Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 586 бұйрығына 4-қосымша


«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»

мемлекеттiк қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады: 

1) алушы – жеке немесе заңды тұлға;

2) «Е-тіркеу» АЖ - «Е-тіркеу» ақпараттық жүйесі;

3) Енгізу регламенті – ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне енгізу және өңдеу регламенті;

4) құрылымдық-функциональдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғадар.

3. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына,


572, 573-баптарына сәйкес көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) және электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) тұратын кiлтi бар контейнерлi ақпаратты электрондық жеткiзгiшті беру, Келісімді қайта ресімдеу, ЭЦҚ ауыстыру немесе жою болып табылады.


2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті Орталық демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта күн сайын Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты Стандарттың
4-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың
7-тармағында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) алушы ұсынған құжаттарды қабылдау, тексеру және тіркеу;

2) құжаттарды құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғаға беру;

3) құжаттарды «Е-тіркеу» АЖ-не енгізу және өңдеу;

4) дайын құжаттарды басып шығару және Орталық қарамағына кіретін салық басқармасының басшысына қол қоюға және мөр басуға беру;

5) дайын құжаттарға қол қою, мөр басу және құжаттарды беруге жауапты Орталықтың лауазымды тұлғаға беру;

6) алушыға дайын құжаттарды (оның ішінде ЭЦҚ) Шығыс құжаттарын беру журналында белгі қоюмен қол қойғызып беру.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушыдан құжаттарды қабылдауды бір тұлға Орталықтың жұмыс кестесі ішінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнде іс-қимыл

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Алушы (не болмаса сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

14. Құжаттардың тапсырылғанын растау алушыға (не болмаса сенімхат бойынша өкіліне) құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, Орталық қызметкерінің аты-жөні мен тегі көрсетілген талон болып табылады.

15. Құрылымдық-функциональдық бірліктердің реті мен өзара баламалы іс-қимылдарын (процесстерін) сипаттау осы Регламентке қосымшада келтiрiлген.

_______________

«Электрондық салық төлеуші

ретінде тіркеу есебі»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

қосымша


Құрылымдық-функциональдық бірліктердің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
Алушы құжаттарды қағаз тасығышта келу тәртібінде табыс еткен кезде





Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1.

Әрекет (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

2.

ҚФБ атауы

Орталық құжаттарды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғасы

Орталықтың құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлғасы

Орталық қарамағына қарайтын салық басқармасының басшылығы

Орталықтың құжаттарды беруге жауапты лауазымды тұлғасы

3.

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оларды сипаттау

Қажетті құжаттарды қабылдау, тексеру, оларды тіркеу және талон қалыптастыру

Енгізу, өңдеу, беруге тізімдеме қалыптастыру, дайын құжаттарды басып шығару регламентіне сәйкес «Е-тіркеу» АЖ-не құжаттарды енгізу
ЭЦҚ жойған кезде - «Е-тіркеу» АЖ-не құжаттарды енгізу және оларды өңдеуге бақылау жасау

Дайындалған дайын құжаттарды қарау

Дайын құжаттардың сапасын тексеру

4.

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Алушыға талон беру немесе бас тарту себептерін түсіндіре отырып құжаттарды қайтару

Дайын құжаттарды Орталық қарамағына қарайтын салық басқармасының басшылығына куәландыруға және мөр басуға беру
ЭЦҚ жою кезде - ЭЦҚ автоматты түрде жою
ЭЦҚ ауыстырған кезде - дайын құжаттарды өңдеуге жауапты Орталықтың лауазымды тұлғасына беру

Дайын құжаттарға қол қою, мөрмен куәландыру және Орталықтың құжаттарды беруге жауапты лауазымды тұлғасына беру

Шығыс құжаттарын беру журналына қолын қойдырып алушыға дайын құжатты беру

5.

Орындау мерзімі

5 минут

1 жұмыс күні

3 сағат

Алушылардың жүгінуіне қарай (бір жұмыс күні ішінде)


6.

Келесі әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

2

3

(есепке қою, Келісімді қайта ресімдеу кезінде)


4

(ЭЦҚ ауыстырған кезде)




4

соңы


________________

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Элек

57.02kb.

16 12 2014
1 стр.


«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызметін

1524.03kb.

08 10 2014
12 стр.


«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті

Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Қосы

58.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер > Осы «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына

52.8kb.

25 12 2014
1 стр.


«Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет регламенті
62.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу ерекшелігі

Салық кодексінің 191-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқа

49.64kb.

05 09 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер Осы «С алық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»

«Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»

49.11kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттiк қызмет регламенті

Осы «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) 2008 жылғы

87.4kb.

14 12 2014
1 стр.