«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
Негізгі ұғымдар
Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы.
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін бағдарламасын іске асыратын білім ұйымы.
Теректі ауданының білім беру бөлімі – 2006 жылғы 24 қаңтардағы №39 Әкімдіктің қаулысымен бекітілген, заңды тұлға , мемлекеттік мекеме «Теректі ауданының білім беру бөлімі» Ережесінің негізінде қызметтер орындалады;
алушы (әрі қарай - тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін, жеке тұлға.
1 . Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқығын анықтау:
Мектепке дейінгі мекемелерге жолдау үшін (7 жасқа дейінгі) мектепке дейінгі жастағы балаларды тіркеу.
1.2. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекеменің атауы: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Федоровка ауылы, Бойнов көшесі,18, 3 кабинет, телефон: 23-3-57.
1.3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
1.4. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағының 1) тармақшасын, «Балаларды мiндеттi мектепалды даярлау мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
1.5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама немесе мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
1.6. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне келесі мүдделі мемлекеттік органдар қатысады:
1) Теректі ауданының білім беру бөлімі.
2) Халыққа қызмет көрсету орталығы.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
2.1. Мемлекеттік органдардың жұмыс орны мен кестесі туралы, олардың құрылымдық және аумақтық органдары туралы ақпарат:
Уәкілетті органның мекен жайы «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу» саласындағы халыққа қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ға дейін) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Халыққа қызмет көрсету орталығының мекен жайы «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу» саласындағы халыққа қызмет көрсету регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күнделікті жүргізіледі:
Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 19.00-ге дейін.
2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі:
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz , «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ атқарушы органның жауапты тұлғасында және халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне бірнеше мүдделі органдар қатысады.
1. Теректі ауданының білім беру бөлімі;
2. Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы
Тұтынушы бөлімге жүгінген кезде барлық құжаттары тіркеліп толтырылған өтініш аталған регламенттің 1-қосымшасына сәйкес маманға тапсырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін бөлімге жүгінген кезде тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен нысаны талап етілмейді, өйткені аталған мемлекеттік қызметтің нәтижесі қажетті құжаттар тапсырылған мерзімде беріледі. Бөлімге жүгінгенде қызмет көрсетудің нәтижесін берудің тәсілі - тұтынушының жеке өзіне беріледі.
Орталыққа жүгінген кезде тұтынушыға қажетті құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат беріледі. Орталыққа жүгінгенде қызмет көрсету нәтижесін алу – күнделікті қолхатта көрсетілген мерзім негізінде «терезеге» жақындау тәсілі арқылы жүзеге асады.
2.4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
Тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Тұтынушы қажеттi құжаттарды бөлiмге тапсырған сәттен бастап - 60 минутты құрайды;
2) орталыққа жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) тұтынушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш күндi (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
2) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
2.5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1)бөлімге жүгінген жағдайда:
Қажетті құжатты тапсырмаған жағдайда;
Баланың жасы 7-ден асқан кезде.
2)орталыққа жүгінген жағдайда:
Құжаттарды рәсімдегенде қателік анықтылған жағдайда, толық құжаттар тапсырмаған жағдайда;
Баланың жасы 7–ден асқанда.
2.6. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тапсырыс түскен мерзімнен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін алғанға дейінгі мерзім мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі.
Тұтынушы бөлімге жүгінген кезде барлық қажетті құжаттары тіркеліп толтырылған өтініш аталған регламенттің 1-қосымшасына сәйкес маманға тапсырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін бөлімге жүгінген кезде тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен нысаны талап етілмейді, өйткені аталған мемлекеттік қызметтің нәтижесі қажетті құжаттар тапсырылған мерзімде беріледі. Бөлімге жүгінгенде қызмет көрсетудің нәтижесін беру - тұтынушының жеке өзіне беру тәсілі арқылы орындалады.
Орталыққа жүгінген кезде тұтынушыға қажетті құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат беріледі. Орталыққа жүгінгенде қызмет көрсету нәтижесін алу – күнделікті қолхатта көрсетілген мерзім негізінде «терезеге» жақындау тәсілі арқылы жүзеге асады.
Бөлім бір жұмыс күнінің ішінде алған құжаттар топтамасын жазбаша түрде бас тартудың дәйекті себептерін жазып орталыққа қайтарады.
Құжаттар топтамасын алғаннан кейін бір жұмыс күннің ішінде бөлімнің қайтарудағы/бас тартудағы дәйекті себептері жазылған хатымен орталық тұтынушыны ақпараттандырады.
Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарын алмаған жағдайда, орталық құжаттарды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін бөлімге тапсырады.
2.7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаумен айналасатын ең аз адам саны: бір адам.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде
әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау
3.1. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) ата-анасының (анасының немесе әкесiнiң) бiрiнiң немесе заңды
өкiлдерiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
2) баланың туу туралы куәлiгi;
3) жеңiлдiктi растайтын құжат (ол болған жағдайда мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдаманы бiрiншi кезекте алуға);
Туу туралы куәлiктiң, жеке куәлiктiң түпнұсқасы көшiрмемен салыстыру үшiн берiледi және кейiн тұтынушыға қайтарылады.
3.2. ақпараттық қауіпсізідікке талап қойылмайды.
3.3. Құрылымдық-функционалдық бірлік (одан әрі - ҚФБ), мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушылар (ҚФБ – ақпараттық жүйе және олардың ішкі жүйесі, мүдделі органдардың жауапты тұлғалары):
1. Білім беру бөлімінің бас маманы құжаттарды қарап өтініштерді қабылдайды, жолдама береді немесе ҚФБ 1-ге тіркелгені туралы ескертеді.
2. Білім беру бөлімінің бастығы жолдамаға қол қояды – ҚФБ 2.
3.4. ҚФБ-тің әрекетінің сипаты аталған «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентінің 3-ші қосымшасының 1,2,3 кестесінде.
3.5. Көрсетілген сипаттамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процессінде аталған регламенттің 4-ші қосымшасы және мемлекеттік қызмет көрсету арасындағы логикалық бірізділікті көрсететін сызбалары.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін, лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
4.1. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бөлiм және орталық жүзеге асырады.
4.2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым осы регламентке 1,2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету орны бойынша бөлiм басшысының атына немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмiне, қызмет орталық арқылы көрсетiлген жағдайда орталық директорының атына берiледi.
4.3. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым бiлiм бөлiмiне немесе орталыққа берiледi. Бiлiм бөлiмi басшысының жұмыс және қабылдау кестесi: белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, орталық директорының: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.
4.4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
4.5. Ресми апелляция жасау немесе шағымдану үшiн тұтынушы еркiн нысанда өтiнiш бередi, өзiмен бiрге жеке басын растайтын құжаты болуы қажет.
4.6. Қабылданған шағым бiлiм бөлiмiнiң, орталықтың кiрiс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
Шағымды қарау нәтижесi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
4.7. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қосымша ақпаратты аудандық бiлiм бөлiмiнен, сондай-ақ осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарынан ала алады.
Мектепке дейiнгi балалар
ұйымдарына жолдама беру үшiн
мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа
дейiнгi) балаларды тiркеу»
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 1-қосымша
Теректі ауданындағы атқарушы органның мекені мен байланысы
Р/с
№
|
Бөлiмдердiң атауы
|
Орналасқан мекен-жайы
|
Байланыс телефондары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
«Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттiк мекемесi
|
Федоровка ауылы, Бойнов к-сi,18
|
8 (711) 32-23-3-57
|
«Мектепке дейiнгi балалар
ұйымдарына жолдама беру үшiн
мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа
дейiнгi) балаларды тiркеу»
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 2-қосымша
Теректі ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының мекені мен байланысы
Р/ с
№
|
Орталықтың атауы
|
Орталықтың орналасқан мекенжайы
|
Операциялық залдың телефон нөмiрi
|
Басшының телефон нөмiрi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы
|
БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Бойнов к-сі 18
|
8(71132) 23-3-79
|
8(71132) 23-3-79 қабылдау бөлмесi
|
|
Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы
|
БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық к-сі 4
|
8(71132) 91-3-16
|
8(71132) 91-3-16 қабылдау бөлмесi
|
«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
1.
|
Іс-әрекеттің №
|
1
|
2
|
|
2.
|
ҚФБ атауы
|
АББ-нің бас маманы
|
АББ-нің бастығы
|
Тұтынушы
|
3.
|
Іс - әрекеттің (үдерістің,
процедураның, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы
|
Жеке тұлғалардан түскен құжаттарды қабылдап, өтініштерді тіркеу.
|
Құжаттарды қарау, жолдамаларға қол қою
|
Құжаттар топтамасын тапсыру
|
4.
|
Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдық-өкімгерлік
шешім)
|
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларға жолдама беру немесе тіркелгені туралы хабарлау
|
Жолдамаларға қол қою
|
Жолдама немесе тіркелгені туралы хабарлама алу
|
5.
|
Орындау мерзімдері
|
Бір сағат ішінде
|
Бір сағат ішінде
|
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы
|
ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы
|
№1 іс-әрекет - құжаттарды қабылдау
|
|
№2 іс-әрекет- құжаттарды қарау
|
№3 іс-әрекет – құжаттарды алу
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту
|
ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы
|
ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы
|
№ 1 іс-әрекет. Өтініштерді қабылдау.
|
№2 іс-әрекет – құжаттарды қарау
|
«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
4-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы