Перейти на главную страницу
|
I кв.
|
II кв. |
III кв. |
IV кв. |
Сумма взаимозачета, тыс. руб. |
10000 |
15000 |
15000 |
10000 |
Төлем қабілетсіздігін сыртқы және ішкі міндеттемелерді қысқарту және де ақша қаражаттарының көлемін көбейту жолымен жоюға болады:
Нақты қатнастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың көріп отырған қаржы тапшылықтарына қарамай – ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.
Дағдарыстық жағдайлар көптеген себептердің әсерінен пайда болады. Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық, қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ, шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі – қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде зерттеуге мүмкіндік туғызды. Әр дағдарыстың өзіндік ерекшклігі бар болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс – шаралардың қалыптасқан жүесі бар. Ол жоспарлау құралдарының көмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды жоспарлау – сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бірізділігін алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.
Отандық және шетелдік экономист – ғылымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, біз «кәсіпорын банкроттығының алдын алу» түсінігіне дағдарысқа қарсы басқару тұрғысынан тоқталуды ұйғардық.
Менің көз қарасым бойынша, «Кәсіпорын банкроттығының алдын – алу – кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс – шараларының жиынтығы».
Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын банкроттығының алдын – алу құралы ретінде, дағдарыс жағдайында ғана емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар ретінде көрінеді.
Банкроттық қатердің негізгі ерекшелігі кәсіпорын дамуының барлық кезеңдерінде болуында. Барлық дағдарысқа қарсы үрдістердің жиынтығы (кең мағынасындағы банкроттық) өміршеңдік циклдің белгілі бір кезеңінде ғана басталады: жедел төмендеу жағдайында, ол әдетте кәсіпорынның төлем қабілетсіздігімен сипатталады. Банкроттылық үрдістерінен тыс және дағдарысты жағдайлардың нәтижелерін орталықтандыру үшін пайдаланатын дағдарысқа қарсы басқару шаралары компанияның өміршеңдік циклінің барлық кезеңдерінде қолданылады. Кәсіпорынның банкроттықты басқару үрдістері экономикаға тән жалпы заңдылықтарға негізделеді және де дағдарысқа қарсы үрдістерді жүзеге асырумен байланысты өзіне тән ерекшеліктерге де негізделеді. Осылайша, басқару үнемі мақсатты түрде жүргізіледі. Кез – келген басқару үрдісінде, соның ішінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де, мақсаттардың таңдалып және қалыптасуы бастапқы бекет болып табылады. Мақсатқа жету үшін ресурстарды ұйымдастыру тұрғысынан экономикалық қауіпсіздік басымдылықтарына сәйкес ресурстарды таратудың икемді құрылымы қажет.
Әрине, экономикалық қолайсыз жағдайларда, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты, басқарудың жедел өзгеретін ұйымдық құрылымы керек – ақ. Дәстүрлі басқаруға қарағанда, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірінші сатыға іс – қимылдардағы болжамсыздық (белгісіздік) жағдайында қатысушылар арасында ұзақ уақытқа белгіленген функциялар бөлінісі жоқтығы шығады. Сенімсіз немесе жеткіліксіз ақпарат деген сияқты факторлар да болады.
Төменде көрсетілген салыстыру белгілері кәсіпорынның банкроттығының алдын – алу бір мезеттік көрініс алғандағы сипатпен сай келеді.
21-кесте
Дәстүрлі басқарудың және банкроттықтың алдын – алудың салыстырмалы сипаттамасы
№ |
Салыстыру көрсеткіштері |
Дәстүрлік басқару |
Банкроттықтың алдын - алу |
1. |
Кәсіпорын қызметінің шарттары |
Өзгерістердің төмен қарқыны, оқиғаның болжамдығы тыныс, қайталанбалы басқару мәселелері |
Өндірістердің жоғары қарқыны, оқиғаның болжамсыздығы, жаңа, қайталанбаған басқару мәселелері |
2. |
Кәсіпорын қызметінің мақсаты |
Жоғары пайда табу |
Қауіп – қатер тенденцияларын немесе салдарын жоюмен байланысты қауіпсіздікті нығайту мақсаттары
|
3. |
Ұйымдастырушылық құрылым
|
Қатаң құрылым |
Икемді құрылым |
4. |
Басқару ақпаратының сипаты |
Реттелген ақпараттық ағындар, дәл, мол ақпараттар |
Болып жатқан экономикалық қолайсыздықтардан ақпараттық ағындардың тәуелділігі, жеткіліксіз, толық емес ақпарат |
5. |
Марапаттау жүйесі |
Тұрақтылық және тиімділік үшін мадақтау |
Бастама үшін мадақтау |
6. |
Басқару мәселесін шешу
| Пайда болған мәселелерге өткен тәжірибеге негізделгенжауап |
Мүмкін болатын мәселелерді көре білу және алдын – алу, творчестволық ізденіс |
7. |
Еңбек ақы төлеу |
Тұрақты нысанда |
Нәтижеге байланысты еңбек акы
|
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұтынуы мүмкін:
Басқару бойынша кеңес беруші дүние жүзіне белгілі маман Питер Драккер дағдарысқа қарсы басқарудың өз нұсқасын ұсынады. Бұл нұсқаның негізі – нәтижелерге бағытталған басқару. Драккер дағдарысқа қарсы басқарудың 3 экономикалық міндеттерін бөліп көрсетеді:
Бәсекелестік бойынша батыстың ең ірі теоретигі М. Портер дағдарысқа қарсы басқаруда қолданыла алатын бәсекелестік күрес әдістерін бөліп көрсетеді. Бірінші әдіс – төменірек шығындар, екінші әдіс – тауар дифференциясы. Төмен шығындар арқылы фирма салыстырылатын тауарды бәсекелестерімен салыстырғанда аз шығындармен өндіре және сата алады. Ал тауарды бәсекелестерімен бірдей бағамен сатып фирма үлкен пайда алады. Дифференциация – жаңа сапа, ерекше тұтыну қасиеттері немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету сияқты қасиеттер арқылы тұтынушыларға ерекшелендірілген тауар ұысну. Дифференциация арқылы фирма жоғары баға белгілей алады, ал бұл бәсекелестермен бірдей шығындар арқылы үлкен табыс әкеледі.
Кәсіпорындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фирманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп – қатерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.
Кәсіпкердің жауап беруі керек ең негізгі сұрақтары, белгілі – бір миссия шеңберінде сыртқы және ішкі нарықтарды кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізе ала ма? Фирманың орналасқан елінің белгілі – бір жағдайында фирманың қай миссиясы осы талаптарға сай келеді? Ұзақ мерзімді стратегиялық болашаққа фирманың тәуелсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген? Фирманың таңдап алған миссиясының кеңдігі мүмкін болған жағдайда қаншалықты диверсификациялануға мүмкіндік береді?
Өз ісін ашқысы келген кәсіпкер бұл сұрақтарға өте көп көңіл бөлуі керек. Егер ол жеткілікті қатаң, нақты, дәлелденген жауап қайтара алмаса, онда оны – потенциалды банкрот деп қарап, бұл жағдайда фирма құрылмағаны дұрыс. Компанияның негізгі концепциясының қалыптасуына, компания алдына ашылатынмақсаттар мен келешектегі міндеттері және оларды ұзақ мерзімге бағалауына түрткі болатын алғашқы миссия, фирманың белгілі – бір бәсекелестік статусының сақталуы және ұзақ уақыт мерзіміне оған бәсеке артықшылығының қалыптасуын қамтамасыз етуі қажет. Алғашқы миссия шеңберінде жасалған стратегиялық шаруашылық аймақтары профилі, қолданылатын ресурстар, стратегиялық потенциал т. б. қосқандағы, фирманың негізгі қызмет ету принциптерін анықтайды. Ал оның өзгеруі сәйкес нәтижелері бар қайта профильденуге әкеледі. Сондықтан, алғашқы миссия шеңберінде фирманың ұзақ уақыт қызмет жасауы, бұл белгілі – бір қалыптасқан және қолдау көрсетілген бәсеке артықшылық пен дағдарыссыз қызмет етуі дегенді білдіреді.
Қорытынды.
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорын басқаруда және шаруашылық жүргізуде өзінің дербестігін алып, ресурстарын қолдану және еңбек нәтижесін пайдалану құқығын иеленіп, шешімдері мен іс - әрекеттеріне экономикалық жауапкершілікте. Қаржылық жағдай кәсіпорынның іскерлігінің маңызды мінездемесі. Ол кәсіпорынның бәсекелестігін және іс жүргізуде потенциалын анықтап, барлық қатысушылардың қаржылық қатынастарын тиімді экономикалық қызығушылығының гаранты болып табылады. Кәсіпорынның тұрақты деңгейі тағдырдың сыйы немесе сәтті жағдай емес, ол білгір есептелген басқару мен барлық өндірістік – шаруашылық факторларының жиынтығы ретінде, күнделікті ізденіс, жан – жақты және күнделікті жаңалық енгізуге дайындық. Кәсіпорынның сәттілігі мен коммерциялық табысы бүтіндей оның іскерлігіне байланысты.
Алынған көрсеткіштерді талдай отырып, «Прогресс» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын келесідей тұжырымдадым:
Қаржылық стратегияны қалыптастыру 3 бөлімде қарастырылған. Стратегияның басты функциясы банкроттықты болдырмау, өтімділікті және төлем қабілеттілігін шешу мәселелері, кәсіби тұрғыдан айналым қорларын басқару. Бұл жерде негізгі рөлді дұрыс таңдалған несие саясатын қаржылық рычаг ретінде қолдану.
Айналым қорларының молаюының маңызды рөлін дебиторлық міндеттемелер немесе дебиторларға берілген тауарлық ссудалар атқарады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті және белгіленген ағымдағы өтімділік коэффициенті 1-ден төмен. Ол осы кәсіпорынның нақты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ екендігін куәландырады. Дәл осы жағдайда банкрот процедуралары қолданылуы мүмкін.
Менің көз – қарасым бойынша бұл тығырықтап шығу жолы – кәсіпорынды сату. Бұл кәсіпорынды сақтап қалып және ең аз әлеуметтік шығын шығарып, еңбек ұжымын бүтіндей қалдырады. Осы нұсқа нарықтық экономикада меншікті тиімсіз иелік етуден тиімді субъектіге өтуіне сәйкес мақсаттағы үрдіс. Кәсіпорынның жұмыс істеу, істемеуі тікелей инвесторға тәуелді.
09 10 2014
17 стр.
КӘсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
18 12 2014
5 стр.
Менеджмент, басқару, менеджер, бизнесмен, кәсіпкер түсінігі. Менеджмент адам қызметі түрі ретінде
12 10 2014
1 стр.
Мамандығының пәндердің (Менеджмент теориясы және тәжірибесі, өндірістік менеджмент, инновациялық менеджмент, экономиканы мемлекеттік реттеу, стратегиялық жоспарлау) типтік бағдарла
09 09 2014
2 стр.
Секция "Менеджмент" кафедры Общего и стратегического Председатель Филонович С. Р. менеджмента Зав. Кафедрой Филинов Н. Б
01 09 2014
3 стр.
Инвестицияларды басқарудың глобальды технологиясы: мәні және ҚР жағдайындағы ерекшеліктері
18 12 2014
1 стр.
«Менеджмент», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
18 12 2014
1 стр.
Заказчик – организатор закупок ао «Казына Капитал Менеджмент» (050020 г. Алматы, пр. Достык, 291/3а, 2-ой этаж), провело закупки услуг по аренде автомобилей для ао «Казына Капитал
06 10 2014
1 стр.