Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

Бас миы.

Орталыќ нерв ж‰йесініњ негізгі бµлігі – ми. Ол им сауытында орналасќан. Ересек адамда мидыњ салмаѓы 1400-1450 г ќ±райды. Мидан 12 ж±п нервтер тарап, миды кµптеген ішкі м‰шелермен, беттіњ, мойынныњ еттерімен, тілмен, кµзбен байланыстырады жєне сезім м‰шелерінен келген аќпаратты миѓа жеткізеді. Б±ларѓа I - иіс, II - кµру, III - кµз ќимылдатќыш, IV - шыѓыршыќ, V – ‰шкіл, VI – б±ру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-ж±тќыншаќ, X – кезеген, XI – ќосымша, XII – тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыњарларынан т±рады.



Артќы ми. Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекс­тер орталықтары бар.

Сопаќша ми ж±лынмен тікелей байланысќан жєне екі т‰рлі ќызмет: µткізгіштік жєне рефлекторлыќ ќызмет атќарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопаќша мида орналасқан. Сопаќша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн ќамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады. Сопаќша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозѓалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталыќтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстердіњ ж‰зеге асуын ќамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.

Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса, көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидын қызметiн ми қыртысы реттейтiнiн керсетедi.

Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталѓан және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын ќ±рады.

Ақ заттар аралығында бөлек-6өлек нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми жүйкелерiнiң V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.

Артқы мидың бүкіл бойында көптеген талшықтары бар нерв жиынтықтары орналасқан. Осы нерв пен жасушалар жиынтығын – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды. Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарады:

а) жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жақќа қарай бағытталған әсер. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауѓа болады. Сонымен ќатар, ол организмніњ ±йќы-сергек к‰йініњ кµрініс беруіне де ќатысады.



Ортаңғы ми. Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діњініњ негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі ќ±рлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын көзғайтын ІІІ жұп нервтер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық нервтіњ нейрондары орналасқан.

Көз алмасын ќозғайтын ІІІ жұп нерв аралас нерв тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз етерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл нерв арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглия­лық талшықтары бар. Бұл нерв серпiнiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiн қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк нерв. Ми нерв терініњ IV жұп нервісi де аралас нерв. Талшық­тар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.

Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі тµбешігі кµрудіњ алѓашќы рефлекторлыќ орталыѓы. Осы орталыќтыњ арќасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. көру орталығында орналасқан. Ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.

Артқы төмпешiктер естудіњ алѓашќы рефлекторлыќ орталыѓы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.

Төрт төмпешiк кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталдаы. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр жаққа қарай ығысады.

Қызыл ядро орталық нерв жүйесiнiң барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Ол бұлшық еттердiң тонусын реттейтiн қозғалыс орталығы. Мысалы, мысықтың ми бағанасын қызыл ядродан жоғарырақ жерден көлденең тiлiп жiберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерiстер пайда болмай­ды. Ал миды қызыл ядродан төмeнipeк тiлгенде мелшию пайда болады. Барлық бұлшық еттер, әcipece жазылу еттерi ширығып, қатаяды. Сондықтан, мысықтың басы қақиып, шалқаяды, жотасы созылып, сирақтарының буындары жазылып тiкiрейе cipecіп, қатаяды, құйрығы тiк көтерiледi. Мысықта мұндай құбылыс қызыл түйiн мен жұлынды қосатын жол - Монаков буданы бұзылғанда байқалады.

Қызыл ядро мен артқы мидағы Дейтерс түйiнiнiң жұлынға әcеpi бiр-бiрiне қарама-қарсы. Ќызыл ядродан басталатын Монаков буданы жұлынның бүгу орталы­ғының  және  мотонейрондарын қоздырады немесе жазылу орталығын тежейдi. Ал Дейтерс түйiнiнен шығатын кiреберiс жұлындық жол жазылу орталығын қоздырады да бүгу орталығын тежейдi. Сондықтан, Монаков түйiнi зақымдалғанда Дейтерс түйiнi ғана әсер етедi. Дейтерс түйiнiн зақымдаса, мелшию жойылады. Қара зат - нейрондарында қара пигмент көп болған­дықтан солай деп аталады. Ќызметi, қыртыс және қыртыс асты түйiндерiмен торлы құрылыммен бiрге, бұл­шық еттердiң әcipece, нәзiк және нақты қимыл-ќозѓалыстарды реттеу.



Торлы ќ±рылым немесе ретикулярлыќ формация. Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатќан нейрондардан т±рарады. Торлы құрылым ми баѓаныныњ ортањѓы бµлігін алып жатыр. Ол бірнеше нервтік жолдарды бнтнді: афференттік жолдары: 1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы.

Торлы құрылымның физиoлoгиялық мaңызы элек­трофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы ќ±рлымныњ жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жақќа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауѓа болады.

Сопақша мидың торлы құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәти­же тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады. Ал басқа жерлерін тітіркендіргенде ондай нәтиже болмаған.

Торлы құрылым тыныс еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қозды­рады және тежейдi. Айтылѓандардыњ барлыѓы торлы құрылымның тµмен бағытталған әcepiніњ болатындыѓын кµрсетеді.

Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі. Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.

Ми қыртысы µз тарапынан торлы құрылымѓа єсер етеді. Торлы құрылымның нейрондарына әсер ету арқылы ми қыртысы олардың сезiмталдығын өзгертедi, яғни ми қыртысы торлы құрылымның қызметiн реттейдi және бағыттайды.

Торлы құрылым гипоталамуспен және лимбиялық жүйемен тығыз қарым-қатынаста болып, ағзаның вегета­тивтік және гомеостатикалық қызметiнiң бiрлескен реакциясын қамтамасыз етедi.

Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi.

Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.

Торлы ќ±рлымныњ организмніњ ұйқы- cepгектiк, эмоция және стрес к‰йлерініњ кµрініс беруіне қатысы бар.

Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда - ұйқыда болады.

Симпатикалық нерв арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң қызметiне, нерв жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық бездерге, олардағы гормондар мен медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi.

Ортањѓы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылы­мының жасушаларыныњ бiраз бµлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетил­холиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы.



Мишық. Мишық ‰ш бµлімнен т±рады: мишыќтыњ ќ±рты деп аталатын ортањѓы бµлімнен жєне мишыќтыњ екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар: беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларыныњ қабаты; терең я дәнді қабат.

Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сүйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустыќ рефлекстердіњ жоѓары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен ќатар, мишыќ тыныс алуды, ж‰ректіњ жиырылуын ќимылдыњ т‰ріне байланысты лайыќтап отырады.

Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу ќызметініњ реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.

Аралық ми. Ортањѓы ми мен ми сыњарларыныњ арасында аралыќ ми орналасќан. Аралыќ ми тµмпешіктен - таламус жєне тµмпешік асты аймаќтан – гипоталамустан т±рады.

Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Тµмпешік ми ќыртысымен екі жаќты байланыста болады. Ядроларда барлық афференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арќылы мидыњ барлыќ сезгіш жолдары (иіс сезуден басќа) µтеді. Біраќ, оны жай ѓана µткізгіш ќаќпа ретінде ќарастыруѓа болмайды. Таламуста импульстер µзгеріп, жања, т‰рлі комбинацияѓа т‰седі. Таламус тµменгі т‰йсік пен эмоцияны жасауѓа ќатысады.

Төмпешік астындағы аймаќта-гипоталамуста екі бөлімді айырады. Дорзальдық бөлім – субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық бөлімге көру нервінің қиылысқан жерінің үстінде (хиазманың) жататын ядролар (супраоптикалық және паравентрикулярлық), сұр төмпешіктің және оған көршілес жатқан емізікті денелердің ядролары, олардың жоғарғы жағында жатқан артқы гипоталамикалық ядро кіреді.

Гипоталамус ортаңғы мидан өсіп жетілген. Гипоталамус жоѓары дєрежелі вегетативтік орталыќ болып саналады. М±нда зат алмасуын, жылу т‰зілуді, жылу беруді, тер бµлуді, аштыќ жєне шµл сезімдерін, барлыќ ішкі м‰шелердіњ ќызметін реттеу орталыќтары бар. Сонмен ќатар, гипоталамуста нейросекреттер т‰зіліп, гипофиз безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция ќызметін реттеуге ќатысады. Ол адамныњ ±йќысы мен сергектігін реттеуге де ќатысады.



Қыртыс асты (базальдық) ядролар. Ми сыњарларыныњ аќ заттарыныњ ішінде орналасқан сұр заттың жиынтығы жатыр. Оған кіретіндер: құйрықты, бұршақ тәрізді, миндаль тәрізді ядролар және қоршау.

Бұршақ тәрізді ядро ақ заттың қабаты арқылы мүшелерге бөлінеді. 1. Сыртқы мүше немесе қабық. 2. Екі ішкі мүше, немесе түссіз шар. Ќыртысасты ядроларының негізгі топтарын екі жүйеге бөледі: 1. Түссіз шар ядроларының группасы ертедегі жолақ денені, немесе паллидумды құрады. 2. Қабық пен құйрықты ядро жаңа денені немесе стриатумды құрайды.

Ќыртыс асты ядролар ми сыњарларыныњ қыртысына бағынады.

Стриатум төмпешіктерден және үлкен жарты шарлар қыртысынан талшықтар алады. Төмпешіктер арқылы стриатум организмнің барлық афференттік жүйелерімен байланысады. Стрнатум паллидумға да талшықтар береді.

Кейбір мәліметтерге қарағанда паллидум тікелей үлкен жарты шарлар қыртысынан да талшықтар алады. Оған сонымен қатар төмпешікасты ядроларының кейбіреулерінен және тор тәрізді туындылардан талшықтар келеді. Ал эфференттік талшықтар паллидумнан ортаңғы мидың тор тәрізді туындыларына, субталамикалык ядроға, төмпешікке т.б. кетеді.

Рефлекторлық қимыл актысы орындалу ‰рдісінде үлкен жарты шарлар қыртысынан импульстер негізінен 3 түрлі төмен кететін жолдар арқылы шығады: пирамидалық жол, мишыққа баратын жол және стриатум арқылы өтетін жол. Қыртыс асты ядролар түрлі қимыл актыларына түзетулер енгізеді, сүйтіп олардың орындалуын жеңілдетеді. Адамда қыртысасты ядроларының функциясы бұзылған кезде, қосымша қимылдар не шамадан тыс артық болып кетеді, не олар толығымен жоқ болады. Мысалы мимика (бет қимылы) толық жоғалып, бет маска тәрізді болып қалуы мүмкін. Кейбір басқа ауруларда керісінше құбылыстарды байқауға болады: бет қимылдары шамадан тыс артық болады, әрбір қимыл актысы керексіз қосымша қимылдарды тудырады.

Керекті қосымша қимылдар адамның денесін кењістікте ±стауында ‰лкен мєні бар. Мысалы доп ұстаудағы адамның қалпы. Мұндай қосымша қимылдарды миостатика деп атайды. Түссіз ядро көру төмпешігінен орталыққа тепкіш импульстер қабылдап, қызыл ядроға орталықтан тепкіш импульстер береді. Сондықтан қызыл ядро тудыратын ет тонусын тежей алады.

Түссіз ядрода туған қозу аса күшейіп кетсе атетоз (қол мен саусақтардың дамылсыз қозғалысы), хорея (бүкіл дененің еріксіз қозғалысы) байқалады. Ќыртыс асты ядролары мен төмпешік астындағы аудан организм функцияларын реттеп отыратын жалғыз ғана орталықтар емес. ‡лкен жарты шарлар қыртысын айтпағанның өзінде, орталық нерв жүйесінің басқа да толып жатқан бөлімдері арасындағы өзара әсерлерсіз, ‰йлесімділіксіз, байланыссыз ешқандай қимыл актысы, зат алмасу ‰рдістерініњ көріністері қалыпты жағдайда орындала алмайды.



Лимбиялық жүйе деп үлкен ми сыңарларының медиобазальдық бөлігінде орналасқан нервтік құрылымдар мен олардың байланыстарын айтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Лимбиялық жүйенің орталық звеноларына миндаль тәрізді кешен, гиппокамп, белдеуше ирек жатады.

Лимбиалық жүйе құрамына кіретін құрылымдар организм әрекетінің аса күрделі формаларын (қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр сақтау ‰рдістерін, ұйқыны және ояу күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді т.б.) реттеуге қатысады да, тұтас соматовегатативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. К.Прибрам мен Л. Крюгер (1954) үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады: 1. Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр, миндалинаның қыртыс — медиальды ядролары); 2. Метаболизм процестері мен эмоциялық реакцияларды қамтамасыз ететіндер (қалқа, миндалинаның базолатеральдық ядролары, маңдай — самай қыртысы, базальдық қыртыс); 3. Эмоциялық реакцияларға қатысатындар (гиппокамп, энторинальдық қыртыс, белдеуше ирек).



Үлкен ми сыњарлары. ‡лкен ми сыњарлары бас миыныњ ењ ‰лкен жєне мањызды бµлімі. Мидыњ салмаѓыныњ 80 пайызы ми сыњарларына келеді. Ми сыњарлары бір-бірімен с‰йелді дене арќылы жалѓасќан екі жарты шардан т±рады. Ми сыњарларыныњ бетінде кµптеген сайлар мен иірімдер орналасып, оныњ пішінін к‰рделендіреді. Оныњ сыртында ќалыњдыѓы 2-4 мм с±р зат – ќыртыс ќаптаѓан. Ми сыњарларыныњ ќыртысы ОНЖ ењ жоѓарѓы бµлімі.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы адамның психикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Ағза мен сыртқы орта арасындағы байланысты жүзеге асырады. Үлкен ми сыңарлар қыртысында көптеген сайлар мен қатпарлар болады, соның арқасында қыртыстың жалпы ауданы үлкейеді. Адамдарда ми сыңарлары қыртысының ауданы 2200 см2-тан тұрады. Қыртысты 109-1010 нейрондар мен глиаль жасушалары құрайды. Глиаль жасушалары ионды реттеуші және қоректік қызмет атқарады.

Ми қыртысын құратын жасушалардық түрлері бірнешеу. Олардың бір тобы пирамидалық жасушалар. Олардың денесі үшбұрыш пішіндес болып келеді. Қыртыс бетіне қарағанда вертикаль бағытта орналасады. Бұл жасушылардың денесінен жоғары қарай Т әрпі тәрізді бұтақтанып, дендриттер шығады, ал төмен қарай аксон шығады. Аксон төмен кететін жолдар құрамына кіреді немес ми қыртысының басқа аймақтарына бағытталады. Пирамидалық жасушалардың дендриттері қалың тапшықтар шипиктер түзеді. Әрқайсысы анық синапстық байланыс аймағын береді.

Келесі тобы ұсақ жұлдыз тәрізді жасушалар. Бұл жасушалардың күшті бұтақтанған аксан мен дендриттері болады. Бұл өсінділер арқылы қыртысішілік байланыс түзіледі. Жасушалардың үшінші тобы ұршық тәрізді ұзын аксоны бар жасушалар. Аксондары вертикаль және горизонталь бағытқа бағытталады.

Үлкен ми сыңарлар қыртысының сенсорлық хабарды тұжырымдауы тұралы көзқарасты микроэлектродтар әдісі кеңейте түсті.

1957 ж. америкалық зерттеуші В. Маунткасл мысықтың сомато­сенсорлық қыртысының жасушаларының әртүрлі деңгейдегі тітіркендіргіштерге қайтарған жауабын зерттей келе қызықты дәлелге кездесті. Микроэлектродты перпендикуляр бағытта соматосенсорлық қыртысқа енгізген кезде оған тек 1 түрлі сипаттағы тітіркендіргіштерге жауап беретін нейрондар, ал бұрыш жасай отырып енгізгенде эектродқа әртүрлі сенсорлы сипаттағы нейрондар кездескен және олар белгілі бір кезекпен орналасқан. Осы эксперименттен Маунткасы мынадай тұжырымға келеді: «Соматосенсорлық қыртыстың қарапайым функционалдық берлігі болып колонкалар табылады. Олар қыртыс бетіне перпендикуляр бағытта орналасқан, колонканың диаметрі 500 микрометр. Афференттік толамокортикалдық талшықтардың терминалдары горизонталь бағытта, ал пирамидалық дендриттері вертикаль бағытта орналасқан. Оның пікірі бойынша колонка сенсоматорлы қыртыстың бір сезімталдықтағы рецепторлардан келетін хабарды талдайтын қарапайым блогы болып табылады.

Қазіргі көзқарастарға келетін болсақ әрбір сенсоматорлы қыртыстың фунционалды колонкасы бірнеше морфологиялық микромодульден тұрады. Микромодульға бірнеше пирамидалық жасушалар мен жұлдыз тәрізді жасушалар интернейрондар кіреді. Интернейрондармен сырттан келген толамокуртикалды талшықтар байланыс жасайды. Кейбір тежеуші қызмет атқаратын жұлдыз тәрізді жасушаларда горизонталь бағытта тарайтын ұзын аксоны болады. Ал пирамидалық жасушалардың аксоны жасушаға қайтып келетін коллатерал түзеді. Бұл талшықтар микромодуль ішінде жеңілдету әсерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тежегіш интернейрондармен байланыс жасай отырып микромодульдар арасында да өзара тежеуші әсерді қамтамасыз етеді. Бірнеше микромодульдар байланыса отырып макромодульды немесе колонканы түзеді. Колонканың диаметрі 500-1000 мкм. Әрбір колонканың нейрондары бір типтегі тітіркендіргіштерге жауап береді.

Қыртыстың сұр затына оның астында жатқан ақ заттан өте көп афференттік талшықтар келеді. Олардың ішінен мынадай негізгі талшықтарды айырады: а) проекциялық талшықтар — үлкен жартышарлар қыртысын мидың төмен жатқан бөлімдерімен байланыстырады; б) ассоциациялық талшықтар — қыртыстың бір-бірінен алыс және жақын жатқан бір жарты шардаѓы аймаќтарды байланыстырады, бір жарты шардан екіншісіне келетін талшықтарды комиссуральдық деп атайды. Қыртыстың эфференттік талшықтарының өздерінің ішінен проекциялық және ассоциациялық талшықтарды айырады. Бұлардың біріншісі қыртыстың төменгі қабаттарынан, ал екіншісі жоғарғы қабаттарындағы жасушалардан кетеді. Ал мидың салмаѓыныњ артуы дендриттердің өсу есебінен жүреді. Осының нәтижесінде туғаннан кейін жасушалардың орналасу жиілігі біртіндеп азая береді: Үлкейген дендриттер жасуша денелерінің арасындағы кеңістіктерді толтырып, олардың өзін біраз ығыстырады. Жасқа байланысты дендриттер құрылысында да біраз өзгерістер жүреді: оларда ерекше қалыңданған кішкене өсінділер (шипики) пайда болады. Шипиктер орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдерінде кездеседі, әсіресе олардың саны қыртыстың пирамидалы жасушаларында көп, әрі алуан пішінді болып келеді, Қыртыста шипиктер туу қарсаңында пайда болып, олардың саны жасқа байланысты өсіп отырады. Шипиктер түрлі зақымдағыш заттарға өте сезімтал келеді. Мысалы, мидағы қан айналу бұзылса шипиктер тез ыдырап кетеді. Дендриттің түрлі аймаќтарында шипиктер санының өсіп-кебеюі белгілі аралық нейрондардан қозудың өтуін жеңілдете түседі.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы мынадай қабаттардан тұрады:


  1. Молекулярлы қабат. Бұл қабатта нерв жасушалары өте аз және майда келеді. Бұл қабатты негізінен төменгі қабаттың пирамидалық жасушылырынан келетін нерв талшықтарының торы құрайды.

  2. Сыртқы түйіршікті қабат. Көптеген ұсақ жұлдыз тәрізді жасушалардан тұрады. Ал шеткі аймақтарын ұсақ пирамидалық жасушалар толықтырады.

  3. Сыртқы пирамидалық қабат. Бұл қабат үлкен және орта пирамидалық жасушалардан түзіледі.

  4. Ішкі түйіршікті қабат. Тығыз орналасқан жұлдыз тәрізді жасушалардан түзіледі және көлденең бағытта жатқан көптеген мейлінді талшықтардан тұрады.

  5. Ішкі пирамидалық қабат немесе түйсінді қимылдатқыш аймақ. Бұл үлкен пирамидалық жасушалардан түзіледі. Бұл қабатта орташа жасушалардан басқа Бец тапқан көптеген ірі пирамидалық жасушалар орналасады.

  6. Полиморфтык қабат (көпқыртысты). Бұл қабат мидың ақ затына бірігіп жатады. Бұл қабатта пирамида және ұршық тәрізді жасушалар мен тығыздығы әртүрлі тапшықтар болады.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы адамда өте жақсы жетілген. Оның қалыњдығы үлкен жартышарлардың әрбір бөлімінде түрліше (1,3-4,5 мм-ге дейін) болады.


<предыдущая страница | следующая страница>


Мазмұны нерв жүйесінің физиологиясына жалпы шолу

Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары

703.95kb.

25 12 2014
4 стр.


Мазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу
773.4kb.

14 12 2014
6 стр.


Серце. Судини і нерви голови, шиї, тулуба та кінцівок Текстові тестові завдання

Сідничий нерв ділиться на наступні гілки великогомілковий нерв і задній шкірний нерв стегна

6739.43kb.

17 12 2014
34 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырып: Меланин түзуші тіннің және нерв жүйесінің ісіктері. Пән: ра 2208 «Патологиялық анатомия»
76.05kb.

25 09 2014
1 стр.


Мазмұны 1-Бөлім. Әдебиеттік шолу

Суда еритін полиэлектролиттер және олардың дисперстік жүйелердің агрегаттық тұрақтылғына әсері

875.64kb.

14 12 2014
6 стр.


Мазмұны кіріспе технологиялық БӨлім

Алгомерация үрдісінің ауа – газдық режимімен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің математикалық үлгісін жасау және құрылымын таңдау

684.09kb.

15 10 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру ТҰжырымдамасы

Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б

224.58kb.

17 12 2014
1 стр.


Қаржы – Жалпы Шолу Кіріспе

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі

392.05kb.

25 12 2014
1 стр.