы, 1968.- Т. I. Халық әндері.- 144 б.
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. -Алматы: Білім, 1995.- 288 б.
Ұлттың ұлы ұстазы: Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновқа арналады/ Құраст. В. Қ. Күзембаева.- Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2001.- 316 б., суретті.- “Ұлы тұлғалар” ғылыми- библиографиялық серия.-
Бекжанова С. Ахаң салған ізімен… // Қазақстан мектебі.-1998.-№6.-75- 77 б.
Дөңқабақ О. “Ахаңның асыл әндері- ай” // Мәдениет.- 1994.- №2.-6 б.
Көшербаев Қ. , Арын Е., Дүйсенбай Е. Адамның диқаншысы// Қазақ әдебиеті.- 1998.- №18.- 4-5 б.
Кеңес Н. Алаштың күрескер ұлы // Қазақстан мектебі.- 1998.-№6.- 29-37 б.
Құсайынов К. Дәстүр жалғастығы // Қазақстан мектебі.-1998.- №6.- 45-51 б.
Сариева Р. Мұрағат мағлұматтары // Қазақ әдебиеті.-2003.-№4.- 4-5 б.
Тұрғараева Г. Қазаққа “Қазақ” атын қайтарды // Ақиқат.-1998.- №6.- 69-71 б.
Шүкірұлы С. Қазақ тіл ғылымының атасы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл // Қазақ әдебиеті.- 2003.- № 4.-1-4 б.
Ысқақұлы Д. “Ел- бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін” // Егемен Қазақстан.- 2003.-№19.- 3 б.
А. Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал / Қмрбк құраст. А. Байжұманова. Алматы, 2003. 46 б
25 12 2014
3 стр.
А. Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Ахмет Байтұрсынов ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі
14 10 2014
1 стр.
Абдугулова, Б. К. 4 класс оқушыларына тарих сабағында коммунистік тәрбие беру: мұғалімдерге арналған көмекші әдістемелік құрал / Б. К. Абдугулова. – Алматы: Мектеп, 1987. 55 б
25 12 2014
1 стр.
А. Байтұрсынұлының 140 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: кеңестік және қазіргі көзқарас» тақырыбына ғылыми-практикалық конференцияның
14 10 2014
1 стр.
Балапанов Е.Қ. Берібаев Б., Дәулеткұлов А. Б. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ /Алматы : жти, 2003, 2007. 400 с
05 09 2014
1 стр.
Ксро халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Еркеғали Рахмадиевтің 80 жылдығына арналған мерейтойлық кеш
25 12 2014
1 стр.
Белгілі балерина Г. Уланованың 100 жылдығына арналған балет әртістерінің концерті
14 12 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
25 12 2014
6 стр.