Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Ф КГМУ 4/3-07/02

ПП КГМУ 4/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау



Тақырыбы: «Windows операциондық жүйесі. Стандартты программалармен жұмыс»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

Мамандығы: 5В110400 «Медико-профилактикалық іс»

Курс: бірінші

Құрастырушы: аға оқытушы Омарбекова Н.К

Оқытушы Ыдырыс Ж.Б



Қарағанды, 2010

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 2010 ж.



Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.

ТАҚЫРЫБЫ: «Windows операциондық жүйесі. Стандартты программалармен жұмыс»

МАҚСАТЫ: Windows –тың стандартты қосымшасының жұмысымен танысу.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Windows стандартты программаларын жүктеу

  • Калькулятор көмегімен есептеулер жүргізу

  • Блокнот, WordPad көмегімен мәтін құру

  • Paint көмегімен нүктелік суреттер салу

  • Графикалық нысандарды өзгерту, тегістеу және орын ауыстыру тәсілдері қандай?

  • Суреттерді әсемдеу кезінде қандай панельді қолдануға болады?

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Windows-тың стандартты программасы

  • Калькулятор программасының жұмыс ережесі және оның берілуі

  • Блокнот программасының берілуі және жұмыс жасау принциптері

  • WordPad программасының берілуі және жұмыс жасау принциптері

  • Paint программасының берілуі және жұмыс жасау принциптері

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

    • сұхбат;

  • Тақырыпты талдау. Бақылау жұмысын өз бетінше орындау.(Қосымша №1)

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Балапанов Е.Қ. Берібаев Б., Дәулеткұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ /Алматы : ЖТИ, 2003, 2007. - 400 с

  2. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.Информатика: Жоғары медицина орындарына арналған оқулық /Актөбе, 2005. - 394 с.

  3. Камардинов О Информатика : Оқу құралы /- Алматы : Карасай, 2008. - 360 с

  4. Омарбекова Н. К Информатика негіздері: Оқу-әдістемелік кұрал / Қарағанды: ҚММА, 2006. - 70 с

  5. Гельман В.Я..Медицинская информатика: Практикум / Гельман, Виктор Яковлевич. - СПб.: Питер, 2002. - 468 с.

  6. Вялков А.И Информационные технологии в системе управления здравоохранением Российской Федерации: Учеб. пособие /. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2006. - 128 с

  7. В. И. Чернов Медицинская информатика: учеб. пособие /Ростов н /Д: Феникс, 2007. -

БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Windows –тың стандартты қосымшаларына қандай программаларды кірістіруге болады?

  2. Стандартты программаның құрамына қандай программалар кіреді?

  3. Стандартты программалар қалай жүктеледі?

  4. Калькулятор программасының берілуі?

  5. Калькулятор терезесінің түрі қандай?

  6. Калькулятордың көмегімен бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне қалай айналдыруға болады?

  7. Блокнот программасының берілуі?

  8. Блокнот программасының интерфейсі қандай?

  9. WordPad программасының берілуі?

  10. WordPad программасының интерфейсі қандай?

  11. Блокнотпен WordPad программасында мәтінмен жұмыс кезіндегі басты айырмашылық не?

  12. Paint программасының берілуі?

  13. Paint программасының интерфейсі қандай?

  14. Палитра дегеніміз не?

  15. Құрал-саймандар жинағына қандай құралдар кіреді? Олар қандай қызметтер атқарады?




    1. Тест-бақылау.

Қосымша 1

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:



1.тапсырма Бір мезгілде Калькулятор мен Блокнот программаларын іске қосыңыз. Калькулятордың көмегімен №1 кестеде көрсетілген вариант бойынша тапсырмадағы есептерді шығару. Бастапқы шарт: есептің шығару жолдарын және қорытындысын Блокнотқа файлға енгізу. Файлды. С:\студенттер_2010_2011\117_ЖМ\файлдың аты.txt, «файлдың аты» – өзіңіздің фамилияңызбен папкаға тобыңыздың нөмірімен сақтаңыз.

2. тапсырма. WordPad программасын ашыңыз. Жаңадан файл құрып, оған өзіңіз жайлы қысқаша мәтін келтіріңіз. Келтірілген мәтінге форматтауды көбірек қолданыңыз. Файлды С:\студенттер_2010_2011\117_ЖМ\фамилия.doc папкасына сақтаңыз.

3. тапсырма. Paint программасын жүктеңіз және №2 кестеде берілген вариант бойынша эмблеманың суретін салып, файлды С:\студенттер_2010_2011\117_ЖМ\фамилия.bmp папкасына сақтаңыз.

Таблица №2



Вариант

Тақырыптар



Біздің қала (аудан)



Менің институтім (мектеп)



Менің тобым (сынып)



Орманды қорғаңдар



Абайла, балалар



Біз – космостың балаларымыз



Қазақстан – менің отаным



Тамақ алдында қолыңды жу



Прошлое в Будущее



Таза су ішіңдер



Internet – бүкіләлемдік желі



Кетер кезде жарықты өшір



Абайлаңыз, вирус!




Таблица №1

Қосымша 2

ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛ

Калькулятор













1 сурет. Қарапайым калькулятордың суреті

Калькулятор – бұл есептеулерге арналған стандартты программа.

Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым (1-сурет) және инженерлік (2-сурет). Қарапайым - ол жеңіл есептеулерге арналған, ал инженерлік ол көптеген математикалық сонымен қатар статистикалық функцияларға қатынауға мүмкіндік береді.

Калькуляторды жүктеу үшін Пуск батырмасын басып, Программы және Стандартные командаларын басып, Калькулятор командасын таңдау.

Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым (7-сурет) және инженерлік (8-сурет). Қарапайым - ол жеңіл есептеулерге арналған, ал инженерлік ол көптеген математикалық сонымен қатар статистикалық функцияларға қатынауға мүмкіндік береді.

Калькуляторды жүктеу үшін Пуск батырмасын басып, Программы және Стандартные командаларын басып, Калькулятор командасын таңдау.

Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.

2-сурет. Инженерлік калькулятордың суреті.



Блокнот

Блокнот форматтауды қажет етпейтін және өлшемі 64 Кбайттан аспайтын мәтіндік файлдарды құру және редактрлеуге арналған. Блокнот мәтінді тек қана ASCII (қарапайым мәтін) форматында ашуға мүмкіндік береді. Егер файл форматтауды қажет етсе немесе өлшемі 64 Кбайттан асса, WordPad мәтіндік редакторын қолдану керек.

Блокнотты жүктеу үшін Пуск батырмасын басып, Программы және Стандартные командасын, одан кейін Блокнот командасын таңдау керек (3-сурет).








3-сурет. Блокнот бағдарламасының терезесі


WordPad шағын құжаттармен жұмыс істеуге арналған мәтіндік редактор. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекраларды жылжытуға, шегініс орнатуға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділер мен бейнеклиптерді қоюға болады. WordPad мәтіндік редкторды іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет: Пуск  Программы  Стандартные  WordPad. WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады.(4-сурет)


4-сурет. WordPad мәтіндік редакторының терезесі


Терезе келесі элементтерден тұрады:1- Тақырып жолы, 2- Меню жолы, 3- Құрал-саймандар тақтасы, 4- Пішімдеу тақтасы, 5- Абзац шегінісінің маркері, 6- Сызғыш, 7- Меңзер немесе енгізу нүктесі, 8- Жұмыс аймағы, 9- Қалып-күй жолы.

1. Жаңа құжат құру



  1. Файл менюінен Создать командасын таңдаңыз.

  2. Құруға қажетті файлдың типін таңдап, OK басу керек, одан кейін мәтінді енгізуді бастаңыз.

  3. Жаңа файлды сақтау үшін Файл менюінен Сохранить командасын таңдап, Имя файла өрісіне файл атын енгізіңіз.

Мәтінді WordPad мәтіндік редакторының жүктелуінен соң бірден енгізе беруге болады. Файлды кейін қайта сақтағанда файл форматын Сохранить как диалогтық терезесінен таңдауға болады.

2. Құжаттағы өзгерістерді сақтау



  1. Файл менюінен Сохранить командасын таңдаңыз.

Құрылған файлды басқа атпен сақтау үшін Сохранить как командасын таңдап, Имя файла өрісіне файлдың жаңа атын енгізіңіз. Сонымен қатар, Сохранить как диалогтық терезесінен файл форматын таңдауға болады.

3. Құжатты ашу



  1. Файл менюінен Открыть командасын таңдаңыз.

  2. Папка тізімі бар өрістен ашуға қажетті құжаты бар дискіні таңдаңыз.

  3. Қажетті құжаты бар папканы екі рет шертіңіз.

  4. Құжат белгісін екі рет шертіңіз.

Егер сізге қажетті құжат көрінбесе, Тип файлов тізімі бар өрістен құжаттардың басқа типін таңдап көріңіз.

Жақында ашылған құжаттардың бірін ашу үшін Файл менюінен оның атына шертуге болады.

4. Мәтінді форматтау

4.1 Мәтінді тасымалдау режимін өзгерту



  1. Вид менюінен Параметры командасын таңдаңыз.

  2. Перенос по словам тобынан қажетті параметрді таңдаңыз.

Тасымалдау режимі мәтіннің экрандағы көрінісіне ғана әсерін тигізеді. Құжатты басып шығарған кезде Макет страницы командасының көмегімен берілген өрістердің мәндері қолданылады.

  1. Диалогтық терезеде әрбір мәтіндік формат үшін бүркемелер бар, оларда құжаттарды сақтауға болады, бұл түрлі форматтар үшін мәтінді тасымалдаудың түрлі режимдерін беруге мүмкіндік береді.

4.2. Маркирленген тізім құру

  1. Маркирленген тізімді құруды бастауға қажет бос жолды шертіңіз.

  2. Формат менюінен Маркер командасын таңдаңыз, сосын мәтін енгізіңіз. ENTER пернесін басқан сайын келесі жолда жаңа маркер пайда болады.

  3. Маркирленген тізімді аяқтау үшін, ақырғы жолды енгізген соң ENTER пернесін басып, одан кейін қайтадан Формат менюінен Маркер командасын таңдаңыз.

Сонымен қатар қажетті абзацты шертіп, маркирленген тізімді қолдануға болады.

4.3.Символдардың шрифтін, жазылуын және өлшемдерін өзгерту



  1. Форматты өзгертуді қажет ететін мәтінді белгілеңіз.

  2. Формат менюінен Шрифт командасын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

Жаңа мәтін үшін шрифт пен жазылуды мәтінді енгізуді бастағанға дейін орнатуға болады. Барлық құжаттың шрифтін өзгерту үшін Правка менюінен Выделить все командасын таңдап, одан кейін жоғарыда айтылған 2 қадамды орындаңыз.

4.4. Абзацты форматтау



  1. Форматтауды қажет ететін абзацтың кез келген жеріне шертіңіз.

  2. Формат менюіненАбзац командасын таңдаңыз

  3. Жолдан ауытқу және тегістелу параметрлерін орнатыңыз.

Жаңа құжат үшін абзацтар форматын мәтін енгізгенге дейін орнатуға болады.
Paint графикалық редакторы

Paint графикалық редакторы jpg, .gif немесе .bmp форматты нүктелік суреттермен жұмыс істеу үшін қолданылады. Paint-та құрылған суретті басқа құжатқа кірістіруге болады немесе фон суреті ретінде жұмыс үстелінде орнатуға болады. Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға, Windows- тың басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады (5-сурет).

Paint графикалық редакторды іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск  Программы  Стандартные  Paint
















5-сурет. Paint графикалық редакторының терезесі.
Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Салған суреттерді, графиктерді кейін қажет кезінде пайдалану үшін, дискідегі файлда сақтаған жөн.Файлды дискіде сақтағанда ат беру керек, ал кеңейтілуді файлға Paintтың.bmp бағдарламасы автоматты түрде меншіктейді.

Paint бағдарламасының құжатты бірінші рет сақтап қою үшін Файл  Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как диалог терезесі пайда болады, имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

Қайталап сақтағанда Файл  Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файл да сақталады. Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін, Файл  Открыть командасын орындаңдар. Экранда диалог терезесі ашылды, онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шертіңдер.





Оқытушының жетекшілігімен студентердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ Мамандығы: 5В110400 – Медициналық-профилактикалық іс Пәні: iа 3215 «Жұқпалы аурулар»

Оқытушының жетекшілігімен студентердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

70.12kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

27.6kb.

10 09 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

30.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы

Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

29.08kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
90.4kb.

04 09 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
107.2kb.

02 10 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
64.12kb.

06 10 2014
1 стр.


ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау тақырып: «Тармақталған алгоритмді программалау»
98.26kb.

12 10 2014
1 стр.