Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі
Ю.А.Гагарин атындағы № 8 жалпы білім беретін орта мектеп
А Ш Ы Қ С А Б А Қ
«Африканың өзендері мен көлдері»
7 «В» сынып
Пән мұғалімі Сарсенбаева Р.
Байқоңыр, 2013
Ашық сабақ
Күні:16.03.2013ж
Сынып:7’’В’’
Сабақтың тақырыбы: Африканың өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды Африканы ішкі суларымен таныстыру.
Жер бедері мен климат ерекшелігіне байланысты ішкі
сулардың әркелкі таралуына тоқталу.
Дамытушылық:
Оқушыларды өзбетінше ізденуге ұмтылдыру,таным белсенділігі
мен пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына мән беруге,
табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі:ішінара іздену әдісі,репродуктивтік,түсіндірмелі-көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,слайдтар,энциклопедия.
Техникалық құрал-жабдық:интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс:математика,биология,орыс тілі.
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақты түсіндіру
IV.Жаңа сабақты бекіту
V.Жаңа сабақты қорыту
VI.Үй тапсырмасын беру
VII.Оқушы білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, үй тапсырмасы: «Африканың климаты».
Жаңа сабақ: «Африканың өзендері мен көлдері». Осы тақырыптардың бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені климат өзендердің режиміне, қоректенуіне, жер бедерінің өзен ағысына әсер етеді, сондықтан мен Н.П. Вернадскийдің сөзін алып отырмын. «Климат – судың атасы». Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-
5 оқушыға тест сұрақтарын беру
-
«Климат» тақыры бойынша сұрақ – жауап жүргізу
-
Тесті тексеру
-
Қорытындылауды оқулықтағы климаттық диаграммалар арқылы әр қатардағы оқушылар қалаларды физикалық картадан көрсетіп қандай климат белдеуде жатқанын анықтайды (интерактивтік тақтадан климаттық диаграммаларды көрсету).
Сөйтіп, Африка төрт климат белдеуінде жатыр:
экваторлық, субэкватор-лық, тропиктік, субтропиктік.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
Африканың ішкі суларына жалпы сипаттама беру. Қандай мұхит алабына жататынын анықтап слайдтан көрсету
-
Ірі өзендерге сипаттама. Ніл өзенін слайдтан көрсету, ерекшелігіне тоқталып кескін картаға Асуан бөгетін түсіру.
Конго – өзенін слайдтан көрсетіп, ерекшелігіне тоқталу, экологиясына мән беру. Сөйтіп, өзендердің режиміне, көректенуіне климаттың әсері зор. Ал, ағысына жер бедерінің сипаты әсер етеді. Өзендердің көбісі Атлант мұхит алабына жатады. Өйткені, Африканың шығысы көтеріңкі. Шығыс Африка таулы үстірттерінен өзендер басталады.
-
Көлдері: ең ірісі: Виктория, Танганьика, Чад, Ньяса, Тана т.б.
Көлдердің жаратылысына қарай тектоникалық, вулкандық, қалдық түрлері болады. Танганьика көлін слайдтан көрсетіп, ерекшелігіне тоқталу. Мұнда көлдің суы өте мөлдір, беткі суында жануарлардың 250 түрі бар. Соның 190 түрі -
эндемик, немесе тек осы көлде ғана кездеседі, ол 10 аяқты шаяндар, малюскалар, креветкалар, су кобрасы бар.
Виктория көлі – ең үлкен көл. Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көлден кейін су жинау алабы бойынша 2 орында. Мұнда балықтың 100 түрі бар.
Чад – қалдық көл. Тереңдігі 4 – 11 метр, тұзды көл. Оның батысы мен оңтүстік бөлігі батпақты. Бегемоттар, крокодил, құстар тіршілік етеді.
Тана - вулкандық көл. Одан Көк Ніл басталады.
-
Жер асты сулары. Әсіресе Судан , Сахара, Калахари шөлдерінде көп. Жер бетіне жақын орналасқан жерде шұраттар пайда болады. (слайдттан шұраттарды көрсету)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
-
Венн диаграмма арқылы Ніл және Конго өзендерін салыстыру.
Ү. Жаңа сабақты қорыту
-
Оқушының Замбези өзеніне презентациясын өткізу (жоспар бойынша сипаттама беру)
-
Бүгінгі тақырып бойынша не білдік?
ҮІ. Үй тапсырмасы
-
Нигер өзеніне сипаттама беру (жоспар бойынша)
-
Кескін картаға ірі өзендердің салаларын түсіру
ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау