Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің

«№53 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Менің ең үздік әдістемелік әзірлемем»

«Пәндік әзірлеме» номинациясы

Қазақ тілінің септіктерін схемотехника әдісімен оқыту

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Орындаушы- автор: КММ ЖОББ №53 мектеп-лицейдің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мукажанова Кунзипа Абушаевна

2012-2013 оқу жылы



Түсінік хат

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі септіктері 5- 6-сыныптарда оқытылады. Осы тақырыпты оқыту көптеген қиындықтар туғызатыны белгілі. Оқушылар септіктің сұрақтарын, жалғауларын, жалғану ретін есте сақтай алмайды, сондықтан тиімді әдіс іздеу керек болды. Бұл әдіс оқушылардың жазу, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытатындай болуы керек еді. Ең бастысы оқушылар үшін жеңіл де ыңғайлы болуы керек еді. Осы себептермен 5- сыныпта қазақ тілінің септік жалғауларын схемотехника әдісімен оқытуды құрастырдым. Мұғалімдерге арнап қазақ тілі септіктерін схемотехника әдісімен оқытуды ұсынып отырмын.

Септік жалғау зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланыстырады. Қазақ тілінде 7 септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер. Бұл тәсілде қазақ тілі септіктері 7 пункт бойынша оқылады:


  1. Септіктің атауы

  2. Септіктің сұрақтары

  3. Септіктің жалғаулары

  4. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

  5. Септіктің сөйлемдегі мағынасы

  6. Септіктің сөйлемдегі рөлі

Әдістемелік құралдың мақсаты: Қазақ тілі септіктерін практикалық жолмен меңгерту, оқу, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Міндеттері:

1. Оқушылар септік сұрақтарын есте сақтайды (сабақта кез келген септікті айтып сұрағын пысықтаймыз немесе жалғауды айтып, септігін ататамын)

Мысалы: жалғауларды атайық (мұнда мұғалім септікті атайды)

септіктерді атайық (мұнда мұғалім кез келген септіктің жалғауын атайды)

Ескерту: сергіту сәті ретінде де пайдалануға болады

2. Септік жалғауларын бірінші топтап жаттатып аламын.

Мысалы: ілік септік жалғаулары: ның/нің, дың/дің, тың/тің

Барыс септік жалғаулары: қа/ке, ға/ге, а/е, на/не

Табыс септік жалғаулары: ны/ні, ды/ді, ты/ті, н

Жатыс септік жалғаулары: да/де, та/те, нда-нде

Шығыс септік жалғаулары: нан/нен, дан/ден, тан/тен

Көмектес септік жалғаулары: мен, бен, пен

3. Келесі кезеңде септік жалғауларының жалғану ретін схемотехникамен оқытамын:

Бұл әдістің тиімділігі келесіде:



  • Оқушылар схемотехниканы сызады, өздері сызғандықтан, орналасу реті естерінде қалады

  • Барлық септіктерге схемотехника бір қалыпта жасалған

  • Схемотехника бойынша қандай дыбыс тобынан кейін қандай жалғау жалғанатыны, жуан және жіңішке түбірге қандай жалғау жалғанатыны көрініп тұр

  • Схемотехникада жай септеу жалғауларымен қатар тәуелді септеу жалғаулары да берілген. Сондықтан 5- сыныптан бастап оқушылар «жай септеу» деген не екенін, «тәуелді септеу» деген не екендігін айыратын болады.

  • Барлық септіктерді оқып болғаннан кейін, оқушылар тәуелді септеуде қай септіктердің жалғаулары өзгеретінін көріп, естерінде сақтайды, ол үшін барлық схемотехниканы салыстырамыз.

  • Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі схемотехниканы оқушылар қазақ тілінде оқиды.

Мысалы: Сөз дауысты дыбысқа немесе үндіге (н, ң, м) аяқталса, жуан түбірге- ның, жіңішке түбірге- нің жалғауы жалғанады.

Осылай, оқушылардың сөйлеу тілі дамиды.



  • Оқу орыс тілінде оқыталатын сыныптарда әр септіктің мән-мағынасын оқыту өте қажет. Себебі оқушы септіктің нені көрсететінін, қандай мағына беретінін білмесе, сөйлемде септікті орынды пайдалана алмайды.

  • Соңында оқушылар әр септіктің сөйлемдегі рөлін оқып біледі, осылайша тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелермен танысуды 5- сыныптан бастаймыз.

  • Теориямен қатар, практика қатар жүргізіледі.

  • Оқу соңында септіктерге жасалған үлкен кестені оқушыларға үлестіріп беремін.

(бұл кесте де әдістемелік құралда қоса берілген)

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың көру қабілеттері дамиды

  • Өздері кез келген септікті оқып, үлгі бойынша схемотехника құрай алады

  • Есте сақтау қабілеттері дамиды

  • Жазу, сызу қабілеттері дамиды

  • Оқу, сөйлеуге жаттығады

  • Септіктерді сауатты, орынды қолдана алады



  1. Атау септік

  2. Сұрақтары; кім? не? кімдер? нелер?

Ескерту: қазақ тілінде «Кім?» сұрағы тек алдамға және оның мамандығына ғана қойылады,

Ал «не?» сұрағы барлық жансыз заттарға және жан-жануарларға қойылады.



  1. Жалғауы жоқ.

  2. Сөйлемдегі рөлі

Атау септіктегі сөз сөйлемде - бастауыш


  1. Ілік септік

  2. Сұрақтары: кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?

  3. Жалғаулары: ның/нің; дың/дің, тың/тің

  4. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

а) ның/нің – дауыстыдан соң және үнді дауыссыздардан (н, ң, м) кейін жалғанады

Мысалы: бала-ның, кеме-нің; күн-нің, аң-ның, көктем-нің

ә) дың/дің- ұяң дауыссыздардан соң және үнді дауыссыздардан (л, й, у, р) кейін жалғанады

Мысалы: тәж-дің, қаз-дың; гүл-дің, ай-дың, тау-дың, шаһар-дың

б) тың/тің- қатаң дауыссыздан кейін жалғанады

Мысалы: мектеп-тің, қазақ-тың



  1. Ілік септіктің сөйлемдегі мағынасы:

Ілік септік меншіктілікті, бір затқа тән екенділікті көрсетеді. Ілік септікті сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылады. Ілік септіктегі сөз иеленуші, ал тәуелдік жалғаулы сөз меншігі болып табылады.

Мысалы: оқушының дәптері

Бұл сөз тіркесінде: оқушы- заттың иесі (ілік септікте тұр); дәптер- оқушының меншігі (ол тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұр)

Ескерту: Кейде ілік септік жалғауы түсіп қалады. Бұл негізінен географиялық атауларда, мекеме атауларында кездеседі.

Мысалы: Қазақстан картасы; Қарағанды қаласы; «Алтын» мейрамханасы



  1. Ілік септіктегі сөздің сөйлемдегі рөлі.

Ілік септіктегі сөз сөйлемде- анықтауыш



  1. Барыс септік

  2. Сұрақтары: кімге? неге? кімдерге? нелерге? қайда?

  3. Жалғаулары: қа/ке; ға/ге; а/е; на/не

  4. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

а) ға/ге – дауыстыдан, үнді мен ұяң дауыссыздан соң жалғанады

Мысалы: бала-ға, кеме-ге, күн-ге, аң-ға, көктем-ге, гүл-ге, ай-ға, тау-ға, шаһар-ға, тәж-ге, қаз-ға;

ә) қа/ке- қатаң дауыссыздан кейін жалғанады

Мысалы: мектеп-ке, қазақ-қа

б) а/е- тәуелдік жалғаудың І және ІІ жағынан кейін жалғанады

балам-а, әкем-е, балаң-а, әкең

в) на/не- тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін жалғанады

балам-а, әкем-е, балаң-а, әкең



  1. Барыс септіктің сөйлемдегі мағынасы:

а) бағытты көрсетеді

Мысалы: Мен мектепке ерте келдім.

ә) мақсатты көрсетеді

Мысалы: Мен мектепке оқуға келдім.

Осы сөлемде «мектепке» сөзі- бағытты, «оқуға» сөзі –мақсатты көрсетіп тұр.

б) заттың бағасын білдіреді

Мысалы: Мен бұл бас киімді 25 мың теңгеге сатып алдым.

Ескерту: заттың бағасын білдірген жағдайда барыс септік жалғауы ақша атауына жалғанады


  1. Барыс септіктегі сөздің сөйлемдегі рөлі.

Барыс септіктегі сөз сөйлемде: а) кімге? неге? сұрақтарына жауап берсе, жанама толықтауыш

ә) қайда? сұрағына жауап берсе, пысықтауыш





  1. Табыс септік

  2. Сұрақтары: кімді? нені? кімдерді? нелерді?

  3. Жалғаулары: ны/ні, ды/ді, ты/ті, н

  4. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

а) ны/ні – дауыстыдан соң жалғанады

Мысалы: бала-ны, кеме-ні;

ә) ты/ті- қатаң дауыссыздан кейін жалғанады

Мысалы: мектеп-ті, қазақ-ты

б) ды/ді- ұяң, үнді дауыссыздардан кейін жалғанады

Мысалы: күн-ді, аң-ды, көктем-ді, гүл-ді, ай-ды, тау-ды, шаһар-ды, тәж-ді, қаз-ды;

в) н- тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін жалғанады

баласы-н, әкесі-н, дәптері-н, қаламы



  1. Табыс септіктің сөйлемдегі мағынасы:

а) табыс септіктегі сөз тура объектіні білдіреді, сабақты етістіктермен тіркеседі.

Мысалы: Мен жазда жайлауды көрдім.



Ескерту: табыс септік жалғауы баяндауыштың алдында түсіп қалуы мүмкін.

Мысалы: Біз кітапханадан екі кітап алдық.



  1. Табыс септіктегі сөздің сөйлемдегі рөлі.

Табыс септіктегі сөз сөйлемде- тура толықтауыш



  1. Жатыс септік

  2. Сұрақтары: кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда?

  3. Жалғаулары: да/де, та-те, нда/нде

  4. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

а) да/де – дауыстыдан, үнді мен ұяң дауыссыздан соң жалғанады

Мысалы: бала-да, кеме-де, күн-де, аң-да, көктем-де, гүл-де, ай-да, тау-да, шаһар-да, тәж-де, қаз-да;

ә) та/те- қатаң дауыссыздан кейін жалғанады

Мысалы: мектеп-те, қазақ-та

б) нда/нде- тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін жалғанады

баласы-нд, әкесі-нде, дәптері-нде, қаламы-нда



  1. Жатыс септіктің сөйлемдегі мағынасы:

Жатыс септіктегі сөз:

а) іс- әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді

Мысалы: Мен жазда жайлауда болдым.

ә) іс- әрекеттің болған мезгілін білдіреді

Мысалы: Мен жазда жайлауды көрдім.

б) адамның жасын білдіреді

Мысалы: Мен 15 жастамын.

Менің інім он бесте.

в) іс- әрекеттің басталған уақытын білдіреді

Мысалы: Мектептерде сабақ бірінші қыркүйекте басталады.



  1. Жатыс септіктегі сөздің сөйлемдегі рөлі.

Жатыс септіктегі сөз сөйлемде: а) кімде? неде? сұрақтарына жауап берсе, жанама толықтауыш

ә) қайда? сұрағына жауап берсе, пысықтауыш





Шығыс септік

  1. Сұрақтары: кімнен? неден? кімдерден? нелерден? қайдан?

  2. Жалғаулары: дан/ден, тан-тен, нан/нен

  3. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

а) дан/ден – дауыстыдан, үнді- л, р, й, у және ұяң дауыссыздардан соң жалғанады

Мысалы: бала-дан, кеме-ден, гүл-ден, ай-дан, тау-дан, шаһар-дан, тәж-ден, қаз-дан;

ә) тан/тен- қатаң дауыссыздан кейін жалғанады

Мысалы: мектеп-тен, қазақ-тан

б) нан/нен- үнді м, н, ң- нан кейін жалғанады

адам-нан, егін-нен, таң-нан



  1. Шығыс септіктің сөйлемдегі мағынасы:

Шығыс септіктегі сөз:

а) іс- әрекеттің басталған орнын білдіреді

Мысалы: Мен кеше жайлаудан келдім.

ә) іс- әрекеттің басталған мезгілін білдіреді

Мысалы: Мен өткен жаздан жайлауда болмадым.

б) зат жасалған материалды білдіреді

Мысалы: Мына тақта таза ағаштан жасалған.

в) бір затты бір затпен сапасы бойынша салыстыруды көрсетеді

Мысалы: Менің анам сенің анаңнан жасырақ.


  1. Шығыс септіктегі сөздің сөйлемдегі рөлі.

Шығыс септіктегі сөз сөйлемде: а) кімнен? неден? сұрақтарына жауап берсе, жанама толықтауыш

ә) қайдан? сұрағына жауап берсе, пысықтауыш





  1. Көмектес септік

  2. Сұрақтары: кіммен? немен? кімдермен? нелермен?

  3. Жалғаулары: мен, бен, пен

  4. Жалғаулардың жалғану реті (схемотехникамен беріледі)

а) мен – дауыстыдан, үнді дауыссыздардан соң жалғанады

Мысалы: бала-мен, кеме-мен, гүл-мен, ай-мен, тау-мен, шаһар-мен,

ә) бен- ұяң дауыссыздан соң жалғанады

тәж-ден, қаз-дан;

ә) пен- қатаң дауыссыздан кейін жалғанады

Мысалы: автобуспен, қазақ-пен



  1. Көмектес септіктің сөйлемдегі мағынасы:

Көмектес септіктегі сөз:

а) көлікті білдіреді

Мысалы: Мен кеше жайлаудан автобуспен келдім.

ә) іс- әрекет жасалған құралды білдіреді

Мысалы: Мен жерді күрекпен қаздым.

б) іс- әрекет жасалған жолды білдіреді

Мысалы: Адамдар тротуармен жүріп келе жатыр.

в) бірлескен іс- әрекетті көрсетеді



Мысалы: Мен осы гүлді анаммен өткен жазда отырғызғанмын.

  1. Көмектес сөздің сөйлемдегі рөлі.

Көмектес септіктегі сөз сөйлемде: жанама толықтауыш және пысықтауыш



ҚАЗАҚ ТІЛІ СЕПТІКТЕРІ

Септік

сұрақтары

Жай септеу

Тәуелді септеу

Что обозначает падеж

Сөйлемдегі рөлі

дауысты

ұяң

қатаң

үнді

І,ІІ жақ

ІІІ жақ







Ң, М, Н

Р, Л, Й, У













Атау

кім? кто?

не? что?

кімдер? кто?

нелер? что?






















1. Соот-вует русскому именительному падежу

бастауыш

Ілік

кімнің? чей? чья? чье?

ненің? чего?

кімдердің? чьи?

-ның

-нің

-дың

-дің

-тың

-тің

-ның

-нің

-дың

-дің

-ның

-нің

-ның

-нің

1. хозяйна предмета;

2. в геогр. названиях, в назв. предприятия, учреждения окон. І с. опускается

анықтауыш

Барыс

кімге? кому?

неге? чему, почему?

қайда? куда?

-ға

-ге

-ға

-ге

-қа

-ке

-ға/-ге

-ға/-ге

-а/-е

-на/-не

1. направление

2. цель

3. цену предмета

Кімге?неге?-толықтауыш

Қайда?-пысықтауыш

Табыс

кімді? кого?

нені? что?

-ны

-ні

-ды

-ді

-ты

-ті

-ды

-ді

-ды

-ді

-ды

-ді



1. соот-вует русскому винительному падежу

толықтауыш

Жатыс

кімде? у кого?

неде? на чем?

қайда? где?

-да

-де

-да

-де

-та

-те

-да

-де

-да

-де

-да

-де

-нда

-нде

1. местонахождение

2. время действия

3. возраст человека

4. указывает точное время

Кімге?неге?-толықтауыш

Қайда?-пысықтауыш

Шығыс

кімнен? от кого?

неден? из чего?

қайдан? откуда?

-дан

-ден

-дан

-ден

-тан

-тен

-нан

-нен

-дан

-ден

-нан

-нен

-нан

-нен

1. исходный пункт действия

2. материал из чего сделан предмет

3. сравнение предмета

4. объект при глаголах: қорқу, қорғану

5. исходный пункт во времени и пространстве

Кімнен?,неден?-толықтауыш

Қайдан?-пысықтауыш

Көмектес

кіммен? с кем?

немен? на чем?, чем?

-мен

-бен

-пен

-мен

-мен

-мен

-мен

1. орудие труда

2. средство передвижения

3. место, где совершается движение

4. совместное действие

толықтауыш

«Менің ең үздік әдістемелік әзірлемем» «Пәндік әзірлеме» номинациясы

Ең бастысы оқушылар үшін жеңіл де ыңғайлы болуы керек еді. Осы себептермен 5- сыныпта қазақ тілінің септік жалғауларын схемотехника әдісімен оқытуды құрастырдым. Мұғалімдерге арнап

162.17kb.

15 10 2014
1 стр.


Менің ең үздік әдістемелік сабақ жоспарым» интернет- байқауы. «Сыныптан тыс жұмыс түрлері»

Ххі ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл жан – жақты мәдениетті саяси сауатты, педагогикалық білімді

51.02kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жылдың ең үздік үкіметтік емес ұйымы» сайысының ережесі «Жылдың ең үздік үкіметтік емес ұйымы»

«Жылдың ең үздік үкіметтік емес ұйымы» сайысы ҮЕҰ-ға мемлекеттік қолдау көрсету 2007-2009 жылдарға арналған Карағанды облыстық аймақтық бағдарламасы шеңберіндегі жоба

28.28kb.

05 09 2014
1 стр.


Конкурса «Үздік өлшеу құралы»

Настоящие Правила проведения конкурса «Үздік өлшеу құралы» (далее – Правила) определяют порядок организации и проведения конкурса «Үздік өлшеу құралы», а также определения победите

32.41kb.

25 12 2014
1 стр.


«Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауын өткізу туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013»

Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауының өткізілу міндеттері мен тәртібін анықтайды

48.56kb.

12 10 2014
1 стр.


I модуль лексикалық тақырыбы: менің отбасым грамматикалық тақырыбы: фонетика. ҮНдестік заңЫ

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу

635.32kb.

16 12 2014
3 стр.


I модуль лексикалық тақырыбы: менің отбасым грамматикалық тақырыбы: фонетика. ҮНдестік заңЫ

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу

171.94kb.

17 12 2014
1 стр.


«Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім нысаны

Р ккм №дс 0000270 лицензиясының негізінде әрекет ететін, бұдан былай «Оператор» деп аталатын «Кселл» АҚ мен Абонент арасында Оператордың интернет-ресурсы арқылы ұялы байланыстың «М

68.05kb.

25 12 2014
1 стр.