МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
Ю.А.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №8 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
Ашық сабақ
АЛТЫН ОРДА
Сыныбы 7 «Г»
Күні 13.02.2013 ж.
Пән мұғалімі Жаханова Р.М.
Байқоңыр қаласы
Сабақтың тақырыбы: §22. Алтын Орда (ХІІІғ.ортасы - ХVІ ғ.басы)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Алтын Орда мемлекетінің құрылуы,
қоғамдық құрылысы мен әскери,әкімшілік басқаруы
туралы мәлімет беру.
Білімділік: ХІІІ ғ.өмір сүрген Алтын Орданың күшеюі,
Батысқа жорық жасау,мемлекеттің территориясының
кеңеюі,билеушілері,ыдырауы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін ,танымдық көзқарасын
дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Өз елін, жерін құрметтеуге, Отан сүйгіштіккке
тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік , репродуктивтік, баяндау,
интербелсенді оқыту әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Түсті слайдтар,тірек сызба, әкімшілік саяси
картасы
Техникалық құрал жабдық: Интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар,
Пән аралық байланыс: Әдебиет пәнімен
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
VІІ. Үйге тапсырма беру
VІІІ. Оқушыларды бағалау
І.Ұйымдастыру кезеңі
Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» деген сөзі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
§21Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасына дайындықтарын тексеремін.
1.ХІІ ғ.Монғолияда өмір сүрген хандықтар мен тайпалар.
2.Шыңғысханның балалық шағы.
3.Монғол империясының құрылуы.
4.Империяның қоғамдық құрылысы.
5.Әскери-әкімшілік аймақтар
6.Жасақ дегеніміз не?
7.Құрылтай туралы не білеміз?
8.Монғолдар қандай жерлерді жаулап алды.
9.Монғолдардың Қазақстан жеріне көз тігуі.
10.Отырар апаты. М.Шаханов «Отырар»өлеңінен үзінді оқу
12.Жаулап алудың зардаптары,археологтардың пікірі.
13.Ұлыс дегеніміз не?
Кестемен жұмыс «Ұлыстардың құрылуы»
ІІІ.Өткен сабақты қорытындылау
Сандар сөйлейді.
1155 жыл
1206 жыл
95
1207-1208 жылдары
1207-1209 жылдары
1211-1215 жылдары
1218 жыл
1219 жыл
1219-1220 жылдары
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
§22. Алтын Орда(ХІІІ ғ.ортасы-ХVІ ғ.басы)
1.Алтын Орданың құрылуы
2.Алтын Орданың күшеюі
3.Алтын Орданың әлсіреуі
4.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
1.Алтын Орданың құрылуы.
Шыңғысхан,оның ұрпақтары туралы жазылған «Шыңғыснама»
шежіресі сақталған.Шежіреде Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің
немерелері Батыйға алтын босағалы «Ақ Орда»,Орда-Еженге күміс босағалы «Көк Орда»,Шайбаниға болат босағалы «Боз Орда» тіккізген.1225ж. Жошы қайтыс болады. Батыйдың басқаруыменАлтын Орда мемлекеті құрылады.
Монғол тілінде «Алтын Орда» патша сарайын,алтын түсті Орданы білдіреді.
Бір деректерде Жошы ұлысының қарамағындағы жерлер ғана «Алтын Орда»
ал екінші бір деректерде Батый хан мен оның мирасқоры Беркенің иелігіндегі
Еділ бойы мен Кавказдың терістік жағын «Алтын Орда» деп атаған.Орда жеке-жеке ұлыстарға бөлінген.Ұлыстар арасында ауызбіршілік болмаған.
Батый хан-Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары
мемлекетті билеген.Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады.Ол мұсылмандарға қамқорлық жасап,мешіт салдырып,діни әдет-ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Парсы тарихшысы Жувейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның Ордасына саудагер-
лер барлық жерлерден келіп жатты.Батый хан тауарлардың барлығын алғызып,оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».Орыс жылнама –
ларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып,
қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
2.Алтын Орданың күшеюі.
Шыңғысхан көзі тірісінде Монғол империясының ұлы ханы етіп,Үгедейді
сайлайды. 1227 ж.Шыңғысхан өмірден өтеді.1235ж.құрылтайда Батысқа жорық жасау жоспарын талқылайды.Жорық жеті жылға 1236-1242 жылдарға
созылған.Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп,күшейе түскен.
Солтүстік Кавказ,Қырым бойы,Орыс кінәздіктері,Шығыс Еуропа елдерін
басып алып,жергілікті халықтарға салық төлетіп отырған.
Алтын Оданың билеушілері
1.Батый хан (1227-1255 ж.)
2.Берке хан (1257-1266 ж.)
3.Меңгу-Темір хан (1266-1280 ж.)
4.Туда Мөңке хан (1280-1287 ж)
5.Төлебұқа хан (1287-1290 ж.)
6.Тохты хан (1290-1312 ж.)
7.Өзбек хан (1312-1342 ж.)
8.Жәнібек хан(1342-1357 ж.)
Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласыЖәнібек ханның
тұсында еді.Ол Сарай-Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып,қаланы
көркейткен.Өзбек хан мұсылман дінін мемлекеттік дін деп жариялайды.
3.Алтын Орданың әлсіреуі
ХІV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Хандық билік үшін тартыста 1357-1380 жылдар арасында жиырмадан астам
адам хан болып,тақ үшін таласта бірін-бірі өлтірген.Алтын Орданың Мамай қолбасшылық еткен әскері 1380 ж.Куликова даласында Дмитрий Донской
бастаған орыс әскерінен жеңіледі.Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде
әлсірейді.Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен
Алтын Орданың билігін өз қолына алады.Тоқтамыс 1382ж.Мәскеуге басып кіріп,қаланы өртеп жібереді. Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін,Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап,әлсіреп тұрған мемлекет құлайды. Алтын Орда ХҮ ғ. ортасында Ақ Орда,Ноғай Ордасы,
Сібір,Қазан,Қырым,Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді.Шейх Ахмед 1502 ж. өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды.
4.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
Шыңғысхан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелері бір-біріне ұқсас
болған.Хандық өкіметхан ұрпақтарының иелігі болды.Хандық билік әкеден
балаға мұраға қалып отырды.Билігі жүріп тұрған хан тұқымының әрбір өкілі
белгілі бір аймақтан түсетін алым-салыққа ие болып отырды.Ол пайданы сарай тұрмысына,әскер қажеттеріне пайдаланған.
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі

Әскери билік
мыңбасы, түменбасы
уәзірлер
Азаматтық билік

беклербек
мәліктер
басқақтар
даруғалар
Хатшылар-іс қағаздарын жазушылар
Уәзірлер - азаматтық істерге билік жүргізген
Мәліктер - жергілікті әкімдер
Даруғалар –салық жинаушылар
Беклербек - әскери істерді басқарды
Басқақтар – басқару қызыметін атқарды.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Оқушылардың алған білімін сәйкестендіру тесті арқылы бекітемін.
VІ.Жаңа сабақты қорытындылау.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергенін Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? әдісі арқылы қорытамын.
VІІ.Үйге тапсырма беру.
§22. Алтын Орда тақырыпты оқып,98-беттегі сұрақтарға жауап беру
Ғаламтордан Шағатай,Үгедей,Төленің ұрпақтары жайлы мәлімет қарастыру.
VІІІ. Оқушыларды бағалау.