Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚММУ 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ

Қарағанды мемлекеттік медицина университет

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Дәріс

Тақырыбы: «Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесі».

Мамандығы: 051103 «Фармация»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Қарағанды 2013

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

02.09.2013 ж №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.



Дәрістің құрылымы

Тақырыбы: «Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесі».
Мақсаты:. Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесін анықтап және олардың құрлысымен қызметін талдау.
Дәріс жоспары:

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫ.

1.Тамыр.

2.Тамырдың морфологиялық құрылысы.

3.Тамырдың анатомиялық құрылысы.
Дәріс тезистері

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАРЫ.

Негізгі вегетативтік органдардың бастамасы дәннің ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен алдымен тамыр өседі, ол спермодерманы жарып шығып, топыраққа енеді. Нәтижесінде жас өскін топыраққа бекиді де, одан онда еріген минеральды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында ол иілген болып келеді және өзінің бұрылыстарымен топырақты екі жаққа ығыстырып отырады, содан соң барып біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығады. Тұқым жарнақтары жасыл түске боялып және біраз уақыттар бойы жапырақтың қызметін атқарады. Бүршік жоғары қарай тік өсуін жалғастыра отырып, сабақты және алғашқы жапырақты береді. Алғашқы жапырақтың формасы толық қалыптасқан өсімдіқтің жапырағынан басқаша болады (жас жапырақтар). Тамыр мен тұқым жарнағының шекарачын тамырдын мойны деп атайды.

Тамырдың мойнымен тұқым жарнақтардың арасындағы сабақтың бөлігін гипокотиль (тұқым жарнаға асты аяқша) деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль (тұқым жарнағы үсті аяқша) деп аталады.

Кейбір өсімдіктердің (мысалы емен ағашының) сабағы өскен кезде иілмейді, ал топырақты қалың қабыршақтармен қапталған бүршіктің өзі ығыстырып отырады. Барлық өсімдіктердің бірдей тұқым жарнақтары жердің бетінде көтеріліп шықпайды. Кейде гипокатильдің қысқа болатындығы сонша түлерімен жердің астында қалып отырады (ас бұршағының, емен ағашының).

Астық тұқымдастарында негізгі тамырдан басқа, сабақтың базальды жағынан бірден қосылқы тамырлары пайда болады. Өне бастаған кезде жалғыз тұқым жарнағы тұқымның ішінде қалады да, эндоспермдегі қоректік заттарды бойына сініреді. Топырақты ұрықтық жапырақпен (колеоптиле) қоршалған бүршік жарып шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптиленің жарықшағы арқылы сыртқа шығады.

Тамыр.

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз отырады. Тамырдың ұшын оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршектенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді)№

Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады:


  1. Суды, және онда еріген минеральды тұздарды кейде органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады

  2. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады.

  3. Кейбір органикалық заттарды синтездейді.

  4. Өсімдіқтің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді.

  5. Артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.

  6. Өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Тамырдың морфологиялық құрылысы.

Тамырдың алуан түрлілігі. Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндық, қосалқы, жанама тамырлар.

Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады.

Қосалқы тамыр сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлерінен кетеді.

Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар кетеді. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары тарамдалып кетіп отырады.

Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәріздә, шалқан (репа) тәрізді, түйнектәрізді және т.б. Субстратқа қарай тамырларды топырақты, судағы, аудағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі.



Тамырдың анатомиялық құрылысы.

Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.

Тамырдың зоналары. Тамырдың ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетің және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады:


  1. клеткалардың бөліну зонасы.

  2. созылу зонасы

  3. сору зонасы (тамыр түтіктерінің зонасы)

  4. өткізу зонасы (бұтақтану)

Клетканың бөліну және созылу зонасы тамырдың ен ұшында орналасады.

Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу аймақ. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа клеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын женілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.

Одан жоғарылау тамырдың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде жасушалар бөлінуін біртіндеп тоқтатады да ұзындыққа созылады, нәтижесінде олардың көлемдері ұлғаяды. Кейді бұл екі зонасы біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдын үстінде көптеген бүгірлер пайда болады, олар келешегінде созылып, тамырдың түктеріне айналады. Әрбір тамырдың түгі жекелеген сыртқыторшаның ұзып өсіндісі болып табылады. Түктің қабықшалары жұқа целлюлозадан тұрады, ядро әдетте оның ұшында орналасады.

Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың ұлпалары сору зонасында дифференцияланады. Шығу тегі жағынан бұл алғашқы ұлпалар, өйткені олар өсу зонасының алғашқы еріс темасынан пайда болады. Сондықтан сору зонасындағы тамырдың анатомиялық құрылысы алғашқы болып саналады. Осы кезенде тамыр орталық цилиндрге және алғышқы қабыққа бөлінеді, оның сыртын тамыр түктері бар бір қатар клеткалар – эпиблема жауып тұрады.

Тамырдың соңғы құрылысы. Қосжарнақты және жаланаш тұқымды өсімдіктердің тамырының орталық цилиндірінде кездерден бастап камбий түзіледі. Оның белсенділігінің нәтижесінде тамыр екінші рет өзгеріске ұшырап жуандайды. Камбий флоэмамен ксилеманың арасында паренхималық клеткалардан пайда болады. Ол тамырдың ортасына (өзегіне) қарай соңғы ксилеманың элементтерін беретін клеткаларды бөліп шығарады. Алғашқы ксилеманың түтіктерінің перициклмен шектесетін жерлеріндегі участоктерде, перициклдің клеткалары да камбийге айналады. Бірақ ол тек паренхималық клеткаларды ғана береді, олардан радиальды сәулелер пайда болады. Алғашқы кездерде камбийдің қабаттары иректеу формалы болып келеді, содан соң біртіндеп дөнгелектеніп, орталықтан шетке қарай ыгыстылады. Соңғы ксилема мен соңғы флоэма тамырдың кіндігінен шетіне қарай ыгыстырылады. Перициклдің клеткаларынан тоздық камбий түзіледі. Ол сыртқа қарай төз қабатын түзеді. Соған байланысты алғышқы қабық орталық цилиндрден біртіндеп бөлектенеді де өледі, содан соң түсіп қалып отырады. Тек тоз қабатымен қапталған орталық цилиндр ғана қалады.

Әдебиет:

Негізгі

1. Әметов Ә. Ботаника. –Алматы -2003 ж.-511 б.

2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647 с.

3. Жуковский. «Ботаника».-М.,; «Колос»-1982г,586с.

4. В.Т. Хржановский «Курс общей ботаники», т.2,М.,ВШ,1982

5. В.Т.Хржановский, С.Ф. Пономаренко «Практикум по общей ботанике»,М.,ВШ,1979.



Қосымша:

1.Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. «Современная ботаника»,М., Мир,1990.

2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Практикум по анатомии и морфологии растений //Минск: ООО «Новое знание», 2002-464 с.

3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений //Минск. Ураджай, 2001 -306 с.

4. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) //М.,Руссо, 2004-384 с.

5. Дербуш С.Н. Основные черты строения и жизнедеятельности растительных клеток //Учебное пособие. –Караганды, 2005. – 61 с.

6. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.И. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений //М.: Асаdema, 2001. – 429 с.

7. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии //Алматы, 2003. – 172 с.



8. Сергиевская Е. Систематика высших растений /парктический курс. –Санкт-Петербург, 2002.-447 с.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тамыр жүйесінің қандай түрлері белгілі.

  2. Қандай тамыр түрлерін білесіңдер.

  3. Тамырдың анатомиялық құрылысы қандай.

  4. Тамырдың түрлік өзгеруі.

Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары. Фармакогенетика негіздері

126.88kb.

04 09 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Мақсаты: Өсімдктің вегетативті мүшелер жүйесін анықтап және олардың құрлысымен қызметін талдау

62.94kb.

15 10 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Мақсаты: днқ синтезін, ақуыз биосинтезін, оның ерекшеліктерін және маңызын оқып білу

92.09kb.

12 09 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады). Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны,

100.74kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы

Жапырақ дегеніміз есуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл у

54.26kb.

15 10 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: ҚР әскери және далалық жағдайда терапиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру

59.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф4/3-06/01 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Адамның тиімді тіршілік әрекетіндегі көру мен мүсінінің, бұзылуының алдын алу

71.72kb.

25 12 2014
1 стр.


Қмму ф 4/3-06/02 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх

Тақырыбы: Көптүрлі жалқықты эритема клиникасы, диагностикасы, ажырату нақтамасы және емі. Дәрігер-стоматологтың тактикасы

52.18kb.

25 12 2014
1 стр.