№
|
Іс-шаралар атауы
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындалу мерзімі
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
Бірінші бағыт - Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы
|
1
|
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын 4 бағытта іске асыру
|
Жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту
|
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, аудан және қала әкімдері
|
2012 ж.
|
Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 3 бағытта жүзеге асырылуда.
2012 жылғы жоспарға сәйкес Бағдарламаның бірінші бағыты «Оқыту және жұмыспен қамту» бойынша 1552 адамды оқуға жолдау жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижесінде:
-
қайта даярлауды 750 адам бітіріп, барлығы 750 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
-
біліктілігін арттыруға 60 азамат жолданса, олардың барлығы, яғни 60 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
-
2012 жылдың 1 қыркүйегінен орта мектепті бітірген, ешқандай мамандығы жоқ 742 жастарды кәсіби оқыту жүргізілуде.
Сонымен қатар , 1367 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақтысы 3190 жұмыссыз азаматтар жолданды.
Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1048 азаматты орналастыру жоспарланса, нақтысы 9 айда 1088 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар практикасы бойынша 2012 жылы 1884 оқу орнын бітірген түлектерді жолдау жоспарланса, нақты 2864 түлек жолданды.
Бағдарламаның екінші бағыты "Ауылдық жерде кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету" бойынша Шымкент қаласында 2012 жылы барлығы 12 азамат соның ішінде 2-і жұмыссыз және аз қамтамасыз етілгендер мен өздігінен жұмысқа қамтылғандар арасынан және 10 жеке кәсіпкерлерге орта және шағын бизнесті дамытуға 6,5 пайызбен 60 айға 3 млн. теңге көлемінде шағын несиелер берілді. 10 шағын несие алуға үміткер азаматтардың құжаттары толық дайындалып, комиссияға өткізілген. Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 32,5 млн. теңге көлемінде шағын несие берілген. Бұған қосымша 24,0 млн. теңге шағын несие берілу көзделіп отыр.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша бүгінгі таңда облыстық экономикалық әулеті төмен елді мекендерден 480 отбасы яғни 1566 адамдар қоныс аударады деп межеленген.
Шымкент қаласының «Нұрсәт» мөлтек ауданында қоныс аударушыларға арналған 480 пәтерлік 6 көп қабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде.
2012 жылға осы үйлердің құрылысына 1539097,0 мың теңге қаралып,осы жылдың 9 айына 1212904,9 мың теңге игерілді,яғни тапсырма 78,8%-ға орындалды.
№ 3 30 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, мемлекеттік комиссияняң актісімен қабылданды. Қалған үйлердің құрылысының аяқталуы 2012 жылдың қараша- желтоқсан айларына жоспарланған.
Қазіргі таңда экономикалық әлеуеті төмен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ, Отырар, Шардара аудандары және Арыс, Түркістан қалаларындағы әлеуеті төмен елді мекендерде 40 отбасындағы 200 азаматтар қоныс аударуына өңірлік комиссияның ұсынымы бекітілді.
Оның ішінде:
Арыс қаласынан – 11 отбасы;
Түркістан қаласынан- 6 отбасы;
Созақ ауданынан - 2 отбасы;
Шардара ауданынан – 6 отбасы;
Отырар ауданынан – 15 отбасылар көшіп келеді.
Сонымен қатар Мақтарал ауданынан қоныс аударуға ниет білдіруші азаматтар (болжаммен 90 отбасы) бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тәртіпте заң талаптарына сәйкес өңірлік комиссияның қарауына ұсынылады. Қалған 350 қоныс аударуға ниет білдіруші отбасылар тізімі облыс орталығы шегінде жасақталуда.
Осы үйлерге облыстың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерінен қоныс аударуға ниет білдірген отбасылардың ішіндегі мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларды орналастыру қалалық білім бөлімімен бірге ұйымдастырылуда.
Қоныс аударушылардың жұмысқа қабілеттіліктеріне жұмысқа орналастыру мәселелері, атап айтқанда тұрақты жұмыс орнына, жаңа жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызу, қаладағы бос жұмыс орындарының сұранысына орай жүзеге асырылады.
|
1.1.
|
Бірінші бағыт бойынша оқыту арқылы жұмысқа орналасуға тиімді жүйесін жасау:
-
3500 адамды қайта оқытуға жіберу;
-
150 адамын біліктілікті арттыруға жіберу;
-
2500 адамды кәсіби оқыту;
-
4000 әлеуметтік жұмыс орнын ашу.
|
Жұмысқа орналастыру, оқыту
|
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
|
2012ж.
|
Шымкент қаласы бойынша: қайта даярлауға 750 адам жоспарланса, нақтысы қайта даярлауды 750 адам бітіріп, барлығы 750 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
Біліктілігін арттыруға жоспар бойынша 60 азамат межеленсе, нақтысы 60 азамат жіберіліп, барлығы тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
-
2012 жылдың 1 қыркүйегінен орта мектепті бітірген, ешқандай мамандығы жоқ 742 жастарды кәсіби оқыту жүргізілуде.
-
Шымкент қаласы бойынша жоспарланған 1367 әлеуметтік жұмыс орындарын 129 мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда 3190 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.
|
1.2.
|
Екінші бағыт бойынша аулдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу:
-
1750 млн.тенге көлемінде несие беру;
-
1000 адамды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту
|
Бизнес жобаларды қаржыландыру
|
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, аудан және қала әкімдері
|
|
Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 32,5 млн. теңге көлемінде шағын несие берілген. Бұған қосымша 24,0 млн. теңге шағын несие берілу көзделіп отыр.
-2011жылы Шымкент қаласы бойынша 22 азамат кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытылды
|
1.3.
|
Үшінші бағыт бағыт бойынша еңбек ресурстарының жинақылығы:
- 480 пәтерлі 6 үйдің құрылысын аяқтау
-қоныс аударушыларды субсидиялау үшін қаржыландыруды айқындау;
- Шымкент қаласына көшіп келген отбасылардың қатарынан еңбекке жарамды жастағы азаматтардың тізімін дайындау және оларды индустриялық аймақтағы кәсіпорындарда немесе басқа да ұйымдарда жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
|
Облыс әкімдігіне есеп
|
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс басқармалары, аудан және қала әкімдері
|
|
Шымкент қаласының «Нұрсәт» мөлтек ауданында қоныс аударушыларға арналған 480 пәтерлік 6 көп қабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде.
2012 жылға осы үйлердің құрылысына 1539097,0 мың теңге қаралып,осы жылдың 9 айында 1212904,9 мың теңге игерілді,яғни тапсырма 78,8%-ға орындалды.
№ 3 30 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, мемлекеттік комиссияняң актісімен қабылданды. Қалған үйлердің құрылысының аяқталуы 2012 жылдың қараша- желтоқсан айларына жоспарланған.
Қазіргі таңда экономикалық әлеуеті төмен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ, Отырар, Шардара аудандары және Арыс, Түркістан қалаларындағы әлеуеті төмен елді мекендерде 40 отбасындағы 200 азаматтар қоныс аударуына өңірлік комиссияның ұсынымы бекітілді.
Оның ішінде:
Арыс қаласынан – 11 отбасы;
Түркістан қаласынан- 6 отбасы;
Созақ ауданынан - 2 отбасы;
Шардара ауданынан – 6 отбасы;
Отырар ауданынан – 15 отбасылардың көшіп келеді.
Сонымен қатар Мақтарал ауданынан қоныс аударуға ниет білдіруші азаматтар (болжаммен 90 отбасы) бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тәртіпте заң талаптарына сәйкес өңірлік комиссияның қарауына ұсынылады. Қалған 350 қоныс аударуға ниет білдіруші отбасылар тізімі облыс орталығы шегінде жасақталуда.
Осы үйлерге облыстың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерінен қоныс аударуға ниет білдірген отбасылардың ішіндегі мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларды орналастыру қалалық білім бөлімімен бірге ұйымдастырылуда.
Қоныс аударушылардың жұмысқа қабілеттілеріне жұмысқа орналастыру мәселелері атап айтқанда тұрақты жұмыс орнына, жаңа жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызу, қаладағы бос жұмыс орындарының сұранысына орай жүзеге асырылады.
|
1.4.
|
Төртінші бағыт бойынша
|
|
|
|
Төртінші бағыт ауылдық елді мекендерге арналғандықтан Шымкент қаласында бұл бағыт бойынша жұмыс жоспарланбаған.
|
1.5.
|
Жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік саясат туралы халықты хабардар ету
|
Халықпен кездесу , семинарлар өткізу, БАҚ-та материалдарды жариялау
|
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс басқармалары,
|
|
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын қала тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жастар практикасына жастарды тарту мақсатында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясымен бірлесіп «Зерде» бизнес орталығында 30 мамыр мен 1 маусым аралығында 2012 жылы жәрмеңке өткізілді.
Акция барысында 987 оқу орнын бітірген жас түлектер қатысып, олардың 619 жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп жұмысқа орналастырылды.
2012 жылы 10 тамызда «Зерде» бизнес-орталығының ғимаратында өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Шымкент қаласының 248 кәсіпорындары, мекемелері қатысып 778 тұрақты жұмыс орындарын ұсынды. Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде 472 жұмыссыздар түйіндемесін тапсырып, 268 жұмыссыздар тұрақты жұмысқа орналасты. Барлық жәрмеңке қатысушыларына «жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жөнінде түсініктемелер жүргізілді. Жәрмеңкеге қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
НасихНасихаттау және халықты хабардар ету мақсатында қаланың халқы көп жүретін орындарғы 4 билбордтар қойылып, 500 астам жарнамалық плакаттар жапсырылып, ақпараттық құралдар арқылы хабарламалар, телеарналарда «жүгіртпе жол» арқылы хабарламалар мен мәліметтер берілді. Бағдарламаны түсіндіру мақсатында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Жаңа Қазақстан», «Халық үні» газеттерінің беттерінде орталық қызметкерлерінің макалалары басылып, «Статус», «Южный Казахстан» баспаларына интервью берілді.
«Отырар», «Айғақ» және «Қазақстан-Шымкент» телеарналарына интервью беріліп, арнайы телерепортаждар жасалынды.
|
Екінші бағыт – Қолжетімді баспана
|
2.1.
|
Жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелеріне (ЖТҚ) түгендеу жүргізу және ЖТҚ-қа жер бөлу, сондай-ақ құрылыс белгіленген мерзімде салынбаған жағдайда оны алып қою тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Жер учаскелерін инфрақұрылым бар болған кезде ғана беруді қамтамасыз ету.
|
Облыс әкімдігіне есеп
|
Облыстық жер қатынастар басқармасы, аудан және қала әкімдері
|
2012 ж.
|
Ақниет, Қызылжар, Достық, Қайтпас шағын аудандарындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 6180 жер учаскесі 2011 жылғы түгендеу жұмыстары кезінде тексеріліп, нәтижесінде игерілмей бос жатқан барлығы 3500 жер телімдері анықталды, оның ішінде 2011 жылдың ішінде 2912 және 2012 жылда 588 қосымша жер телімдерінің меншік иелеріне ескерту «Қазпочта» АҚ арқылы тапсырысты хаттармен толық жолданды. ОҚО аумақтық жер инспекциясына меншік иелеріне қолма-қол тапсырылған 749 хабарламалар жолданып, тұрғылықты мекен-жайларында меншік иелерінің болмауына байланысты табысталмай қайтарылған 383 ескерту хат. Қалған, 2254 ескерту хат қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ-ның айналымында. 114 меншік иесі «ОҚО бойынша мекен-жай» бюросы берген анықтама бойынша мекен-жайы табылмаған. Шымкент қаласы Әділет басқармасына «ОҚО бойынша мекен-жай» бюросы берген анықтама бойынша мекен-жайы табылмаған 114 меншік иесінің тізімін тіркеп, жер телімдерін иесіз мүлік ретінде есепке алынған. 2012 жылдың қараша айынан бастап 2013 жылдың қыркүйек айына дейін 702 жер телімі бойынша қайта тексеру, пайдаланылмай жатқан болса, сотқа талап-арыз беру және «МемҒӨО» облыстық филиалынан және Әділет басқармасынан жер телімдерін тіркеу базасынан алып тастау жұмыстары жүргізіледі.
|
2.4
|
Баспанаға қажет ететін жас отбасылардың тізімін анықтау
|
тізім
|
Қала әкімдері
|
наурыз 2012
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жас отбасыларды сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес, бағдарлама қатысушыларынан өтініш қабылдау жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама берген күннен басталады, хабарлама беру уақыты – тұрғын үйдің құрылысы басталғаннан 3 ай кешіктірілмей басталып, тұрғын үйді пайдалануға беруге 6 ай уақыт қалғанда аяқталуы тиіс.
Сондықтан, тұрғын үй құрылысының басталмауына байланысты бүгінгі таңда жас отбасылардан өтініш қабылдау және тіркеу жұмыстары жүргізілмеуде.
|
2.6
|
Жалға алынғаны үшін жасалатын төлем ақыны әл-ауқаты орташа мүмкіндігіне қарай сәйкестендіру
|
есеп
|
Қала әкімдері
|
наурыз 2012
|
Тұрғын үйлердің арендалық төлемақысы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі №395 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу әдістемесіне» сәйкес жүргізіледі.
|
2.8.
|
«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасына ұсыныс енгізу
|
ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне ұсыныс
|
Облыстық құрылыс басқармасы, аудан, қала әкімдері
|
Мамыр 2012ж
|
«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 2013-2020 жылдар аралығында кезекте тұрғандар үшін 637,7 мың шаршы метр арендалы тұрғын үйлер салыну жоспарлануда. Жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту үшін ірі панельді және құрастырмалы-қаңқалы тұрғын үйлерді салуды көбейту қажет. бұл біріншіден, құрылыс құнын төмендетуге, жаңа технологияларды дамытуға және құрылыс салу мерзімін азайтуға қол жеткізіледі.
|
2.9
|
«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі» арқылы «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы 7 тұрғын үйді (28 мың ш.м.) пайдалануға беру
|
Мемлекеттік қабылдау актісі
|
Шымкент қаласының әкімі
Шымкент қаласының құрылыс бөлімі
|
2012ж
|
2011-2012жж. республикалық бюджеттің есебінен 2,0 млрд. теңге қаралып, 558 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы- 35 078 ш.м. құрайтын 10 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы осы қаржыға 6 тұрғын үйдің (324 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы-20 077 ш.м.) құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 4 тұрғын үйдің (324 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы-15 001 ш.м.) құрылысы 2013 жылға өтпелі.
Бүгінгі күнге 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, (№214, 215, 133) мемлекеттік қабылдау актісімен қабылдануда.
|
2.10
|
«Нұрсәт» мөлтек ауданындағы 3 жалға берілетін тұрғын үйді (10,4 мың ш.м.) пайдалануға беру.
|
Мемлекеттік қабылдау актісі
|
Шымкент қаласының әкімі
Шымкент қаласының құрылыс бөлімі
|
2012ж
|
2011-2012жж. республикалық бюджеттен коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысына жалпы 1 710 346,0 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға 461 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы - 30 557 ш.м. құрайтын 9 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 3 (№№4,217,218) тұрғын үйді (156 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы- 10 404 ш.м.) пайдалануға беру жоспарланып, 1(№4) тұрғын үй мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға қабылданды. Қалған 6 тұрғын үй (305 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы-20 153 ш.м.) 2013 жылға өтпелі.
|
2.11
|
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 6 тұрғын үйді (31 мың ш.м.) пайдалануға беру.
|
Мемлекеттік қабылдау актісі
|
Шымкент қаласының әкімі
Шымкент қаласының құрылыс бөлімі
|
2012ж
|
2011-2012жж.республикалық бюджеттің есебінен 2 407,0 млн. теңге қаржы қаралып, 480 пәтер, яғни пәтерлердің жалпы ауданы-31 082 ш.м. құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Тұрғын үйлерді 2012 жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Бүгінгі күнге 3-кезектегі 30 пәтерлі №3 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
|
2.12
|
Облыстық бюджет есебінен
3 тұрғын үйді (2,6 мың ш.м.) пайдалануға беру.
|
Мемлекеттік қабылдау актісі
|
Шымкент қаласының әкімі
Шымкент қаласының құрылыс бөлімі
|
2012ж
|
475,0 млн. теңге қаржы қаралып, бұл қаржыға 129 пәтерлі, пәтерлердің жалпы ауданы 11 019,0 ш.м. құрайтын 5 көп қабатты коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 3-уін (45 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы - 2649 ш.м.) ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған 2 тұрғын үй (84 пәтерлі, пәтерлердің жалпы ауданы- 8 368 шаршы метр) 2013 жылға өтпелі.
|
Үшінші бағыт - Өңірлерді дамыту
|
3.3
|
Инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу
|
ҚР ИЖТМ-ге ұсыныс
|
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудан, қала әкімдері
|
20 сәуір
2012ж.
|
Шымкент қаласында тамақ, тоқыма және химия саласы бойынша индустриалдық аймақ құру бойынша жер телімдерін анықтау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар Шымкент қаласының әуе жай, «Оңтүстік »АЭА және Тассай елді мекенінің аумақтарында Индустриалдық аймақтарды орналастыру бойынша ОҚО әкімі А.Мырзахметовке 18.05.2012жылы 1/22-2659 хат ұсынылды.
|
3.4.
|
Өңірлер бөлінісінде экономиканың өсу резервтері, әрбір өңірдің бәсекелік артықшылықтары мен даму басымдықтары және оларды барынша пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу
|
ҚР ЭДСМ-ге ұсыныс
|
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, барлық салалық басқармалар, аудан, қала әкімдері
|
20 сәуір
2012ж.
|
Бүгінгі күні, Шымкент қаласы бойынша тоқтап тұрған 5 кәсіпорынның пайдаланбай жатқан резервтері анықталған.
Анықталған резервтердің (тоқтап тұрған кәсіпорындар) өндірістерін іске қосу іс-шаралар жоспарлары бекітілді, оның ішінде:
-
«Шымкенттік тері аяқ киім зауыты» ЖШС - тері өндеу өндірісін 2012 жылдың желтоқсан айында және аяқ-киім өндірісін 2014 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорының несиесін жабуға ықпал көрсету мақсатында Алматы қаласында орналасқан «Кацкоммерцбанк» АҚ-қа хат ұсынылды.
-
«Асбоцемконструкция» АҚ – несие алу жұмыстарын жүргізуде;
-
«Меланж» АҚ - өндірісті 2013 жылдың қаңтар айында іске қосуды жоспарлап отыр;
-
«Ютекс» АҚ - 2013 жылдың қаңтар айында іске қосуды жоспарлап отыр;
-
«Азия Керамик» ЖШС - "Қазақстан Даму Банкі" АҚ инвесторларды тарту жұмыстарын атқаруда (Ресей, Италия).
Сонымен қатар, қалада өндірістік қуаттылықтарын толық қолданбай жатқан кәсіпорындардың тізімі анықталды, олар:
-
«Швейная фабрика «Гаухар» ЖШС (жүктелген қуаттылық-58%);
-
«South Textiline KZ» ЖШС (80%);
-
«Химфарм» АҚ (83%);
-
«Тур-Ахмет и Компания» ЖШС (30%);
-
«Шымкентцемент» АҚ (63%);
-
«Polyprint LTD» ЖШС (75%);
-
«ТЭМП» ЖШС (10%);
-
«Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент ӨҚУ-Өндірістік» ЖШС (40%).
Атап айтқанда, қаланың тігін, тоқыма құрылыс, химия және машина жасау экономика салаларында толық пайдаланбай жатқан даму резервтері анықталған.
|
3.5
|
Жеке инвестицияларды тарту және қалдықтарды бөлек-бөлек жинауды енгізу арқылы қоқыс өңдеу зауыттарын салуды көздей отырып, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін дамыту жөнінде ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін қабылдау бойынша ұсыныс енгізу.
|
ҚР ҚОҚМ, облыс әкімдігіне ұсыныс
|
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шымкент қ. әкімі
|
10 наурыз
2012ж.
|
Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік индустрияландыру картасының шеңберінде «Технологии 21» ЖШС қатты тұрмыстық қоқыстарды, қалдықтарды өңдеу жобасы 2013 жылы іске асыру жоспарланған (жобаның құны – 1392,0 млн.теңге, 134 жұмыс орын). Бүгінгі таңға, жоба бойынша цехтың құрылыс жұмыстары 80 пайызға біткен.
|
3.9.
|
Қалалық экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды көздей отырып, қалалық агломерациялар дамыту бағдарламасын қабылдау (Шымкент қаласы)
|
Облыс әкімдігіне ұсыныс
|
Шымкент қаласының әкімі, облыстық басқармалар
|
мамыр
2012 ж
|
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен қалалық агломерацияны дамыту мақсатындареспубликалық «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР Үкіметімен бекітілді. Осыған байланысты, Шымкент қаласының 5 жылдық даму бағдарламасына агломерацияларды дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Сонымен қатар, жаңа Бас жоспарда Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту ескерілген.
|