Перейти на главную страницу
Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспап электроэнцефолограф деп аталады.
Ал жазып алынған биопотенциалдың қисық сызығы электроэнцефолограмма (ЭЭГ) деп аталады.
ЭЭГ-да негізгі 5 түрлі ырғақты ажыратады: альфа,бета, дельта, тетта, гамма.
XVII ғ. Рене Декарт рефлексті рецепторларды тітіркендіруден туындайтын реакция деп т‰сінді. Бірақ ол рефлекс ұғымын сананың қатысуынсыз жүреді деген көзқараста болды. Психикалыќ єрекетті мидыњ жоѓарѓы бµлімдерініњ физиологиялыќ єрекеті ретінде ќарап, оѓан талдау беруге бірінші ќадам жасаѓан И.М. Сеченов (1829-1905) болды.
1863 жылы оның «Ми рефлекстері» деген еңбегі жарық көрді. Ол сананың өзі, яѓни психикалыќ єрекеттіњ кµрінісініњ негізінде рефлекс жататындыѓын дєлелдеді. Ол µз еңбегінде «саналы және санасыз» реакциялардың ұқсастықтарын атап көрсетеді, ол бірінші ұқсастық ретінде олардың себептілігін атайды. Келесі ұқсастығын ол рефлекс пен психикалық актінің жүзеге асуындағы қозудың жүріп өтетін жолының бірдейлігін алады: екі жағдайда да қозу қабылдаушы(сезгіш) нерв түзілісінен қозғалыс органдарына қарай беріледі. Бұл жерде айырмашылық тек рефлекторлық орталықта болады. Психикалық әрекеттере флекторлық орталықтыњ ұйымдасуы қарапайым рефлекстерден күрделі келеді. Үшінші, «саналы» және «санасыз» рефлекторлық реакциялар қозғалыспен аяқталуы. Бұл саналы және санасыз әрекеттердің ұқсастықтары И.М.Сеченовқа психикалыќ єрекеттіњ рефлекторлыќ механизімді екендігі тұралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Сеченовтыњ көзқарасын И.П. Павлов дамытты (1849-1936). Павловты жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді жасаушы дейміз. Ол бұл ілімді жасай отыра тәндік және психикалық құбылыстардың бірлігін шынайы дәлелдеді. Ол ең алғаш рет үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметін зерттеуге «шартты рефлекстер» әдісін қолданды. И.П. Павлов бүкіл рефлекторлық реакцияларды 2 негізгі топқа жіктейді: шартты жєне шартсыз рефлекторлық реакциялар.
Шартты рефлекстердің тежелуі
Шартты рефлекстердің тежелуінің 2 түрін ажыратады:
б) Шамадан тыс тежелу шартты тітіркендіргішінің әсер ету уақытының тым ұзарған кезінде немесе оның күшінің шамадан тыс күшейген кезінде туындайды. Бұл кезде шартты рефлекс әлсірейді немесе толығымен жайылады. Бұл тежелу айқын қорғаныштық қызмет атқарады, себебі нерв жасушаларын, олардың қызметін бұзатын ұзақ та күшті әсер ететін тітіркендіргіштерден қорғайды.
2) Шартты тежелу. Шартты рефлекстің рефлекторлық доғасының ішінде туындайтын тежелу. Шартсыз тежелу тежеуші агент әсер еткен кезде бірден туындаса, шартты тежелу белгілі бір жағдайларды қажет етеді. Оның түрлері:
а) Өшпе тежелу - шартты рефлекс шартсыз тітіркендігішпен көп уақыт ұштастырылмаған кезде туындайды. Мысалы, ұмытудың негізінде осы тежелу жатыр. Бұл тежелудің организм үшін мәні: организм мәні (маңызы) жоғалған шартты рефлекстерден арылады.
б) Кешігу тежелуі - шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргішпен бекітілуі кешеуілдеген жағдайда туындайды. Тәртіптің негізінде, шыдамдылықтың негізінде жатқан тежелу.
в) Жіктеу тежелу - ұқсас шартты тітіркендіргіштердің біреуінің бекітіліп, екінші біреуінің бекітілмеуінен туындайды. Бұл тежелу ұқсас тітіркендіргіштерді ажыратуға мүмкіндік береді.
г) Шартты тежеу. Бұл тежелу (И.П.Павлов бойынша) жіктеу тежелудің бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл тежелу шартты тітіркендіргіш қосымша тағы бір тітіркендіргіш арқылы ±штастырылѓанда (б±л ±штастыру шартсыз тітіркендіргішпен бекітілмейді), сол ќосымша тітіркендіргіштіњ дербес тежеуші мєнге ие болуында туындайды.
1) Адамның белсенділік жағдайын реттеп, басқаратын блок.
2) Ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау блогы.
3) Психикалық әрекетті реттеу, бақылау, жоспалау блогы.
Адамның кез келген қарапайым психикалық реакциясы мидың белсенді күйінде жүзеге асады. Бұл белсенділік негізінен ми қыртыстарына қатысы бар. Ақырғы он жылғы зерттеулер мидың белсенді күйі мен ұйқы күйіне ми діңінің ретикулярлық формациясының қызметінің қатысы бар екенін анықтады. Ретикулярлық формация миды белсендіруші болып табылады. Бірақ үлкен ми сыңарлар қыртысының белсенді күйі тек қана ретикулярлы формацияға ғана тәуелді емес. Ми қыртысы белгілі бір әрекетті жүзеге асыру үшін өздігінен де, белсенді күйге көше алады. Өздігінен белсенді күйге көшуінің негізгі көзі ағзадағы өтіп жатқан зат алмасу үрдісінің әсерлері болып табылады. Яғни ағзаның ішкі ортасының гомеостатикалық тұрақтылығының бұзылуы немесе өзгеруі үлкен ми сыңдарларына белсендіруші әсер етеді. Мысалы, қанның құрамындағы қанттың мөлшері төмендеп кеткен жағдайда миға ағазадағы қоректік заттардың жетіспейшілігі туралы сигнал келеді, ал бұл сигнал үлкен ми сыңарларын белсендіреді. Соның нәтижесінде, ағза қоректік затты іздей бастайды және аштығын қанағаттандырады. Жалпы бірінші блоктың құрылымын үлкен ми сыңарлары қыртысы және қыртысасты құрылымдар құрайды. Сыртан организмге әсер ететін сенсорлы ақпараттар да бірінші блоктың белсенділігін арттыратын көз болып табылады. Сенсорлы ақпараттар арқылы белсенділіктің артуы бағдарлау рефлексі түрінде көрініс береді.
Бірінші блоктың белсенді күйге көшуінің негізгі бір себебі жоспарлар мен белгілі бір әрекеттің бағдарламасын құру болып табылады. Жоспар мен әрекет бағдарламасын құру бүкіл ми бөліктерінің, әсіресе үлкен жарты шарлардың маңдай бөлігінің әрекеттік күйін талап етеді. Белсенді күйді реттеу блогы ми қыртысына лимбика және ретикулярлық нейрон құрылымдарына тәуелді болады.
Екінші блок қыртыс және қыртыс асты кейбір құрылымдардың қызметтері арқылы жүзеге асады. Бұл блотың қыртысты аймақтарына ми сыңарлар қыртысының төбе, самай, шүйде бөліктерінің проекциялық және ассоциативтік аймақтары жатады. Бұл блок рецепторлық аппараттан кіретін бүкіл сенсорлық ақпаратты қабылдайды, талдап, талқылайды. Бұл блокқа есте сақтауды қамтамасыз ететін құрылымдар да енеді. Сонымен қатар бұл екінші блоктың физиологиялық әрекеті адамның бүкіл психикалық үрдісінің, соның ішінде сөйлеу және санамен тығыз байланысты.
Үшінші блок адамның психикалық әрекетінің жоғарғы басқаруын қамтамасыз етеді. Ол үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігінің қатысуымен жүзеге асады. Маңдай аймағы екінші блоктың қыртыс аймақтарымен және қыртыс асты құрылымдарымен, сонымен қатар ретикулярлық формациямен тығыз екі бағытты нервтік байланыстар түзеді. Ми сыңдарларының маңдай бөлігі сенсорлық ақпараттың жоғары синтезін жүзеге асырады. Соның негізінде кез келген әрекеттің бағдарламасы қалыптасады және олардың жүзеге асуының бақылауы жүргізіледі. Адамның жоғары интеллекттік әрекеті сөйлеу қызметімен тығыз байланысты, сондықтан ми сыңарларының маңдай бөлігінің зақымдалуы сөйлеу қызметінің бұзылуымен бірге жүреді. Маңдай бөлігінің зақымдануы сонымен қатар, саналы әрекеттің бұзылуына, әрекеттің мақсатсыздығына, қимыл-қозғалыстың тежелуіне, эмоционалдық күйдің бұзылуына әкеп соғады. Адамның психикалық қызметін басқаруға қатысты бұл үш блок бір-бірімен өте тығыз байланысты болады. Кез келген психикалық реакция осы үш блоктың бірін-бірі толықтырушы қызметі арқасында жүзеге асады.
ІІ. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
ОРГАНИЗМНІҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҢ ЖҮЙЕСІ
Функциональдық жүйе ұғымын ұсынып әрі - оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П.К. Анохин болатын. Физиологиялық ғылымда ашылған бір құнды жаңалық болып табылады. Бұл теория организмнің әр түрлі күрделіліктегі, белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Функциональдық жүйе— белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша, функциональдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор — әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағаттану іске асады. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса (пайдалы нәтижеге қол жетпесе), функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Кезкелген психикалық немесе қарапайым іс-әрекет функционалдық жүйенің құрылуымен, жүзеге асуымен жүреді. Кезкелген қандай да бір әрекеттің ұйымдасуын қарастырайың: адамның кезкелген тілегі қажеттілікпен негізделген, адамда олар қарапайым физиологиялық, мысалы, аштық, шол, т.б. және әлеуметтік болуы мүмкін.
Әрбір функциональдық жүйе қызметінің құрылымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады: яғни кез келген функционалдық жүйенің негізі мынадай: 1) афференттік талқылау; 2) шешім қабылдау; 3) әрекет нәтижесінің акцепторы; 4) соматикалық және вегетативті қызметтерді тұтас әрекеттік актіге жұмылдыратын әрекеттік қозудың кешенінің қалыптасуы; 5) әрекет нәтижелері және оның параметрлері (негізгі белгілері); 6) нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы (соңғы афференттік импульстер).
Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі: әрекет — адам мен оны қоршаған орта арасындағы шынайы байланысты орнататын, болмыста туатын белсенді қатынас формасы.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік бір қажеттілігі жоғары оқу орнына түсу, яғни мектеп бітірушінің мамандық және оқу орнын таңдаудағы функционалдық жүйесін қарастырайық. Оқу орнын таңдауда мектеп бітіруші барлық оқу орындары туралы ақпаратты жинап, оларға талдау жасайды. Оқу орны мен мамандықты таңдауда барлық келісім және қарсы жақтарды ескереді. Ата-ананың көзқарастарын, достарының айтқандарын ой елегінен өткізеді. Оқу орны және мамандық туралы айтылғандарды есіне түсіреді. Яғни, бұл функционалдық жүйенің негізгі механизмінің ең алғашқысы афференттік талқылау кезеңі. Мектеп бітірушінің шешім қабылдауына өзінен үлкен сыйлы досының (университетте оқитын) немесе басқа да сыйлы адамдардың әңгімесі (оқу туралы, мамандық туралы, оның қажеттілігі, перспективасы туралы) «афференттік талқылау» таразысындағы «пусктік» стимул болады. Бұл нақты шешімнің қалыптасуына жағдай жасайды, яғни шешім қабылданды, мектеп бітіруші университеттің психология факультетіне түсуге шешім қабылдады. Шешім қабылдаумен бірге мектеп бітіруші қажетті әрекет бағдарламасын құрады да сол бойынша іс-әрекет жасай бастайды. «Әрекет бағдарламасымен» бір кезеңде «әрекет акцепторы» немесе келешек әрекет нәтижесінің моделі құрылады. Мектеп бітіруші әрекет бағдарламасы бойынша іс-әрекет жасай бастайды: құжаттарын тапсырады, емтиханға дайындалады. Бұл әрекет кезеңі. Әрекет кезеңі әрекет нәтижесін алумен аяқталады. Әрекет нәтижесін әрекет ақцепторында бағалау үшін кері афферентация жүру керек, яғни әрекет акцепторына әрекеттің ақырға нәтижелері туралы ақпарат түсуі қажет. Біздің мысалымызда мектеп бітіруші пайдалы нәтижеге қолы жетті, оның тиісті қажеті өтелді, қанағаттану іске асты. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды.
Болмыстың бірінші және екінші сигналдық жүйелері
Бізге белгілі нерв жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құбылыстардың өздері болып табылады. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі немесе бірінші сигналдық жүйе. Адамдар қоғамының дамуы қарым-қатынастың құралы ретінде тілді дамытты. Ұғынықты сөйлеу тіл адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз.
Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші сөз болып табылады. И.П. Павлов екінші сигналдық жүйені сигналдардың сигналы деп атайды.
Екінші сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ бейнелейді, сонымен қатар қормаған ортадан ақпаратты алады. Екінші сигналдық жүйе адамның жоғары ой-сана қабілетінің негізі болып табылады.
Сөз сөйлеудің өзі рефлекторлық сипатта болады. Бұл пікірді кезінде Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Екінші сигналдық жүйенің таңқаларлық бір ерекшелігі-шартты байланыстардың жасалуының жылдамдығы өте шапшаң жүреді.
Егер адамға белгілі бір қимыл-қозғалыс актісін ойла десе сол кезеңде осы қимыл-қозғалысты жүзеге асыратын бұлшықеттердің функционалдық қалпы өзгереді. Моларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсарады, кейде тіпті сол актінің айқын көрініс бермейтін, әрең байқалатын қарапайым элементтері көрінеді. Кейде адам іштей ойлағанның өзінде, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқан құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғызбаса да кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшеюі саларынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актісінің. Өзі сөз арқылы берілмеген жағдайда да күрделі тізбекті рефлекс болып табылады.
Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жартымалар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз бірін-бірі тудырып отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық үрдістің негізгі бір компоненті деп қаралуы керек. Сөйлеу негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
Сөйлеудің, реттеуші қызметі арқылы ағзадағы әртүрлі жүйелердің әрекеті өзгереді. Бір сөздіңөзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әртүрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатындығы өмірден белгілі, ал бұл белгілі бір вегетативтік реакцияның өзгерісін туындатады.
Сөйлеудің 3 формасын ажыратады:
Сөйлеу-қозғалыс анализаторы тілден, ауыз қуысынан, көмекейден, диафрагмадан шығатын сигналдарды қабылдайды да, сөзді құрауға және айтуға қатысады. Ми қыртысы ядросы маңдайдағы екінші және үшінші иректер аймағында Брок орталығында орналасады.
Сөйлеу-есту анализаторы сол жақтағы ми сыңарының жоғарғы самай аймағында (Вернике орталығы), ал сөйлеу-көру анализаторы шүйде, аймағында жатады. Сөзді ұқпайды.
Адамның қалыптасуы барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық еңбек нәтижесінде пайда болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты негізгі реттеушісіне айналды.
Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады.
Екі сигналдық жүйе әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Соның нәтижесінде біз болмысты толық және терең қабылдай аламыз. И.П. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді, қабылдайды, содан соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау).
Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болатын шартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. М: қоңырау үніне шартты қарашық рефлексін қалыптастырып, артынан қоңырау үнін «қоңырау» деген сөзбен алмастырғанда да шартты рефлекс көрініс береді.
Бірінші сигналдық жүйеден екінші сигналдық жүйеге қозу шектеліп беріледі. Осыған байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағымы келе алмайды. Түрліше адамдарда ойлау процесі кезінде бірінші және екінші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше болады. Павлов және оның мектебі екі сигналдық жүйенің арақатынасына байланысты адамның кейбір жеке типтерін ажыратады:
1) Ұйқы ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.
2) Ұйқы ағзаны шаршаудан, қажудан сақтайды.
3) Ұйқы кезінде ми зат алмасу нәтижесінде түзілген ақырғы өнімдерден босайды, артық ақпараттан босайды.
4) Ұйқы кезінде қысқа мерзімдік естегі ақпарат ұзақ мерзімдік еске көшеді деген болжам бар.
ІІ. Ұйқының пайда болуы 100 – деген ғасырлар бойы құпия болып келді.
Адамдар тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Дәринің әсерінен наркоздық ұйқы туындайды, ауру адамда потологиялық ұйқы болады. Сонымен қатар жануарларда маусымдық ұйқы кездеседі. Адамның ұйқы кезіндегі миының биоорғағын тіркеген кезде жылдам және балу ырғақтарды жазып алған. Соған байланысты адамның ұйқысын болу ұйқы немесе ортодоксальды және жылдам ұйқы (пародоксальды) кезеңдерін ажыратады. Жылдам ұйқы кезінде электроэнцефолограммадан жоғары жиіліктегі төмен амплитудалы тербелістерді, ал болу ұйқы кезінде жоғары амплитудалық баяу тербелістерді жазып аламыз. Жалпы ұйқының 25%-ы жылдам ұйқыдан тұрады. Жылдам ұйқының белгілерін ұйықтап жатқан адамның сырт көрінісінен де байқауға болады: кірпіктерінің қозғалысы, дене қимылы көз алмасының қозғалысы; жылдам ұйқы кезінде адам түс көреді. Бір түн ішінде адам 4-5 рет түс көреді. Ересек адам 1 тәуелікте 8 сағат ұйықтауы тиіс. Бірақ кейбір адамдарда летаргиялық ұйқы кездеседі, мисалы; Качалкин деген адам 23 жыл ұйықтаған. Летаргиялық ұйқының 3 себебі бар:
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
25 12 2014
4 стр.
14 12 2014
6 стр.
Сідничий нерв ділиться на наступні гілки великогомілковий нерв і задній шкірний нерв стегна
17 12 2014
34 стр.
25 09 2014
1 стр.
Суда еритін полиэлектролиттер және олардың дисперстік жүйелердің агрегаттық тұрақтылғына әсері
14 12 2014
6 стр.
Алгомерация үрдісінің ауа – газдық режимімен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің математикалық үлгісін жасау және құрылымын таңдау
15 10 2014
4 стр.
Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б
17 12 2014
1 стр.
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі
25 12 2014
1 стр.