Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы «19» желтоқсан

№ 468 бұйрығымен бекітілген



Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын

төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi толтыру

ережелерi (312.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1.Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Салық кодексінің 249-бабына сәйкес Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi (бұдан әрі - Өтініш) толтыру тәртiбiн айқындайды.



2. Өтініш осы Өтініштің өзінен (312.00-нысан) және оған қосымшалардан (312.01 және 312.02-нысан) тұрады.

3. Өтiнiш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

4. Өтiнiштi толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді.

6. Тиісті қосымшаларда ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымшалар міндетті түрде толтыруға жатады.

7. Қосымшалар парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшалардың осындай парағы толтырылады.

8. Өтiнiштi беру кезiнде:

1) келу тәртiбiнде - екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен қосылған құн салығын төлеушiге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша – қосылған құн салығын төлеушi почта байланыс ұйымының хабарламасын алады.

9. Өтiнiшке қосылған құн салығын төлеушi тауарларды жеткiзуге шарттардың (келiсім-шарттардың) көшiрмесiн қоса бередi.

10. Кеден органы жүк кедендік декларацияны қабылданған күннен бастап үш ай ішінде жарамды Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы салық органының шешімін алу үшін осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген Өтініш пен құжаттар ҚҚС төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.

11. Бір жыл ішінде жарамды Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы мемлекеттік уәкілетті органның шешімін алу үшін осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген Өтініш пен құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының барлығы туралы ҚҚС төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органының қорытындысы уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

12. Өтініш Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және расталады.

 

 



2. Өтініш - 312.00 нысанын толтыру тәртібі

 

13. «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде қосылған құн салығын төлеушi мынадай деректерді көрсетеді:



1) СТН - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

2) ҚҚС төлеушінің аты-жөні немесе атауы. ҚҚС төлеушiнің тегі, аты әкесінің аты немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы көрсетіледі;

3) ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi. ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiктiң деректемелері көрсетіледі.

14. «Импортталатын тауарлар туралы мәлiметтер» бөлiмiнде:

1) импортталатын тауарлардың түрi.

Бұл ретте, егер импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған шикiзат немесе материалдар болып табылса, өтiнiшке 2-қосымшаны толтыру қажет;

2) 5-жолда импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімі берілетін кезең көрсетіледі.

15. Салық төлеушінің жауапкершілігі бөлімінде:

1) «басшысының аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

Қағаз тасығыштағы Өтінішке салық төлеуші (басшы) не оның уәкілетті өкілі қол қоюы керек, сондай-ақ салық төлеушінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады;

2) өтініш беру күні. Өтінішті берудің ағымдағы күні көрсетіледі;

3) салық органының коды. Қазақстан Республикасы Кіріс министрінің м.а. 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесіне  «Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандарының кодтары» Анықтамасы» 18-қосымшаға сәйкес, Салық кодексінің ережелеріне сәйкес берілген Өтініш ҚҚС төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.


3. Оларға сәйкес тауарлар импорты жүзеге асырылатын

шарттар (келісім-шарттар) туралы ақпарат – 312.01 нысанын толтыру

 

16. 312.01 нысаны ҚҚС төлеуші оларға сәйкес ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты жүзеге асырылатын шарттар (келісім-шарттар) туралы ақпаратты көрсетуі үшін толтырылады.



17. Беттердің нөмірін көрсетуге арналған жолда ағымдағы беттің нөмірі көрсетіледі.

18. «Қосылған құн салығын төлеуші туралы мәліметтер» бөлімінің 1-жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

19. «Тауарларды жеткізуге шарттардың (келісім-шарттардың) деректемелері» бөлімінде мынадай деректер:

А-бағанында жолдың реттік нөмірі;

В-бағанында шарттың (келісім-шарттың) жасалған күні;

С-бағанында шарттың (келісім-шарттың) нөмірі;

D-бағанында импортталатын тауарларды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының коды (бұдан әрі – кеден органының коды) көрсетіледі. Кеден органының коды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы кеден органдарының жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.

20. «Осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі және оның қолы қойылады.

 

 

4. Шикiзаттар мен материалдардың сипаттамасы - 312.02 нысанын толтыру



 

21. 312.01 нысаны өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн арналған шикiзаттар мен материалдарды импорттауды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушiмен толтырылады.

22. Беттердің нөмірін көрсетуге арналған жолда ағымдағы беттің нөмірі көрсетіледі.

23. «Қосылған құн салығын төлеушi туралы мәлiметтер» бөлiмiнде мынадай деректер:

1) 1-жолда салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) шарттың (келісім-шарттың) жасалған күні;

3) шарттың (келісім-шарттың) нөмірі көрсетіледі.

24. «Қайта өңдеу өнiмi» бөлiмiнде:

А-бағанында Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының (бұдан әрi - СЭҚ ТН) коды;

В-бағанында өндiру мақсатында шикiзаттар мен материалдардың импорты жүзеге асырылған қайта өңдеу өнiмiнiң атауы (бұдан әрі – қайта өңдеу өнімі) көрсетiледi.

25. «Шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi» бөлiмiнде:

А-бағанында СЭҚ TH коды;

В-бағанында санаттар мен сұрыптар бойынша бөлмей, қайта өңдеу өнiмiн өндiру үшiн импортталатын шикiзаттар мен материалдардың атауы (бұдан әрі – шикізаттар мен материалдар);

С-бағанында шарт (келісім-шарт) бойынша қайта өңдеу өнiмiн өндiру үшiн импортталатын шикiзаттар мен материалдардың шарт (келісім-шарт) валютасындағы құны (бұдан әрі – шарт (келісім-шарт) бойынша шарт (келісім-шарт) валютасындағы құны);



D-бағанында валюта коды көрсетіледі. Валюта коды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік ресімдеу мақсатында пайдаланылатын валюта жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.

26. «Осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі және оның қолы қойылады.

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi толтыру ережелерi

Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Салық кодексінің 249-бабына сәйкес Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiн

54.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау ережелері (310. 00-нысан) Жалпы ережелер

Салық кодексі сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн сал

111.85kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Қосы

58.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Қосылған құн салығы бойыншасалық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (300. 00 – нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн

575.42kb.

25 12 2014
3 стр.


Кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту негiздемелерi, шарттары және тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 17 шiлдедегi №291-292 (26136); "Казахстанская правда" от 17. 07. 2010 г., №186 (26247); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., №16 (256

69.08kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы

Салық тексеруі актiсiмен (салық органының қорытындысымен) расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтiнiшті жасау

99.33kb.

08 10 2014
1 стр.


«Төлеу қайнарынан ұсталған кіріс салығын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Төлеу қайнарынан ұсталған кіріс салығын қайтару – төлеу қайнарынан ұсталған кіріс салығы сомасын салық төлеушіге қайтару бойынша салық органының қызметі

137.19kb.

14 12 2014
1 стр.


«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

22.18kb.

13 09 2014
1 стр.