Перейти на главную страницу
- кейінге калдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 632 шотта көрініс табады.
Қатар №
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
|
Шоттар корреспонденциясы | |
|
|
|
дебет |
кредит |
1 |
2 |
|
3 |
4 |
1. |
Есептелген корпоратавтік табыс салығы |
|
851 |
631 |
2. |
Кейінге қалдырылған табыс салығын есептеу |
|
851 |
632 |
3. |
Кейінге қалдырылған табыс салығын есепті кезеңнің басына түзету |
|
851 |
632 |
Уақытша айырмасының сомасының белгісін (таңбасын) салық салынатын табысқа тигізетін әсеріне қарап анықтайды. Өйткені олар салық салынатын табысты азайтуы да, көбейтуі де мүмкін. Біздің мысалда бірінші жолдағы уақытша айырманы "—" таңбасымен белгілеген, өйткені салық есебіндегі қосымша шегерімдер салық салынатын табысты азайтқан. Екінші және үшінші жолдағы таңбасын (яғни, жөндеуге кеткен шығыстар мен салықтар) "+" белгілеген, өйткені салық есебінде барлық шығыстар таныла бермейді, бухгалтерлік есепте олар тұтастай көрініс тапқанымен, нәтижесінде, салық салынатын табыс салығы жоғары болған, бухгалтерлік есептегісіне қарағанда. Сондықтан таңбаны дұрыс қою үшін, әр уақытта салық есебін бухгалтерлік есептің мәліметімен салыстырып отыру керек. Егер де уақытша айырма жойылған кезде, онда оған қарама-қарсы таңбасы қойылады да, оған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады, демек 632 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. 632 шоты бойынша көп жағдайда кредиттік қалдық қалады, демек ол келешекте төленетін салықтын міндеттемесін көрсетеді. Сонымен қоса, оның дебеттік сальдосы да болуы мүмкін, егер де күн бұрын төлем жасалса. Бұл кезде оң айырма қалыптасады және ондағы салық эффектісі 632 шоттың дебеті және 851 шотгың кредиті бойыша көрініс табады.
Егер де бұндай дебеттік сальдо күмән туғызатын болса, онда олар шығын ретіңде танылады, демек ол 851 шотының дебеті мен 632 шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған табыс салығын көрсету үшін оларды қысқа және ұзақ мерзімділігі бойынша жіктейді (2-БЕС). Кейінге қалдырылған салықты жіктеу активтердің немесе міндеттемелердің негізінде жүзеге асады. Егер де уақытша айырма тауарлы-материалдық запастарға қатысты болса, онда ол қысқа мерзімді болып есептелінеді, ал егер де ол негізгі құралға қатысты болса, онда ол ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Егер де уақытша айырмасын активтермен де, міндеттемелермен де байланыстыруға болмаса, онда олардың жойылатын уақытын негізге алады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (125 бабы бойынша) кәсіпкерлік қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды алдағы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.
Тартқан зиянның келешектегі алынатын табысқа зачет етілуі кәсіпорынның экономикалық потенциалына жол ашады. Осындай операцияның есебінен алынған экономия есептік кезеңнің таза табысына енеді, бірақ ол жағдайда өзгеруі мүмкін.
Салық төлемдері бойынша алған экономия таза табысқа енеді, мына жағдайларды қоспағанда:
1. Салық төлемдері бойынша алынған экономия келесі есептік кезенде өтелуі күмәнді болса және ол кезде алынатын табыс зиянды жабуға жеткіліксіз болса, онда бұндай зияндар зачетқа жатқызылмайды.
2. Салық төлемдері бойынша алынған экономия, 632 шоттын кредиттік сальдосынан асып кетсе, онда бұндай зияңдар зачетқа жатқызылмайды.
Келешек табыс салығының есебінен өтелетін табыс салық сомасы есепте жеке көрсетіледі, яғни 632 шоты бойынша жеке субшоты ашылады.
Мысалы: 2002 жылдың қорытындысы бойынша негізгі жабдықтаушымен жасалған контрактінің шартын сақтамағандықтан 2200 мың теңге зиян шегілген. Оның үстіне 2003 жылы табысқа салынатын салық мөлшерлемесі 32% жеткен. Кейінге қалдырылған табыс салығының кредиттік сальдосы (тізімдеме есебі бойынша) 2002 жылы 240,32 мың теңге құраған. Бухгалтерлік зиян сомасы 1517 мың теңгеге жеткен, ал оның уакытша айырмасы 683 мың теңге құрайтындығына сенімді болған.
Кәсіпорын болжамы:
|
Катар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, тенге |
Шоттар корреспонденциясы | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
|
|
|
дебет |
кредит | ||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | ||||||
|
1. |
Кәсіпорын болашақ жылы жеткілікті табыс алады жөне зиянның пайда болған кезеңін таза табыстын экономиясына енгізеді: - салық эффектісінің уақытша айырмасының сомасына (638x32%) - салық төлемі бойынша алынған экономиясының сомасына (1517 х 32%) (яғни, салық төлемінен үнемделген сомасына) |
218,6 485,4
|
632 "Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша шеккен зияны" субшоты 632 "Кейінге кал-дырылған табыс салығы бойынша шеккен зияны" субшоты |
632 851
| ||||||
|
|
Жиыны |
704,0 |
|
| ||||||
|
|
|
|
| |||||||
|
|
|
|
| |||||||
|
|
|
|
| |||||||
|
|
|
|
|
2. |
Кәсіпорың болашақ жылы алатын табысына сенімсіз (неғайбіл) болған, таза табысқа 632 шотының кредиттік сальдосынан аспайтын сомасын ғана енгізген: - салық эффектісінің уақытша айырмасының сомасына (683 х 32%) - 632 шотының кредиттік қалдығының шеңберіндегі сомасына |
218,6 240,32
|
632 "Кенінге қал-дырылған табыс салығы бойынша алынған зияны" субшоты 632 "Кейнге қал-дырылған табыс салығы бойынша алынған зияны' субшоты |
632 851
|
|
Жиыны |
458,92 |
|
|
3. |
Жоғарыдағы екі шарттардың бірін сақтамаған жағдайда, салық эффектісінің уақытша айырмасының сомасын ғана пайдалануы мүмкін |
218,6 |
632 "Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша алынған зияны" субшоты |
632 |
|
Жиыны |
218,6 |
|
|
2003 жылы алынған табысы, яғни 632 шоттың дебеті бойынша көрсетілген сомасы зиянды жабу үшін жеткілікті болған және оған келесі шоттар корреспонленциясы жасалынады.
Қатар № |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге
|
Шоттар корреспонденциясы | |
|
|
|
дебет |
кредит |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Болашақтағы табысты бағалаудың негізінде, зиянның пайда болған кезіндегі таза табысқа салық төлемі бойынша үнемделген сомасы қосылған. Бұрындары кейінге қалдырылған табыс салығының сомасы шеккен зиян ретінде көрсетілген |
704,0 |
631 |
632 "Кейінге қал-дырылған табыс салығы бойынша алынған зияны" субшоты |
|
Жиыны |
704,0 |
|
|
2. |
Салық төлемі үнемделген сомасын, 632 шоттың кредиттік сальдосынан аспайтын деңгейде таза табысқа қосқан:- бұрындары кейінге қалдырылған табыс салығының сомасы шеккен зиян ретінде көрсетілген - салық төлемі бойынша үнемделген сомасы 632 шотының кредиттік сальдосынан асып түскен сомасы ғана көрсетіледі (704 - 458,92) |
458,92 245,08
|
631 631
|
632 "Кейінге кал-дырылтан табыс салығы бойынша алынған зияны" субшоты 851
|
|
Жиыны |
704,0 |
|
|
Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаған кезде ол корпоративтік табыс салығына әсер етпейді, бірақ қайта бағалаудың нәтижесінде салық салынатын және бухгалтерлік табыстың арасында айырма болуы мумкін. Бұндай орын алған айырма салық есебінде көрініс таппайды, ол тек бухгалтерлік есепте ғана көрсетілуі мумкін. Ондай айырма тұрақты да, уакытша да болуы мумкін. Бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де амортизацияны есептеу үшін әртүрлі тәсілдер пайдаланады: уақытша айырманы, ал қайта бағалаудың нәтижесіңдегі кұндық өсімі — тұрақты айырманы туғызады.
Айырманың бұндай типі қабылданған есеп әдістемесіне тәуелді болып келеді. Осындай айырманың болуына қарап, ондай айырма бухгалтерлік есепте 632 шотына жатқызылады, бірақ ол салықтық төлемде көрініс таппайды.
Мысалға, қайта бағалаумен байланысты, салық эффектісі 405000 теңге сомасын кұраған. Есептік жыл соңында төленуге жататын корпоративтік табыс салығы 648000 теңге болған, оның 209000 теңгесі — салық эффектісінің уакытша айырмасынан қалыптасқан. Енді біз осы операцияны көрсету үшін келесі шоттар корреспонденциясын жасаймыз.
Қатар № |
Шаруашылық операцияның мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде алынған, салық эффектісінің сомасы |
405000 |
541 |
632 |
2 |
Жыл соңында бюджетке төлеуге жататын, табыс салығының сомасы: - -салық эффектісінің уақытша айырмасының сомасына -төлеуге жататын корпорациялық табыс салығының сомасына |
- 209000 439000 |
- 632 851 |
- 631 631 |
|
Жиыны |
648000 |
|
|
Қаржылық есеп беруде мына төмендегі ақпараттар ашып көрсетілуге тиіс: әдеттегі қызметінен түскен табысына қатысты төленетін салық телемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); елеулі қателіктеріне түзетулермен, сондай-ақ есеп саясатының өзгеруімен байланысты төленетін салық төлемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); төтенше жағдайларға жататын салық төлемі (салық төлемі бойынша үнем); қайта бағаланған активтерге жататын салық тиімділіктері; салық төлемі мен бухгалтерлік кіріс арасындағы қатынасқа ықпал ететін тұрақты айырмашылықтары және осы сияқты басқа да факторлары, егер бұл есепті кезеңде қолданылып жүрген салық, мөлшерлемесімен (ставкаларымен) түсіндірілмейтін болса.
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық кезеңі, са
16 12 2014
4 стр.
Салық салудың бұл принципінің өрнектелуі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады
25 12 2014
1 стр.
Белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер
25 12 2014
1 стр.
Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады
25 12 2014
3 стр.
«Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»
25 12 2014
1 стр.
«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» және салық төлеушілермен жұмыс бөлімі
08 10 2014
1 стр.
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызметін
08 10 2014
12 стр.
Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1519 қаулысымен бекітілген «Элек
16 12 2014
1 стр.