ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
МИНИСРЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
«Бекітемін»
ҚазҰМУ ректоры,
профессор А.А. Аканов
___________________
«_____»_________2010ж.
«ҚАЗҰМУ Үздік бітірушісі»
сайысының ережесі туралы
Алматы қ.
2010ж.
1. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының арасындағы ең үздік бітіруші» сайысының қорытынды бөлімі өткізіледі. Сайыс өткізу мерзімі – мамыр айы. Сондықтан да жыл сайын әр сәуір айында , әр медициналық жоғары оқу орнында алдын-ала « Ең үздік бітіруші» сайысы өткізілуі тиіс .
Осы ереже «ҚазҰМУ ең үздік бітірушісі» сайысынынң ұйымдастырылуы мен өткізілуін бекітеді.
2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
Сайыстың жалпы мақсаты:
2.1. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің бітірушілерінің заман талабына сай дайындық деңгейін көрсету, мемлекеттік білім беру үлгі қалпына сәйкес олардың өз бетінше «Емдеу ісі», «Бала емдеу», «Стоматология» мамандықтары бойынша ( негізгі дайындық деңгейі) кәсіби мәселелерді шеше алу қабілетін көрсете білуі.
2.2. Нақты мақсаттар:
-
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуы мен кәсіби өсу мүмкіндіігн жоғарлату.
-
Бітірушілердің еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруы арқылы, олардың әлеуметтік қорғанысын көтеру.
-
Әкімшілік, профессорлар мен оқытышулардың назарын ең белсенді, өздерін оку, ғылым және коғамдық іскерлігінде ынталылығын көрсеткен бітірушілерге аудару.
-
Шығаратын кафедраларды, интерндерді ғылыми шығармашылыққа ынталандыру мен мадақтауға белсендіру.
-
ЕПМ, ҒЗИ жас маман қызметкерлерінде кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету (жұмыс берушілерді еңбек нарығында пайда болған жаңа мамандар туралы ақпараттау).
-
Кәсіптік сайыстардың өткізу дәстүрлерін дамыту.
3. Сайыстың ұйымдастыру комитеті.
3.1. Дайындалу кезеңінде пайда болған ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін ұйымдастыру комитеті кұралады.
Ұйымдастыру комитетінің мақсаттары:
- сайыстың өткізілуін ұйымдастыру;
- I және II сайыс кезеңдерінде ахуалдық есептерді, олардың жауап эталондарын мен бағалау шарттарын жетілдіріп дайындау;
- сайыстың барлық кезеңдерінің алдында қатысушыларға нұсқау беру.
3.2. Жеңімпаздарды таңдау кезінде барынша көп әділеттілікке жету мақсатында, сонымен қатар сайыстың өткізілу кезеңінде шиеленісті жағдайды шешу үшін, сарапшы комиссиясы құралады.
Сарапшы комиссиясының мақсаттары:
- сайыстың барлық кезеңдерінде өткізілуі бойынша бақылау жүргізу (сонымен қатар қорытындысын шығару);
- сайысқа қатысушылардың құжаттарын сараптау, сайысқа қатысуына рұқсат беру;
- сайысты өткізу барысында әр кезең үстінде құжаттардың хатталуын сараптау.
3.3. Сайыстың қорытындысын шығару үшін казылар алқасы кұралады, оның құрамы интернатура бойынша циклдық әдістемелік комиссиясының мәжілісінде бекітіледі.
Сайыскерлерді бағалау үрдісі дұрыс жауап үлгісімен сәйкестіктігіне және бағалау шарттарына сүйене өткізіледі. Қазылар алқасы сайыстық тапсырмаларының орындалуына әділетті баға беріп, сайысатындар тапсырмаларын бітіргеннен соң, есептік комиссиясына мәжіліс хаттарын дайындайды және жеңімпаздарды анықтайды.
Сайыстың аяқталуымен ұйымдастыру комитеті, қазылар алқасы, сарапшы комиссиясымен қоса сайыстың өткізілуіне есеп беріп, қорытындылары мен ұсыныстарын шығарады, сайыс жеңімпаздарына құжаттарын тексеріп, денсаулық Департаментіне тапсырады
4. Сайысқа қатысушылар
«ҚазҰМУ үздік бітірушісі» сайысына қатысу кұкығымен – «Емдеу ісі», «Бала емдеу», «Стоматология» мамандықтарының кафедралары ішіндегі жарыстарда ұтқан интерндер – оқу үздіктері, сондай-ақ кафедраның және университеттің әлеуметтік өмірінде белсенділігін көрсеткендер, талаптарына сәйкес :
-
«дәрігер-хирург» мамандығында - 1 интерн;
-
«дәрігер акушер-гинеколог» мамандығында - 1 интерн;
-
«дәрігер-педиатр» мамандығында - 1 интерн;
-
«дәрігер-терапевт» мамандығында - 1 интерн;
-
«дәрігер балалар хирургі» мамандығында - 1 интерн;
-
«жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығында - 2 интерн;
-
«жалпы тәжірибелік стоматолог дәрігер » мамандығында - 3 интерн иеленеді.
Егер сайысқа қатысуға талап бойынша хабарлама саны жеткіліксіз берілетін болса, сайысқа басқа мамандықтардың үміткерлері де жіберіледі.
5. Сайыс өткізуінің шарттары мен реті
5.1. Сайыс 4 жарыстық тапсырманы өткізуден құралады:
-
Сайысушылардың өздерін таныстыруы (үй жұмысы),
-
теориялық бөлімі,
-
тәжірибелік бөлімі,
-
өзіндік ғылыми жұмысын презентациялау.
5.1.1. Үй жұмысы «мамандығының Әнұраны» - сайысушының еркін түрде дайындаған шығармашалығын (видеоролик, буклет, өлең, көрініс түрінде және т.б.) -мамандардың ұлттық денсаулық сақтау жобасының саласындағы орны туралы көрсетуі (қолдау тобының қатысуына рұқсат беріледі).
5.1.2. Теориялық бөлімі ахуалдық есептерді шешуден тұрады.
5.1.3. Тәжірибелік бөлімі: тәжірибелік дағдыларын симуляциялық технологияларды қолдану деңгейімен анықтайды.
5.1.4. Өзіндік ғылыми жұмысын презентациялау.
Ақпарат слайд түрінде, кестелерді, басқа да ақпарат беруші мәліметтерді қолданумен жасалған баяндама, дәріс немесе ғылыми мақала түрінде көрсетілсе болады. Сайысқа қатысушылар сайыстан кейінгі қазылар алқасымен еркін әңгіме ретіндегі тексеруіне дайын болу керек.
Интерндер ішіндегі қолдау топтарына қолдау ретінде 5 минут ішінде шығу көрінісіне рұқсат беріледі.
6. Қорытынды баға шығару мен марапаттау рәсімі
Сайысты өткізу жөнінде қазылар алқасы құралады, оның құрамын сайыстық комиссияның төрағасы бекітеді.
Қазылар алқасының құрамына университеттің ПОҚ тұрады, әлеуметпен байланыс құру өкілі, қормен жұмыс істейтін, заң ғылымдарының маманы қосылады. Қазылар алқасы көпшілік дауыс берумен шешімін қабылдайды. Қазылар алқасының шешімі мәжіліс хатымен хатталады, және де сайыс ұйымдастырушысында сақталады. Жеңімпаздар сайыстың дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталып сонымен қатар республикалық сайыстың қатысушыларының біріне айналады. Жеңімпаздардың жұмыстары талабына сәйкес «Вестник КазНМУ» ғылыми-тәжірибелік журналында жарияланады.
Сайысқа қатысушылардың бәрі мадақтау сыйлықтарымен марапатталады. Сайыстық комиссиясы мен қазылар алқасының келісімі бойынша осы ережеде ескертілмеген басқа номинация мен марапаттау ретінің өзгерілуі мүмкін.
7. Сайыстың қаражаттануы
Сайыстың қаражаттануы интерндердің кәсіподақтық бөліністерінен іске асырылады, оның ішінде ұйымдастыру шаралары мен сайысқа қатысушыларға сыйлықтарды сатып алуына және сайысты өткізу рәсіміне жұмсатылатын шығындар саналады.
8. Хабарламаны хаттау рәсімі
Сайысқа қатысу хабарламасы кафедрадан интернатура деканатына бағытталады. Байланыс телефоны (8727) 292-69-69 (қосалқы 114, 115);
E-mail:
[email protected],
[email protected]
1 қосымша
Сайыс комиссиясына ұсынылатын тапсырмаларды бағалау шарттары
1 нұсқа
Шығармашылық бөлімін бағалау:
1. Шығуының мазмұндылығы
2. Мамандық этикасы мен мәдениеті ұстанымдары мен құндылығының сай болуы
3. Денсаулық сақтаудың дамуы жөніндегі негізгі бағыттарына сәйкес болуы.
4. Шығуының креативтілігі.
5. Берілген уақыт аралығынан шықпау
Ахуал есептерді шешу тапсырмаларын бағалау:
1. Жетекші синдромды бөліп көрсету
2. Алдын-ала диагнозды кою
3.Зерттеу жоспарын құру
4. Рентгенологиялық суреттердің ,басқа да зерттеулердің мағынасын түсіндіру
5. Қорытынды диагноз
6. Ем тағайындау
7. Берілген уақыт аралығынан шықпау
Тәжірибелік бөлімін бағалау
1. Технологиялық үлгі қалыпына (алгоритмдерге) сай келуі
2. Орындалу үрдістеріне сауатты түсініктеме беру
3. Орындалу үрдістерінің эстетикалық және этикалық жақтарының құрамы
4. Берілген уақыт аралығынан шықпау
Ғылыми жобаның тақырыбына ие болу дәрежесі
1. Өз көзқарасының, мазмұнының өзектігін көрсете білуі
2. Тақырыбының терең және толық ашылуы
3. Ұсыныстары мен қорытындыларының тәжірибелік мәні мен теоретикалық дәйектемесі
4. Тақырыбын қисынды юолуы, шығармашылықпен мазмұндалуы
5.Берілген уақыт аралығынан шықпау
2 қосымша
2 нұсқа
Қарым-қатынастық дағдысы
1. Мазмұндауының нанымды , дәлелді, қарапайымдылығы, түсінікті жеткізілуі
2. Тілінің байлығы – мәнерлігі, ынтасы, эмоциональдігі , жалпы және мамандық бойынша сауаттылығы
Медициналық көмек берудің үлгі - қалпына сай болуы
1. Сай келмейді
2. Толық емес сай келеді
3. Сай келеді
Берілген уақыт араларынан шықпау
1. Сақталынбайды
2. Сақталынады
Балл берудің шарттары (сайыстың тапсырмаларын бағалау, кепілденген шарттардың барлық нұскаларына арналған)
0 балл – шарт көрсетілмеген (элементтері жоқ)
1 балл – шарт формальды көрсетілген (шала-шарпы, немесе шарттың бөлек элементтері аталады)
2 балл – шарт бөлек элементтер деңгейінде көрсетілген
3 балл – олардың арасында жартылай байланыстар бар
шарт бөлек элементтер деңгейінде көрсетілген,
4 балл – шарт толық көлемінде көрсетілген