Мауленова Галина Сапаргалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Лисаков қаласы.
Интеллектуалдық сабақ
Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты:- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
-
топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;
-
математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап,
мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, фигуралар қиындысы,
топтық есептер парағы, Төле би портреті, сыйлықтар.
Сабақтың түрі: аралас сайыс сабақ
Сабақтың әдістері:сайысу, топпен жұмыс, дәлелдеу, ойлау, жапсырмалау,жүйелі сөйлеу.
Сабақтың өтілуі: (интерактивтік тақтадан көрсетіледі)
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсатымыз:
-
Топпен шешім таба білу;
-
Жауабымызды толық әрі дұрыс шешендікпен дәлелдеу;
-
Шапшаң ойлап, тез жауап беру;
-
Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;
-
Логикалық тапсырманы тереңнен ойлау;
-
Барлық есептердің орындалуын есімізде сақтап қалу;
-
Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;
-
Топтың ұйымшылдығын көрсету;
-
Бәріміз де қатысуға тырысу.
-
Бастау.
Архимедтей жаңалықтар ашар,
Болса үміткер , сайысқа үлес қосар.
Ұлы математик ізін басар,
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар- демекші ортамызға келіп отырған екі топтың алғырлықтары мен қоса шешендік өнерлеріне куәгер болғалы отырмыз.
-Сайысуға дайынсыңдар ма, жас қырандар?
Ендеше, сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқаларын сайлап алсақ.. (алқа сайлау)
-
Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады.
1-топ Сіздерді сайысқа шақырамыз 2-топ. Қиын есеп оңай-ақ шығар
Есеппен бастарыңды қатырамыз Миды егер шынықтырсаң
Математиканы ұғыныңдар Жеңімпаздар алға озар
Аз да болса білімді толтырамыз Математиканы болса ұғар
-
Сайысты қай топ бастайтынын анықтау үшін мынадай жұмбақ шешуге тура келеді.
«Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да сол сан шығады. Ол қандай сан?» (қырық)
1-Тапсырма:
«Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады?»
Тазша баланың тапсырмасы «Қырық өтірік»
Қырық санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаумен тараған.
Шығарамыз қырқынан
Сәбиді де той жасап,
Ұлттық әдеп –ғұрпында
Ұлылық бар ойласақ.
Тазша баланың тапсырмасы бойынша өрнектерді тексеріп, қатесін шығару. Оны дұрыс дәлелдеп беру. 1-топ: 2-топ:
450:9+800-50= 700 (800) 900-600:3:1=70 (700)
90-36:4*10= 10 (0) 81: ( 24-15)*8=70 (72)
(680-30-150) :100= 6 (5) (250+30-80) :4 =20 (50)
2-тапсырма: Алладиннің тапсырмасы «Алғырлар»
Бұл тапсырма бойынша жалпылама қызықты сұрақтар беріледі.Топтар шапшаң есептеп, әрі дәлелдеп берулері қажет.
-
Балалар отын ағашын 1м-ден кесті.1 бөлікті кесу үшін 1мин. Уақыт кетсе, ағашты 5 бөлікке бөлу үшін неше минут уақыт кетеді? (4мин.)
-
Үш ат жеккен жолаушы қалаға 15 км/сағ. жетті. Әр ат неше км/сағ жүріп барды? (15км)
-
4 жұмыртқа 5минутта піседі. Ал 8жұмыртқа неше минутта піседі? (4 мин)
-
Басталатын нүктесі бар сызық? (сәуле)
-
Інісінің 15 асығы бар, ал ағасында одан 5 асық артық. Екеуінде неше асық бар? (35)
-
72-нің 9-дан бір бөлігі неше? (8)
-
8-дің квадратын тап (64)
-
6-ның кубы қанша? (216)
3-тапсырма. Алдар Көсенің тапсырмасы «Құрастырғыштар»
Екі топқа көптеген әр түрлі фигура қиындылары таратылады. 3мин. ішінде барлығы бір заттты құрастырып шығару керек. Егер фигураларды қай топ көп жұмсаса , сол топ жеңімпаз болады.
Жанкүйерлерге жұмбақ жасыру.
1. Жүз мүйізі бар 2. Қос құлақты,жүз тісті (ара)
Үстінде киізі бар (киіз үй) 3. Екі қатар тал шарбақ
Күндіз алыспайды, қабыспайды,
Түнде қабысады
4. Доп емес, дөңгелек емес, 5. Еңкеймесе екі бетін кір басар,
Ұқсас бірақ достарым. Еңбектенсе екі бетін нұр шашар.
Фигура ол негізі (соқа)
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)
4-тапсырма. Қызыл телпек тапсырмасы «Ұшқыр ой»
Шаршыдағы ұпайларды жинау үшін берілген сұрақтарға жауап беру керек.
-
20
|
10
|
30
|
40
|
20
|
50
|
10
|
30
|
40
|
10-ұпай: Қай фигураның жағы, қыры, төбесі ,ұзындығы, ені бар? (текше)
10-ұпай: Әжей немересіне 8 қолғап тоқыды.Неше немересі бар? (4)
20-ұпай: 10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал 10 жарымның ше? (22)
20-ұпай: Бір үйдің 3 ұлы бар. Олардың әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар. Бұл үйде неше бала бар? (5 бала)
30-ұпай: Қандай үш санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бір болады? (1,2,3)
30-ұпай: Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? (2сағ)
40-ұпай: Төрт бұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастады. Үстелде неше бұрыш бар? (5)
40-ұпай Мен бір сан ойладым. Ол санның төрттен бір бөлігіне 10 санын қосқанда 35 шықты. Мен қандай сан ойладым? (100)
50-ұпай: «Егер ең үлкен үш таңбалы санға ең кіші бір таңбалы санды қосып, ол санды 10 есе кемітсек және шыққан саннан ең үлкен бір таңбалы санды шегерсе, әжейдің жасы шығады. Әжей неше жаста? (999+1):10-9= 91 Жауабы : әжей 91 жаста.
5-тапсырма. Төле бидің «Шешендік сөзі» тапсырмасы.
Бір күні Төле би Ақылбайдың үйіне келеді.Ақылбай қадірлі қонақты мал сойып күтеді. Ет алдарына келгенде Төле би Ақылбайдың қызы Данагүлге қойдың құлағы мен таңдайын береді.
Тапсырма: Төле би құлақ пен таңдайды не мақсатпен берді? (1 мин. ойланады да шешімін айтады)
Жауабы: «Таңдай берген себебім, ақылды да сөзге жүйрік шешен болсын дегенім, құлақ берген себебім, көптеген шешендердің жақсы сөздерін естіп, оны елге таратсын дегенім»-деген екен.
Қорытынды. Сонымен біздің бүгінгі сайысымыз да өз шегіне жетті. Келесі сөзді әділқазылар алқасынан күтеміз. Олар шешім шығарғанша, екі топтың үй тапсырмаларын тамашалайық.
( қысқаша әзіл-оспақ көрінісі)
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты жариялап, сыйлықтар тапсырады.