Перейти на главную страницу
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС -ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Г.С. Смолина, Л.Э. Гейцман, Ү.С. Қалижанова,
Л.С. Баймолданова, М.Б. Шохманова
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Әдістемелік құрал
Өскемен
2006
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған.
«Болашақ физик мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі» оқу - әдістемелік құралын құрастырған және аударғандар:
Г.С. Смолина, Л.Э. Гейцман, Ү.С. Калижанова, Л.С. Баймолданова, М.Б. Шохманова
Физика кафедрасының отырысында талқыланды
№9 хаттама 03.05.06
Кафедра меңгерушісі._____________________профессор, М.Қ.Сқақов
«Болашақ физик мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі» оқу - әдістемелік құралы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті математика, физика және ақпараттық технология факультетінің оқу - әдістемелік кеңесінде құпталды.
кеңесінің төрайымы_ _________________ доцент, Э.М. Мағзұмова
Норма бақылаушы________________________ Г.Д.Шарапиева
«Болашақ физик мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі» оқу - әдістемелік құралын баспаға беру құпталды.
№6 хаттама 16.06.06
Қалижанова Ү.С. Болашақ физика мұғалімінің педагогикалық тәжірибесі / Г.С. Смолина, Л.Э. Гейцман, Ү.С. Қалижанова, Л.С. Баймолданова,
М.Б. Шохманова.- Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2006.-64б.
Оқу-әдістемелік құралында педагогикалық тәжірибеден өтетін студенттерге тәжірибенің мақсаты, тәжірибеден өткенде нені білу, меңгеру керектігінен басқа үйрену үшін жол көрсетілген. Есеп берудің үлгісі түсінікті кесте, схема түрінде көрсетілген. « Болашақ физика мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі » оқу-әдістемелік құралы «физика», «физика және информатика» мамандығында сырттай және іштей оқитын бөлімдегі 1,2,3,4 курс студенттері мен әдіскер оқытушыларға арналған.
Оқу-әдістемелік құрал ретінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Математика, физика, техника және ақпараттық технология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде «16» 06.2006ж.бекітілді (№6 хаттама).
Пікір жазған:
Пед. ғыл.канд, доцент А.Қ.Игибаева
Педагогикалық тәжірибе бұл бүтін бір процесс, мұнда студент өзін өзі дамытады, психикалық және жеке қасиеттер қалыптасады.Педагогикалық талдау, педагогикалық ойлау, педагогикалық рефлексия, мотивация кәсіби шеберлік сияқты қасиеттер қалыптаса бастайды.
Педагогикалық тәжірибе процесінде келесі есептер шешіледі:
- университетте алған теориялық және методикалық білім бекітіліп, әрі оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарында оны қолдана білуге үйренуі;
- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым қатынасты бақылап, сараптама жасау;
- кәсіби шеберлікті қалыптастыру және дамыту;
- танымдық қабілетін дамытарлықтай түрлі сабақ жүргізу әдістерін қолданып, жаңа сабақ түрлерін өткізу;
- педагогикалық өзін-өзі жетілдіруде жеке тұлғаның кәсіби қажетті қасиетін қалыптастыру;
- оқу-тәрбие жұмысының жаңа күн талабына сай алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдер еңбегімен танысу;
- оқушыны тәрбиелеу-оқыту процесіндегі есепті шешуге көмектесу;
- білім беру, тәрбиелеу жұмыстарына араласу;
Студент тәжірибеден өту кезеңінде келесі шараларды меңгеруі керек:
- коллективтегі әлеуметтік-психологиялық жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру тәрбиелеу негізінде нақты оқу-тәрбие есебін анықтау;
- жеке тұлғаның тәрбиесі мен даму диагностикасын тұрғызу мақсатында оқушылар коллективі мен оқушының жеке тұлғасын зерттеу;
- педагогикалық алдағы және ағымдағы іс жоспарымен танысу;
- балаларды тәрбиелеуде сынып жетекшісі,тәрбие ісінің меңгерушісі, оқушылар,тәрбиешілермен байланыста болу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылап,сараптама жасау;
- педагогикалық білімін насихаттау;
- оқу-тәрбие жұмысында түрлі формалар мен әдістерді меңгеру, балалармен жұмыста пайдалану.
Педагогикалық тәжірибе мамандықтар үшін оқу жоспары мен тәжірибе жоспарына сай жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибе кезеңі оқу процесіндегі графикпен анықталады. 1 курстағы тәжірибе негізгі оқу процесінен үзбей жүргізіледі.2- курстардағы тәжірибе оқу процесінен тыс 2 апта жүргізіледі. 4-5 курстардың педагогикалық тәжірибесі негізгі оқу процесінен қол үзіп, білім беру орталықтарында, мекемелерінде ШҚМУ және физика кафедрасымен келісім шарт арқылы жүргізіледі.
Тәжірибе оқу пәніне тең келеді және студент білімінің құрамды бөлігі траекториясы деуге болады. Cтуденттердің педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыру мен жетекшілік жүргізу кафедра меңгерушісінің белгілеп, бекітуімен кафедра жүргізеді. Физика кафедрасы жетекшіні тәжірибедегі студентке-физикадан, педагогика кафедрасы - тәрбие жұмысынан, психология кафедрасы-психологты бекітеді.
Тәжірибе басталардың алдында ұйымдастыру конференциясы жүргізіледі. Конференцияда тәжірибенің мақсаты мен есебі түсіндіріліп,тәжірибе жоспары, тәжірибе кезіндегі студенттің хұқы мен міндеті түсіндіріліп,әдіскер оқытушы мен жетекшілерді таныстырып, студенттерге тапсырмалар бөлініп беріледі.
Тәжірибе соңында қортындылау конференциясы жүргізіледі. Бұл конференцияда студенттердің есебі тыңдалып, баға қойылады да қортындыланады.
3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
Педагогикалық тәжірибе жетекшісі:
- Педагогикалық тәжірибе жүргізу үшін қала және облыс мектептерін таңдайды;
- Мектептермен келісім –шарт жүргізіп, мектепке студенттерді жолдау қағазын дайындайды;
- Ұйымдастыру және қортындылау конференцияларын ұйымдастырып жүргізеді;
- Тәжірибе басындағы және соңындағы мектеп директорлық кеңесінде қатысады;
- Студенттердің оқушылармен жүргізген сабақ түрлеріне қатысады;
- Тәжірибе кезіндегі күнделіктің уақтылы және сапалы жүргізуін, басқа қажетті құжаттардың дұрыс толтыруын қадағалайды;
- Тәжірибе кезеңіндегі кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды болдырмауға көмектеседі;
- Кафедрадағы педагогикалық тәжірибені талдау жұмыстарына қатысады;
- Мектептегі жұмысқа есеп беру құжаттарын тексеріп, педагогикалық тәжірибеге қатысушы мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілерімен бірге студенттерді бағалауға қатысады;
- Педагогикалық тәжірибе жөнінен жалпы есеп дайындап, кафедра меңгерушісіне өткізеді;
- Педагогикалық тәжірибе қортындысын кафедрада қортындылап, өз пікірі мен ұсыныстарын енгізіп, ұйымдастыру мен жүргізудегі кемшіліктерді жоюға көмектеседі;
- Педагогикалық тәжірибеде студенттерге тікелей жетекшілік жасайды;
- Ұйымдастыру және қортындылау конференциялары мен мектептегі директор жанындағы кеңесіне қатысады;
- Оқушыларға жүргізетін тәрбие сағаттарын бөлуге (сынып жетекшісімен) қатысады;
- оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізу және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- Тәрбие жұмыстарының жоспары мен (конспектісін) мазмұнын тексереді;
-Тәрбие жұмыстарын жүргізуіне қатысып, сараптама жасай отырып, бағалайды;
Физикадан әдіскер:
-Педагогикалық тәжірибеде студенттерге тікелей жетекшілік жасайды;
-Ұйымдастыру және қортындылау конференциялары мен мектептегі директор жанындағы кеңесіне қатысады;
-Пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарына сай студенттерге пән мұғалімімен бірге сабақ тақырыптарын бөліп береді;
- Студенттердің мектептегі жұмысының сапасына мазмұнына жауап береді;
- Студенттермен жұмыс істеуге мектеп мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;
-Студенттерді барлық оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етеді;
- Студенттерге мектеп басшысы мен пән мұғалімдері мен байланыс жасауда керекті көмек көрсетеді;
- Сабақ түрлерін жүргізуге, дайындауға сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізуде сараптама жасауда, көмектесіп бағалайды;
- есеп беруде әдістемелік көмек көрсетеді;
есеп беру құжаттарын тексереді;
Тәжірибе кезіндегі жұмысына студентке дифференциалдық баға қоюға қатысады;
Тәжірибе соңында есеп құрастырып, оны тәжірибе жетекшісіне өткізеді;
Психология кафедрасының оқытушысы
- Ұйымдастыру және қортындылау конференциясына қатысады;
- Студенттердің кейбір сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, сараптама жасайды;
- Студенттердің жеке оқушылармен және коллективпен жұмысын басқарады;
- Психологиядан тапсырма беріп, орындалуын қадағалайды;студентке кеңес береді;
- Тәжірибе жетекшісімен , пән әдістемешісі және тәрбие жұмысы жетекшісі сондай-ақ мектеп ұжымының жетекшілерімен бірге бағалауға қатысады.
-Сабақ басталардан 10 минут бұрын сабақ аяқталғанға дейін мектепте болуға, (күніне 6 сағаттан кем емес).
- Тәжірибе жоспарында қарастырылған барлық жұмыстарды өз еркімен және сапалы да тыңғылықты орындауға;
- Оқу-тәрбие орынының ішкі ережесіне бағынып, тәжірибе жетекшісінің, пән мұғалімі жетекшісінің талабын орындауға;
- Әр сабаққа және сынып сағаттарына тыңғылықты дайындалып жүруге;
- Педагогикалық кеңестерге қатысып, әдістемелік семинар, оқушылыр және ата-аналар жиналыстарына қатысуға;
- Ұқыпты әрі өз уақытында күнделікті толтырып, басқа да берілген тапсырмаларды орындап отыруға;
Оқу-тәрбие орындарында тәртіп бұзған жағдайда, оқу-тәрбие ережесі мен тәжірибе жетекшілерінің талаптарын орындамаған жағдайда студент тәжірибеден өтуден алынып тасталады.
Тәжірибе кезінде кімнің жұмысы қанағаттанғысыз болса, ол факультет кеңесінің шешімі бойынша, оқудан қол үзбей университетте тәжірибеден қайта өтуіне тура келеді.
5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ.
1 кесте Педагогикалық іс-тәжірибенің кезеңдері
№ |
Мамандық шифрлары |
Мамандық |
Оқу түрі |
Оқу мерізімі |
Семестр |
Тәжірибе ұзақтығы |
1 |
510430 |
Физика (бакалавр) |
іштей |
4 жыл |
VII |
6апта |
2 |
030240 |
Физика және информатика |
іштей |
4 жыл |
VIII |
8апта |
3 |
030240 |
Физика және информатика |
сырттай |
5 жыл |
IX |
5апта |
4 |
030110 |
Математика және физика |
іштей |
5 жыл |
IX |
6апта |
5 |
050110 |
Физика (бакалавр) |
іштей |
4 жыл |
II VI VIII |
2апта 4апта
8апта |
-жеке сабақтарға қатысып, сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарымен танысу;
-оқу-тәрбие жұмысын бақылауда ұйымдастыру мен сараптама жасап үйрену;
-сабақ, тақырып жұмыстарын төменгі сынып оқушыларымен жүргізуде студенттер әдіс-тәсіл, жолдарын қолдануды меңгеруді үйрену;
-психология-педагогикалық және әдіскерлік сабақтардан алынған білімін тәжірибеде өтуде творчестволық қолданым табуды үйрену.
Танысу тәрбие-педагогикалық тәжірибесі кезінде студент меңгеруі және білуі керек:
- сабақты жоспарлап, сабақтан тыс, сыныптан тыс, тәрбие жұмысы, сабақ конспектісі, науқандық және сыныптан тыс шаралар жоспары;
- оқушылармен, әдістемелік әдебиеттермен, бағдарламалармен жұмыс істеу, көрнекілік құралдар мен сабаққа қатысты ООТ таңдау;
- оқушылрдың физиология-психолгия ерекшеліктеріне сай мұғалімнің эффективтік форманы таңдауын бақылау, үйрену;
- оқушылардың даму деңгеінің диагностикасын жүргізу;
- жеке жұмыс қорытындыларын бағалау және өздік сараптама жасау;
- мектеп басқармасымен кездесу. Мектеппен толық танысу; кабинеттермен, спортзалымен, кітапханамен, асханамен, музеймен, медпунктпен т.б. Директордың оқу ісі, тәрбие ісі орынбасарларымен әңгіме.
- сыныпқа бекіту. Сынып жетекшісімен танысу. Құжаттарымен танысу (сынып журналы, медициналық карта, бас жұмыстары). Өзіне бөлінген сыныптың сабақтарына қатысу;
-сынып жетекшісінің жоспарымен танысу, (пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарымен танысу). Сынып сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстарына қатысу.
-мектеп санитарлық гигиеналықшарасымен танысу (мектеп дәрігерімен әңгіме).
-тәрбие жұмыстарын жүргізуде сынып жетекшісіне дидактикалық материалдарды жинақтауда көмектесу.
-күнделіктің, дәптердің оқулықтардың ұсталуына сараптама жасауда сынып жетекшісіне көмектесу (дәптер, күнделіктерді тексеру).
Сынып жетекшісі әр күн сайын студент күнделігіне қол қойып отырады, студент есебіне баға береді.
1-курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі сабақтарға қатысып, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда және оны жүргізуде әр түрлі типті сыныптар мен мектепте жүргізу ерекшеліктерін үйрену.
1-курс студенті танысу практикалық тәжірибесі кезеңінде келесі шараларды жүргізуі керек:
-сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен танысу (күнтізбелік, тәрбиелік жұмыстармен танысу, пән мұғалімінің сабақ жоспарымен тақырыптық жоспарымен танысу, сыныптың методикалық қорымен танысу).
-сабақтан тыс жұмыстарды жүргізуге көмектесу;
-сыныптан тыс жұмыстар мен сабақтарға қатысып сараптама жасайды;
Сараптама жасауда әдіскер мұғалімдер мен тәрбие жетекшілері сабақтың, тәрбие жұмысының, арнайы үлгіде жасалған сараптама эталонымен таныстыруы қажет.
-арнайы және психолого-педагогикалық пәндерді оқудағы теориялық білімін тәжірибемен байланыстыру;
-әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру;
-педагогикалық бағыттағы жұмыста творчестволық жағынан зерттеушілік шығармашылық қабілетін қарым қатынаста әдістемелік және эксперименттік жұмыста жалпылау;
-сынып коллективін, жеке оқушыларды зерттеп, мінездеме құрастыру және оның тәрбиелік деңгейінің диагностикасын тұрғызу;
-бүкіл сынып тұрғысынан, сондай-ақ жеке оқушыға қатысты «үлгірімі төмен» педагогикалық есебін құрастырып шешу жолын қарастыру;
-мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жоспарлау;
-оқушылар ата-анасымен жұмыс жасай білуді қалыптастыру, жеке пән мұғалімдерімен, басқармамен, мектеп коллективімен жұмыс жасай білуді қалыптастыру;
-оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілетін дамыту үшін өз бетімен түрлі шараларды ұйымдастыру.
Педагогикалық тәжірибе кезеңінде студент меңгере білуі керек шаралар:
Студенттер педагогикалық практика кезеңінде,жұмысты жүйелі жүргізе білу үшін қажет конструктивтік функцияны меңгере білулері керек,олар:
-жеке жұмыс жоспарын құрастыра білу;
-сабақтың мақсатын анықтай және жеткізе білу-оқыту, тәрбие, дамыту;
-тиімді оқу әдіс тәсілін қолдана отырып жүзеге асыру;
-оқу материалын таңдап, пәнаралық байланысты дұрыс қалыптастыру;
-оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу материалын меңгеруде оқытудың әдістері мен ортасына таңдау жүргізу;
-оқушылардың оқуын жоспарлы жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
-сабақтың типі мен құрылымын анықтау;
-әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде факультатив, үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда мазмұнын жоспарлау және жүргізу әдістерін қарастыру.
Педагогикалық тәжірибедегі студент мобилизациялық деп аталатын функцияны меңгеруі керек, ол келесі шараларды іске асыруға көмектеседі:
-оқушылардың танымдық қабілетін арттырады және активтендіреді;
-оқу материалын есте сақтауға, ынтасын арттыруға, ойлауға мүмкіндік береді;
-тірек негізінде қалыптасқан білімді арттыруға, жаңаны қалыптастыруды жеткізеді;
Педагогикалық тәжірибедегі студент ұйымдастырушылық қабілетті меңгеруі керек, ол арқылы студент келесі шараларды іске асыра алады:
- жоспардағы сабақты ұйымдастыра білу;
- сабақтың құрылымдық және логикалық бөлімінде оқушы мен практикант мазмұндаған сабақ әдісі арасында уақытты үнемді пайдалана білу;
- оқушылардың оқу ісін басқара білу;
- оқушының оқу орынын сипаттап және ұйымдастыра білу;
Педагогикалық тәжірибедегі студент коммуникативтік функцияны меңгеруі керек, ол арқылы студент келесі шараларды іске асыра алады:
-оқушы мен мұғалім арасында, мектеп коллективі мен ата-аналар арасындағы қарым қатынасты қалыптастыруда,
-оқу процесі кезінде оқушыдан өзара байланыс қарым-қатынасын қалыптастыруда;
-оқушыға көңіл бөлуге, эмпатия, қаталдық, тон, педагогикалық такт сақауға;
-оқушымен конфликті шешуге;
-конфликт болдырмау технологиясын меңгеру.
Ақпараттану функциясын меңгеруі керек, ол келесі шараларды іске асыруға көмектеседі:
- оқушыларға пәнді меңгертуге;
- пәнаралық байланысты ескеріп, білім берудің индуктивтік және дедуктивтік жолдарын пайдаланып, пәннің өткен тақырыбымен байланыстырып, оқу ақпаратын қатаң логикалық тізбек түрінде беру;
- әдебиеттер мен анықтамалық материалдар арқылы жұмыс істей отырып, оқу материалының мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ауызша мазмұндаудың әдістерін еркін қолдану арқылы оқушыларға білім беру;
- оқушылыр білімін тексерудің түрлі әдістері мен формаларын қолдану;
- оқушылардың жауабын объективті бағалау, бағаны ашып көрсету;
- үйге тапсырма беруде түсіндірме жасау;
Педагогикалық тәжірибедегі студент бағдарлаушылық функцияны (тәрбиеші) меңгеруі керек, ол арқылы студент келесі шараларды іске асыра алады:
- тәрбиеленушіні оқыту барысында пәннің мүмкіндігі арқылы оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруға, еңбекқорлық, эстетикалық, политехникалық, профориентациялық, идеялық көзқарасты оқу материалы арқылы да сондай-ақ пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру;
- сынып жетекшісінің рөлін атқаруда оқушыларды тәрбиелеу;
- оқуда және тәрбиеде интегративті әдісті қолдану;
- танымдық қарым қатынас ұйымдастыру.
Педагогикалық тәжірибедегі студент дамытушылық функцияны меңгеруі керек, ол арқылы студент келесі шараларды іске асыра алады:
- әр түрлі деңгейлі тапсырма беру арқылы оқытуда оқушылардың ой-өрісін дамытуға мүмкіндік береді;
- өздік жұмыстарын орындауда типтік, проблемалық тапсырмаларды қосу;
- оқушыларды оқудың түрлі жолдарына үйрету;
- сыныптан тыс жұмыста сондай-ақ оқу барысында негізгі сферада жеке тұлғаның қалыптасу диагностикасын іске асыру.
Педагогикалық тәжірибедегі студент зерттеушілік функцияны меңгеруі керек, ол арқылы студент келесі шараларды іске асыра алады:
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің жетістіктерін ескере отырып, жаңа талаптарға сай жалпы дидактикалық және психологиялық аспектіде сабақтарға және сабақтан тыс жұмыстарға бақылау жүргізіп, сараптама жасап, әдістемелік қорытындылау;
- өздік сараптама жасап, әсіресе сабақты және сабақтан тыс жұмысты талдауда басқа тәжірибеленуші жұмыстарын теориялық талдау;
- тәжірибеден өту аралығында ғылыми-әдістемелік жұмыстың орындалу мақсатымен педагог тұлғаның фактілерін жалпылап, жүйелеп, жинақтау.
4,5- курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесінің мазмұны:
Оқу-әдістемелік жұмыс
Студент мұғалім-пән жүргізушісінің жүйелі жұмысымен танысады және меңгереді:
- мұғалімнің сабаққа дайындалуы (сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтау сабақтың тақырыптық және сабақ жоспарын жасау, күнтізбелік жоспар жасау, көрнекілік дайындау, ТҚЖ қалыпқа келтіру және қолдану жолын таңдау т.б.);
- мұғалім жүргізген сабақты бақылау (мақсатын анықтайды, сабақтың барысын бақылайды, оқу материалын мазмұндау әдісін, сабақта оқушыларға өздік жұмысты ұйымдастыру жолдарын таңдау, сабақты меңгеру деңгейін бақылау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, оқу барысында тәрбиелеу);
- пән бойынша сабақтан тыс жұмыспен танысады (артта қалған оқушылармен сабақ, олимпиада ұйымдастыру, экскурция, әңгіме лекция, диспут жүргізу), сондай-ақ пән-кабинетінің қамтамасыз етілуі, оның көрнекілікпен, құралдармен қамтамасыз етілуі, дидактикалық материалдармен толықтырылуы.
Студент физика пәнінің жұмысын атқарады:
- педагогикалық тәжірибенің екінші аптасынан бастап (8 сабақтан кем емес) оқытудың эффективтік әдісін қолдана отырып физика пәнәнің барлығын дайындап жүргізеді;
- әдіскер көмегімен өздік сараптама жасайды;
- сабаққа демонстрациялық тәжірибе дайындайды;
- ТҚЖ дайындайды(кесте, бейнефильм, компьютер, кодоскоп);
- көрнекілік дайындайды (сұлба, кесте, сурет, макет және т.б.);
- жаңа сабақты бекіту үшін есеп таңдайды, өздік тапсырманы дайындайды;
- дидактикалық материал дайындап, дифференциалдап оқытуда жеке тапсырмалар дайындайды;
- сұрақтарды теріп, тестік немесе эксперименттік тапсырмаларды оқушы білімін тексеруге даярлайды;
- сабақ барысында білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсат қойып оның орындалуын қадағалайды;
- мұғалімнің көмегімен оқу материалын мазмұндау әдісін, оқушылармен өздік жұмысты ұйымдастыру жолдарын, алған жаңа материалын меңгеру деңгейін бақылау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып материалды меңгеру, дамыту игерту;
- зертханалық жұмыс жүргізбес бұрын құралдарды тексеріп, құралдардың жұмысқа жарамды, жарамсыздығына көз жеткізу;
- артта қалған оқушылармен жұмыс жүргізу;
- физика пәнінен олимпиадаға, ғылыми конференцияға оқушыларды дайындауға қатысу;
- физикалық үйірме жұмыстарын жүргізу;
- физика апталығын, кешін, КТК жүргізу;
- басқа пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардың әдістерін үйрену;
- мектептегі студенттердің сабақтарына қатысып, бағалау, сараптама жасау;
- оқу жоспарына сай оқулыққа сараптама жасайды, физикадан есептер жинағына, тарауға сараптама;
- керекті ғылыми - әдістемелік әдебиеттер мен танысып оларды оқиды;
- педагогикалық кеңестерге қатысып, мектеп мұғалімдерінің творчестволық отырыстарына қатысу;
- педагогикалық күнделік жүргізіп, күнделікті бақылауға талдау жасап, орындалуын қадағалау.
Студент сынып жетекшісінің жұмысын жүргізеді:
- мектептің және сыныптың проблемалық тақырыбымен танысып, сынып жетекшісінің жүйелі жұмысының бірі сыныптың өзін-өзі басқаруымен таныс болу;
- мектептің, сыныптың тәрбие жұмыс жоспарымен танысады, мектеп және сынып белсенділерінің жұмысымен танысу;
- мектептегі жеке сынып жетекшілерінің тәжірибесін жалпылай қарайды;
- жеке оқушыларды тәрбиелеудегі сынып жетекшісінің жұмысымен танысу;
- оқушылар коллективінің қалыптасуында жоспарлау жүргізуді үйрену;
- жеке оқушылармен және ата-аналарымен жұмыс жүргізеді, мектеп мұғалімдерінің жұмысына сараптама жасайды;
- өз бетімен оқушылармен тәрбие сағаттарын жүргізеді (конференция, диспут, әңгіме, байқау, ойындар т.с.с.);
- жоғарғы сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмыс жүргізеді;
- оқушылардың күнделігін тексеру, қадағалау;
- сыныптың кезекшілігін жүргізу;
- сыныпты тазалыққа келтіру жұмыстарын жүргізеді;
Профориентациялық ( кәсіптік бағдар) жұмысы
Профориентация - бұл жеке жұмыс жоспары бойынша практикант тәрбие жұмысымен бірге атқаратын жұмыстың бөлімі. Профориентациялық жұмысты жүргізуде студент сынып жетекшісі немесе пән мұғалімінің жоспарына да қатысты жоспармен жүргізеді. Ол үшін студент төмендегі шараларды жүргізе алады:
- мамандық таңдауда жеке және қоғам қажеттілігіне сай мамандықтар жайлы әңгіме жүргізу;
- мектеп бітіруші жастармен қоғам қайраткерлерін немесе ата-аналармен кездесу, түрлі еңбек ортасындағы жұмысшылармен немесе жоғарғы оқу орынының жұмысшыларымен кездесу ұйымдастыру;
- жоғарғы оқу орындарына, мекемелер мен өндіріс орындарына экскурсия ұйымдастыру;
- қала, аудан өндіріс орындарындағы мамандыққа сұраныспен таныстыру мақсатында мекеме, өндіріс, аудан т.б жетекшілерімен кездесу ұйымдастыру;
- әр оқушымен мамандық, оқу орынын таңдау барысында жеке кеңестер өткізу;
- ШҚМУ музейіне, зертханаларға, ғылыми-зерттеу орталықтарына әкеліп таныстыру;
- оқу процесінде оқушының бейімділігін ашу, дамыту;
- физикадан факультативтік, үйірме, кеңес сабақтарын жүргізу;
- ШҚМУ физика кафедрасының ғылыми және оқу зертханаларына экскурсия ұйымдастырып, жүргізу;
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
- Студент курстық немесе дипломдық жұмыс негізінде тақырыпқа сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізеді; пәнаралық байланысты іздеп,тәрбиенің стандартты емес шешу жолдарын іздеп тапса, енді бірде теорияның белгілі сұрағын практикамен байланыстырып шеше алады, педагогикалық зерттеу жүргізу арқылы жалпы алған білімді сараптай білу қортындалай білуді үйренеді. Зерттеу нәтижесі негізінде студент ШҚМУ ғылыми конференциясына қатысып, ғылыми баяндама жасай алады.
- Студенттер мұғалімдердің әдістемелік семинарларында қатысып, әдістемелік кеңестерде түрлі сұрақтарды шешуде, практиканттар мұғалімнің жеке және жалпы тапсырмаларын орындап қана қоймай кейбір сұрақтарды шешуде жаңа жолдарды, көзқарасты ортаға сала алады.
8 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОРТЫНДЫЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қорытынды және ұйымдастыру конференциясын жүргізу уақытын кафедра меңгерушісі келісімімен институт, факультет, кафедра жетекшілері бірлесіп қояды. Конференцияда педагогика кафедрасының тәрбие жөнінен әдіскері, психология кафедрасынан және физика пәнінен әдіскер қатысады.
Ұйымдастыру конференциясы студенттерді мектепке бөлу және тәжірибе кезінде керекті тапсырмаларды орындау үшін іс шараларды түсіндіру үшін жүргізіледі. Ұйымдастыру конференциясында физика кафедрасының меңгерушісі, тәрбие жұмысының әдіскері пән әдіскерлері, психология кафедрасынан психологтар, кітапханашы болуы керек. Кафедра меңгерушісі мектептерге бөлінген студенттер тізімін оқып шығып, бұйрықты бекітеді. Студенттер тәжірибенің мақсаты мен мазмұнымен танысады, оқушыларды тәрбиелеудегі жаңа сұрақтар мен педагогикалық этиканың сұрақтарымен танысады.
Қортындылау конференциясында педагогикалық тәжірибенің қортындысы жасалып, әр мектептегі студенттердің есебі тыңдалады. Бұл конференцияға төменгі курс студенттері де шақырылса болады. Студенттер өз тәжірибелерін ортаға салып, кездескен қиындықтар мен оны жою шараларын, сондай-ақ тәжірибені өткен кездегі кемшілктерге тоқталып, ұсыныстарын айта отырып болашақта жүргізілетін педагогикалық тәжірибеде болдырмауға қажетті шараларға да тоқталады. Сонан кейін тәрбие, пән әдіскерлері сөйлейді. Тәжірибе жетекшісі жалпы бағаларын талдай келе қортынды бағаларын айтып өтеді. Бұл конференцияда қабырға газеттерінен, сабақ жоспарларынан, оқу жопарынан, конкурс, диспут т.с.с сабақтан тыс жұмыстардан көрме ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстардың таспаға түскені болса оны да демонстрация ретінде көрсетуге болады. Қортындылау кезінде нғұрлым студенттерде кездескен қиыншылықтар мен оны жеңу тәсілдері қарастырылады. Бұл болашақта жүргізілетін педагогикалық тәжірибеде қайталанбатын немесе болдырмау үшін сондай-ақ жақсарту мақсатында жасалады.
9 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ
Оқу-әдістемелік құрал іштей, сырттай оқитын студенттер мен оқытушылар және әдіскерлерге арналған
25 12 2014
6 стр.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған
25 12 2014
4 стр.
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне және оқушының білім- біліктілігін қалыптастыруда өз білімін арттыру тақырыбының тигізетін әсерін анықтау, іс-тәжірибесін зерделеу
25 12 2014
1 стр.
Хаттама № Кафедра меңгерушісі А. Ж. Асаинов фмжәнеат факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” 200 ж. Хаттама № ӘК төрағасы Ж. Г. Муканова
23 09 2014
1 стр.
Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж
14 12 2014
3 стр.
Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» ғимаратының
25 12 2014
1 стр.
Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің саясатын жүргізу
25 12 2014
8 стр.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2012 ж. № хаттама
25 12 2014
1 стр.