Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы «12» мамырдағы
№ 501 қаулысымен
бекітілген
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
-
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді.
Қазақстан Республикасының салық органдары ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) мекенжайлары осы cтандартқа
1-қосымшада келтірілген.
-
Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
-
Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы,
572–573-баптары негізінде көрсетіледі.
-
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.
Мемлекеттік қызмет стандарты:
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде;
-
салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған.
-
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
-
салық төлеушіге белгіленген нысан бойынша Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) және электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) тұратын кiлтi бар контейнерлi электрондық ақпарат жеткiзгiш (floppy-диск, СD-диск) беру;
-
ЭЦҚ ауыстыру немесе жою болып табылады.
-
Мемлекеттік қызмет ерікті сипатқа ие, салық төлеуші ретінде тіркеуден өткен жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
-
салық төлеушіні электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою кезінде – салықтық өтініш қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
ЭЦҚ ауыстыру немесе жою кезінде – салықтық өтініш берген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні;
-
салықтық өтінішті берген кезде кезекте рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
-
Келісімді және (немесе) ЭЦҚ-дан тұратын кiлтi бар контейнерлi электрондық ақпарат жеткiзгiшті алу кезінде кезекте рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.
-
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Орталықтардың жұмыс режимі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген.
10. Орталық тұтынушыларға қызмет көрсетуге бөлінген операциялық залды немесе бірнеше бөлек кабинеттерді білдіреді. Онда күту орындары, құжаттарды толтыру мен қалыптастыруға арналған үстелдер, анықтамалық, консультациялық қызметтерді көрсетуге арналған «терезелер», ақпараттық стенділер, дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
-
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы салық төлеушінің орналасқан жері немесе тұрғылықты жері бойынша Орталыққа белгіленген нысан бойынша салық төлеушінің (өкілінің) қолымен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің (өкілінің) мөрімен куәландырылған салықтық өтінішті екі данада қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен табыс етуі қажет.
-
Салықтық өтініштердің бланкілері тұтынушыға салық органдарында тегін беріледі. Сондай-ақ тұтынушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша («Ұсынылатын сілтемелер» бөлімінің «Салықтық өтініштер» кіші бөлімінде) орналастырылған салықтық өтініштердің нысандарын өзі дербес қағазға басып шығара алады.
-
Тұтынушы салықтық өтініштер тапсыратын Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген.
-
Мыналар тұтынушының салықтық өтінішті тапсырғандығын растау болып табылады:
-
тұтынушыда қалатын салықтық өтініштің екінші данасына қызметкердің тегін, аты-жөнін, қолын, сондай-ақ қабылданған күнін және салық органының кодын қоюды білдіретін салықтық өтініштің қабылданғаны туралы Орталық қызметкерінің белгісі;
-
кіріс кұжатын қабылдау және шығыс құжатын беру туралы мәліметтер көрсетілген талон.
-
Келісім және (немесе) ЭЦҚ-дан тұратын кiлтi бар контейнерлi электрондық ақпарат жеткiзгiш келу тәртібімен салықтық өтініш берілген салық төлеушінің орналасқан жері немесе тұрғылықты жері бойынша Орталықтың тиісті «терезесінде» беріледі.
-
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер жоқ.
3. Жұмыс қағидаттары
-
Салық қызметі органдарының жұмыс қағидаттары:
-
салықтық қызмет көрсету рәсімі туралы толық ақпарат беру;
-
қызмет көрсету кезінде тұтынушының құқықтарын сақтау;
-
салықтық қызметтерді тегін көрсету;
-
салық қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-қатынас;
-
тұтынушы ұсынған ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
-
Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде салық қызметі органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін салық органдарында лауазымды адамдар түсіндіреді, олардың байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ 8 (7172) 58-09-09 телефон нөмірі бойынша салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталықта беріледі.
-
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда берілетін шағымдар таңдауы бойынша:
-
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа
1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша орналастырылған;
-
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының «сенім» телефонына және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім» телефонына. Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;
-
[email protected] мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінде);
-
салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;
-
жазбаша шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын шағымдалып жатқан салық органынына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің кеңсесіне жүгіну жолымен жіберіледі.
-
Дөрекі қызмет көрсетуге шағымдар таңдауы бойынша:
-
тікелей Орталықтың басшысына. Орталықтардың басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;
-
қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының немесе жоғары тұрған салық органының басшысына басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған;
-
қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының «сенім телефонына», қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органына қатысты жоғарғы салық органының «сенім телефонына» және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім телефонына». Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;
-
[email protected] мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсының «Төрағаның блогы» бетінде);
-
салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;
-
жазбаша шағыммен қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органдарының, қызметкерлерінің дұрыс емес қызмет көрсетуі шағымдалып жатқан салық органдарына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кеңсесіне жіберіледі.
-
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
-
Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ерікті түрде мынадай мәліметтерді көрсете отырып беріледі:
-
шағым берілетін салық қызметі органының атауы;
-
шағым беретін адаиның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан орны);
-
шағымның мәні;
-
шағым жасалатын салық қызметі органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
-
тұтынушының шағымға қол қойған күні.
-
Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымның қабылданғанына мыналар растау қызметін атқарады:
1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шалу және салық қызметі органы қызметкерінің жауабы;
2) [email protected] мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгінген кезде – электрондық хабарламаның жеткізілгендігі туралы хабарлама;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – интернет-ресурста жариялау;
4) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берген кезде – талон. Талонда күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетіледі.
Шағымды қарау барысы және қарау нәтижелері туралы:
1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шала отырып;
2) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – электрондық хабарлама жібере отырып;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінен;
4) егер шағым келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берілген болса – шағымды қабылдаған тұлғадан білуге болады.
Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мынадай мерзімдерде қаралады:
1) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін болса – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
2) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін болса – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде шағым берушіге хабарланады.
Егер шағымда жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда шағым түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Қаралған шағымның нәтижесі:
1) егер шағым қағаз жеткізгіште келу тәртібімен, пошта немесе шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы берілген болса – салық төлеушіге беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі;
2) «сенім телефонына» жүгінген кезде – пошта арқылы жіберіледі және телефон арқылы хабарланады;
3) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – шағым жіберілген электронды мекенжайға электронды хабарлама түрінде жіберіледі.
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша салық төлеуші:
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүргізетін іс-шаралар туралы ақпарат, салық органдарының байланыс деректерін, жаңалықтар мен басқа да анықтамалық ақпараттарды ала алады;
-
нормативтік құқықтық актілерді және салық салу мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы хаттарды қарай алады;
-
салық салудың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерінің әртүрлі мәселелерін талқылау бойынша форумға, сондай-ақ салық төлеушілерге жүргізілетін сауалнамаға қатыса алады;
-
салық қызметі органдары ұсынатын электрондық қызметтерді пайдалана алады, сондай-ақ салықтық қызмет көрсету бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді көшіріп ала алады.
_____________________
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Салықтық өтініштер табыс етілетін орталықтардың мекенжайлары, сондай-ақ орталықтар басшыларының, салық органдары басшыларының байланыс деректері, салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі және салық органдарының «сенім телефондары»
Р/с
№
|
Салық органдары
|
Мекенжайлары
|
Салық органдары басшыларының байланыс деректері
|
Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі
|
Салық органдарының «сенім телефондары»
|
Орталық басшыларының байланыс деректері
|
следующая страница>