Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 586 бұйрығына 1-қосымша


«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын

салық төлеушіні тіркеу есебі»

мемлекеттiк қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады: 

1) алушы – жеке немесе заңды тұлға;

2) БСАЖ - біріктірілген салық ақпараттық жүйесі;

3) Енгізу регламенті – ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;

4) құрылымдық-функциональдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғадар.

3. «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы, 574–576-баптарына сәйкес көрсетіледі.

6. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тіркеу карточкасын беру, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару болып табылады.


2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті Орталық демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта күн сайын Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты Стандарттың
4-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Орталықта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың
7-тармағында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) алушы ұсынған құжаттарды қабылдау, тексеру және тіркеу;

2) құжаттарды құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғаға беру;

3) құжаттарды БСАЖ-ге енгізу және өңдеу;

4) дайын құжаттарды басып шығару және Орталық қарамағына кіретін салық басқармасының басшысына қол қоюға және мөр басуға беру;

5) дайын құжаттарға қол қою, мөр басу және құжаттарды беруге жауапты Орталықтың лауазымды тұлғаға беру;

6) алушыға дайын құжаттарды Шығыс құжаттарын беру журналында белгі қоюмен қол қойғызып беру.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушыдан құжаттарды қабылдауды бір тұлға Орталықтың жұмыс кестесі ішінде жүзеге асырады.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнде іс-қимыл

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Алушы (не болмаса сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

14. Құжаттардың тапсырылғанын растау алушыға (не болмаса сенімхат бойынша өкіліне) құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, Орталық қызметкерінің аты-жөні мен тегі көрсетілген талон болып табылады.

15. Құрылымдық-функциональдық бірліктердің реті мен өзара баламалы іс-қимылдарын (процесстерін) сипаттау осы Регламентке қосымшада келтiрiлген.

_________________


«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет Регламентіне қосымша



Құрылымдық-функциональдық бірліктердің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
Алушы құжаттарды қағаз тасығышта келу тәртібінде табыс еткен кезде





Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1.

Әрекет (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

2.

ҚФБ атауы

Орталық құжаттарды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасы

Орталықтың құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғасы

Орталық қарамағына қарайтын салық басқармасының басшылығы

Орталықтың құжаттарды беруге жауапты лауазымды тұлғасы

3.

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оларды сипаттау

Қажетті құжаттарды қабылдау, тексеру, оларды тіркеу және БСАЖ журналында талон қалыптастыру

Енгізу, өңдеу, беруге тізімдеме қалыптастыру, дайын құжаттарды басып шығару регламентіне сәйкес БСАЖ-е құжаттарды енгізу
Тіркеуден шағару кезінде - БСАЖ-е құжаттарды енгізу және оларды өңдеуге бақылау жасау

Дайындалған дайын құжаттарды қарау

Дайын құжаттардың сапасын тексеру

4.

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Алушыға талон беру немесе бас тарту себептерін түсіндіре отырып құжаттарды қайтару

Дайын құжаттарды Орталық қарамағына қарайтын салық басқармасының басшылығына куәландыруға және мөр басуға беру
Есептен шығару кезінде – автоматты түрде есептен шығару

Дайын құжаттарға қол қою, мөрмен куәландыру және Орталықтың құжаттарды беруге жауапты лауазымды тұлғасына беру

Шығыс құжаттарын беру журналына қолын қойдырып алушыға дайын құжатты беру

5.

Орындау мерзімі

15 минут

1 жұмыс күні
Есептен шағару кезінде - 3 жұмыс күні

3 сағат

Алушылардың жүгінуіне қарай (бір жұмыс күні ішінде)


6.

Келесі әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

2

3

4

соңы


__________________

Регламенті Жалпы ережелер > Осы «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына

52.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер Осы «С алық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»

«Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»

49.11kb.

25 12 2014
1 стр.


«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Элек

57.02kb.

16 12 2014
1 стр.


Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда заем шарттарын жасасқанда қаржылық қызметті тұтынушылар үшін қажетті қысқаша жадынама

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда

36.77kb.

10 09 2014
1 стр.


«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Қосы

58.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану ережесін бекіту туралы

Р енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін ретт

67.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Тіркелген жиынтық салық бойынша бірыңғай оңайтылған декларацияны (бұдан әрі Декларация) жасаудың тәртібін көздейді. Декларацияны Салық кодексінің 396-бабы 2-тармағына сәйкес жекеле

112.63kb.

04 09 2014
1 стр.


«Темір жол жылжымалы құрамы кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Темір жол жылжымалы құрамын кепілін тіркеу»

Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысымен бекітілген «Темір жол жылжымалы құрамы кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi –Стандарт) сәйкес

137.04kb.

15 10 2014
1 стр.