Перейти на главную страницу
Гректің «Ұйқы құдайы» деген сөзінен шыққан. Ол ағзаның ерекше психикалық жағдайы. Гипнозды сөзбен шландыру арқылы, не дәрі – дәрмекпен тудыруға болады. Гипноздалған кезде адамның миы, толық тежелмейді. Мидағы сол тежелмей қалған орталық арқылы гипноздаушы мен гипноздалушының арасында байланыс сақталады. Осыны пайдаланып, гипноздаушы адам өзінің әмірін жүргізе алады. Бірақ гипноздаушы адамның әмірі гипноздалушы адамның өмірлік принциптеріне кереғар келетін болса, ол әмір аяғына дейін орындалмайды.
Гипноздың 3 кезеңі бар:
1) сенсорлық ес. Сенсорлық ақпараттың милисекунд аралығында сақталуына және де ол ақпараттың біріншілік талдануымен, жүйеленуімен байланысты. Сексорлық есте ақпарат ізінің сақталуы 0,1-0,5 секундты құрайды, яғни бұл деңгей ақпаратты қысқа мерзімге сақтағанымен, оның сыйымдылығы салыстырмала түрде шексіз, бұл сенсорлық естің негізгі ерекшелігі болып табылады. Оның сыйымдылығының жоғары болуы естің басқа деңгейлерінің сенсорлы естен ақпаратты таңдап алуға, келешекте маңыздысын ғана теріп сақтауға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған материалдың тағдыры оның сипатымен анықталады. Сөзге байланыссыз ақпарат (вербальды емес) сенсорлы естен бірден аралық ес деңгейіне түседі. Ол түскен ақпарат сол жерде бірнеше минуттан бірнеше жылға дейін сақталады, ал вербальды (сөзге байланысты) ақпарат аралық еске түспестен бұрын қысқа мерзімді еске өтеді. Қысқа мерзімдік ес сыйымдылығы шекті 7±2 бірліктегі ақпаратты сақтайтын ес болып табылады. Вербальды ақпараттың бірінші қысқа мерзімдік еске өтуі, оның есте жазылуы үшін бірнеше рет сол ақпаратты қайталаумен түсіндіріледі. Аралық естің ерекшеліктерінің бірі ол есте жеке тұлға үшін маңызды ақпараттың жазылуында. Ақпараттың жақсы сақталуын төртінші деңгей, ұзақ мерзімдік ес қамтамасыз етеді. Бұл есте жеке тұлғаның белгілі бір өзіне ғана тән ерекшеліктері (оқу, жазу, профессионалдық дағдылары) сақталады. Бұл ес түрі басқа естермен салыстырғанда ми ұлпасының зақымдалуына тұрақты келеді, яғни амнезия туындаған жағдайда да ұзақ мерзімдік есте жазылған көптеген ақпараттар жазылып қолда. Мида сақталған керексіз ақпарттардың жайылып, естен шығарылуы ұйқы кезінде жүреді деген болжам бар, сонымен қатар ақпараттың логикалық оңделуі бояу ұйқыда өңделген ақпараттың ұзақ мерзімдік еске өтуі жылдам ұйқы кезінде жүреді деп болжанады.
Естің физиологиялық негізі өте күрделі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша ақпараттың ізі ми қыртыстарында пайда болып, сақталады, ал оларды қабылдап консолидациялауға (бекіту, нығайту, нықтау) ретикулырлық формация мен лимбиялық жүйе қатысады. Есте сақтаудың молекулалық гипотезасы бойынша мидағы нейрондардың уақытша байланыс тізбектері химиялық жолдармен қалыптасады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі синапстар болып табылады. Жалпы ес механизмін түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Солардың ішінде кең тарағандарының бірі реверберация гипотезасы. Бұл гипотеза Лоренто Де Ноның мида тұйықталған Нейрондар тізбегінің бар екендігін дәлелдейтін еңбегіне негізделген. Бұл гипотеза бойынша нейрон тізбегіне түскен ақпарат тізбекте айналып жүріп, өзінің ізін қалдырады, бірақ кейінгі кезде көптеген ғалымдар бұл гипотезаны қолдамайды. Соңғы кезеңде Шнейдер мен Шерманның 1968 ж. жұмыстарының негізінде есті бір кезеңде жүретін гипотезасы өрбіді,. 1984 ж. Корсаков және Корсакова мынадай гипотезаны ұсынды: ес ізінің жазылуы немесе меңгерілуі импритинг типі бойынша бірден жүреді.
Есте сақтау қабілетінің физиологиялық жағын зерттеген академик Ливанов мынадай қорытындыға келді: ес синапстық құрылымдардың дәрежесіне байланысты. Естің механизмін түсіндіруде ортақ бір көзқарас қалыптаспаған, сонымен қатар есте сақтаудың жеке бір орталығы мидың арнайы, бөлігі ми аймағы бар деуге де болмайды, себебі ақпаратты есте сақтауда мидың барлық құрылымдары қатысатын болу керек. Бұнда негізгі рольді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады.
Мидың зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуы толық немесе жартылай амнезия деп атайды.
Мотивация және эмоция
Қажеттілік – адам мен жануар белсенділігін тудырушы фактор.
Қажеттіліктің өзі бірнеше түрге бөліді:
Мотивация, атап өткендей, адамның эмоционалдық күйімен байланысты.
Эмоция лат. тілінен енген, ұуану, ренжу, мұңаю деген мағыналарды береді.
Эмоцияға көптеген авторлар әртүрлі анықтама береді және әртүрлі түсіндіреді. М: Коробков А.В. (1980 ж.), эмоция – сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне қарай, оның көрінісін қабылдауына орай жеке адамның әсерленген көрінісінің сыртқы белгісі. Анохин П.К. (1964 ж.), эмоция – адамның ішкі дүниесінің жайы; ол сезімнің барлық түрін қамтиды, қуаныш пен реніштің арасын алып жатыр.
П. Фресс, эмоция ретінде күшті уайым-қайғыны түсінеді, яғни ол тек күшті сезімдерді ғана эмоция деп атай аламыз дейді.
Эмоцияның бірнеше түрін ажыратады:
ІІ. Жағымды және жағымсыз эмоциялар:
Эмоционалдық реакциялардың көрініс беруіне жауап беретін негізгі құрылымдарға лимбия жүйесі және үлкен ми сыңарларының маңдай, самай бөліктері жатады. Лимбия жүйесінің қыртысты құрылымына гиппокамп, парогиппокампты иірім, белдеулік иірім жатады. Ал қыртысты құрылымдарына миндаль тәрізді дене, септальды ядро, алдыңға толамус ядросы жатады. Экспериментальды жануарларды лимбиялық жүйенің белгілі бір құрылымдарын алып тастаған кезде сол жануарлардың мінез-құлықтарының, әсіресе мінез-құлықта көрініс беретін эмоционалдық реакциялар өзгеріске ұшыраған.
Маймылдың миндаль тәрізді ми құрылымын бұзған кезде ол маймыл өз ортасындағы топтық іс-әрекеттен айырылған. Бұндай маймыл өзінің тобының басқа жануарларынан қашып, күйзеліске ұшыраған жануардың кейпін берген. Смирнов В.М. зерттеулері бойынша ауру адамдардың миндаль тәрізді денесін электрлік стимуляция жасаған кезде оларда қорқу, ашу, сирек жағдайда қанағаттану эмоциялары туындаған. Бұл құрылымды жануарлардан толығымен алып тастаған кезде ол жануар ашу – ызадан арылып, өз тобының зооәлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысына түсіп қапған. Лимбиялық жүйе жаңа қыртыспен үлкен ми сыңарларының маңдай, самай, бөліктері арқылы байланысады. Самай бөлік миндальды дене мен гиппокампқа көру, есту, дене сезімі ақпаратын беруге жауап береді, ал маңдай қыртысы лимбиялық жүйенің белсенділігін өзгерте алады. Үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігінің зақымдануы эмоционалдық қараңғылыққа және биологиялық реакциялардың тежелуіне әкелді. Мидың самай бөлігін гиппокамп пен миндальды дене бөлігін маймылдарды алып тастау Клювер-Бюси синдромының дамуына әкелген. Мұндай маймылдарда қалыпты тамақтану іс-әрекеті бұзылған. Бұндай жануарлар алдарына қойылған заттардың барлығын зерттеп, яғни жиі-жиі ауыздарына салып, тіпті жеуге келмейтіндерінің өзін жеп қойған, яғни бұндай жануарларда тамақтың тітіркендіргіштердің мәнін бағалау жоғалған.
Ми қыртысының маңдай бөлігі зақымданғанда әлеуметтік қарым-қатынас шығармашылыққа байланысты туындайтын эмоциялар бұзылады. Самай бөлігін алып тастау қорқыныш пен агрессияның жоғарылауына әкеледі. Қазіргі таңда кейбір ғалымдар эмоцияға ми ассиметриясы концепциясының негізінде қарайды. «Оң жартышарлы» адамдарда кері эмоциялар, ал «сол жартышарлы» адамда оң эмоциялар басымдылық көрсетеді деп есептейді. Оң жақ жартышар эмоцияның сапасына байланыссыз адамның бет жүзіне қарап, оның эмоциялық күйіне тех таниды, яғни мимиканы тану негізінен оң жақ жартышардың қызметі деп саналды. Оң жақ жартышарлардың самай бөлігі зақымдалған кезде сөздің эмоционалдық интонациясының танылуы қиындайды. Оң жақ жартышары доминантты болып келетін адамдарға жоғары күйзеліс, тез арада неврозға шалдығу болады, ал сол жақ жартышарда керісінше қуаныш, оптимистік мінез-құлықтың көрініс беруіне ықпал жасайды. Эмоция мидың белгілі бір құрылымдарына байланысты көрініс берумен бірге ол мидағы белгілі бір медиаторлар мен пептидтердің ара қатынасына да тәуелді болады. М: мида сератониннің концентрациясы артқан кезде адамның көңіл-күйі жақсарады, ал оның концентрациясы кеміген жағдайда мазасыздану, депрессиялық туындайды. 80% ауру адамдарды депрессиялық күйден электрошокты терапия жүргізу арқылы шығарады, себебі электрошокты терапия кезінде мида норадреналиннің мөлшері жоғарылайды. Норадреналиннің жетіспеушілігі қайғыру, депрессияны туындатады.
Психикалық әрекет жоғары дәрежелі нерв қызметі арқылы жүзеге асады, бірақ бұл әрекет сергек кезеңде саналы. Жүреді. Ал жоғары дәрежелі нерв әрекеті ұйқы кезінде де, сонымен қатар сергек күйде де жүзеге асады.
Психикалық әрекеттің келесідей формаларын ажыратады: түйсік, қабылдау, ойлау, елес, зейін, сезім, ерік-жігер.
Ойлау қабілетінің бұзылуына келесідей ауытқулар жатады:
Адамның қажеттілігі мен мотивін анықтайтын, оның жеке басының қаршаған болмысқа және өзіне деген ерекше қатынастарын эмоция деп түсіндіруге болады, яғни тез эмоцияланады және баяу эмоцияланады деп те айтады.
Эмоцияның 2 түрі бар: жағымды және жағынсыз эмоциялар. Жағымды эмоция жағдайында көңіл-күй көтеріледі, еркіндік қаулайды, адам жігерленіп, мақсатты тілек пайда болады, көзі жарқырап, беті шырайланып, сөйлеу шешендігі артады, мінезі маңайындағыларға жағымды болып көрінеді, адамдармен сөйлескенде ретін тауып, айтатын ойын оңай, әрі нанымды тілмен жеткізеді, жадырап, қасындағыларды күлкі мен өзінің әңгімесіне тартып, иландырады, жағымды эмоция адамды мақсатқа жетуге жетелейді, көңілі көтерілген сайын сапасы да жоғарылайды, істеген ісі де нәтижелі болады.
Жағымсыз эмоциялар: адамның көңіл-күйі төмен, еңсесі түсіп, шығы мен 2 қолы салбырап кетеді, көзі төмен қарап, демін ішке тартып алады. Адам тығырықтан шығатын жол іздегендей біресе тұрып, біресе отырады. Жағымсыз эмоцияның ықпалымен тез ашуланады; өзінің сөзін тоқтаусыз айтып, басқаның сөзін ылтипатқа алмайды. Кейде себепсіз ұрсып, маңайындағыларға тілін тигізеді. Ойлаған ойын, не істеген ісі дұрыс шықпаса дағдарысқа түседі. Өзіне-өзі ренжіп, берекесі кетеді.
Физиологиялық механизміне қарай эмоцияны төменгі және жоғарғы деп 2-ге бөледі.
Стеностық және астеностық эмоциялар.
Стеностық (стенос – күш, ал астенос – күшсіз).
Эмоция сергектікті, қуаттылықты және белсенділікті көрсетеді, яғни оған қауаныш, ренім, ызалану және көңіл-күйдің түрлері жатады, ал астеностық эмоцияға күш-қуаттың азаюы, іскерсіздік және басқа нәтижесіз қылықтар жатады. Оларға қосымша: өкініш, тосыну, көнгіштік, қорқу және т.б. жатады. Өткен ғасырдың басында ағылшын физиологы Кеннон эмоцияны мұқият зерттеген. Эмоциялы ашу, қорқу кезінде қандағы адреналиннің мөлшері көбейіп кетеді, сөйтіп ағзаны төзімділікке, жағымсыз факторлардың әсеріне қарсы тұруға дайындайды. Вашингтондағы ғалым Д. Берди зерттелудің осы әдәсәмен кейбір психикалық орталықтарды тапқан. Эмоциялық орталықтардың көбі гипотоламуста, толамуста және мидың торлы құрылымында орналасқан, ал ең жоғары орталығы ми қыртысының маңдай аймағында болады.
А.И. Николаев 1978 ж. жаңа пікір ұсынған. Маңдай аймағында эмоция мен сана қабысады, өйткені ол артқы және самай аймақтарымен байланысады, оны электрохимиялық құбылыс жалғастырады.
А.В. Вальдман (1970 ж.) эмоцияның үш құрамын көрсетті:
1) ішкі сезім;
2) эмоцияның сыртқы көрініс;
3) оның соңғы нәтижесі.
Эмоцияның тууын серотонин катехал аминдер және олардың бөлшектері қатынасатындығы нейрохимиялық зерттеу нәтижелерімен дәлелденеді.
Стресс (ағылшынның қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтқанда адамның ерекше күйі).
Адамның жеке ерекшелігіне, мінезіне, жоғары жүйке әрекетінің типтеріне орай стресстің әртүрі байқалады; стресс 3 кезеңнен тұрады:
ЖОҒАРҒЫ НЕРВ ӘРЕКЕТІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТЕРДІҢ ШАРТСЫЗ РЕФЛЕКСТЕРДЕН АЙЫРМАЛАРЫ
1. Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады. Ал шартты рефлекстер жеке организмнің тіршілік етуі барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес.
6. Шартты рефлекс мидың жоғарғы бөлімдерімен байланысты, ал шартсыз рефлекстердің доғасы мидың түрлі төменгі бөлімдері арқылы да өте алады. Жоғары сатыда ұйымдасқан, үлкен жарты шарлар қыртысы бар жануарларда шартты рефлекстер жасалу үшін мидың осы бөлімінің болуы міндетті. Мысалы: иттердің ми қыртысын алып тастаса, оның шартты рефлекстік әрекеті толығымен тоқтайды.
ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
1. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай — индифференттік тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі (ұштасуы).
2. Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштің әсері басталар алдында әсер етуі керек. Екі тітіркендіргіш әсері бір уақытта берілсе шартты рефлекстің жасалуы едәуір қиындайды. Ал алдымен шартсыз, кейін индифференттік тітіркендіргіш әсер етсе, шартсыз рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады.
3. Ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек. Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек. Сонда ғана белгілі тітіркендіруге нерв клеткалары жоғары қозумен жауап бере алады.
4. Шартты рефлекс жасалу қолданылатын тітіркендіргіштердің қасиеті мен күшіне де байланысты. Бөтен тітіркендіргіштің күші қыртыста қозу ошағын тудыруға жететін болуы керек. Бірақ шамадан тыс артық та болмауы керек. Ондай жағдайда шартты рефлекс жасалмайды. Себебі, 1-ден теріс индукция заңы бойынша шамадан жоғары қозу шартсыз тітіркендіруге қозу тууына кедергі жасауы мүмкін. 2-ден, өте күшті тітіркендіру әсерінен нерв клеткаларында парабиоздың тежелу сатысының тууы мүмкін.
Шартты рефлекстің жасалу жылдамдығы басқа да көптеген жағдайларға байланысты: қозу мен тежелу процестерінің бір-біріне қатынасы, бөтен және шартсыз тітіркендіргіштердің күштерінің қатынасы, қоршаған орта, ондағы өзгерістер т.б.
Организмге әсер ететін кез келген тітіркендіргіш шарттыға айнала алады — көру, есту, дәм сезу, тактильдық, температуралық, ауыртқыш т.б. Шартты рефлекстер осы тітіркендіргіштің әсер етуіне, әсерінің тоқтауына, әлсіреуіне, күшеюіне т.б. жасала алады.
Шартты рефлекс болып өткен тітіркендірудің ізіне де жасала алады. Мұндай рефлекстерді Павлов із (сүрлеу) рефлекстері деп атады.
Шартты рефлексті уақытқа да жасауға болады. Павловтың лабораториясында итке әрбір 30 минуттан кейін тамақ беріліп отырған. Осындай бірнеше тәжірибеден соң, итке тамақ берілмесе де әрбір жарты сағаттан соң сілекей бөліну байқалып отырған.
ЖОҒАРЫ НЕРВ ӘРЕКЕТІНІҢ ТИПТЕРІ
1. Қыртыс клеткаларының жұмыс қабілетінің шегін сипаттайтын қозу және тежелу процестерінің күші. Бұл қасиет оң және теріс шартты рефлекстер жасауға болатын тітіркендірудің ең жоғарғы күшімен анықталады. Кейбір жануарларда шартты рефлекстер әлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де оңай жасалады, ал 2-ші біреулерде күшті тітіркендіргіштер әсерінен, керісінше, шектен тыс тежелу дамиды. Оларда шартты рефлекстер тек әлсіз және орта куші бар тітіркендіргіштерге ғана жасалады.
2. Қозу және тежелу процестерінің бір-біріне қатнасы, не болмаса олардың теңдігі. Егер қозу процесі тежелуден басым болса, онда оң шартты рефлекстерді алу оңай болады да, ал дифференцировқа жасау қиындайды. Егер қозу тежелуге қарағанда әлсіздеу болса, ондай жануарларда күшті тітіркендіргіштер жалпы қыртыс тежелуін тудырады.
3. Қозу және тежелу процестерінің жылжығыштығы, яғни олардың бірін-бірі ауыстыру жылдамдығы. Кей жануарларда туған қозу не тежелу тұрақты болады, олар қарама-қарсы процеске жәй ауысады. Оң рефлексті теріс рефлекске және керісінше, теріс рефлексті оңға айналдыру қиындықпен болады. Басқа нттерде керісінше, мұндай ауыстыру, қайта жасау процестері оңай жүреді.
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
25 12 2014
4 стр.
14 12 2014
6 стр.
Сідничий нерв ділиться на наступні гілки великогомілковий нерв і задній шкірний нерв стегна
17 12 2014
34 стр.
25 09 2014
1 стр.
Суда еритін полиэлектролиттер және олардың дисперстік жүйелердің агрегаттық тұрақтылғына әсері
14 12 2014
6 стр.
Алгомерация үрдісінің ауа – газдық режимімен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің математикалық үлгісін жасау және құрылымын таңдау
15 10 2014
4 стр.
Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б
17 12 2014
1 стр.
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі
25 12 2014
1 стр.