Перейти на главную страницу
Көлік кұралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады (салық кодексінің 146-147 беттеріне қараңыз).
40 тонналық және одан да жоғары жүк кетеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстарының" шоты дебеттеледі де және 638 "Көлік құралдарына салынатын салықтар" деп аталатын шоты кредиттеледі.
Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер |
Салық салынатын объектісі |
Салык мөлшерлемесі |
Салық кезені |
Меншігінде және шаруашылығын жүргізуіне немесе оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, заңды тұлғалар |
Салық салынатын объектісіне көлік (транспорт) кұралдары жатады, тек мемлекеттік тіркеуге жататын тіркемелерін және өкілетті органдарда есепте тұратындарын қоспағанда |
Салық Кодексі белгілеген айлық есептік көрсеткіштік негізінде есептелген тузету коэффициенттері мен салық мөлшерлемесі көлік түрлеріне, қуаттылығына, двигательдің көлеміне, жүкті көтеру сыйымдылығына, пайдалану мерзіміне байланысты алынады |
Календарлық жыл |
Меншігінде және шаруашылығын жүргізуіне немесе оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, жеке тұлғалар |
Мүлік салығын төлеушілер |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
Заңды тұлға-резиденттерінің меншігіндегі салық салынатын обьектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) |
Салық салынатын объектісі: негізгі құралдар (үй-пәтер қорларын қоса алғанда) және материалдық емес активтер болып саналатындар жатады. Заңды және жеке кәсіпкерлердің балансында тұрған объектілердің бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған орташа жылдық қалдық құны |
Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 0,1% алынады: коммерциялық емес ұймдардан, әлеуметтік сферадан, кітапхана саласымен байланысты қызметтерден; мемлекеттік ғылыми кадрлерді аттестациялаудан; су қоймаларымен шұғылданатын заңды тұлғалардан; мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан |
Календарлық жыл |
Заңды тұлға-резидент еместердің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) | |||
Жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі салық салынатын объектілері |
Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 1% мөлшерінде алынады | ||
Жеке тұлғалардың меншігіндегі салық салынатын обьектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) |
Салық салынатын объектісіне, кәсіпкерлердің меншігіндегі және меншігінде емес мүліктері жатады: - үй-пәтер қорлары, саяжайы, гаражы т.б. -аяқталмаған құрылыс обьектілері.Жеке тұлға үшін,әр жылдың басына анықталған обьектінің құны салық салынатын обьектісі болып табылады.
|
Салық мөлшерлемесін, салық салынатын обьектісінің құнына қарап,Салық Кодексі белгілейді |
Объектінің орташа құнын анықтау үшін бір мысал келтіріп көрейік.
Мысал. Негізгі кұралдың қалдық құны 01.01.2002 ж. 11160 мың теңге, ал материалдық емес активтердің құны 200 мың теңге құраған. Ағымдағы жылы келіп түскен негізгі құралдың құны 1200 мың теңге болса, ал олардың есептен шыққаны 800 мың теңге құраған.
Күні |
Негізгі кұралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны |
Келіп түскені |
Есептен шыққаны |
Есептелген амортизациясы |
1.01.2002 ж. |
11360000 |
|
|
94665 |
1.02.2002 ж. |
1165335 |
500000 |
|
122000 |
1.03.2002 ж. |
11643335 |
|
250000 |
115000 |
1.04.2002 ж. |
11278335 |
|
|
115000 |
1.05.2002 ж. |
11163335 |
|
350000 |
95250 |
1.06.2002 ж. |
10718085 |
|
|
95250 |
1.07.2002 ж. |
10622835 |
300000 |
|
95250 |
1.08.2002 ж. |
10527585 |
|
|
108500 |
1.09.2002 ж. |
10719085 |
|
|
108500 |
1.10.2002 ж. |
10610585 |
400000 |
|
134300 |
1.11.2002 ж. |
10876285 |
|
|
134300 |
1.12.2002 ж. |
10741985 |
|
200000 |
127900 |
1.01.2003 ж. 01.2003 ж. |
10414085 |
|
|
|
Жиыны |
141940870 |
1200000 |
800000 |
1345915 |
Ағымдағы кезеңде объектілердің орташа жылдық құны 10918528 теңге (141940870:13) құраған, сәйкесінше, мүлік салығының сомасы -109185,28 теңгеге тең болған (10918528 х 0,1).
Әрбір салық төлеуші салықты өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады. Есептелген салыққа 821 шоты дебеттеледі де, 637 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.
и) Жер қойнауына салынатын салықтар. Мұндай арнайы салықтардың қатарына:
біріншісі - Салық Кодексі белгілеген міндетті төлемдерімен қоса салықтың барлық түрін төлеуді қарастырады;
екіншісі — тек Қазақстан Республикасының үлесінде жер қойнауына тиесілі міндетті төлемдерімен қоса барлық салықтарды төлеуді қарастырады, тек шикі мұнай өнімдеріне төленетін акциздерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын, мүлік салығын қоспағанда.
Үстеме пайдаға салынатын салық пайданың ішкі нормасының салықтық кезеңінің соңына жеткен деңгейінен есептелінеді.
Салық салынатын объектісі |
Төлем есептелінетін базасы |
Бонустын мөлшерлемесі |
Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттігі бекіткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі |
Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны |
Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құнына сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың мөлшері 0,1% кем болмауы тиіс |
Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер койнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады.
Роялти көмірқышқылы қалқып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;
-контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.
Алтын, қола, күміс т.б. қымбат металлдар мен тастарды өңдірген кезде роялтидің тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.
Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:
-болуге жататын өнімнің жалпы көлемі;
-Қазақстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;
-контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайлаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни: жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары
-контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың
жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің
аяқталған уақытына дейін созылады.
Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:
-кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;
-контракт қызметіне жатпайтын басқа да шығындары.
2.2 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
а)Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) косылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосылған құнға салынатың салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.
Сондай-ақ, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.
Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.
"Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.
Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Қосымша кұнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 15 пайызын құрайды (ҚҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда). Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған кұн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.
Қосылған құн салығын төлеуші |
Салық салына-тын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады |
Салық салынатын айналым |
Қазақстан Республикасының аймағында сатқан кезде,15% мөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде, оның нольдік пайызы алынады |
Календарлық ай. Егерде ай сайын төленетін ҚҚС сомасы 1000 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі тоқсан сайын төленетін болып шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін төлеу кезеңі салықтық жыл болып танылады |
Қазақстан Республикасының кедендік заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұл-ғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады |
Салық салынатын импорт |
15% |
|
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, қызметті) сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған кұн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынша белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.
Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.
Қосылған кұн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:
Тауар бойынша |
Жұмыс пен қызмет бойынша |
Тауарды тиеу орны, егерде жабдықтаушы, алушы немесе үшінші тұлға болса |
Қозғалмайтын мүліктің тұрған жері, егерде жұмыс пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса; |
Алушыға тауарды беру орны |
Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер олар сол мүліктің козғалысымен байланысты болса; |
Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт; | |
|
Касіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез келген кызметі, келесідей жұмыс пен қызметке қатысты болса: - өз меншігіндегі құқық объектісін пайдалануға берсе; - кеңес, аудиторлык, инжиниринголық, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсетсе; -қозғалыста болатын мүлктерін жалғаға берсе (транспорттық құралдың транспорттық ұйымға көрсеткен қызметінен басқасы; - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу (немесе табу) бойынша агенттердің қызметі; - байланыс; - туризмді ұйымдастыру бойынша. |
Тауар (жұмыс, қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салық сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетқа жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылған құн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті таңдай алады. Пропорционалды әдісте қосылған кұн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша анықтайды және соның деңгейінде зачетқа жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал бөлек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, кызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.
Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.
Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жузеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетгі. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 331 шоты дебеттеліп, 333,671, 687 шоттары кредиттеледі.
ҚҚС есептеу кезінде 301 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты дебеттеледі де, 633 "Қосылған құн салығы" шоты кредиттеледі.
Содан соң 301 шотының кредитінен 633 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 633 шотының дебетінде, 441 "Есеп айырысу шотындағы колма-қол ақша" шотының кредитінде көрініс табады.
Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде, ол 633 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады. ҚҚС-ньщ төленген бұл сомасы, 687 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады.
ә) Акциздік салық — сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 301 шоты дебеттеліп, 634 «Акциз» деп аталатын шоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 634 дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.
Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:
- акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;
Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.
Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.
Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объекті Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленеді.
Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздің тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын анықтау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады. Ал адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік кұны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенің кассасы алынады.
2.3 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, са
16 12 2014
4 стр.
Салық салудың бұл принципінің өрнектелуі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады
25 12 2014
1 стр.
Белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер
25 12 2014
1 стр.
Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады
25 12 2014
3 стр.
«Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»
25 12 2014
1 стр.
«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» және салық төлеушілермен жұмыс бөлімі
08 10 2014
1 стр.
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызметін
08 10 2014
12 стр.
Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Элек
16 12 2014
1 стр.