Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 586 бұйрығына 2-қосымша


«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»

мемлекеттiк қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады: 

1) алушы – жеке (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;

2) БСАЖ - біріктірілген салық ақпараттық жүйесі;

3) Енгізу регламенті – ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;

4) құрылымдық-функциональдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғадар;

5) СЕӨЖ – Салық есептілігін өңдеу жүйесі.

3. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының
21) тармақшасына, 568 – 571-баптарына сәйкес көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті (бұдан әрі – ҚҚС куәлігі) беру, ҚҚС куәлігін ауыстыру не ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешімін беру болып табылады.

Стандарттың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті Орталық демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта күн сайын Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты Стандарттың
4-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың
7-тармағында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) алушы ұсынған құжаттарды қабылдау, тексеру және тіркеу;

2) құжаттарды құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғаға беру;

3) құжаттарды СЕӨЖ-не енгізу және өңдеу;

4) дайын құжаттарды басып шығару және Орталық қарамағына кіретін салық басқармасының басшысына қол қоюға және мөр басуға беру;

5) дайын құжаттарға қол қою, мөр басу және құжаттарды беруге жауапты Орталықтың лауазымды тұлғаға беру;

6) алушыға дайын құжаттарды Шығыс құжаттарын беру журналында белгі қоюмен қол қойғызып беру.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушыдан құжаттарды қабылдауды бір тұлға Орталықтың жұмыс кестесі ішінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнде іс-қимыл

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Алушы (не болмаса сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

14. Құжаттардың тапсырылғанын растау алушыға (не болмаса сенімхат бойынша өкіліне) құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, Орталық қызметкерінің аты-жөні мен тегі көрсетілген талон болып табылады.

15. Құрылымдық-функциональдық бірліктердің реті мен өзара баламалы іс-қимылдарын (процесстерін) сипаттау осы Регламентке қосымшада келтiрiлген.
_______________

«Қосылған құн салығын

төлеушілерді тіркеу есебі»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

қосымша

Құрылымдық-функциональдық бірліктердің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
Алушы құжаттарды қағаз тасығышта келу тәртібінде табыс еткен кезде





Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1.

Әрекет (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

2.

ҚФБ атауы

Орталық құжаттарды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасы

Орталықтың құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғасы

Орталық қарамағына қарайтын салық басқармасының басшылығы

Орталықтың құжаттарды беруге жауапты лауазымды тұлғасы

3.

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оларды сипаттау

Қажетті құжаттарды қабылдау, тексеру, оларды тіркеу және БСАЖ журналында талон қалыптастыру

Енгізу, өңдеу, беруге тізімдеме қалыптастыру, дайын құжаттарды басып шығару регламентіне (оның ішінде Салық кодексің 568 –бабының шарттарына сәйкестігін тексеру) сәйкес БСАЖ-е құжаттарды енгізу

ҚҚС бойынша есептен шағару кезінде - СЕӨЖ-не құжаттарды енгізу және оларды өңдеуге бақылау жасау



Дайындалған дайын құжаттарды қарау

Дайын құжаттардың сапасын тексеру

4.

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Алушыға талон беру немесе бас тарту себептерін түсіндіре отырып құжаттарды қайтару

Дайын құжаттарды Орталық қарамағына қарайтын салық басқармасының басшылығына куәландыруға және мөр басуға беру

Дайын құжаттарға қол қою, мөрмен куәландыру және Орталықтың құжаттарды беруге жауапты лауазымды тұлғасына беру

Шығыс құжаттарын беру журналына қолын қойдырып алушыға дайын құжатты беру

5.

Орындау мерзімі

10 минут

ҚҚС бойынша есепке қою немесе есепке қоюдан бас тартқан кезде - 8 жұмыс күні

ҚҚС бойынша есептен шығару кезінде - 3 жұмыс күні


ҚҚС бойынша Куәлікті ауыстырған кезде - 1 жұмыс күні

3 сағат

Алушылардың жүгінуіне қарай (бір жұмыс күні ішінде)


6.

Келесі әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

2

3

4

соңы


__________________


«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Қосы

58.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау ережелері (310. 00-нысан) Жалпы ережелер

Салық кодексі сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн сал

111.85kb.

25 12 2014
1 стр.


«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Элек

57.02kb.

16 12 2014
1 стр.


Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi толтыру ережелерi

Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Салық кодексінің 249-бабына сәйкес Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiн

54.93kb.

25 12 2014
1 стр.


«Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті
62.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер > Осы «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына

52.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Қосылған құн салығы бойыншасалық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (300. 00 – нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн

575.42kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы

Салық тексеруі актiсiмен (салық органының қорытындысымен) расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтiнiшті жасау

99.33kb.

08 10 2014
1 стр.