Перейти на главную страницу
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«БАСҚАРУ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
(4 жылдық оқу)
Қорғауға «Менеджмент» Ғылыми жетекші
кафедрасының меңгерушісі Саткалиева Тамара Сагимбаевна
э.ғ.к., доцент Смагулова Н. Т.
жіберілді
________________________
«____»__________2006 жыл.
1 бөлім. Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау: мәні және мазмұны.
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және оның даму деңгейі.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің қауіпін бағалау.
3 бөлім. Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шараларын әзірлеу.
Қорытынды
Кәсіпорынның банкроттығы нарықтық қатынастарды қамтыған Қазақстан экономикасы үшін жаңа құбылыс емес. Қазақстан экономикасында шаруашылық субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Кәзіргі уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. «Банкроттық туралы» Қазақстанда үш заң актісі қабылданды. Бірінші заң 1992 жылы 14 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 1 ақпанда күшіне енді, ал екіншісі – Президенттің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығы. Бірақ қабылданған заң актілері көп мәселелерді шешпеді, дауларды қарау кезінде көптеген қиындықтар байқалды. Мұндағы заңдарды жаңарту қажеттігін туғызатын ең басты себеп – банкроттыққа байланысты мәселелердің біріңғай жүйеленбегендігі еді. Мәселен, қайта ұйымдастыру, кредиторлардың мүдделерін қорғау жолдары шешілмеген. Кредиторлардың өз мүдделерін қорғауларына мүмкіндік беретін құрылтай жиналысы қалыптаспаған екен.
Ерекше талаптарды қажет етпейтін істерді жүргізу процесі нақты реттелмеді, іс жүргізуді қозғау үшін қажетті құжаттар тізімі болмады. Осыған байланысты соттар өтініштерді қабылдаудан бас тартты. Яғни, заңды жүзеге асыру механизмі болмады. 1995 жылы және 1996 жылдың алғашқы жартысында шаруашылық субъектілерін банкрот деп тану туралы келіп түскен барлық 257 өтініштің 98-і қайтарылды, 15 өтініш қабылданбады, сөйтіп, тек 144 талап – арыз материалды қарауға қабылданды, бұл берілген арыздардың 56 пайызы ғана. Ең негізгі мәселенің бірі – талап-арыз, өтініштерді орындау реттелмеді. Мысалы, талап-арыз иесінің сотқа шағымданған сәтінен бастап, сот шешімі қабылданғанға дейін 1 айдан 3 айға дейін уақыт берілетін. Ал осы мерзім ішінде ұяты шамалы борышкер негізгі қаржыны жұмсап немесе несие берушіні шығынға отырғызатын басқа да әрекеттер жасап үлгеруі мүмкін ғой.
Банкроттық туралы заңдардың жетілмеуінен және борышкердің дәрменсіздігіне қатысты нақты критерийлердің және сот шешімін орындау механизмінің жоқтығынан төлем қабілеттілігі жоқ көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер күнделікті айналымнан шығарып тасталынбады, мұның өзі экономиканың дамуына кері әсер етті. 1996 жылдың бірінші жартысында берілген талап-арыздың 17 пайызын және іс жүргізуге қабылданған істердің 30 пайызын құрайтын бар-жоғы 43 іс бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұлар негізінен шағын жеке фирмалар) дәрменсіз деп танылған (сот қорытындысы материалдарынан), ал шын мәнінде тап қазір банкроттыққа ұшырау жағдайындағы кәсіпорындар бұдан әлдеқайда көп кой. Банкроттық туралы заң тәжірибесі көрсеткеніндей, арыз бергеннен бастап, сотпен белгіленген әрекет – кәсіпорын таратылғанша немесе қайта ұйымдастыру жөн-жосығын қолдану аяқталғанға дейінгі сот өндірісінің бүкіл жөн-жосығын қамтуы керек.
Жаңа заң жұмыс жасаушы субъектілердің дәрменсіздігін реттеудің тиімділігін арттыру, төлем дағдарысын, экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің түрлері мен реттемеуді жеңу, кәсіпорындар дәрменсіздігін болдырмау мақсатында құрылымдық саясатқа бағыттау, қолдағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, экономиканы дамытудың артықшылық бағыттарын қолдау, әлеуметтік салаларды жеңілдету мүддесін қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Респупликасының Президенті 1997 жылы 21 қаңтарда дәрменсіз борышкерді ақтауға бағытталған арнаулы жөн-жосықтарды жүргізудің шарттары мен тәртібін айқындайтын, «Банкроттық туралы» Заң күші бар нормативтік-құқықтық актіге қол қойды.
Аталған заң Азаматтық кодекстің 44-бабына (2-бөлім) сәйкес қазыналық кәсіпорын мен мекемеде ақша қаражаты жетіспеген жағдайда олардың міндеттемелері бойынша тиісті мүлік иесі субсидиялық жауап беретін болғандықтан қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. Азаматтық кодекстің аталған ережесі осындай заңды тұлғаларға қатысты банкроттық жөн – жосықтарды қолданудың практикалық мәнін жоққа шығарады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қатысты (олардың ұйымдық – құқықтық түріне тәуелсіз) банкроттық жөн-жосықты қолдану ерекшеліктері арнайы заңдарда көзделуі керек.
Заң актілерінде банктерге, сақтандыру компанияларына, кейбір заңды тұлғалардың зейнеткерлік қорларына қатысты банкроттық жөн – жосықтың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Заң, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 21-бабымен және арнайы заңдармен реттелетін жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» жаңа заң кәсіпорындар дәрменсіздігін болдырмау, құрылымдық саясатқа бағыттау, экономиканы дамытудың артықшылық бағыттарын тиімді қолдану мақсатында банкроттың әлеуметтік салдарын жеңілдету үшін қажетті шаралар қабылдап, экономикалық процестерге әсер етудің түрлері мен тәсілдерін айқындайды.
Нақты шаруашылық үрдістегі кәсіпорынның банкроттығын іс - әрекеттегі әлді және әлсіз байланысқан әртүрлі факторлармен түсіндіруге болады. Артық жағдайдағы факторларды белгілеп, кәсіпорын банкроттығын былай бөлуге болады:
1. Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.
2. Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.
3. Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.
4. Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады.
Борышкетдің банкроттылық ісі қаралғанда келесі процедуралар қолданылады:
Қаржыны қалпына келтіру – борышкердің толығымен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қарызын қайтару, қарызды төлеу кестесіне сәйкес.
Сыртқы басқару – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында борышкер өз өкілеттілігін сырттан келген басқарушыға береді.
Конкурстық өндіріс кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот болған борышкерге қолданылады.
Халықаралық келісім бір жақтың ерікті түрде талаптарын жарым – жарты қайтарып алуын және екінші жақ қалған талаптарды қабылдайтынынбілдіреді.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
09 10 2014
17 стр.
КӘсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
18 12 2014
5 стр.
Менеджмент, басқару, менеджер, бизнесмен, кәсіпкер түсінігі. Менеджмент адам қызметі түрі ретінде
12 10 2014
1 стр.
Мамандығының пәндердің (Менеджмент теориясы және тәжірибесі, өндірістік менеджмент, инновациялық менеджмент, экономиканы мемлекеттік реттеу, стратегиялық жоспарлау) типтік бағдарла
09 09 2014
2 стр.
Секция "Менеджмент" кафедры Общего и стратегического Председатель Филонович С. Р. менеджмента Зав. Кафедрой Филинов Н. Б
01 09 2014
3 стр.
Инвестицияларды басқарудың глобальды технологиясы: мәні және ҚР жағдайындағы ерекшеліктері
18 12 2014
1 стр.
«Менеджмент», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
18 12 2014
1 стр.
Заказчик – организатор закупок ао «Казына Капитал Менеджмент» (050020 г. Алматы, пр. Достык, 291/3а, 2-ой этаж), провело закупки услуг по аренде автомобилей для ао «Казына Капитал
06 10 2014
1 стр.