Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4




Жоспар:

Кіріспе

1. Салық және салық салудың есебі

1.1 Салық туралы түсінік

1.2 Қазақстан Республикасның салық заңдылықтарының дамуы

2. Бюджетпен есеп айырысу есебі

2.1 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі

2.2 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі

2.3 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі



Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дипломдық жұмыс 43 беттен тұрады. Дипломдық жұмыста 16 кесте, 6 мысал бар. Жұмысты дайындауда 10 әдебиет көздері қолданылды. Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, салық салу объектісі, салық түрлері, алымдар, төлемдер, кеден төлемдері және т.б.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар--- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:


  • Корпоративтік табыс салығы;

  • Жеке табыс салығы;

  • Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;

  • Әлеуметтік салық;

  • Жер салығы;

  • Көлік құралдарына салынатын салық;

  • Мүліктерге салынатын салық;

  • ҚҚС;

  • Акциздер.

1.1 Салық туралы түсінік

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :


  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты

  2. ″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты

Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлуеші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.



1.2Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқтық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық, мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық, салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салықтөлеушінің міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салык базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне карап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, кызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

Казақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 «Төленетін корпорациялық табыс салығы», 632 «Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы», 633 «Қосылған құн салығы», 634 «Акциздер», 635 «Әлеуметтік салық», 636 «Жер салығы», 637 «Мүлікке салынатын салық», 638 «Көлік құралдарына салық», 639 «Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» шоттары кіреді.



2.1 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі

а)Корпорациялық табыс салығы.

Корпорациялық табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 "Төленетін корпорациялық табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.



Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын объектілері

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

Заңды тұлға, ҚР резиденттері(бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді)

Салық салынатын табыс Төлем көзінен алынатын табыс салығы салынатын салықтар

30%

15%


Календарлық жыл

Заңды тұлға, ҚР резиденттері , олар үшін жер өндіру негізгі құралы болып табылады

Салық салынатын табыс

10%

Календарлық жыл

ҚР тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асыратын резиденттер есес заңды тұлғалар

Салық салынатын табыс

Таза табыс



30%

15%


Календарлық жыл

ҚР-да төлем кезінде табыс алатын резиденттер емес заңды тұлғалар

Теллем көзінен алынатын табысқа салынатын салықтар

15%-марапаттау мен қатысу үлесінен алынатын табыстар, дивиденттер; 10%- теуекелдіктен сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы; 5% - тәуекелдіктен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы; 5% - Халықаралық тасымалдауда транспорттық қызмет көрсетуден түскен табыс; 20%- басқа да табыстар




Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық салынатын табыс = Жыддық табыс жиынтығы ─ Шегерімдер

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша каражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялити; мемлекеттен және басқа да занды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік кызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып тастау керек:


  • дивидентгер, ҚР занды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем кезінен ұсталғандары;

  • көсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезіңде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

-мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;

  • әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

  • мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың құны;

  • зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған
    инвестициондық табыстары.

Занды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.

Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:


  • іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;

  • шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан
    Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынған сыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

-несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта каржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:


Заңды тұлға резиденттеріне

Төлейтін, марапаттау

және шегерімге

жатқызуға болатын

сомасы

Төлеу кезінен



ұсталынған

марапаттау

сомасы

Телем көзінен ұсталатын табыс салығының



мөлшерлемесі (15%) Корпорациялық салығының

мөлшерлемесі (30%)



Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің кайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.

Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.



Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.

Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы — негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген занды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.

Резервтік (провизиялық) қорларға аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз қызметін зандарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша анықтайды.

Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жасалған шьғындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық кұжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.

Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шығыстарға шегеріс жасау. Жинақтау және кайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген сақтандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы Министрлігінің қадағалауында болады. Банк жүйесі де осы процесске қатысты болғандықтан, оларды календарлық, қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жатқызуына құқысы бар.

Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар бойынша шегерімдер. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеуі жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдануына байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.

Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, жасақтау, жалпы әкімшілік шығыңдар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығындарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

Геологиялық зертгеу жұмыстары жасалған контракт аясында жүзеге асады, ол кезде олардың:



  • пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған табыстары;

-жылдық табыс жиынтығына түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, алынып тасталған табыстары қосылмайды.

Теріс бағамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамының айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегіңде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын қоспай алынған шегерім сомасының айырмасынан шығады.

Ескерілмей қалған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. Құрылысқа алынған кредиттер (заемдар) бойынша теріс бағамдық айырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына қоса алынады.

Айыппұлдар да, өсімдер де, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекетгік бюджетке жататындардан басқасы.

Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме төленген салықтар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.



Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге-салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік кызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер жатады.

Негізгі құрал-жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске жатқызылган негізгі құрал-жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.

Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мөлшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтірілді.

Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құқылы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал-жабдықтардың кұны; салық төлеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.

Ғимараттар, қоңдырғылар, құрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке анықталады. Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың құны анықталады:

Жарлық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық кұнын төмендетеді.

Қаржылық лизингке берілген (қаржылық лизинг бойынша) тіркелген активтердің лизинг алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.

Қаржылық лизингке берместен бұрын тіркелген актив баланстық құнында көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизинг беруші өз балансынан азайта алады.



Жөндетуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер. Шегерім әрбір ішкі топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының 15 пайызының шегінде шегеріледі. Аталған шектен асатын сома ішкі топтың баланстық құнын арттырады. Егер ол Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебінен жүргізілген жөндеу болса, онда олардың баланстық құны арттырылмайды және шығыстар шегерімге де жатпайды.

Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:



  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты емес шығыстар;

  • күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;

  • мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;

  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет телемдерінің басқа да сомасы;

-кәсіпкерлік кызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;

-тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.
Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.

Бағалы қағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың кұнын өсірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

Корпорациялық табыс салығын есептеген кезде 851 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.

Корпорациялық табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 631 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

851 шотының дебеті бойынша және 632 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 571 шоты дебеттеліп, және 851 шоты кредиттеледі.


следующая страница>


Жоспар: Кіріспе Салық және салық салудың есебі

Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, са

866.44kb.

16 12 2014
4 стр.


Название курса: Салық жүйесі және салық құқығы

Салық салудың бұл принципінің өрнектелуі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады

172.19kb.

25 12 2014
1 стр.


Салық мәселесi мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс

Белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер

341.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Мазмұны кіріспе 1 салық ЖҮйесінің МӘнімен маңызы

Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады

606.69kb.

25 12 2014
3 стр.


Регламенті Жалпы ережелер Осы «С алық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»

«Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»

49.11kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің аудандар бойынша салық басқармаларының

«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» және салық төлеушілермен жұмыс бөлімі

43.32kb.

08 10 2014
1 стр.


«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызметін

1524.03kb.

08 10 2014
12 стр.


«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Элек

57.02kb.

16 12 2014
1 стр.