Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2012 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 586 бұйрығына 12-қосымша
«Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»
мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:
1) алушы – жеке немесе заңды тұлға;
2) БСАЖ - Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі;
3) Енгізу регламенті – ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;
4) құрылымдық-функциональдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғадар.
3. «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының
21) тармақшасына, 577–578-баптарына сәйкес көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою немесе тіркеу есебінен шығару болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті Орталық еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген..
8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Стандарттың
4-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың
7-тармағында көрсетілген.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) алушы табыс еткен құжаттарды қабылдау, тексеру және тіркеу;
2) құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғаға құжаттарды беру;
3) БСАЖ-не құжаттарды енгізу, өңдеу және олардың өңделуін бақылау;
4) БСАЖ-де тіркеу деректерінің көрсетілуі.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алушының құжаттарын қабылдауды Орталықтың жұмыс кестесі ішінде бір тұлға жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы (не сенімхат бойынша өкілі) Орталыққа Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
14. Алушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі және аты-жөні көрсетілетін талонды беру құжатардың қабылданғанын растау болып табылады.
15. Құрылымдық-функциональдық бірліктердің баламалы іс-қимылдарының (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау осы Регламентке қосымшада келтiрiлген.
_______________
«Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет Регламентіне қосымша
Құрылымдық-функциональдық бірліктердің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті
|
1.
|
Әрекет (жұмыс барысының, ағымының) №
|
1
|
2
|
2.
|
ҚФБ атауы
|
Орталықтың құжаттарды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасы
|
Орталықтың құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғасы
|
3.
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оларды сипаттау
|
Қажетті құжаттарды қабылдау, тексеру, оларды тіркеу және БСАЖ журналында талон қалыптастыру
|
Енгізу регламентіне сәйкес құжаттарды БСАЖ-не енгізу, өңдеу және олардың өңделуін бақылау
|
4.
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)
|
Алушыға талон беру немесе бас тарту себептерін түсіндіре отырып құжаттарды қайтару
|
БСАЖ-де тіркеу деректерін көрсету
|
5.
|
Орындау мерзімі
|
5 минут
|
3 жұмыс күні
|
6.
|
Келесі әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №
|
2
|
соңы
|
____________________