Перейти на главную страницу
ә) алтын алқа және ардақты ана атағына ие болған көп балалы аналар;
б) I және II топтағы мѕгедектерге;
в) жеке тұратын зейнеткерлерге белгiленедi;
Экономикалық iс –шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы жүзеге асырады. Оның тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.
Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бѕтiн өндiрiс тұрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей тұрiнен бѕтiндей босату қолданылады. Lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, -экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мЅндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мѕдделiк қарым-қатынасқа өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң Ѕлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен салық кеңiстiгiнде елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.
Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жѕгендерге салық әмiрiн пәрмендi қолдануда қиыншылық тудырады. Оның ұстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден бұлтару үшін арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция тұрiнде жататын салық каникулының Ѕлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, тѕбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.
Кiрiс министрiнiң аймақтық органдарының деректерi бойынша мемлекеттiк бюджеттiң 48 пайызына немесе iшкi жалпы өнiмнiң 9,9 пайызына пара-пар салық жеңiлдiктерi мен преференциялар 2000 жылы 188,9 миллиард тенге тұрған. Оның 66,2 пайыздық қомақты бөлiгi iшкi тауарлар өндiрiсiнiң қосымша құн салығына жасалған жеңiлдiк. Ал осы жасалған жеңiлдiктiң 42,9 пайызы (салығы нолдiк ставкамен алынатын) экспортталатын тауарлар түрлерiне, 42,4 пайзы айналымға жеңiлдiк жасау мақсаттарында салық және бюджеттiк басқадай мiндеттiк төлемдер туралы заңының 57 бабына сай қосымша құн салығынан босатылғандар есебiне тиiп отыр. Импортталтын тауарларын қосымша құн салығына жасалған жеңiлдiктiң ѕлесi 22,7 пайыз.
2001 жылдың алғашқы жартысында мемлекет кiрiсiнiң 48,1 пайызы немесе жаппай iшкi өнiмнiң 11,8 пайыз көлемiнде 124,7 миллиард тенге тұратындай жеңiлдiк берiлген Ѕлес салмағы бойынша ең көбi 74,8 пайызы iшкi тауарлар өнiмiнiң қосымша құн салығына жасалған жеңiлдiк экспорталатын тауарлардың қосымша құн салығының (нолдiк ставка) 1999 жылғы 31 пайыздық көрсеткiшi 2001 жылдық 6 айының iшiнде өткен жылғыға қарағанда 43,8 пайызға өскенi байқалады.
Жеке құрылыс жүргiзу және технологиялық жабдықтарға деген шығындарды бiр мауысымды шығындар есебiнде салық және бюджетке басқа да мiндеттiк төлемдер туралы заңның 20-10 бабына сәйкес жеңiлдiктерге жатқызу осы жақын күндерге дейiн күшінде болды. Айтылып отырған жеңiлдiкте салық төлеушiлердiң теңсiздiгiн туғызды. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң деректерiне сүйенсек технология жабдықтар бойнша берiлген жеңiлдiктер 40,8 миллиард шығын әкелген. 2000 жылдың қаңтарынан бұл бап өзгертiлдi.
Салықтар заңның 138 бабына сәйкес өндiрiс үшін жер ең басты қажеттiлiк болып табылатын ауыл еңбеккерлерiне патент негiзiндегi салықтың қарапйым бiр тұрi қолданылуда. Патенттiң құны мен бюджетке төленуi керек салықтардың айырмашылығы 80 пайыз екен. Салық комитетiнiң жер басты өндiрiс көзi болып табылатын ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер мен заңды тұлғаларға 2000 жылы 1335 патент берiптi. Жаңағы 80 пайыз кемiген салықтың және басқа төлемдер бойынша 1769,8 миллион тенге көлемiнде алым түссе, оның iшiнде қосымша құн салығына 223,5 миллион тенге. Оның 143 миллионы ауылшаруашылығына жасалған жеңiлдiктер.
Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы заңына сәйкес ІР инвестиция жөнiндегi агенттiгiне өкiлеттi орган ретiнде басату арқылы инвестормен келiсiмдердi бекiту құқығы берiлген. МКМ ақпараттар негiзiне сүйенсек, 2000 жылдан 2002 жылдың 1-шi жартысна дейiн 124 кәсiпорынға 1,9 миллиард тенге жеңiлдiк жасалған. Салынар салық ауыртпалығының жартысынан астамы кәсiпорындардың iшiндегi 25 –i жеңiлдiктi 1999 жылдан берi пайдаланып келедi. Олардың қаржылай жағдайына қарап көрсеңiз 11-нiң ғана қалi жақсы. Ал қалғандарының 1999 жылға қарағанда 2000 жылы 51,1 миллион орынына 349,0 миллион тенгеге шығынға бату еш сын көтермейтiн айғақтар.
Бәсекелестiгi жақсы жолға қойылған секторлар мен кәсiпорындар аралығындағы жеңiлдiктер өндiрушiлердi алалау сияқты көрiнерi сөзсiз. Жарайды, технологиясы ескiрген немесе өнiмге кетер шығынның ақталуы қиын ұн, нан, кеспе, кондитерлiк б ұйымдарын өндiруде, сѕт өнiмдерi мен балмұздақ шығарушы кәсiпорындарға жеңiлдiк берiлгенi жөнi-ақ. Пайдасы шаш етектен өнiм шығарушы кәсiпорындарға Ұялы телефон байланыстарын орнатушы екi компанияға, шарап өнiмдерiн өндiруге орай 7 жобаға, сыра өндiрiсiне қатысты 6 жобаға не үшін қамқорлық қажет екенiн ешкiм бiлмейдi.
БЅдан шығар қорытындыларға келсек- жеңiлдiктер мен преференцияларды пайдаланушы кәсiпорын инвесторлар қисынсыз және тиiмсiз жұмыс iстеуде-бұл бiр, жеңiлдiктер жұмыс орнына қарай берiлмейдi- екi, жеңiлдiк берiлген инвестор-кәсiпорындар экономиканың салаларындағы бәсекелестiк шарттарына кесiрiн тигiзуде-ѕш. Инвестициялық салықтың прференциясы, сол қЅжат жобасында айтылғандай салық төлеушiлер өз ықтиярымен жылдық кiрiс көлемiне қарай үй құрылысын пайдалануға дайындап беру немесе өндiрiстi Ѕлғайтар мақсаттарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу керек. Осыған орай кәсiпорындарды жекешелендiрудi бастапқы келiсiм шарттарының талабына сай жұмыс жасаушылар мен арадағы қарым-қатынасты бiртiндеп салық мiндеттерiнiң жалпыға бiрдей тәуелдi қалпына түсiру керек. Ал қосымша инвестиция әкелуде шетелдiк пен одақтық инвестицияларға тепе-теңдiк жағдайын туғызған жөн.
Кәсiпорын жалға (қаржыланатын) 10 жыл мерзiмге өндiрiстiк мақсаттағы негiзгi құралдарды тапсырды. Бұл жағдайда мүлiктiң жыл салығын кiм төлеуге тиiс? Жауап: Қазақстан Республикасының салық заңы бойынша (Қазақстан Республикасының Президентiнiң Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы жарлығының 43-бабы) қаржылық жалдау лизингi болып табылады, яғни егер жалға берушi аммортизацияға жататын негiзгi құралдары жалға тапсырса, онда салық салу мақсатындағы операция жалгерлiк мүлiктi сатып алуы ретiнде қарастыру тиiс.
Демек, мүлiктi кез-келген сатып алу, өндiрiстiк мақсаттағы негiзгi құралдарды лизингке тапсыру кезiнде мүлiк салығын төлеушi жалгер болып табылады. МЅнда негiзгi құралдарды аммортизацияға жатқызатын жалгерлiктiң, егер осы келiсiм шарттардың бiрiн орындаса, лизинг болып табылады:
- жалдау мерзiмi негiзгi құралдар мерзiмiнен 80 -тен асса;
- жалгер негiзгi құралдарды шектеулi баға немесе жалдау аяқталғанда белгiленген баға бойынша сатып алу құқығын иеленедi;
- жалгерлiк аяқталған бойдағы жалданған негiзгi құралдардың құны олардың жалдау басындағы құнның 20 процентiнен кем болса;
- төлемдердiң ағымдық құны барлық жалдау мезгiлi iшiнде жалдайтын құралдар құнының 90 пайызынан асып түседi.
Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар мүлiк құнынан 0,5 проценттiк ставка бойынша есептелетiн салықтық ағымдағы сомасын салық жылының 20 ақпанында, 20 мамырында, 20 тамызында және 20 қарашасында тең ѕлеспен төлейдi. Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай нақтылы есептелетiн салық төлеу немесе артық төленгенiн қайтару салық төлеушiлер декларация табыс еткеннен кейiнгi 10 күн iшiнде салық жылының нәтижелерi бойынша табыс салығы жөнiндегi декларация ұсыну үшін көзделген мерзiмде жүргiзедi. Жеке пайдалануындағы мүлкi бойынша жеке тұлғалар ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрiлмей салық төлейдi.
Заңды тұлғалар үшін салық кезеңi салық салу объектiсiн пайдалануға немесе жалға тапсыру мезетiнен бастап мЅндай пайдаланудың аяқталу мезетiне дейiн анықталады.
Заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей Ѕсынылады.
Мүлiкке салынатын салық бойынша декларация есептi жылдан кейiнгi айдың 1 наурызына дейiн Ѕсынылады.
Филиалдары, өкiлдiктерi және өзге оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн ұсыну ерекшелiгi:
Филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi (бЅдан да әрi- құрылымдық бөлiмшелер) бар, дербес салық төлеушi болып табылатын заңды тұлға салық есептiлiгiн Ѕсынумен бiр мезгiлде есептелген салық сомаларының жиынтық тiзiлiмiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша тапсыруға тиiстi.
Жиынтық тiзiлiмнiң нысанын және оны толтырудың тәртiбiн өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Бұл ретте, жиынтық тiзiлiмнiң деректерi салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдары куәландырылған құрылымдық бөлiмшелердiң ағымдағы төлемдерi мен декларация есебi соммаларының көшiрмесiмен расталуы тиiс.
Дербес салық төлеушi болып табылмайтын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi бойынша салық салу объектiлерiнiң есебiн жеке жүргiзуi тиiс. Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi бойынша есептелген салық сомалары құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзуге жатады. Мүлiкке салынатын салық бойынша салықтың есебiмен бiр мезгiлде заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшін төлеуi тиiс мүлiкке салынатын салық соммаларының есебiн тапсыруға мiндеттi. Құрылымдық бөлiмшелер үшін төленуi тиiс мүлiкке салынатын салық сомалары, есептерiн толтыру тәртiбi мен нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Заңды тұлға есептемесiн ұсынатын жердегi салық органы басшысының қолы қойылып, мөрiмен куәландырылған есептiң көшiрмесi құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi орналасқан жерi бойынша салық органына тиiстi салықты есептi тапсыру үшін белгiленген мерзiмде ұсынылуы тиiс.
Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi бойынша салық сомаларын төлеудi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банктiк есеп –шотынан жүргiзедi немесе өз құрылымдық бөлiмшелерiне жѕктейдi.
Меншiк құқығына салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
- мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту кезеңiнде;
- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк еңбек Ерлерi, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, Халық қаїарманы атағын иеленушi, Даңқ орденiнiң ѕш дәрежесiмен жiне Отан орденiне мараппатталған тұлғалар, алтын алқа және Батыр ана атағын иеленушi көп балалы аналар, I және II топтағы мѕгедектерi, жеке тұратын зейнеткерлер салық салу объектiлерiнiң мың есептiк айлық көрсеткiшiне тең құны шегiндi.
- Салық салу объектiлерi бойынша пайдалануға немесе жалға беруге берген, осы тармақта көрсетiлген тұлға салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
Салық салу объектiлерiн меншiк иесi келiсiм бойынша сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiсi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша берiлген объектiлерге салық төлеушi сенiмдi басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.
Бұл ретте, сенiмгер басқарушының немесе, жалға алушының төлеген салығы салық салу объектiсi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшін салық мiндеттемесiн орындағаны болып табылады.
Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ ѕлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы төленуiш болып табылады.
Бiрлескен ортақ иелiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiсi иелерiнiң бiрi салық төлеушi өздерiнiң арасындағы келiсiммен салық төлеушi бола алады.
Салық салу объектiсi:
Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:
- Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғын үй-жайлар, сая жайлық құрылыстар, гараждар және өзге құрылыстар;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi –қоныстандырылу (пайдалну) кезңiнен бастап жеке тұлғалар үшін салық салу объектiсi болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген уәкiлетi орган әр жылдық 1 қаңтарындағы жай-күн бойынша белгiлейтiн күн жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық баға болып табылады. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының ѕкiметi белгiлейдi;
- егер салық кезеңiнiң ұзақтығы 12 айдан кем болса салық базасы салық салу объектiсiнiң құнын 12 бөлу және салық кезеңiндегi айлар санын көбейту арқылы есептелдi;
- бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi 1 жеке тұлға болып табылған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке-жеке есептелiнедi.
Салық сомасы салық салу объектiсi орналасқан жерiне қарай салынады.
Қандай да бiр механизмнiң құрамында бiрнеше тетiктер және элементтер болады. Мүлiк салығы механизiмi де белгiлi бiр салық элементтерiнен құралады.
Мүлiк салығы элементтерi мыналар: субъект, объект, салық көзi, салық ставкасы өлшем бiрлiгi, салық оклады, салық жеңiлдiктерi, салық төлеу мерзiмi мен тәртiбi, салық төлеушiнiң және салық қызметi органдарының құқығы мен мiндеттерi, салықты төлеуiн бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Ендi осы әрбiр элементке қысқаша түсiнiк берейiк:
Салық субъектi- (салық төлеушi) дегенiмiз- заң бойынша салық төлеу мiндетi жѕктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектiсi- табыс мүлiк, мүлiктi басқаға беру және тағы басқалар.
Салық көзi- салық салынатын табыс.
Салық ставкасы немесе бәсi өлшем бiрлiгiнен алынатын салық мөлшерi, яғни салық сомасын есептеу үшін қажет өлшем бiрлiктерi. Мысалы, өлшем бiрлiк болып тенге табылады. Ал жер салығында өлшем бiрлiк болып 1 гектар, 1 шаршы кв метр табылады.
Ставкалар тұрақты немесе пайызбен берiледi.
Тұрақты сатвкалар салық объектiсiнен түсетiн табыстың мөлшерiне байланыссыз, өлшем бiрлiгiне тұрақты сомамен тағайындалады.
Пайыздық ставкалар ѕш тұрге бөлiнедi: ѕдемелi немесе прогрессивтi, регрессивтi немесе пропорционалды.
Үдемелi немесе прогрессивтiк ставкалар салық салынатын табыстың өсуiне сәйкес ұдайы үдеп, өсiп отырады.
Регрессивтi ставкалдар керiсiнше, салық салынатын табыстың төмендеуiне сәйкес азайып отырады.
Пропорционалды ставкалар салық салу объектiсiнiң мөлшерiне байланыссыз тұрақты бiр процентпен тағайындалады.
Салық окалды- салық төлеушiнiң белгiлi бiр салық объектiсiнен төлейтiн салық соммасы.
Салық жеңiлдiктерi дегенiмiз заңға сәйкес салық төлеушiнi бiртiндеп немесе салық төлеуден тѕгел босату.
Салық жеңiлдiктерiне салықтан босатылатын салық салынбайтын минимум шегерiстер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзiмiн Ѕзарту жатады.
Салық төлеу мерзiмi –салық төленетiн уақыт.
Салық төлеу тәртiбi- белгiленген мерзiмдi салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенiн, яғни төлеу кезiнде белгiлi бiр дәйектiлiктi белгiлейдi.
Салық төлеудегi дәйектiлiк заң тұрiнде бекiтiледi де, мынадай тәртiппен iске асырылады:
а) бiрiншi- кезеңде барлық мүлiкке салынатын салық төленедi;
ә) екiншi- кезеңде жергiлiктi салықтар мен алымдар;
б) үшіншi кезеңде басқа да салықтар мен алымдар.
Салық төлеушiлер мен салық қызметi органдарының құқығы мен мiндеттерi салық заңдары арқылы белгiленедi және реттеледi.
Қазақстан Республикасының Президентiнiң заң кѕшi бар жарлығы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы Президентi Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Актiлерi; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң нормативтiк актiлерi.
Салыққа қатынасты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелердi енгiзуге тиым салынған.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгiленген болса, онда аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шартты қолдану үшін iшкi республикалық акт шығару қажеттi шарттың өзiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Халықаралық шарттар салық қатынастарында тiкелей қолданылады.
Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды қатардағы еңбек адамынан бастап салықшылардың өздерiне дейiн қағидаға айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық
04 09 2014
3 стр.
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, са
16 12 2014
4 стр.
Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар
14 12 2014
5 стр.
Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады
25 12 2014
3 стр.
Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі
14 12 2014
5 стр.
Оларды су құрамымен және қасиетімен таныстыру, оның адам өміріндегі және тіршілікте алатын орны; Мектепке дейінгі балаларға суды таза ұстауға тәжірибе өткізу барысында қарым-қатына
11 10 2014
1 стр.
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-э
18 12 2014
4 стр.
12 10 2014
3 стр.