ҚММУ 4/3-04/02
ҚММУ БЕ 4/02
2007 ж. 14 маусымдағы
ҚазММА жанындағы
ОӘК №6 НХ
Қарағанды мемлекеттік медицина университет
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы: «Жапырақ морфологиясы».
Мамандығы: 051103 «Фармация»
Курс: 1
Уақыты: 50 мин.
Қарағанды 2013
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
02.09.2013 ж №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Құлтанов Б.Ж.
Дәрістің құрылымы
Тақырыбы: «Жапырақ морфологиясы».
Мақсаты: жапырақтың морфологисын оқу.
Дәріс жоспары:
-
Жапырақтардың негізгі түрлері.
-
Қарапайым және күрделі жапырақтар.
-
Жапырақ тақтасының жүйкеленуі түрлері.
-
Жапырақ мезофиласының құрылысы.
Дәріс тезистері
ЖАПЫРАҚ
Жапырақ дегеніміз есуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша орган.
Жапырақтың атқаратын қызметтері: газдың алмасуын және судың дулануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекеленген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін да атқарады.
Жапырақтың морфологиялық қүрылысы.
Жапырақтың мөлшері (көлемі) қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен бір өсімдіктің өзінде мөлшері жағынан әртүрлі жапырақтаркездеседі. Біздің флорада бірқатар түрлердің жапырақтары ұзындығы 1-1, 5 мм-ден аспайтын, өте ұсақ болып келеді. Тропикалық және субтропикалық зоналардың өсімдіктерінің жапырақтарының ұзындығы 20-22мм-ге дейін жетеді (пальмалар).
Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты (қоғаныш, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары,тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Бұл осы түрге тән жапырақтар және осыған дейінгі формациясының жапырақтарынан айырмашылығы сол, оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формациясының жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады. Бұлар жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. Олардың барлығы, әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды, боялған немесе түссіз болып келеді.
Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктерінің көпшілігінің жапырақтары сағақтары арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген, азды, көпті жалпақ тақтадан тұрады. Сағақ жапырақ тақтасын күннің жарығына қарай бағыттайды. Егер сағағы болмаса, онда мұндай жапырақты отырмалы деп атайды. Егер отырмалы жапырақ тақтасының біраз бөлігі сабаққа жабысып өскен болса онда мұндай жапырақты қозғалмайтын (нисбегающий) деп атайды. Көп жағдайда сағақтың түп жағында бір жұп бүйірлік өсінділері жапырақ серіктері (прилистники) болады. Әдетте олар жапырақ тақтасынан кіші болады. Бірақ кейбір өсімдіктердің жапырақ серіктері жапырақ тақтасынан үлкен болады, және жапырақпен бірдей қызмет атқарады (бұршақ тұқымдастары). Егер жапырақ серіктері біріккен болса, онда жапырақ қынапшасы (раструб) түзіледі (гречиха гүлділер). Кейде сағақтың түп жағы кенейіп сағақты түгелдей орай қамтып (влагалище) айналады (шатыргүлділер). Астық тұқымдастарының жапырақтары, үзын түтік тәрізді влагалищеден және жіңішке жапырақ тақтасынан тұрады. Тақтаның түп жағында жарғақ тәрізді тілшесі болады, ал кейде оның екі бүйірінен екі құлақша пайда болады.
Жүйкеленудің мынадай типтері белгілі:
-
Қарапайым жүйкеленуі – бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бірғана жүйке (өткізгіш шоқ) етеді. Жүйкеленудің мұндай түрі жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерге,(мүк тәрізділерге, плаун тәрізділерге) жаланаш тұқымдылардың көпшілігіне (қылқан жапырақтарға) және кейбір жабық тұқымдыларға (элодея) тән.
-
Дихотомиялы жүйкелену – бұл жағдайда жапырақтың жүйелері аша тәрізді болып тармақталады. Жүйкеленудің мұндай түрі тұқымды өсімдіктердің ішіндегі гингоға тән (жаланаш тұқымдылардың ішіндегі жалпақтылардың бірі).
-
Торлы жүйкелену – бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі. Жүйкелердің бұл типі табиғатта аса кең таралған. Торлы жүйкеленудің қауырсында саусақ салалы түрлеріде болады.
-
Доғалы және параллель жүйкелену – бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бір мөлшері жағынан бірдей, жанжаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді. Бір жағдайда олар тек параллель (астық және қияқ тұқымдастарында) ал екінше жағдайдадоға тәрізді болып келеді (ландыш бақажапырақ).
Күрделі жапырақтар, жапырақшаларының сағаққа орналасуына қарай
классификацияланады: күрделі саусақ салалыжапырақшалары сағақтың басында бірдей денгейде және азды-көпті радиальды бағытта шашыраңқы орналасады. Күрделі кауырсынды-жапырақшалары сағақтың ұзына бойына екі жағынап бірдей орналасады және оның жоғарғы үші бір жапырақшамен (жұпсыз қауыр сындалған) немесе екі жапырақшамен аяқталуы мүмкін (жұбымен қауырсындалған); үш құлақ жапырақ – мұндай жапырақтың сағағында теп үштен ғана жапырақша орналасады. Күрделі қауырсынды жапырақтың конструкциясы кейде біршама күрделі болады – екі рет және бірнеше рет күрделі болады – екі рет және бірнеше рет күрделі қауырсындалған болып келеді.
Жаланаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылардыңжапырақтарларрының қарапйым формасы тұтас немесе қалақты жай жапырақтар болып келеді. Өте көпке бөлінген (тілімделген) және күрделі жапырақтар кейіндеу пайда болған. Қосалқы жапырақтар қарапайымдылықтың белгісі ретінде қарастырылады. Жүйкеленудің қарапайым тиліне жай және дихотомиялық жүйкеленулер жатады.
Әдебиет:
Негізгі
1. Әметов Ә. Ботаника. –Алматы -2003 ж.-511 б.
2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А., «Ботаника», //Санкт-Петербург, 3003-647 с.
3. Жуковский. «Ботаника».-М.,; «Колос»-1982г,586с.
4. В.Т. Хржановский «Курс общей ботаники», т.2,М.,ВШ,1982
5. В.Т.Хржановский, С.Ф. Пономаренко «Практикум по общей ботанике»,М.,ВШ,1979.
Қосымша:
1.Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. «Современная ботаника»,М., Мир,1990.
2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М. Практикум по анатомии и морфологии растений //Минск: ООО «Новое знание», 2002-464 с.
3. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений //Минск. Ураджай, 2001 -306 с.
4. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) //М.,Руссо, 2004-384 с.
5. Дербуш С.Н. Основные черты строения и жизнедеятельности растительных клеток //Учебное пособие. –Караганды, 2005. – 61 с.
6. Еленевский А.Г., Соловьева М.П., Тихомиров В.И. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений //М.: Асаdema, 2001. – 429 с.
7. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии //Алматы, 2003. – 172 с.
8. Сергиевская Е. Систематика высших растений /парктический курс. –Санкт-Петербург, 2002.-447 с.
Бақылау сұрақтары:
-
Жапырақтардың негізгі түрлері.
-
Қарапайым және күрделі жапырақтар.
-
Жапырақ тақтасының жүйкеленуі түрлері.
-
Жапырақ мезофиласының құрылысы.